Фонд «Даму»
✔
18.6K subscribers
2.24K photos
290 videos
1.16K links
Қордың миссиясы - елдегі МШОБ-ты тұрақты дамытуға арналған қолдау құралдарын жүзеге асыру.

Миссией Фонда является реализация комплексных и эффективных инструментов поддержки в целях устойчивого развития ММСП в Казахстане.
Download Telegram
🇰🇿🇹🇭 ҚАЗАҚСТАН–ТАИЛАНД БИЗНЕС-ФОРУМЫ

«Даму» Қоры кәсіпкерлерді Қазақстан–Таиланд бизнес-форумына қатысуға шақырады.

Форум жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, халықаралық серіктестер табуға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер үшін тиімді алаң болмақ.

Қатысушыларды:

🔹 Тай компанияларының өкілдерімен B2B-кездесулер;
🔹 Жаңа серіктестер мен іскерлік байланыстар;
🔹 Экспортты дамыту және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктері;
🔹 Бірлескен жобаларды талқылау күтеді.

📅 26 маусым 2026 жыл
📍 The Ritz-Carlton Almaty, Алматы қаласы

🔗 Тіркелу:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfq2ZhhwLE4CLSCA29ECSrKK1TtbpbgxDaoX_6SZQMRcI9Qiw/viewform
❤1🔥1
🇰🇿🇹🇭 КАЗАХСТАНСКО-ТАИЛАНДСКИЙ БИЗНЕС-ФОРУМ

Фонд «Даму» приглашает предпринимателей принять участие в Казахстанско-Таиландском бизнес-форуме.

Форум станет площадкой для установления новых деловых контактов, поиска международных партнеров и обсуждения возможностей развития бизнеса на зарубежных рынках.

Участников ждут:

🔹 B2B-встречи с представителями тайских компаний;
🔹 Поиск новых партнеров и деловых контактов;
🔹 Возможности для развития экспорта и выхода на новые рынки;
🔹 Обсуждение перспектив совместных проектов.

📅 26 июня 2026 года
📍 The Ritz-Carlton Almaty, г. Алматы

🔗 Регистрация:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfq2ZhhwLE4CLSCA29ECSrKK1TtbpbgxDaoX_6SZQMRcI9Qiw/viewform
❤2🔥1
🇰🇿 Жақсы жаңалық! Алматы қаласында кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Өрлеу» өңірлік бағдарламасы іске қосылды

Енді микро, шағын және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ бастаушы кәсіпкерлер Halyk Bank, Bank RBK және ForteBank арқылы жеңілдетілген қаржыландыру ала алады.

🔹 несие сомасы – 500 млн теңгеге дейін (бастапқы кәсіпкерлер үшін – 50 млн теңгеге дейін);
🔹 сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%;
🔹 мерзімі – 84 айға дейін.

Қолдау өндіріс, қалдықтарды қайта өңдеу, көлік және логистика, туризм, қойма жылжымайтын мүлкі, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да басым салалардағы жобаларға көрсетіледі.

Қатысушылар:
✔ Наурызбай, Түрксіб, Алатау және Жетісу аудандарында жобаларын іске асырып жатқан немесе жоспарлаған кәсіпкерлер;
✔ «Арманнан Іске» бағдарламасының түлектері.

Қосымша ақпарат алу үшін «Даму» Қорының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалына хабарласуға болады:

📍 Наурызбай батыр көшесі, 8, «Коба» бизнес орталығы
📞 Бірыңғай байланыс орталығы: 1408
🔥2❤1
🇰🇿 Хорошая новость! В Алматы запущена региональная программа «Өрлеу» для поддержки предпринимательства

Микро-, малый и средний бизнес, а также начинающие предприниматели могут получить льготное финансирование через Halyk Bank, Bank RBK и ForteBank.

🔹 сумма займа — до 500 млн тенге (для стартапов — до 50 млн тенге);
🔹 ставка — 12,6% годовых;
🔹 срок — до 84 месяцев.

Поддержку получат проекты в сфере производства, переработки отходов, логистики, туризма, складской недвижимости, образования, здравоохранения и других приоритетных отраслей.

Участвовать могут:
✔ предприниматели Наурызбайского, Турксибского, Алатауского и Жетысуского районов Алматы;
✔ выпускники программы «Арманнан Іске».

За дополнительной информацией можно обратиться в Региональный филиал Фонда «Даму» по г. Алматы:

📍 ул. Наурызбай батыра, 8, БЦ «Коба»
📞 Единый контакт-центр: 1408
🔥3❤2
🔼Абай облысында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мобильді фронт-офис таныстырылды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Абай облысына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Берік Уәлимен бірге Семейдегі Арбат алаңында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мобильді фронт-офисінің жұмысымен танысты.

Аталған жоба Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

📍Фронт-офис – шалғай ауыл, қалалардағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында іске қосылған арнайы шағын автобус. Көшпелі топ құрамына «Даму» қорының мамандары, әкімдік, банктер, «Атамекен» ҰКП, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және консалтингтік компания өкілдері кіреді. Олар кәсіпкерлерге «Бәйтерек» холдингінің бизнесті қолдауға арналған барлық мемлекеттік бағдарламалары бойынша толық ақпарат беріп қана қоймай, өтінімдерді тікелей сол жерде қабылдайды.

Мобильді фронт-офисте кәсіпкерлер субсидия, кепілдік, жеңіл несие, микрокаржы, лизинг, экспорттық жобаларды қолдау құралдары, сондай-ақ оқыту, кеңес беру және жобаларды сүйемелдеу сияқты қаржылай емес қолдау шаралары бойынша толық ақпарат алады. Мобильді фронт-офистер 2025 жылы шығарылған, 13 орындық Toyota Hiace маркалы автобус негізінде жабдықталған. Көлік құралдары «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ және «Даму» қорының корпоративтік стилінде брендтеліп, қыс мезгілінде қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қосымша жабдықтармен, оның ішінде автономды ауа жылытқыштарымен қамтамасыз етілген.

«Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылып жатқан жаңа жұмыс форматы бизнестің жеңіл несие алып, мемлекеттік қолдау шараларына белсенді қатысу деңгейін арттыруды көздейді. Биыл біз «Даму» қорының өңірлік филиалдары жанынан «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай фронт-офисін» де іске қостық. Жыл басынан бері бізге кәсіпкерлерден шамамен 12 мың өтініш келіп түсті, оның ішінде Абай облысы бойынша 553, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 609 өтінім болды», – деді «Даму» Қоры басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев.


Мобильді фронт-офистердің біразы қазір еліміздің 12 өңіріне жетіп үлгерді. Ұлытау, Жетісу, Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері консультация алды.

Серік Жұманғарин мобильді фронт-офис жұмысымен танысып, мемлекеттік қолдаудың әр кәсіпкер үшін қайда тұрып, қай жерде бизнеспен айналысып жатқанына қарамастан қолжетімді болуының маңызын атап өтті.

⌛Сондай-ақ, Серік Жұманғарин өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесін аралап, жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен және агроөнеркәсіптік кешеннің даму бағыттарымен танысты. Атап айтқанда, «Арай East Food» ЖШС, «Kondiz distribution» ЖШС, «Ай-Ар» ЖШС, «Шығыс Қазақстан ұн - құрама жем комбинаты» АҚ, «Шығыс бройлер» ЖШС, «АДАЛ-АС TRADE» ЖШС, «Сайлаубаев» ЖК, «Қалиқанұлы» ШҚ, «Матковский» ЖК және «Тамерлан» шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынды.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Абай облысында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мобильді фронт-офис таныстырылды

➖

⚡️В области Абай представлен мобильный фронт-офис для поддержки предпринимателей

📹#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
🔥1
📍 Ислам Даму банкінің жыл сайынғы кездесуі (IsDB Annual Meetings 2026) аясында Баку қаласында «Даму» қоры Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Бапаев халал экономиканы дамыту, ШОБ-ты қолдау және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған AZHAB Forum 2026 панельдік сессиясында сөз сөйледі.

AZHAB форумы аясында APEX Bank Uzbekistan, Ijara Company Kyrgyzstan, сондай-ақ Қордың серіктесі — The Currency Exchange Fund (TCX) өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және халықаралық қаржыландыруды тарту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, Ислам даму банкі тобына кіретін Islamic Corporation for the Development of the Private Sector (ICD) ұйымы мен «Даму» қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат исламдық қаржыландыру құралдарын дамытуға және ШОБ субъектілерінің ұзақ мерзімді қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.
«Даму» қоры қазақстандық бизнестің мүддесі үшін халықаралық әріптестікті дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
🔥1
📍 В рамках ежегодной встречи Группы Исламского банка развития (IsDB Annual Meetings 2026) в г. Баку заместитель Председателя Правления Фонда «Даму» Мурат Бапаев выступил на панельной сессии AZHAB Forum 2026, посвящённой вопросам развития халяльной экономики, поддержки МСБ и международного сотрудничества.

На полях AZHAB Форума проведены встречи с APEX Bank Uzbekistan, Ijara Company Kyrgyzstan, а также с партнерами Фонда — The Currency Exchange Fund (TCX), в ходе которых обсуждены перспективы дальнейшего сотрудничества и привлечения международного финансирования.

Отдельным событием стало подписание Меморандума о сотрудничестве между Фондом «Даму» и Islamic Corporation for the Development of the Private Sector (ICD), входящей в Группу Исламского банка развития. Документ направлен на развитие инструментов исламского финансирования и расширение доступа МСБ к долгосрочным финансовым ресурсам.

Фонд «Даму» продолжает работу по развитию международного партнёрства в интересах казахстанского бизнеса.
🔥2
Forwarded from UKIMET
«Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің арқасында шалғай аудандағы 300-ден аса кәсіпкер бизнесті дамыту бойынша кеңес алды

📌 Абай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шалғайдағы елді мекендегі кәсіпкерлердің облыс орталығына бармай-ақ, мемлекеттік қызмет пен консультация алуына көмектесетін «Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің жұмысымен танысты.

Мобильді фронт-офис дегеніміз мамандандырылған шағын автобус. Онда «Даму» қорының консультанттары, әкімдіктердің, екінші деңгейдегі банктердің, «Атамекен» ҰКП, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және консалтингтік ұйым өкілдері ауыл-қалаларға барады. Кәсіпкерлер қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жергілікті жерде кеңес алып, қаржыландыру бағдарламаларына қатысуға өтінім бере алады.

➖

Благодаря
мобильным фронт-офисам «Даму» более 300 предпринимателей из отдаленных районов получили консультации по развитию бизнеса

📌 В ходе рабочей поездки в область Абай заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики РК Серик Жумангарин ознакомился с работой мобильных фронт-офисов Фонда «Даму», которые помогают предпринимателям из отдаленных населенных пунктов получать государственные услуги и консультации без необходимости выезда в областные центры.

Мобильный фронт-офис представляет собой специализированный микроавтобус, на котором консультанты Фонда «Даму», представители акиматов, банков второго уровня, НПП «Атамекен», АО «Аграрная кредитная корпорация», АО «КазАгроФинанс» и консалтинговых организаций выезжают в города и села. На местах предприниматели могут получить консультации по действующим мерам государственной поддержки, а также подать заявки на участие в программах финансирования.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1🔥1