Қазақстан Бас прокуратурасы
17.3K subscribers
3.47K photos
3.15K videos
40 files
11.7K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласының прокуроры «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты
 
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің басшылығымен қала прокуратура органдары қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өткізілді.

Қала прокуратурасының ұжымы абаттандыру және аумақты жинауға қатысып, қалада тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлесін қосты.

Мұндай іс-шараларды өткізу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ғана емес, қала инфрақұрылымы мен табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға да бағытталған.

«Таза Қазақстан» - бұл бір реттік акция емес, қаланың тазалығы, тәртібі мен жайлылығы үшін әрбір адамның ортақ жауапкершілігі.

Алматы қаласының прокуратурасы экологиялық мәдениетті дамытуға және қалалық ортаны абаттандыруға бағытталған бастамаларды қолдауын жалғастыруда.
 
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Прокурор города Алматы принял участие в субботнике в рамка  акции «Таза Қазақстан»
 
В рамках республиканского экологической инициативы «Таза Қазақстан» под руководством прокурора города Алматы Серика Карипбекова проведен субботник с участием сотрудников органов прокуратуры города.

Коллектив прокуратуры города принял участие в благоустройстве и уборке территории, внес свой вклад в поддержание чистоты и порядка в городе.

Проведение подобных мероприятий направлено не только на улучшение состояния окружающей среды, но и на формирование культуры бережного отношения к городской инфраструктуре и природе.

«Таза Қазақстан» — это не разовая акция, а общая ответственность каждого за чистоту, порядок и комфорт города.

Прокуратура города Алматы продолжает поддерживать инициативы, направленные на развитие экологической культуры и благоустройство городской среды.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Алматы:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1 мыңнан астам балаға жеңілдікпен жол жүру құқығы берілді
 
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының прокуратурасы аудандық мәслихаттың «Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешіміне жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қозғайтын бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, қолданыстағы мәслихат шешімінде 16–17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға жол жүру ақысына 50% жеңілдік қарастырылмағаны анықталды.

Осының салдарынан аталған жас санатындағы оқушылар қоғамдық көлікте жол жүру ақысын толық тариф бойынша төлеп келген.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде мәслихат шешіміне тиісті өзгерістер енгізіліп, қазіргі уақытта Ақсай қаласында кәмелетке толмаған жолаушы үшін жол жүру ақысы 50 теңгені құрайды.

Осыған ұқсас жеңілдік тарифі ауданның өзге де маршруттарында белгіленді: кәмелетке толмағандар үшін жол жүру құны 50 пайызға төмендетілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 1 155 кәмелетке толмағанның құқықтары қалпына келтірілді.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасыныңсайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1304318?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Предоставлено право льготного проезда более 1 тыс. детей
 
Прокуратурой Бурлинского района ЗКО в ходе анализа решения районного маслихата «О льготном проезде отдельных категорий пассажиров Бурлинского района на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)» выявлены нарушения, затрагивающие права несовершеннолетних.

Установлено, что действующим решением маслихата не была предусмотрена 50% льгота на оплату проезда для несовершеннолетних в возрасте 16–17 лет.

В результате учащиеся указанной возрастной категории оплачивали проезд на общественном транспорте по полному тарифу.

По акту прокуратуры внесены изменения в решение маслихата и на сегодня для несовершеннолетнего пассажира в г. Аксай проезд составяет 50 теңге.

Аналогичным образом льготный тариф установлен и на других маршрутах района: стоимость проезда для несовершеннолетних снижена на 50%.

Принятыми мерами восстановлены права 1 155 несовершеннолетних.

Прокуратура Западно-Казахстанской области продолжает работу по защите прав и законных интересов несовершеннолетних, а также обеспечению неукоснительного соблюдения требований законодательства.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1304318?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастамаларды қолдады
 
Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Ұлытау облысының прокуратурасы бастамашы болған «Сүйектерді тастама - оларға нағыз ағаш болуға мүмкіндік бер» челленджін қолдады.

Экологиялық бастамаға прокуратура қызметкерлері мен Мағжан Жұмабаев атындағы колледж студенттері қосылды.

Қатысушылар өрік сүйектерін отырғызып, болашақ жасыл екпелердің негізін қалады.

Челлендж жастарды практикалық табиғатты қорғау қызметіне тартуға, экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Экологиялық жұмыстың жалғасы ретінде Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ұжымы Петропавл қаласының маңында қылқан жапырақты ағаштарды ауқымды түрде отырғызды.

Сонымен қатар, 1 гектар аумаққа қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды, олар жаңа орман массивінің бөлігіне айналады, жасыл аймақтарды кеңейтуге және аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Айтарлықтай орман қоры бар Солтүстік Қазақстан облысы үшін ормандарды сақтау мен қалпына келтіру, сондай-ақ жаңа жасыл массивтерді құру ерекше маңызға ие.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді және қоршаған ортаны сақтауға қосқан үлес нақты әрекеттерден басталатынын көрсетеді.

Бүгінгі күні кішкентай сүйек пен жас көшет - кейінгі ұрпақтардың жасыл болашағына қосқан үлес.
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1304206?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура Северо-Казахстанской области поддержала экологические инициативы в рамках акции «Таза Қазақстан»
 
В рамках общенациональной экологической инициативы «Таза Қазақстан» прокуратура Северо-Казахстанской области поддержала челлендж «Не выбрасывай косточки - позволь им стать настоящим деревом», инициированный прокуратурой области Ұлытау.

К экологической инициативе присоединились сотрудники прокуратуры и студенты колледжа имени Магжана Жумабаева.

Участники высадили косточки абрикоса, заложив основу для будущих зеленых насаждений.

Челлендж направлен на вовлечение молодежи в практическую природоохранную деятельность, формирование экологической культуры и ответственного отношения к окружающей среде.

Продолжением экологической работы стала масштабная посадка хвойных деревьев коллективом прокуратуры Северо-Казахстанской области вблизи города Петропавловска.

На площади 1 гектар высажены хвойные деревья, которые в перспективе станут частью нового лесного массива, будут способствовать расширению зеленых зон и улучшению экологического состояния территории.

Для Северо-Казахстанской области, обладающей значительным лесным фондом, особое значение имеют сохранение и восстановление лесов, а также создание новых зеленых массивов.

Проводимые мероприятия способствуют формированию культуры бережного отношения к природе и показывают, что вклад в сохранение окружающей среды начинается с конкретных действий.

Сегодня небольшая косточка и молодой саженец -  это вклад в зеленое будущее последующих поколений.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1304206?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Ұлытау облысындағы әріптестерінің «Табиғатқа мүмкіндік бер» акциясын қолдады.

Қостанайдың Триатлон паркінде 50-ден астам алма көшеті отырғызылып, сонша өрік дәндері егілді. Акцияға облыс прокуроры Марат Сексембаев, ҰҚК департаментінің бастығы Алмас Бекишев, Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Тимур Хасанов, Қостанай қаласының әкімі Марат Жундубаев, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, студенттер мен еріктілер қатысты.

Өрік сүйегіне екінші мүмкіндік берілді – жаңа өмірдің бастауы болу. Жастар үшін бұл қарапайым әрі тағылымды сабақ болды: табиғатқа қамқорлық өзіңнен, ал жауапкершілік еккеніңді өсіруге деген ниеттен басталады.

«Бүгін біз ағаш отырғызып, жастардың бойына туған өлкені аялау әдетін сіңіріп жатырмыз. Уақыт өте келе бұл жер тұрғындар мен қала қонақтары жемісінен дәм татып, әсемдігін тамашалайтын баққа айналсын», - деп атап өтті облыс прокуроры Марат Сексембаев.

Эстафетаны Павлодар облысының прокуратурасына жолданды! Өрік дәнін ек – табиғатқа мүмкіндік бер!

#OneSeedOneTree
#ТабиғатқаМүмкіндікБер
#ТазаҚазақстан

Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура Костанайской области поддержала акцию коллег из области Ұлытау «Дай шанс природе» в рамках инициативы «Таза Қазақстан».

В Триатлон парке Костаная высадили более 50 саженцев яблонь и столько же косточек абрикоса. В акции приняли участие прокурор области Сексембаев Марат, начальник ДКНБ Бекишев Алмаз., начальник ДП Файзуллин Ерлан, начальник ДЭР Хасанов Тимур, аким города Костанай Жундубаев Марат, представители государственных и правоохранительных органов, студенты и волонтёры.

Косточке дали второй шанс – стать началом новой жизни. Для молодёжи посадка стала простым уроком: забота о природе начинается с тебя, а ответственность – с желания вырастить посаженное.

«Сегодня мы сажаем деревья и прививаем молодежи добрую привычку беречь родной край. Пусть со временем здесь вырастет сад, где жители и гости города будут наслаждаться его плодами и красотой», - отметил прокурор области Марат Сексембаев.

Эстафета передана прокуратуре Павлодарской области! Посади косточку – дай шанс природе!

#OneSeedOneTree
#ТабиғатқаМүмкіндікБер
#ТазаҚазақстан

Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1303450?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌Дүйсенбі

🔹 «Тоғыз тағдыр»: «Біреудің тағдырын қайталама»: тоғызыншы бөлім бір ойланбай жасалған шешім салдарынан өзгерген екі тағдырдың тарихын аяқтайды. Финалда кейіпкерлер қандай таңдау жасайды? Толығырақ сілтемеден көріңіз!

🔹 Қазақстан БҰҰ Конгресінде қылмыстың алдын алу тәсілдерін таныстырды: Бас Прокурор Берік Асылов «Заң және тәртіп» қағидаты, қылмыстық процесті цифрландыру және қылмыстық қатерлерді болжау туралы айтты. Қазақстан қылмысқа ден қоюдан оның алдын алуға қалай көшуде? Толығырақ осында.

🔹 Инвестор жобасын іске асыруды жалғастырды: Ақмола облысының прокуратурасы құны 6,9 млрд теңге болатын «Burabay Milk» ЖШС сүт зауыты құрылысының тоқтап қалуына жол бермеді. Сумен жабдықтау мәселесі қалай жедел шешілді? Осы жерден оқыңыз.

📌Сейсенбі

🔹 TikTok-тағы заңсыз ойындар: Жетісу облысында тікелей эфирлерде карта ойындарын ұйымдастырған төрт адамның заңсыз қызметінің жолы кесілді. Заңсыз табыс 95 млн теңгені құрады. Сот оларға қандай жаза тағайындады? Барлық мәлімет сілтемеде!

🔹 Штаттық кестеден тыс жалақы: Қызылорда облысында балабақша бухгалтері 21,5 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол төрт жыл бойы жалақысын заңсыз түрде қалай арттырып алып отырған? Осы жерден оқыңыз!

🔹 Автокөлік сатып алуға қатысты алаяқтық: Ресейден Қазақстанға үш жәбірленушіден автокөлік сатып алу және жеткізу сылтауымен 106 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікті экстрадицияланды. Оны қалай тапты? Толығырақ осы жерден қараңыз.

📌Сәрсенбі

🔹 Мефедрон тасымалдау: Жетісу облысында прокурордың наразылығы бойынша кассациялық сот психотроптық заттың 962 грамын сақтағаны үшін сотталған әйелге қатысты үкімнің күшін жойды. Іс неге қайта қарауға жіберілді? Толығырақ осында.

🔹 Инвестордың жер құқықтары: Жамбыл облысында прокуратураның араласуынан кейін «Beskuduk Tas» ЖШС-мен жерді уақытша өтеулі пайдалану құқығына 3 шарт жасалды. Прокуратура әкімшілік кедергіні жоюға қалай көмектесті? Толығырақ сілтемеден оқыңыз!

🔹 36 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды: Ақтөбе облысында прокуратура ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жерлерді анықтады. Олардың кадастрлық құны 42 млн теңгеден асады. Бұл жерлер енді кімдерге берілді? Осы жерден көріңіз.

📌Бейсенбі

🔹 ТМД елдері прокуратураларының ынтымақтастығы: Қазанда Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокурорлардың үйлестіру кеңесінің 36-отырысына қатысты. Активтерді қайтару және халықаралық ынтымақтастық бойынша қандай уағдаластықтарға қол жеткізілді? Барлық мәлімет сілтемеде!

🔹 Инвесторлармен кездесу: Алматы қаласының прокуроры индустриялық аймақтағы кәсіпкерлермен кездесті. Мұнда 162 инвестор жалпы құны 965 млрд теңгеден асатын жобаларды іске асыруда. Бизнес өкілдері қандай мәселелерді көтерді? Осы жерден оқыңыз!

🔹 Өңірдегі жаңа энергия нысаны: Қызылорда облысында құны 4 млрд теңге болатын «VIGOR Holding» күн электр станциясы іске қосылды. Прокуратура инвесторға жер қатынастарын рәсімдеу мәселелерін шешуге қалай көмектесті? Осы жерден қараңыз.

📌Жұма

🔹 Балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі: Қазанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Бас прокурорларының 24-отырысына қатысты. Цифрлық қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша қандай шаралар ұсынылды? Сілтемеден оқыңыз!

🔹 Экологиялық нормалардың бұзылуы: ШҚО-да «Шығыстүстімет» ЖШС технологиялық шығарындылар нормативтерін асырғаны үшін 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою үшін қандай шаралар қабылданды? Толығырақ осында.

🔹 Балаларға қолдау: Ұлытау облысының прокуратурасы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 250-ден астам балаға тиесілі қолдаудың көрсетілмегенін анықтады. Прокуратура араласқаннан кейін оларға 12,7 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Балалардың құқықтары қалай қорғалды? Осы жерден көріңіз!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели.
 
📌Понедельник

🔹 «Тоғыз тағдыр»: «Не повторяй чужую судьбу»: девятая серия завершает историю о двух судьбах, изменившихся из-за одного необдуманного решения. Какой выбор сделают герои в финале? Подробности смотрите по ссылке!

🔹 Казахстан представил на Конгрессе ООН подходы к предупреждению преступности: Генеральный Прокурор Берик Асылов рассказал о принципе «Закон и порядок», цифровизации уголовного процесса и прогнозировании преступных угроз. Как Казахстан переходит от реагирования на преступления к их предупреждению? Подробности здесь.

🔹 Инвестор продолжил реализацию проекта: прокуратура Акмолинской области не допустила остановки строительства молочного завода ТОО «Burabay Milk» стоимостью 6,9 млрд теңге. Как удалось оперативно решить вопрос с водоснабжением? Читайте здесь.

📌Вторник
 
🔹 Незаконные игры в TikTok: в области Жетісу пресечена деятельность четырех лиц, организовавших карточные игры в прямых эфирах. Незаконный доход составил 95 млн теңге. Какое наказание им назначил суд? Все подробности по ссылке!

🔹 Зарплата в обход штатного расписания: в Кызылординской области бухгалтер детского сада подозревается в хищении более 21,5 млн теңге бюджетных средств. Как в течение четырех лет ей удавалось незаконно получать завышенную зарплату? Читайте тут!

🔹 Мошенничество с автомобилями: из России в Казахстан экстрадирован подозреваемый в хищении более 106 млн теңге у трех потерпевших под предлогом приобретения и доставки автомобилей. Как его удалось найти? Подробности смотрите здесь.

📌Среда

🔹 Перевозка мефедрона: в области Жетісу кассационный суд по протесту прокурора отменил приговор женщине, осужденной за хранение 962 граммов психотропного вещества. Почему дело направили на новое рассмотрение? Подробности здесь.

🔹 Земельные права инвестора: в Жамбылской области после вмешательства прокуратуры с ТОО «Beskuduk Tas» заключены 3 договора на право временного возмездного землепользования. Как прокуратура помогла устранить административный барьер? Подробности читайте по ссылке!

🔹 36 тыс. гектаров вернули государству: в Актюбинской области прокуратура выявила земли, которые длительное время не использовались по назначению. Их кадастровая стоимость — более 42 млн теңге. Кому теперь предоставлены эти земли? Смотрите здесь.

📌Четверг
 
🔹 Сотрудничество прокуратур стран СНГ: в Казани Генеральный Прокурор Берик Асылов принял участие в 36-м заседании Координационного совета. Какие договоренности достигнуты по возврату активов и международному сотрудничеству? Все подробности по ссылке!

🔹 Встреча с инвесторами: прокурор города Алматы встретился с предпринимателями индустриальной зоны, где 162 инвестора реализуют проекты на сумму свыше 965 млрд теңге. Какие проблемы бизнеса взяты прокуратурой на контроль? Читайте тут!

🔹 Новый энергообъект региона: в Кызылординской области запущена солнечная электростанция «VIGOR Holding» стоимостью 4 млрд теңге. Как прокуратура помогла инвестору устранить вопросы с оформлением земельных отношений? Смотрите здесь.

📌Пятница
 
🔹 Защита детей в цифровой среде: в Казани Генеральный Прокурор Республики Казахстан Берик Асылов принял участие в 24-м заседании генеральных прокуроров государств-членов ШОС. Какие меры предложены для противодействия цифровым угрозам? Читайте по ссылке!

🔹 Нарушение экологических норм: в ВКО ТОО «Востокцветмет» оштрафовано более чем на 100 млн теңге за превышение технологических нормативов выбросов. Какие меры приняты для устранения нарушений? Подробности здесь.

🔹 Поддержка детям: прокуратура области Ұлытау выявила нарушения, из-за которых более 250 детей из социально уязвимых семей не получали положенную помощь. После вмешательства им оказана помощь на 12,7 млн теңге. Как восстановили права детей? Смотрите тут!

Эти и другие новости читайте в нашем телеграм канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
А Ң Д А Т П А

Осы аптада Бас прокуратураның телеграм арнасында:

🔶 Төмен бағадағы ет алаяқтыққа айналды: елордада 31 сатып алушы 1,7 млн теңгеден астам қаражатынан айырылды. Кәсіпкер әлеуметтік желілер арқылы клиенттерді қалай алдаған? Толығырақ біздің арнада!

🔶 Балық аулау сот үкімімен аяқталды: Маңғыстау облысында Иранның үш азаматы Каспий теңізі арқылы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен. Сот қандай жаза тағайындады? Толығырақ бүгін!

🔶 Балаларға толыққанды білім алу мүмкіндігі қайтарылды: ШҚО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 баланың құқықтары қалпына келтірілді. Прокурорлық тексеру барысында не анықталды? Барлық мәліметтер біздің арнада!

🔶 73 млн теңге бюджетке қайтарылды: Қызылорда облысында жекеменшік медициналық ұйымдарға заңсыз төлемдер анықталды. Қаражатты қалай қайтаруға қол жеткізілді? Толығырақ бізден білесіздер!

🔶 Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 174 млн теңге айыппұл: СҚО-да коммуналдық кәсіпорын ағынды суларды заңсыз төккені үшін жауапқа тартылды. Тексеруге не себеп болды? Барлық мәліметтер біздің арнада!

🔶 Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды: Ақмола облысында кадастрлық құны 492,6 млн теңгені құрайтын 121 мың гектардан астам жайылымдық жер қайтарылды. Қайтарылған жерлер кімдерге беріледі? Толығырақ біздің арнада!

🔶 11,5 млн теңгенің 23 бас малы: Жамбыл облысының прокуратурасы мал ұрлығына қатысы бар топты анықтады. Қылмыс қалай ашылды? Толығырақ бізден білесіздер!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграмм арнасынан оқып, бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АНОНС
 
На этой неделе в нашем телеграм-канале Генеральной прокуратуры:

🔶 Мясо по низкой цене обернулось мошенничеством: в столице 31 покупатель потерял более 1,7 млн тенге. Как предприниматель обманывал клиентов через соцсети? Подробности – на нашем канале!

🔶 Рыбалка закончилась приговором: в Мангистауской области трое граждан Ирана незаконно пересекли границу через Каспийское море. Какое наказание назначил суд? Подробности - уже сегодня!
 
🔶 Детям вернули полноценное обучение: в ВКО восстановлены права 4 детей с особыми образовательными потребностями. Что выявила прокурорская проверка? Все детали скоро на нашем канале!

🔶 73 млн тенге возвращены в бюджет: в Кызылординской области выявлены незаконные выплаты частным медорганизациям. Как удалось вернуть средства? Подробности расскажем первыми!

🔶 174 млн тенге за нарушение экологических требований: в СКО коммунальное предприятие оштрафовано за незаконный сброс сточных вод. Что стало причиной проверки? Все подробности — на нашем канале.

🔶 Неиспользуемые земли возвращены государству: в Акмолинской области возвращено свыше 121 тысячи гектаров пастбищных земель на сумму 492,6 млн тенге. Кому предоставят возвращённые земли? Подробнее смотрите у нас на канале!

🔶 23 головы скота на 11,5 млн теңге: прокуратура Жамбылской области выявила группу, причастную к кражам. Как раскрыли преступление? Подробности расскажем первыми!

Эти и другие новости читайте на телеграм-канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елордада сүрленген ет сатуды желеу етіп, алаяқтық жасаған кәсіпкер сотталды
 
Кәсіпкер Instagram және WhatsApp арқылы жылқының сүрленген етін арзан бағамен сату сылтауымен азаматтардан алдын ала төлем қабылдап, тауарды жеткізу жөніндегі міндеттемелерін әуел бастан орындауды ниет етпеген.

Сатып алушыларды алдау мақсатында ол бұған дейін орындалған тапсырыстар мен оң пікірлерді пайдаланған, ал алынған ақшалай қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде 31 жәбірленушіге жалпы сомасы 1,7 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен келтірілген залалдың толық өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сатып алу кезінде қырағы болуға және тексерілмеген сатушыларға алдын ала төлем ретінде ақша аудармауға шақырады.
      
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1304510?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В столице предприниматель осужден за мошенничество под видом продажи копченого мяса
 
Предприниматель через Instagram и WhatsApp под видом продажи копченого мяса лошади по заниженной цене принимал от граждан предоплату, заведомо не намереваясь исполнять обязательства по доставке товара.

Для введения покупателей в заблуждение он использовал ранее выполненные заказы и положительные отзывы, а полученные денежные средства расходовал на личные нужды.

В результате преступных действий 31 потерпевшему причинен материальный ущерб на сумму свыше 1,7 млн теңге.

Гособвинитель в суде полностью доказал вину подсудимого.

Приговором суда с учетом полного возмещения ущерба ему назначено 2 года 8 месяцев ограничения свободы с установлением пробационного контроля.

Приговор не вступил в законную силу.

Прокуратура столицы призывает граждан проявлять бдительность при совершении покупок через социальные сети и мессенджеры и не перечислять денежные средства в качестве предоплаты непроверенным продавцам.
     
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1304510?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Киберқауіпсіздіктен қылмыскерлерді экстрадициялауға дейін: Қазақстанның делегациясы БҰҰ-ның Абу-Дабиде өткен 15-ші Конгресіне қатысу қорытындыларын шығарды
 
Бас Прокурордың орынбасары Асхат Жұмағали бастаған, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабектің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының делегациясы Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ-ның 15-ші Конгресіне қатысуын аяқтады.

Жаһандық форумға әлемнің 120-ға жуық мемлекетінің өкілдері, 200-ден астам халықаралық ұйым, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ жетекші технологиялық компаниялар қатысты. Қатысушылар озық тәжірибелерімен алмасып, заң үстемдігін нығайту және қазіргі заманғы криминогендік сын-қатерлерден қорғану бойынша стратегиялық шараларды талқылады.Конгресс аясында 200-ден астам бір бағыттағы тақырыптық іс-шаралар мен цифрлық шешімдердің таныстырылымы ұйымдастырылды.

Жоғары деңгейдегі пленарлық отырыста заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің «Заң мен Тәртіп» негізгі қағидатына негізделген кешенді тәсілі таныстырылды. Заманауи қауіпсіздік – тек құқық қорғау органдарының қызметі ғана емес, сонымен бірге қауіпсіз әрі орнықты қоғамдық ортаны қалыптастыру. Осыған байланысты Қазақстан қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын орнықтыруға, волонтерлікті дамытуға және жауапты патриотизмді тәрбиелеуге басымдық береді.

Қазақстандық делегация трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ қарқынды цифрландыру жағдайында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған талқылауларға белсенді қатысты.

Өңір үшін маңызды іс-шаралардың бірі Қазақстан, Өзбекстан, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және Орталық Азияның өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект және ерте ескерту жүйелері» тақырыбындағы қосалқы іс-шара болды.

Қазақстандық сарапшылар әріптестеріне инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолдану тәжірибесін таныстырды. Бұл ретте тәуекелдерді алдын ала болжау, цифрлық талдау жүргізу және жаңа қауіп-қатерлерге жедел мониторинг жасауға басымдық берудің маңыздылығы атап өтілді.

Конгресстің негізгі күн тәртібі аясында Қазақстан құқық үстемдігі мен қылмыстық сот төрелігінің халықаралық стандарттарына бейілділігін растады. Қазақстан 60-тан астам мемлекетпен қатар Pledge4Justice жаһандық бастамасына қосылды. Бұл бастаманың шеңберінде Бас Прокурордың орынбасары Асхат Жұмағали киберқылмыс пен адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша еліміздің нақты міндеттемелерін жариялады.

Конгресстің басты саяси нәтижесі Абу-Даби декларациясының қабылдануы болды. Стратегиялық құжат алдағы бес жылға қылмыстық сот төрелігі саласындағы халықаралық қоғамдастықтың негізгі басымдықтарын және заңдылықты нығайту жөніндегі бағыттарды айқындады.

Форум аясында Қазақстан делегациясы бірқатар маңызды екіжақты кездесулер өткізді. БАӘ-нің Әділет министрі Абдулла Сұлтан бин Ауад әл-Нуаймимен өткен келіссөздер барысында қылмыстық-құқықтық ынтымақтастықты нығайту мәселелері және Қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартқа қосымша хаттама жасасу перспективалары талқыланды.

БАӘ-нің Бас Прокуроры Хамад Сайф әл-Шамсимен, сондай-ақ Дубай прокуратурасы мен полициясы басшылығымен өткен кездесулердің маңызды практикалық нәтижесі – ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген үш Қазақстан азаматын жақын арада Қазақстанға экстрадициялау туралы уағдаластыққа қол жеткізу болды.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM