Фонд «Даму»
✔
18.7K subscribers
2.24K photos
290 videos
1.16K links
Қордың миссиясы - елдегі МШОБ-ты тұрақты дамытуға арналған қолдау құралдарын жүзеге асыру.

Миссией Фонда является реализация комплексных и эффективных инструментов поддержки в целях устойчивого развития ММСП в Казахстане.
Download Telegram
Құрметті кәсіпкерлер!

Соңғы кездері өздерін «Даму» Қорының қызметкері немесе «сарапшы», «қаржы кеңесшісі» ретінде таныстырып, ақыға жеңіл несие, субсидия немесе кепілдік алуға «көмек» ұсынатын алаяқтар жиі бой көрсете бастады.

Естеріңізде болсын: ақшаға «мәселе» шешу», «процесті жылдамдату» немесе «кепілдікке оң шешім шығарып беру» сияқты кез келген уәде – алдау. «Даму» Қорында қаржы бөлуге оң шешім шығарып беретін, екінші деңгейлі банктердің шешімдеріне ықпал ете алатын өкілдер жоқ.

Бұл әрекеттерімен олар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына деген елдің сенімін жояды. Қормен шарты бар консалтингтік компаниялар тек қаржылай емес қолдау шаралары аясында консультация береді және несие, субсидия немесе кепілдік өтінімдерін мақұлдауға көмектесе алмайды. Мұндай «көмекшілерге» сенсеңіз қалтаңыз қағылып, дербес деректеріңіз қолды болуы мүмкін. Әсіресе, олар: «бізсіз қолдау алу мүмкін емес» деп сендірсе – алаяқтық.

Сонымен қатар, егер кәсіпкердің жобасына кәсіби сүйемел керек болса Қорда «Консалтинг компанияларын ұсыну» жобасы бар. Оның аясында қазір 14 өңірден 24 консалтинг компаниясы ЕДБ мен басқа қаржы ұйымдарының қарауына жобаны жеткізіп, заң, бухгалтерия және ESG-консультация береді. Сенімді консультанттар тізімі damu.kz сайтымызда бар және жаңарып тұрады.

«Даму» Қорының бағдарламалары бойынша ақпаратты тек ресми каналдардан қараңыз. Консультацияны 1408 нөмірі бойынша да тегін ала аласыз. Алаяқтық фактілер жайлы senim@fund.kz поштасына хабар беру керек.
❤2
Уважаемые предприниматели!
 
В последнее время участились случаи мошенничества, когда неизвестные лица, представляясь «экспертами», «финансовыми консультантами» или сотрудниками Фонда «Даму», предлагают за вознаграждение «помощь» в получении льготного кредита, субсидии или гарантии.
 
Обращаем внимание: любые обещания «решить вопрос», «ускорить процесс» или «гарантировать одобрение» за деньги - это обман. Фонд «Даму» не имеет представителей, которые за вознаграждение могут «повлиять» на решения банков второго уровня по одобрению финансирования.
 
Подобные предложения вводят в заблуждение и создают ложное представление о механизмах государственной поддержки. Доверие таким «помощникам» может привести к финансовым потерям и риску передачи персональных данных третьим лицам. Особенно настораживающими должны быть случаи, когда вас убеждают, что без их участия получить поддержку невозможно - это не соответствует действительности.
 
Вместе с тем, если предпринимателю требуется профессиональное сопровождение проекта, Фондом реализуется проект «Рекомендуемые консалтинговые компании». В его рамках 24 консалтинговые компании из 14 регионов оказывают юридические, бухгалтерские и ESG-консультации до стадии рассмотрения проектов в банках и других финансовых организациях. Перечень проверенных консультантов доступен в соответствующем разделе на сайте Фонда damu.kz
 
Получать информацию и консультации по программам Фонда «Даму» следует только по официальным каналам. Для разъяснений вы можете обратиться в колл-центр по номеру 1408, а о фактах мошенничества сообщать на электронный адрес senim@fund.kz
❤7
Апта сайынғы айдарымыздың аясында Halyk Market алаңындағы кәсіпкерлермен таныстыруды жалғастырамыз.

Бүгін біз павлодарлық «TAVI Group» ЖШС сауда-өндірістік холдингпен таныстырамыз. Компания Қазақстанда және одан тыс жерлерде танымал «Tavi» брендімен матрац, синтетикалық толтырғыштар және жиһаз өнеркәсібіне арналған компоненттер ұсынатын көшбасшыларының бірі.

Жайлы ұйқы мен сапанының заманауи тәсілін бағалайтындар үшін Halyk Market-те «Tavi Люкс» моделі бар.

TAVI GROUP озық технологиялармен жұмыс істейді және «Даму» Қорының қолдауымен өндірісті дамытады. Бұл – компанияның тұрақты дамуына ықпал етеді.

Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіңіз және Halyk Market-те TAVI матрацтарын таңдаңыз.
Өнімдерге сілтеме
❤3
В рамках нашей еженедельной рубрики продолжаем знакомить вас с предпринимателями, развивающими бизнес на площадке Halyk Market.

Сегодня представляем продукцию ТОО «TAVI GROUP» (Павлодарская область) - торгово-производственного холдинга с узнаваемым брендом TAVI, известным в Казахстане и за его пределами. Компания входит в число лидеров по производству матрасов, синтетических наполнителей и комплектующих для мебельной промышленности.

На Halyk Market представлена модель Tavi Люкс - выбор для тех, кто ценит комфорт, качество и современный подход к организации сна.

TAVI GROUP работает с передовыми технологиями и развивает производство при поддержке Фонда «Даму», что способствует устойчивому росту компании.

Поддерживайте отечественных производителей и выбирайте матрасы TAVI на Halyk Market.
Ссылка на продукцию
🔥5❤2
Forwarded from UKIMET
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынды

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлерде, әсіресе моно және шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын және микробизнесті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы қаралды.

«Қуатты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуы – орнықты экономикалық өсудің негізгі факторы.

Өздеріңізге мәлім, жуырда Мемлекет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін жедел түрде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды.

Үкімет шағын және микробизнесті нақты қолдауға, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамытуға бағытталған кешенді құжатты әзірледі»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

➖

Реализация поручений Президента: Правительство представило единую программу поддержки малого бизнеса «Іскер аймақ»


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрена единая программа «Іскер аймақ», нацеленная на развитие малого и микробизнеса в особенности в моно- и малых городах, а также на селе.

«Развитие сильного и конкурентоспособного предпринимательства является основным фактором устойчивого роста экономики.

Как вы знаете, недавно Глава Государства поручил для стимулирования деловой активности оперативно принять единую программу поддержки малого бизнеса.

Правительством подготовлен комплексный документ, направленный на адресную поддержку малого и микробизнеса, развитие производства с учетом региональной специфики»,

— подчеркнул Премьер-министр.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from UKIMET
Forwarded from UKIMET
Forwarded from UKIMET
Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді

📌 Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысында ауылдар мен шағын қалалардағы өндірісті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын таныстырды.

«Бағдарлама ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру сияқты тез нәтиже беретін, технологиялық жағынан қарапайым, жылдам жүзеге асырылатын жобаларға бағытталған»,

— деп атап өтті Серік Жұманғарин.

🔹 Қаржылық шарттар

Бағдарламада екінші деңгейлі банктер арқылы жыл сайын 400 млрд теңге несие бөлу қарастырылған.

🟦Несие: бір жобаға 200 млн теңгеге дейін.
🟦Мөлшерлемесі: ~8,8% (40%-ы мемлекеттен субсидияланады).
🟦Мерзімі: 3 жылға дейін.
🟦«Даму» беретін кепілдік: кепілге қоятын заты жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін.

🔹 Ресурстар мен инфрақұрылым

Серік Жұманғариннің айтуынша, бизнес ақшаны ғана емес, нақты ресурстарды да ала алады, олар – жеңілдікпен үй-жайларды, жер телімдерін жалға алу және коммуникациялар жүргізу. Өндірісті тиімді іске қосу үшін сервистік сүйемелдеу және сол салаға бағытталған онлайн-оқыту курстары енгізілуде. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды алуда басымдық «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл – бір өнім» жобаларына қатысушыларға беріледі.

🔹 Өтінімді қалай беруге болады?

Өтінімдерді беру egov.business және Damu Online порталдары арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Шалғай аудандар үшін көшпелі формат қарастырылған: арнайы мобильді кеңселер (автобустар) жергілікті жерлерде кеңес беріп, құжаттарды қабылдайды.

➖

На поддержку малого бизнеса в регионах направят 400 млрд тенге ежегодно

📌 Заместитель Премьер-министра Серик Жумангарин на заседании Правительства представил единую программу «Іскер аймақ», нацеленную на развитие производств в селах и малых городах.

«Программа ориентирована на технологически простые, быстро реализуемые проекты, обеспечивающие оперативный эффект: переработку сельхозсырья, мини-пекарни, производство мебели и стройматериалов»,

— отметил Серик Жумангарин.

🔹 Финансовые условия

Программа обеспечит ежегодный объем кредитования через БВУ в размере 400 млрд тенге.

🟦Кредит: до 200 млн тенге на проект.
🟦Ставка: ~8,8% (40% субсидируется государством).
🟦Срок: до 3 лет.
🟦Гарантия «Даму»: до 85% от суммы займа при дефиците залога.

🔹 Ресурсы и инфраструктура

По словам Серика Жумангарина, бизнес получит не только деньги, но и физические ресурсы: льготную аренду помещений, земельные участки и подведение коммуникаций. Для эффективного запуска производств внедряется сервисное сопровождение и отраслевое онлайн-обучение. При этом приоритет в получении господдержки закреплен за участниками проектов «Ауыл аманаты» и «Одно село — один продукт».

🔹 Как подать заявку?

Подача заявок автоматизирована через порталы egov.business и Damu Online. Для отдаленных районов предусмотрен выездной формат: специальные мобильные офисы (автобусы) будут консультировать и принимать документы на местах.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from UKIMET
Кепілдік беру қорлары отандық бизнеске 448 млрд теңгеге қолдау білдірді

Кепілдік берудің жаңа тетіктері банктердің қаражатын экономиканың нақты секторына бұруға мүмкіндік берді

📌 Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторына банк қаражатын тарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде «Даму» қорының базасында екі мамандандырылған кепілдік беру қоры құрылды. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин олардың қалай жүзеге асып жатқаны туралы баяндап берді.

Оның айтуынша, жаңа құралдар бизнестің басты проблемасы – кепілге қоятын затының жетіспеушілігін тиімді шешеді:

🟦Бірінші қор (ШОБ-қа арналған): бүгінде 2,4 мыңнан астам жобаны қамтып, олаға қарыз сомасының 85%-ы көлемінде кепілдік берді. Бұл кәсіпкерлерге жалпы сомасы 424 млрд теңге көлемінде несие алуға мүмкіндік туғызды.
🟦Екінші қор (ірі инвестициялық жобалаға арналған): 7 млрд теңгеден асатын қарыздарға бағдарланған. Бүгінгі таңда сомасы 24 млрд теңге болатын екі жобаға қолдау көрсетілді. Мемлекет 15 жылға дейінгі мерзімге жоба құнынының 30%-ына дейін жаба отырып, банктерді өз қаражатын ұзақ мерзімді индустриальды және инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауға ынталандырады.

«Біздің мақсатымыз – технологиялық жаңару арқылы экономика құрылымын өзгерту. Кепілдік беру қорлары қазірдің өзінде-ақ бизнестің қолындағы кепілге қоятын заттары жеткіліксіз болса да капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін пәрменді құралға айналды»,

— деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің ақпараты бойынша, процестерді автоматтандыру және портфельдік әдісті қолдану арқасында өтінімдерді қарау мерзімі 2 жұмыс күніне дейін қысқартылған, бұл мемлекеттік қолдауды барынша қолжетімді ете түседі.

➖

Гарантийные фонды поддержали бизнес на 448 млрд тенге


Новые механизмы гарантирования позволили вовлечь банковскую ликвидность в реальный сектор экономики

📌 В рамках поручений Главы государства по вовлечению банковских средств в реальный сектор экономики, на базе Фонда «Даму» созданы два специализированных гарантийных фонда. О ходе их реализации на заседании Правительства доложил заместитель Премьер-министра Серик Жумангарин.

По его словам, новые инструменты эффективно решают главную проблему бизнеса – нехватку залогового обеспечения:

🟦Первый фонд (для МСБ): уже охватил более 2,4 тыс. проектов, предоставляя гарантии до 85% от суммы займа. Это позволило предпринимателям получить кредиты на общую сумму 424 млрд тенге.
🟦Второй фонд (для крупных инвестпроектов): ориентирован на займы свыше 7 млрд тенге. На сегодня поддержано два проекта на сумму 24 млрд тенге. Государство покрывает до 30% стоимости проекта на срок до 15 лет, что стимулирует банки направлять ликвидность в долгосрочные индустриальные и инфраструктурные проекты.

«Наша цель – трансформировать структуру экономики через технологическое обновление. Гарантийные фонды уже стали действенным инструментом, обеспечивая доступ к капиталу даже при дефиците собственного обеспечения у бизнеса»,

— подчеркнул Серик Жумангарин.

По информации вице-премьера, благодаря автоматизации процессов и применению портфельного метода, сроки рассмотрения заявок сокращены до 2 рабочих дней, что делает господдержку максимально доступной.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде бизнес жүргізу қағидаларын жетілдіріліп, жеңілдетілуде

Бүгінде елімізде 2,2 млн-нан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді, сала бойынша 4 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған


📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов кәсіпкерлікті дамытуға Президент деңгейінде басымдық берілетінін, өйткені ШОБ халық үшін маңызды табыс көзі екенін атап өтті.

«Халықтың табысының маңызды көзі болып саналатын кәсіпкерлікті дамыту – Мемлекет басшысының әрдайым ерекше назарында тұрған мәселе.

Бүгінде елімізде 2,2 млн-нан астам шағын бизнес субъектісі жұмыс істейді. Онда шамамен 4 млн адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін бизнес жүргізу қағидаларын жетілдіріп, оны неғұрлым түсінікті әрі ашық болуын қамтамасыз ету маңызды.

Үкімет бизнес-қауымдастықпен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, жаңа салық саясатын қалыптастыруда»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

➖

Реализация поручений Президента: в Казахстане совершенствуются и упрощаются правила ведения малого бизнеса

В стране действует свыше 2,2 млн субъектов МСБ, в данной сфере занято свыше 4 млн человек

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что развитию предпринимательства уделяется приоритетное внимание на уровне Президента, поскольку МСБ является важным источником дохода населения.

«Главой государства всегда уделяется особое внимание развитию предпринимательства, являющегося важным источником дохода населения.

Сегодня в стране действует свыше 2,2 млн. субъектов малого бизнеса, где занято около 4 млн. человек.

Для дальнейшего развития предпринимательства важно совершенствовать правила для бизнеса, делать их более понятными и прозрачными.

При тесном взаимодействии с бизнес-сообществом, Правительством выстраивается новая налоговая политика»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдау: Үкімет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру критерийлерін кеңейтуде

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлеуді тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлесін.

«Өрлеу» бағдарламасы аясында қаржыландыру критерийлерін кеңейту тиімді тетіктердің бірі болады»,

— деді Премьер-министр.

➖

Поддержка МСБ общеустановленного режима налогообложения: Правительство расширяет критерии финансирования по программе «Өрлеу»

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства поручил разработать дополнительные неналоговые меры поддержки МСБ, работающего в общеустановленном режиме налогообложения.

«Министерству нацэкономики совместно с заинтересованными госорганами разработать дополнительные неналоговые меры поддержки малого и среднего бизнеса, работающего в общеустановленном режиме налогообложения.

Одним из действенных механизмов станет расширение критериев финансирования в рамках программы «Өрлеу»,

— подчеркнул Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ШОБ-ты дамытуға рекордтық 613 млрд теңге: «Бәйтерек» Президенттің бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда

📌 Мемлекет басшысының бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Бәйтерек» холдингі 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың рекордтық көлемін қамтамасыз етеді. Жыл соңына дейін қолдау сомасы 613 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында холдинг төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді.

«Өрлеу» бағдарламасы шағын және орта бизнесті қолдаудың негізгі құралдарының бірі. Бүгінгі таңда 1,8 мыңнан астам жоба қолдау тапты. Бағдарламаның басты айырмашылығы – ол кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін жүйелі түрде шешеді: кепілдік беру құралдары арқылы кәсіпкерлер 80 млрд теңге несиеге қол жеткізді.

«2025 жылдың соңына дейін қосымша 108 млрд теңгені игеру жоспарланған. Оның 48,8 млрд теңгесі — Қор қаражаты, қалғаны — екінші деңгейлі банктердің қаражаты. Бұл шамамен 400 кәсіпкерді қосымша қолдауға мүмкіндік береді.

Жалпы 2025 жылы Холдингтің құралдарынан 25 мыңнан астам шағын, орта, кіші кәсіпорындарға көмек көрсетіліп отыр. Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Өрлеу» бағдарламасы шеңберіндегі жалпы қаржыландыру көлемі 613 млрд теңгеге, ал қарыз алушылар саны шамамен 2 мың мекемеден асып отыр»,

— деді Рустам Қарағойшин.

➖

Рекордные 613 млрд тенге на развитие МСБ: «Байтерек» реализует поручение Президента по поддержке бизнеса


📌 В рамках исполнения поручений Главы государства по созданию благоприятных условий для бизнеса, холдинг «Байтерек» в 2025 году обеспечит рекордный объем финансирования малого и среднего предпринимательства. К концу года сумма поддержки составит 613 млрд тенге. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил Председатель Холдинга Рустам Карагойшин.

Программа «Өрлеу» стала эффективным ответом на запрос бизнеса о доступных и «длинных» деньгах. На сегодня поддержку уже получили более 1,8 тыс. проектов. Ключевое отличие программы в том, что она системно решает проблему нехватки залогов: через инструменты гарантирования предприниматели получили доступ к кредитам на 80 млрд тенге.

«До конца 2025 года планируется освоение дополнительных 108 млрд тенге, из которых 48,8 млрд тенге – это средства фонда, а остальное будет предоставлено через банки второго уровня. Это позволит оказать дополнительную поддержку примерно 400 предпринимателям.

Если говорить в целом о 2025 годе, то по всем инструментам Холдинга помощь оказывается более чем 25 тыс. субъектов малого, среднего и микробизнеса. Таким образом, по итогам 2025 года в рамках программы "Өрлеу" общий объем финансирования составит 613 млрд тенге, а количество заемщиков превысит 2 тыс. организаций»,

— подчеркнул Рустам Карагойшин.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM