Фонд «Даму»
✔
18.7K subscribers
2.24K photos
290 videos
1.16K links
Қордың миссиясы - елдегі МШОБ-ты тұрақты дамытуға арналған қолдау құралдарын жүзеге асыру.

Миссией Фонда является реализация комплексных и эффективных инструментов поддержки в целях устойчивого развития ММСП в Казахстане.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 23 мамыр күні сағат 10:00-де ULTTYQ ÓNIM 2026 көрмесі аясында «Франчайзинг: жүйелер, брендтер және жаңа буын масштабтауы» тақырыбында панельдік сессия өтеді ✨

Панельдік сессия барысында франчайзинг нарығының дамуы, брендтерді масштабтау және Қазақстандағы табысты бизнес-кейстер талқыланады.

Спикерлер қатарында:
— Dodo Pizza Kazakhstan & Dubai негізін қалаушы Оксана Шоканова
— Marrone Rosso кофеханалар желісінің президенті Айнұр Нұрсұлтанова
— KazFranch қауымдастығының тең құрылтайшысы Бекнұр Кисиков
— Invictus Fitness франчайзинг директоры Дмитрий Захаров.

Модератор — Гүлбану Майғарина.

📍 EXPO ХКО, конференц-зал №3
🕙 10:00–11:30

Баршаңызды панельдік сессияға шақырамыз!

#ULTTYQONIM2026
❤2
🇰🇿 23 мая в 10:00 в рамках выставки ULTTYQ ÓNIM 2026 пройдет панельная сессия на тему: «Франчайзинг: системы, бренды и масштабирование нового поколения» ✨

В ходе сессии участники обсудят развитие рынка франчайзинга, масштабирование брендов и успешные бизнес-кейсы Казахстана.

Среди спикеров:
— основатель Dodo Pizza Kazakhstan & Dubai Оксана Шоканова
— Президент сети кофеен Marrone Rosso Айнур Нурсултанова
— соучредитель KazFranch Бекнур Кисиков
— директор по франчайзингу Invictus Fitness Дмитрий Захаров.

Модератор — Гульбану Майгарина.

📍 МВЦ EXPO, конференц-зал №3
🕙 10:00–11:30

Приглашаем всех посетить панельную сессию!

#ULTTYQONIM2026
Forwarded from ULTTYQ ÓNIM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ULTTYQ ÓNIM 2026 көрмесі аясында жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға 100-ден астам кәсіпкер, мемлекеттік органдардың өкілдері мен салалық сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында:
🔹 салықтық әкімшілендіруді жаңғырту
🔹 жаңа Салық кодексін енгізу
🔹 өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим
🔹 бизнеске мемлекеттік қолдау шаралары
🔹 цифрландыру және жаңа салықтық жүйелер мәселелері талқыланды.

Кәсіпкерлер мемлекеттік органдар өкілдеріне өз сұрақтарын тікелей қойып, нақты жауаптар алды.

Спикерлер бизнеске заманауи құралдарды, цифрландыруды және data-driven тәсілдерді енгізудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

#ULTTYQONIM2026
Forwarded from ULTTYQ ÓNIM
🇰🇿 В рамках выставки ULTTYQ ÓNIM 2026 состоялось выездное заседание Проектного офиса по внедрению нового Налогового кодекса.

В мероприятии приняли участие более 100 представителей бизнеса, государственных органов и отраслевых экспертов.

В ходе встречи обсуждались:
🔹 модернизация налогового администрирования
🔹 внедрение нового Налогового кодекса
🔹 режим для самозанятых
🔹 меры государственной поддержки бизнеса
🔹 цифровизация и новые налоговые системы.

Предприниматели смогли напрямую задать вопросы представителям государственных органов и получить развернутые ответы.

Отдельное внимание спикеры уделили важности цифровизации, современного управления бизнесом и использования data-driven подходов.
Подробнее: https://primeminister.kz/ru/news/svyse-sta-predstavitelei-biznesa-gosorganov-i-otraslevyx-ekspertov-priniali-ucastie-na-vyezdnom-zasedanii-proektnogo-ofisa-vnedreniia-nalogovogo-kodeksa-31416
Channel photo updated
🌙 Барша мұсылмандарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!

Елімізде тыныштық, татулық пен береке болсын!
❤10👏1
🚀 Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді кәсіпкерлерге арналған «Арманнан Іске» тегін бағдарламасы бойынша ақпараттық сессияға қатысуға шақырамыз. Бағдарламаның пилоттық легіне Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлері қатыса алады.

📅 2026 жылғы 3 маусым
🕓 Сағат 16:00
💻 Онлайн форматта

📌 Кездесу барысында сіз:

✅ Бағдарламаның құрылымы туралы;
✅ Неліктен қатысу қажет екені туралы;
✅ Бағдарлама қатысушысы ретінде жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері туралы;
✅ Құжаттар пакетін қалай дайындау керектігі туралы;
✅ «Даму» қоры мамандарының сұрақтарыңызға жауаптарын білесіз.

🔗 Тіркелу: https://forms.gle/Bzi7zVHJZDq2uPUc7
🚀 Уважаемые предприниматели!

Приглашаем вас принять участие в информационной сессии по бесплатной программе для предпринимателей «Арманнан Іске». Пилотный поток для г. Алматы и Алматинской области.

📅 3 июня 2026 года
🕓 16:00
💻 Онлайн

📌 На встрече вы узнаете:

✅ Как устроена программа;
✅ Почему стоит принять участие;
✅ Как участнику программы получить льготный кредит;
✅ Как подготовить пакет документов;
✅ Получите ответы на ваши вопросы от специалистов Фонда «Даму».

🔗 Регистрация: https://forms.gle/Bzi7zVHJZDq2uPUc7
❤1
🇰🇿 Құрметті ULTTYQ ÓNIM 2026 көрмесінің қонақтары!

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды. Көрме туралы қысқаша сауалнамадан өтіп, өз әсеріңізбен бөлісіңіз.

Сіздің жауаптарыңыз келесі көрмені одан әрі жақсартуға көмектеседі.

⏱ Сауалнама небәрі 1 минут уақыт алады.

🔗 Сауалнама:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeVpapDNs2UDA9t_rc_vAqS9lIvPd7v9w0yspH3XXQCFXk56Q/viewform?usp=publish-editor
👏3
Уважаемые гости выставки ULTTYQ ÓNIM 2026!
Нам важно ваше мнение. Пройдите короткий опрос и поделитесь своими впечатлениями о выставке.
Ваши ответы помогут сделать ULTTYQ ÓNIM еще лучше.
⏱ Опрос займет всего 1 минуту.
🔗 Ссылка на опрос: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSerqkCO2fA9rpOsO2E2-q31y_Vyuz0235_yBPbxCCJf2mIiVg/viewform?usp=publish-edito
❤1👍1
🔥 Ертең! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, тіркеліп үлгеріңіз
🚀 Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді кәсіпкерлерге арналған «Арманнан Іске» тегін бағдарламасы бойынша ақпараттық сессияға қатысуға шақырамыз. Бағдарламаның пилоттық легіне Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлері қатыса алады.

📅 2026 жылғы 3 маусым
🕓 Сағат 16:00
💻 Онлайн форматта

📌 Кездесу барысында сіз:

✅ Бағдарламаның құрылымы туралы;
✅ Неліктен қатысу қажет екені туралы;
✅ Бағдарлама қатысушысы ретінде жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері туралы;
✅ Құжаттар пакетін қалай дайындау керектігі туралы;
✅ «Даму» қоры мамандарының сұрақтарыңызға жауаптарын білесіз.

🔗 Тіркелу: https://forms.gle/Bzi7zVHJZDq2uPUc7
❤1
🔥 Уже завтра — успейте зарегистрироваться.

🚀 Уважаемые предприниматели!
Приглашаем вас принять участие в информационной сессии по бесплатной программе для предпринимателей «Арманнан Іске». Пилотный поток для г. Алматы и Алматинской области.

📅 3 июня 2026 года
🕓 16:00
💻 Онлайн

📌 На встрече вы узнаете:

✅ Как устроена программа;
✅ Почему стоит принять участие;
✅ Как участнику программы получить льготный кредит;
✅ Как подготовить пакет документов;
✅ Получите ответы на ваши вопросы от специалистов Фонда «Даму».

🔗 Регистрация: https://forms.gle/Bzi7zVHJZDq2uPUc7
Forwarded from UKIMET
«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінде экономиканың нақты секторын қаржыландыруды кеңейту жөніндегі шешімдер қабылданды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру тарту, шикізаттық емес экспортты дамыту, сондай-ақ экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысының экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Директорлар кеңесі Холдингтің ресурстық базасын кеңейтуге және басым салаларды қолдауды арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылдады.

Отандық экспорттаушыларды қолдауға баса назар аударылды. Директорлар кеңесі «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның Қазақстан Республикасының 250 млрд теңге мөлшеріндегі мемлекеттік кепілдігін 10 жыл мерзімге алу үшін өзара байланысты мәмілелер жасауын мақұлдады. Бұл шешімді жүзеге асыру агенттіктің сақтандыру және кепілдік беру әлеуетін арттыруға, шикізаттық емес экспортты қолдау құралдарын кеңейтуге және бизнестің экспорттық қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2026 жылдың қорытындысы бойынша Агенттіктің сақтандыру және кепілдік міндеттемелер портфелі 1,2 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде.

«Бәйтерек» холдингін орнықты дамыту жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Құжат «жасыл» және тұрақты қаржыландыру құралдарын жетілдіруді, төмен көміртекті өсуге ықпал ететін жобаларды қолдауды, ESG-тәуекелдерді басқару тиімділігін, корпоративтік басқарудың ашықтығы мен сапасын арттыруды көздейді. Басымдықтардың қатарында әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру, кадр саясатын жетілдіру және үздік халықаралық ESG-тәжірибелерді енгізу де бар. Қазіргі уақытта холдинг БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатының 15-ін ескереді және тиісті принциптерді компаниялар тобының жұмысына дәйекті түрде біріктіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі холдингтің тұрақты даму саласындағы үздік әлемдік стандарттарға сәйкестігін растай отырып, холдингтің ESG-рейтингін «3» деңгейінен «2» деңгейіне дейін көтерді.

Отырыс қорытындысында Тәуекелдер бойынша шоғырландырылған есеп, Ішкі аудит қызметінің есебі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің 2026 жылғы I тоқсандағы есебі бекітілді.

Анықтама: 2026 жылдың басынан бері экономиканы 8 трлн теңгеге қаржыландыру бойынша міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде холдинг бизнеске жалпы сомасы 3 трлн теңгеге қолдау көрсетті. Оның ішінде шамамен 875 млрд теңгеге шағын және орта бизнестің 2 975 жобасына қолдау көрсетілді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шамамен 685 млрд теңге бағытталды, бұл 5,2 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға мүмкіндік берді. Ірі бизнеске 380 жобаны қамтитын қаржы бөлінді.

Qazaqstan Investment Corporation желісі бойынша 51,5 млрд теңгеге 5 инвестициялық жоба қаржыландырылды, экспортты қолдау шеңберінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі 54 отандық экспорттаушыны қолдау үшін 293,5 млрд теңге бағыттады.

Осылайша, холдинг кәсіпкерліктің дамуына, өндірісті жаңғыртуға, экспорттың өсуіне және ел экономикасының нығаюына ықпал ете отырып, бизнестің қаржы құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM