Фонд «Даму»
✔
18.7K subscribers
2.24K photos
290 videos
1.16K links
Қордың миссиясы - елдегі МШОБ-ты тұрақты дамытуға арналған қолдау құралдарын жүзеге асыру.

Миссией Фонда является реализация комплексных и эффективных инструментов поддержки в целях устойчивого развития ММСП в Казахстане.
Download Telegram
Қазақстандағы табысты бизнестің бір мысалы деп «Нұртана» брендімен сапалы арнайы киім шығаратын «Кенжеғалиева Н.А.» ЖК атауға болады. Кәсіпорын 2019 жылдан бастап ыңғайлы, ұзақ киіс беретін жұмыс формаларын шығарып келеді. Үлгілердің ішінде тоқыма емес материалдардан жасалған бір реттік киімдер де бар.

Өндірісті кеңейту үшін кәсіпкер «Даму» Қорының көмегімен Halyk Bank арқылы жеңіл несие алды.

Енді «Кенжеғалиева Н.А.» ЖК өнімдерін Halyk Market-тен сатып алуға да болады.
Сілтеме

Жергілікті өндірушілерге қолдау көрсетіп, сапалы қазақстандық арнайы киімді таңдаңыз!
❤3
Одним из примеров успешного казахстанского бизнеса является ИП «Кенжегалиева Н.А.» - производитель качественной спецодежды под брендом «Нуртана». Предприятие развивается с 2019 года и выпускает удобную, долговечную рабочую одежду, включая одноразовые модели из нетканых материалов.
 
Для расширения производства предприниматель получила финансирование через Halyk Bank при содействии Фонда «Даму».
 
Теперь продукцию ИП «Кенжегалиева Н.А.» можно приобрести на Halyk Market по ссылке

Поддерживайте местных производителей и выбирайте качественную казахстанскую спецодежду!
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы: «Биыл «Бәйтерек» холдингі арқылы шағын және орта бизнесті қолдау көлемі шамамен екі триллион теңгеге жетті»

«Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру маңызды. Экспорт нарығында бәсекеге түсе алатын, отандық шикізатты пайдаланатын, сондай-ақ озық технологиялар мен инновациялар трансферімен айналысатын кәсіпорындарға басымдық берілуге тиіс.

Биыл «Бәйтерек» холдингі арқылы шағын және орта бизнесті қолдау көлемі шамамен екі триллион теңгеге жетті. Тікелей субсидиялаудан гөрі кепілдік беру құралдарына көштік.

Осы мақсатта менің тапсырмаммен «Даму» қоры жанынан шағын және орта бизнеске, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларға арналған екі кепілдік қоры құрылды. Аталған бағыт аясында 2229 жобаға жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам кредит берілді. Оның ішінде 220 миллиард теңгеден астамы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілді».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства: «В текущем году объем поддержки МСБ по линии холдинга «Байтерек» составил порядка двух триллионов тенге»

«Важно повышать эффективность мер государственной поддержки бизнеса. Приоритет должен отдаваться предприятиям, способным конкурировать на экспортных рынках, использующим отечественное сырье и осуществляющим трансфер передовых технологий и инноваций.

В текущем году объем поддержки малого и среднего бизнеса по линии холдинга «Байтерек» составил порядка двух триллионов тенге.При этом акцент сместился от прямого субсидирования к инструментам гарантирования.

Для этого по моему поручению на базе Фонда «Даму» создано два гарантийных фонда – для МСБ и крупных инвестиционных проектов. В рамках этой работы уже прокредитовано 2 229 проектов на сумму свыше 400 млрд тенге, в том числе с обеспечением госгарантии в размере более 220 млрд тенге».

t.me/aqorda_resmi
👍3👀1
Бизнесті қолдау: 200 млн теңгеге дейінгі несиені субсидиялау

«Даму» Қоры ЦентрКредит Банк, Halyk Bank және ТехноЛизинг, Эксперт лизинг, Merz Leasing Machinery секілді компаниялармен портфельдік субсидия жөнінде келісімге қол қойды. Бағдарлама экономиканың басымдық берілген салаларында жұмыс істейтін микро және шағын бизнесті қаржыландыруды көздейді. Ол: өңдеу өнеркәсібі, ауыл және балық шаруашылығы, көлік, қойма, туризм және қонақ үй қызметі, білім беру, денсаулық сақтау және баспа қызметі.

Инвестиция және айналым қаражатын толықтыруға алынған қарыздар субсидияланады.

Негізгі шарттар:

✔️ қарыздың максимал сомасы - 200 млн теңгеге дейін;
✔️ сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне +4%. Номинал мөлшерлеменің 40%-ын мемлекет субсидиялайды (кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме - кемінде 12,3%);
✔️ субсидия мерзімі - 3 жылға дейін.

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлер осы серіктестерге тікелей жүгінуі керек.
Поддержка бизнеса: субсидирование займов до 200 млн тенге

Фонд «Даму» подписал соглашения о портфельном субсидировании с Банком ЦентрКредит, Halyk Bank и лизинговыми компаниями: ТехноЛизинг, Эксперт Лизинг, Merz Leasing Machinery. Программа направлена на то, чтобы сделать финансирование доступнее для микро- и малого бизнеса, работающего в приоритетных отраслях экономики: обрабатывающая промышленность, сельское и рыбное хозяйство, транспорт и складирование, туризм и гостиничные услуги, образование, здравоохранение и издательская деятельность. 

Поддержка предусматривает субсидирование займов, которые направляются на инвестиции и пополнение оборотных средств. 

Основные условия: 

✔️ максимальная сумма займа - до 200 млн тенге; 
✔️ ставка вознаграждения - базовая ставка НацБанка РК + 4%, при этом 40% от номинальной ставки субсидируется государством (конечная ставка для заемщика - не менее 12,3%); 
✔️ срок субсидирования - до 3 лет. 

Для участия предпринимателям нужно обращаться напрямую в партнерские организации.
❤3
«Даму» Қоры басшылары Грузия Елшісі Леван Диасамидземен кездесіп, екі елдің кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ынтымақтастық пен әріптестік жайын талқылады.

Қор Грузияға шойын, болат, майлау материалдары, ұн, жарма және сүт өнімдерін экспорттайтын бірқатар қазақстандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына қолдау көрсеткен.

Грузияда бизнес пен инвестицияны қолдауды көздейтін даму қоры (DFG) мен кәсіпкерлердің халықаралық нарықтарға шығуы үшін қаржыландырып, оқытып, кеңес беретін «Enterprise Georgia» ұлттық агенттігімен бұған дейін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Тараптар сондай-ақ қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары бойынша бірлескен жұмысты кеңейту жолын талқылады. «Даму» Қоры білім беру және акселерация бастамаларын күшейтуге, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін семинарлар мен воркшоптар ұйымдастыруға дайын екендігін растады.
Фонд «Даму» провёл рабочую встречу с Послом Грузии Леваном Диасамидзе, в ходе которой стороны обсудили текущее сотрудничество и новые направления взаимодействия в сфере развития предпринимательства.
 
Фонд уже поддерживает ряд казахстанских предприятий обрабатывающей промышленности, экспортирующих в Грузию чугун, сталь, смазочные материалы, муку, крупы и молочную продукцию.
 
Отдельно рассмотрено сотрудничество с ключевыми институтами развития Грузии - Фондом развития Грузии (DFG), поддерживающим предпринимательство и инвестиционные проекты, и национальным агентством Enterprise Georgia, которое предоставляет предпринимателям финансирование, обучение и консультации для выхода на международные рынки. С обеими организациями ранее были подписаны меморандумы о сотрудничестве.
 
Стороны также обсудили расширение совместной работы по финансовым инструментам и нефинансовым мерам поддержки. Фонд «Даму» подтвердил готовность усиливать образовательные и акселерационные инициативы, а также организовывать семинары и воркшопы для предпринимателей.
👍2
Бүгінгі «Сұраққа жауап» айдарында «Даму» қорының кепілдігін алу, анығырақ айтқанда кепілдікті бірнеше рет алу жайын айтамыз. Кепілдік алғысы келетін кәсіпкерлер үшін бұл жауап пайдалы болары сөзсіз. Видеода толық жауап бар.
Брендін Halyk Market алаңында дамытып жатқан қазақстандық кәсіпкерлермен апта сайынғы айдар аясында таныстыруды жалғастырамыз.

«Бөрте» ЖК-нің негізін ақтөбелік Әсел Жүсіпова қалаған. Негізінен киіз басу техникасымен жұмыс істейді. Барлық өнім табиғи жүннен, қолмен жасалады. Әр бұйым ерекше нақыш, өрнек, текстура, шебердің өз қолтаңбасымен ұсынылады.

Брендтің атауы күш, даналық пен бедел ұғымдарының символы болған әйел бейнесі – Шыңғыс ханның әйелі Бөрте есімін иеленген. Бұл идея киімнен аксессуарларға дейінгі әр топтамада айқын көрінеді.

Жобаны Halyk Bank «Даму» Қорының қолдауымен қаржыландырды. Соның арқасында бизнесті нығайып, өндіріс кеңейді.

Отандық өндірушіге қолдау көрсетіңіз және Halyk Market платформасында «Бөрте» ЖК өнімдерін сатып алыңыз. Сілтеме
❤2
В рамках нашей еженедельной рубрики продолжаем знакомить вас с казахстанскими предпринимателями, развивающими свои бренды на площадке Halyk Market.

Сегодня - ИП «Бөрте», бренд из Актюбинской области, основанный Асел Джусуповой. Бренд работает в технике войлочного валяния: все изделия изготавливаются вручную из натуральной шерсти. Каждая вещь уникальна - с индивидуальным рисунком и фактурой, характерной для ручной работы.

Название бренда отсылает к имени Бөрте - супруги Чингисхана, образу женщины Великой степи, объединяющему силу, мудрость и достоинство. Эта идея заложена в концепции бренда и отражается в каждой коллекции - от одежды до аксессуаров.

Проект получил поддержку Фонда «Даму» при финансировании Halyk Bank, что позволило укрепить бизнес и расширить производство.

Поддержите отечественного производителя и познакомьтесь с изделиями ИП «Бөрте» на платформе Halyk Market по ссылке
Бизнес үшін сенімді жан-жақты консалтингті «Даму» Қоры бір жоба аясында ұсынады

«Даму» қоры «Консалтинг компанияларын ұсыну» жобасын дамытып жатыр. Ол бойынша елдің барлық өңіріндегі кәсіпкерлер сенімді әрі кәсіби кеңесшілерге жүгіне алады.

Бастамаға Қазақстанның 11 өңірінен 16 компания қосылды. Олардың барлығы іріктеуден өтті және қаржы мәселелері, бухгалтерия, есеп, салық, заң аясында кеңес, сондай-ақ ESG секілді негізгі бағыттар бойынша бизнеске қолдау көрсетуге дайын.

Бұл - бизнес-жоспар әзірлеуден бастап жобаны мемлекеттік қолдау алу, қаржы ұйымдарының мақұлдауына дейін сүйемелдеу, сондай-ақ құқықтық және бухгалтерлік мәселелерді шешу, тұрақты даму қағидаттарын енгізуге дейінгі шаруаларда кәсіпкерге нақты көмек.

Ол компаниялар туралы ақпарат damu.kz. сайтымызда бар. 1408 байланыс орталығы арқылы кеңес алуға да болады.
❤4
Надёжный консалтинг для бизнеса - в одном проекте Фонда «Даму»

Фонд «Даму» развивает проект «Рекомендуемые консалтинговые компании», чтобы предприниматели по всей стране могли работать с проверенными и профессиональными консультантами.

К инициативе уже присоединились 16 компаний из 11 регионов Казахстана. Все они прошли отбор и готовы оказывать поддержку бизнесу по ключевым направлениям: финансовые вопросы, бухгалтерский и налоговый учёт, юридические консультации, а также ESG-направление.

Это практическая помощь для предпринимателей - от разработки бизнес-планов до полного сопровождения проектов до их одобрения финансовыми организациями для получения государственной поддержки, а также решения правовых и бухгалтерских вопросов и внедрения принципов устойчивого развития.

Вся информация о компаниях размещена на сайте damu.kz. Также получить консультацию можно через колл-центр - 1408
👍5❤2
Forwarded from UKIMET
Президенттің ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді

📌 Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру – Үкіметтің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары елімізде ШОБ субъектілерінің ел экономикасына қосқан үлесі тұрақты түрде артып келеді. Primeminister.kz редакциясы еліміздің 2025 жылғы дамуы туралы жарияланымдар топтамасын жалғастыруда.

📊 Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті экономикалық өсудің қозғаушы күші болуы тиіс екенін айқындап берді. Ұлттық статистика бюросының деректері бүгінде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейтінін, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы жалпы қосылған құнының үлесі қазірдің өзінде 40%-ға (39,8%) жақындағанын растайды.

📈 2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі орта бизнестің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9%-ды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. Бұл – орта бизнес секторының нығайып, құндылық құруға қосқан үлесін арттыру деген сөз.

↔️ 2022-2024 жылдар аралығында бойы орта бизнестің ЖҚҚ 6,7%–6,9% деңгейінде тұрақты болып қалады, ал кәсіпорындар саны 3 мыңнан астам деңгейде сақталады, бұл орта буынның жетілгендігі мен тұрақтылығын көрсетеді.

👥 Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектісінің 99,9%-ы – микро және шағын компаниялар. Олар экономиканың «тірі тінін» қалыптастырады және 4,4 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 3,9%-ға артық. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орны пайда болды деген сөз. ШОБ еліміздегі барлық экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын құрайды – 45,5%, бұл саланың азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және еңбек нарығының тұрақтылығын сақтаудағы маңыздылығын көрсетеді.

📑 Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау шараларын дәйекті түрде кеңейтуде. Кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға, технологияларды жетілдіруге, экспортты кеңейтуге және қаржыландыру көздерін тартуға мүмкіндік беретін 117 құралдан тұратын тізілім құрылды. Вaqylauda.qoldau.kz қызметі қолдау шараларына қол жеткізудің әмбебап нүктесіне айналды, оны қазірдің өзінде 222 мыңға жуық адам пайдаланған, бұл – аталған құралдардың қажеттілігі мен қолжетімділігінің дәлелі.

💼 Елімізде 2024 жылдан бері бизнес жасауға тең жағдай туғызу, компанияларды ірілендіруге ынталандыру және орта бизнестің рөлін күшейту бағытында кешенді саясат жүзеге асырылуда. Мақсат – кәсіпкерлер үшін болжамды және әділ орта құру.

📲 Бұған қосымша бизнеске қойылатын барлық талаптарды цифрландырып, бір ретке келтірген Міндетті талаптар тізілімі пайда болды. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, кәсіпкерлерге міндетті нормаларды орындауды жеңілдетіп отыр. Нәтижесінде Қазақстанда ШОБ-ты қолдау бизнес-қоғамдастық үшін жүйелі әрі түсінікті бола түсті.

Соның ішінде:
⏩ біліктілік талаптары қайта қаралуда және рұқсат беру процедуралары оңтайландырылуда, бұл бизнесті бастау мен жүргізуге кедергілерді азайтады;
⏩ ірі кәсіпорындар ШОБ-пен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға міндетелді, бұл шағын және орта бизнес үшін кепілді өткізу нарықтарын ашады және өсуге жаңа мүмкіндіктер туғызады;
⏩ жаңа Салық кодексінде арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды. Бұл тәсіл ұсақталу схемаларын шектейді және компанияларды дамуға және кең ауқымда қанат жая түсуге ынталандырады.

✅ Орта бизнесті күшейту және ірілендіру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ЕҚДБ-мен бірлесіп кәсіпорындарды дамытудың нақты жоспарын әзірлеуде, ол өндіріс көлемін 2-3 есеге арттыруға бағытталған. Бұл кең ауқымда қанат жаю процесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге және экономикадағы жоғары өнім шығаратын компаниялардың үлесін арттыра түсуге батыл қадам жасалып жатқанын білдіреді.

✔️ Осылайша, орта бизнес біртіндеп өңірлердің ғана емес тұтастай еліміздің де тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM