Фонд «Даму»
✔
19.3K subscribers
2.34K photos
296 videos
1.18K links
Қордың миссиясы - елдегі МШОБ-ты тұрақты дамытуға арналған қолдау құралдарын жүзеге асыру.

Миссией Фонда является реализация комплексных и эффективных инструментов поддержки в целях устойчивого развития ММСП в Казахстане.
Download Telegram
Forwarded from BAITEREK.GOV.KZ
💼 Холдинг «Байтерек» предусмотрел 4,1 трлн теңге на стимулирование банковского кредитования и косвенные меры поддержки

✅ В Национальном инвестиционном Холдинге «Байтерек» под председательством заместителя Премьер-Министра - министра национальной экономики Республики Казахстан Серика Жумангарина прошло заседание Управляющего проектного офиса по кредитованию реального сектора экономики.

📈 Председатель Правления Холдинга Рустам Карагойшин сообщил, что в 2026 году на стимулирование банковского кредитования и косвенные меры поддержки предусмотрено 4,1 трлн теңге из общего плана поддержки экономики в 8 трлн теңге (без учета жилищного блока).

📊 По итогам 2025 года дочерние организации Холдинга совместно с банками второго уровня поддержали 6 490 субъектов предпринимательства на сумму более 3,56 трлн теңге. Кроме того, с использованием механизмов совместного и синдицированного финансирования реализуются 20 инвестиционных проектов общей стоимостью около 12 трлн теңге. Доля банков и международных финансовых институтов в их финансировании составляет порядка 43%.

🎯 Холдинг планирует сосредоточить прямое финансирование на крупных инвестиционных проектах в несырьевом секторе, а проекты стоимостью менее 15 млрд теңге преимущественно направлять в банки второго уровня. При этом предельный размер финансирования одного проекта по программе «Өрлеу» увеличен до 15 млрд теңге.

📇 Также представлена новая модель сопровождения инвесторов, предусматривающая закрепление персонального менеджера за каждым проектом и внедрение единой цифровой системы мониторинга на всех этапах его реализации.

↗️ Участники заседания также обсудили ипотечное и венчурное финансирование, поддержку отечественных экспортеров и модернизацию энергетической и коммунальной инфраструктуры.

📌 Холдинг «Байтерек» продолжает развивать механизмы финансирования и партнерства с банками, расширяя возможности бизнеса для реализации инвестиционных проектов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from PRO КАДРЫ KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасымен Қызылорда облысы Арал ауданында «Халыққа жақын» республикалық жобасы жұмысын бастады.

Ауқымды жобаның мақсаты – халықпен тұрақты әрі тікелей диалог орнату, соның ішінде ең шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу.

Азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді бір алаңда талқылап, нақты көмек ала алады. Қызылорда облысы – жоба іске асырыла бастаған алғашқы өңір. Алдағы уақытта бұл тәжірибені бүкіл елге тарату жоспарланып отыр.

Сапар барысында Халық Кеңесінің мүшелері Арал өңірінің еңбек ардагерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен және тұрғындарымен кездесті. Онда Президент реформаларын жүзеге асырудағы қоғамның рөлі, өңірді дамыту перспективалары және халықпен өзара байланыстың жаңа форматтары талқыланды.

Ерлан Қошанов Тәуелсіздіктің 35 жылдығында еліміз ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің маңызды кезеңін өткеріп жатқанына назар аударды. Бұл үдеріске Қызылорда облысы да елеулі үлес қосып келеді. «Халыққа жақын» жобасы азаматтармен тікелей байланыс орнатуға ұйытқы болады. Кеңес мүшелері мен салалық министрліктер өкілдерінен арнайы мобильді топтар құрылды. Олар барлық облысты аралап, шалғай елді мекендерге барып, тұрғындарға жаңа институттың мүмкіндіктерін таныстырады, халықтың сұранысын зерделейді және мемлекеттік органдармен бірлесіп, нақты мәселелерді шешу жолдарын айқындайды. Осындай сапарлар барысында тұрғындар кеңес алып, мемлекеттік қызметтерді ешқайда бармай-ақ пайдалана алады және өз бастамаларын ұсынады.

Жұмыс сапары аясында Халық Кеңесінің Төрағасы облыс басшылығымен бірлесіп, азаматтарды аралас форматта қабылдады. Өңір тұрғындары инфрақұрылымды дамыту, мектептер мен медициналық мекемелерді жаңғырту, жастарға кәсіби бағдар беру, цифрлық сервистерді енгізу, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мәселелерін көтерді.

Халық Кеңесінің мүшелері сондай-ақ өңірдегі бірқатар өнеркәсіп, әлеуметтік және мәдени нысанды аралап, жергілікті өндірісті дамыту перспективаларымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және жастардың өмірде өз орнын табуына жағдай жасау жұмысымен танысты.

Алғашқы кезеңде Халық Кеңесінің мүшелері Марат Әзілханов, Геннадий Шиповских бастаған мобильді топ Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарын аралайды.

Подпишись на prokadrykz
📍346 көшпелі іс-шара және 7 мыңға жуық клиент: «Даму» қоры өңірлерде бизнесті қолдау аясын кеңейтуде

25–26 қараша күндері «Даму» қоры мен Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» республикалық жобасы аясында Қызылорда облысының Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарына бірлескен жұмыс сапарымен барды.

Бес алаңда азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. «Даму» қорының өкілдері кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары мен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарының бағдарламалары бойынша кеңес берді.

Жоба аясында мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың өкілдері тұрғындарға әлеуметтік, құқықтық және басқа да мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетті.

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында іске қосылған және Starlink спутниктік интернетімен жабдықталған «Даму» қорының мобильді фронт-офистері бүгінде еліміздің 17 өңірін қамтиды.

Мобильді фронт-офистер жұмысын бастағаннан бері 346 көшпелі іс-шара өткізіліп, 170 аудан, 67 қала мен моноқала қамтылды. Жалпы 6 928 клиентке 7 525 қызмет көрсетілді.

⸻

📍346 выездов и почти 7 тысяч клиентов: Фонд «Даму» расширяет поддержку бизнеса в регионах

25–26 ноября Фонд «Даму» и Қазақстан Халық Кеңесі провели совместные выезды в Аральский, Казалинский и Кармакшинский районы Кызылординской области в рамках республиканского проекта «Халыққа жақын».

На пяти площадках был организован приём граждан. Представители Фонда «Даму» ответили на вопросы предпринимателей и проконсультировали по инструментам государственной поддержки бизнеса и программам дочерних организаций Холдинга «Байтерек».

В рамках проекта представители государственных органов и профильных организаций оказали жителям консультационную помощь по социальным, правовым и другим вопросам.

Мобильные фронт-офисы Фонда «Даму», запущенные в рамках программы «Іскер аймақ» и оснащённые спутниковым интернетом Starlink, сегодня охватывают 17 регионов страны.

С начала их работы проведено 346 выездных мероприятий, охвачено 170 районов, 67 городов и моногородов. Всего 6 928 клиентам оказано 7 525 услуг.

#ЗАКОНиПОРЯДОК
#ЗАҢменТәртіп
Фонд «Даму» pinned «📍346 көшпелі іс-шара және 7 мыңға жуық клиент: «Даму» қоры өңірлерде бизнесті қолдау аясын кеңейтуде …»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 «Даму» қоры жобалардың мониторингін қалай жүргізеді, кәсіпкерлер неге назар аударуы керек және бұзушылықтардың алдын алу жолдары қандай?

Осы сұрақтар бойынша түсіндірме бейнероликтер YouTube арнамызға жүктелді.

🔗 Қазақ тіліндегі толық бейнеролик:
https://youtu.be/b1lLLfzZEtA

━━━━━━━━━━━━━━

🎥 Как Фонд «Даму» проводит мониторинг проектов, на что следует обратить внимание предпринимателям и как избежать нарушений?

На нашем YouTube-канале опубликованы информационные видеоролики с разъяснениями по этим вопросам.

🔗 Полный видеоролик на русском языке:
https://youtu.be/8lTG7elXPTs
💬 Фонд «Даму» и Қазақстан Халық Кеңесі проконсультировали жителей Кызылординской области
 
25–26 ноября АО «Фонд развития предпринимательства «Даму» и Қазақстан Халық Кеңесі провели совместные выезды на мобильных фронт-офисах фонда в Аральский, Казалинский и Кармакшинский районы Кызылординской области в рамках республиканского проекта «Халыққа жақын».
 
Предприниматели получили консультации по условиям льготного финансирования, субсидирования процентной ставки, гарантирования кредитов и лизинга, а также по программам дочерних организаций Холдинга «Байтерек».
 
Жители могли обратиться по вопросам социальных выплат и пенсионного обеспечения, трудоустройства, здравоохранения, сельского хозяйства и налогообложения.
        
🗣️В этот раз выезды мобильных фронт-офисов Фонда прошли совместно с членами Қазақстан Халық Кеңесі. Такой формат помогает комплексно рассматривать вопросы населения и бизнеса и оперативнее находить пути их решения🗣️- отметил заместитель председателя правления Фонда «Даму» Мурат Бапаев.

 
Мобильные фронт-офисы Фонда «Даму» начали работу в мае 2026 года. С тех пор проведено 346 выездных мероприятий. Они охватили 170 районов, 67 городов и моногородов в 17 регионах страны. Всего 6 928 клиентам оказано 7 525 услуг.

❕ Telegram | Instagram | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі 2027 жылға арналған бюджетті бекітті: экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағытталады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесі отырысын өткізді. Жиын барысында Кеңес холдингтің жылдық бюджетін, басқарма төрағасы мен мүшелерінің 2027 жылға арналған қызметінің негізгі көрсеткіштерін бекітті.

Холдинг қызметі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған инвестициялық тиімділікті арттыру және экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға бағдарланады. Осыған орай алдағы жылға арналған холдинг қызметінің негізгі көрсеткіштері қатарына негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі, қолдау көрсетілген кәсіпорындар кірісі, сондай-ақ олардың экспорттық сатылым көлемі енгізілді. 

2027 жылы «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы экономикаға 8 трлн теңгеге қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, инфрақұрылым және агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі шамамен 1,17 трлн теңге болмақ. Холдингтің қатысуымен тұрғын үй секторында 2,7 млн шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Жобаларды қаржыландыру үшін холдинг нарықтан қаражат тартуды жалғастырады. 2027 жылы мемлекеттік емес қаржы көздерінен алынатын ақша қарыздардың жалпы көлемінің 54%-ын құрайды деп болжануда. Екінші деңгейлі банктердің мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып, бизнесті қаржыландыруға қатысуы өз алдына бөлек бағаланатын болады.

Бұл шешімдердің негізінде Директорлар кеңесі тамыз айында мақұлдаған холдингтің 2033 жылға дейінгі жаңартылған даму жоспары жатыр. Оның басымдықтарының бірі – жаңа өндірістерді іске қосатын немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын арттыратын кәсіпорындар үшін мүмкіндіктерді кеңейту. «Бәйтерек» осы жобаларды қаржыландыруға банктер мен жеке инвесторларды тартатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Холдингтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі, ішкі аудит және сатып алу рәсімдерін бақылау жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жүктелген міндеттерді орындауда формальды тәсілге жол бермеудің және Холдинг қызметінің тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM