Қазақстан Бас прокуратурасы
17.2K subscribers
3.59K photos
3.21K videos
40 files
11.9K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қауіпсіз қоғамға апарар жол. Абай облысында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті
 
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Семей қаласында «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» атты әлеуметтік акция өтті. Іс-шараны облыс прокуратурасыполиция департаменті және «Елімай» футбол клубымен бірлесіп ұйымдастырды.

Акцияның жарқын сәттерінің бірі футбол матчы кезінде өткізілген ағартушылық шара болды. Ойын барысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бейнеролик көрсетілді, брошюралар таратылды, ал «Елімай» футбол клубының ойыншылары алаңға «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген жазуы бар жейделермен шықты. Олар осылайша әлеуметтік бастамаға қолдау білдірді.

Мұндай акцияларды өткізу — әрбір азамат қорғалып, қолдау таба алатын қауіпсіз әрі салауатты ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Басты мақсат — қоғамның назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, отбасындағы өзара құрмет пен көмектесу құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту.

#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Заңүстемдігі

Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
 
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1042870?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Путь к безопасному обществу. В области Абай прошла акция против семейного насилия
 
В рамках реализации принципа «Закон и Порядок» в городе Семей прошла социальная акция «Казахстан без насилия в семье». Мероприятие организовано прокуратурой области совместно с Департаментом полиции и футбольным клубом «Елімай».

Одним из ярких элементов акции стала просветительская кампания во время футбольного матча.

Показан видеоролик о профилактике семейного насилия, организована раздача брошюр, а игроки ФК «Елімай» играли на поле в футболках с надписью «Нет насилию», выразив тем самым свою поддержку социальной инициативе.

Проведение подобных акций — важный шаг в формировании безопасной и здоровой среды, где каждый гражданин может рассчитывать на защиту и поддержку.

Главная цель — привлечь внимание общества к проблеме семейно-бытового насилия, популяризировать ценности уважения и взаимопомощи в семье, а также укрепить доверие граждан к правоохранительным органам.

#Закон_и_Порядок
#Справедливость
#СилаВЗаконе        

Ссылка на сайт прокуратуры области Абай:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1042870?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Есірткі бизнесіне қарсы күресте қол жеткізілген нәтижелер туралы»
 
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде Әділ мемлекетті құрудың негізгі қағидаттары негізгі қағидаттары - заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында есірткіге қарсы күресті ұлттың генофондын сақтау мәселесі екендігін атап көрсетті.

Осыған байланысты Бас прокуратурамен уәкілетті органдар есірткі және прекурсорларды жеткізу арналарын, есірткі зертханаларын жоюға, қылмыстық топтар мен есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды анықтауға, қылмыстық кірістер мен мүлікке тыйым салуға, сондай-ақ оларға көмектесетін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әшкерелеуге бағдарланды.

Бұл бағытта сапалы тергеу амалдарын жүргізу арқылы Маңғыстау, Ұлытау облыстары, Алматы және Шымкент қалаларында есірткі дүкендерін ұйымдастырушыларды әшкерелеген арнайы прокурорлар үлкен жұмыс атқарды.

Прокуратура органдарының үйлестіруімен 2025 жылдың өткен кезеңінде құқық қорғау және арнайы органдар есірткі және психотроптық заттарды жеткізудің 111 (135) арнасының жолын кесті. Синтетикалық есірткі өндіретін 21 (11) зертхана және құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 125 (45) фактісі анықталып, жойылды. Заңсыз айналымнан 9 (19) тонна есірткі (оның ішінде 254 кг синтетикалық есірткі) және 12 тонна (105 кг) прекурсорлар тәркіленді. Есірткі және прекурсорлар контрабандасының фактілері төмендетілді (182-ден 80-ге дейін, 56%-ға).

Жыл басынан бері Бас прокуратура құқық қорғау органдары мен екінші деңгейдегі банктердің жұмысына интернет кеңістігіндегі есірткі дүкендеріне байланысты банктік шоттарды анықтау, бұғаттау және тәркілеу алгоритмін енгізді.

Қазіргі уақытта құны 2,3 миллиард теңгеден асатын 98 мыңнан астам есірткі шоты бұғатталды.

Барлық істер бойынша қаржылық тергеу жүргізу, соның ішінде, қылмыстық ақшаны, есірткі бизнесінің түпкілікті бенефициарлары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ «dropper» аударымдары және басқа да заңсыз операциялар үшін банктік шоттарын ұсынатын азаматтарды анықтау туралы нұсқау берілді.

Сонымен қатар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі дүкендерін бұғаттау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде 6 мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды.

Елімізде жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және заңдылық пен тәртіпті нығайту жұмыстары жүйелі әрі тұрақты түрде жалғасатын болады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«О достигнутых результатах в борьбе с наркобизнесом»
 
По поручению Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева последовательно реализуются меры по укреплению законности и правопорядка –ключевых принципов построения Справедливого государства.

В Послании народу Казахстана Глава государства обозначил борьбу с наркотиками вопросом сохранения генофонда нации.

Генеральной прокуратурой уполномоченные органы ориентированы на устранение каналов поставок наркотиков и прекурсоров, ликвидацию нарколабораторий, выявление преступных групп и организаторов наркобизнеса, арест преступных доходов и имущества, а также изобличение сотрудников силовых структур, оказывающих им пособничество.

В т.г. большая работа в данном направлениипроведена специальными прокурорами, которыеорганизовали качественное расследование дел и изобличение организаторов наркомагазинов в Мангистауской и Ұлытауской областях, городах Алматы и Шымкент.

При координации прокуратуры за истекший период т.г. правоохранительные и специальные органы пресекли 111 (135) каналов поставок наркотических средств и психотропных веществ. Ликвидирована 21 (11) нарколаборатория по производству «синтетики» и выявлено 125 (45) фактов незаконного культивирования растений, содержащих наркотические вещества. Из нелегального оборота изъято 9 (19) тонн наркотических средств (в т.ч. 254 кг синтетических наркотиков) и 12 тонн (105 кг) прекурсоров. Сокращены факты контрабанды наркотиков и прекурсоров (с 182 до 80, на 56%).

С начала года Генеральной прокуратурой в работу правоохранительных органов и банков второго уровня внедрен Алгоритм выявления, блокировки и ареста банковских счетов, привязанных к наркомагазинам в интернет-пространстве.

В настоящее время заблокировано более 98 тыс. наркосчетов на сумму свыше 2,3 млрд тенге.

По всем делам дано указание осуществлять финансовые расследования для установления криминальных денег, конечных бенефициаров и организаторов наркобизнеса, а также граждан, предоставляющих свои банковские счета для «дропперских» переводов и иных незаконных операций.

Наряду с этим, правоохранительными и государственными органами ведется работа по блокировке наркошопов посредством информационной системы «Кибернадзор».

Работа по обеспечению неотвратимости наказания и усилению правопорядка в стране будет продолжена на системной и устойчивой основе.
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
СҚО прокурорлары пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды сот тәртібімен жарамсыз деп таныды
 
Қадағалау органы талдау шеңберінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияларды заңсыз беруде көрініс тапқан өрескел бұзушылықтарды анықтады.
 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 25-бабына сәйкес елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға іргелес аумақтарда бір мың метр қашықтықта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
 
Кодекстің көрсетілген нормасын бұза отырып, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының лауазымды тұлғалары елді мекендердің жерлерінде орналасқан жалпы ауданы 44 га «Березовка» және «Шаховское» кен орындарында пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия берді.
 
Сондай-ақ, бұл учаскелер ішінара Орман кодексінің талаптарына қайшы келетін мемлекеттік орман қорының жерлерінде орналасқан.
 
Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талап - арыздары бойынша сот жоғарыда аталған лицензияларды жарамсыз деп таныды.
 
Бүгінгі таңда сот актілері заңды күшіне енді.
 
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында.
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1043344?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры СКО в судебном порядке признали лицензии на добычу полезных ископаемых недействительными
 
Надзорным органом в рамках анализа выявлены грубейшие нарушения, выразившиеся в незаконной выдаче лицензий на добычу общераспространенных полезных ископаемых.
 
В соответствии со статьей 25 Кодекса «О недрах и недропользовании» запрещается проведение операций по недропользованию на территории земель населенных пунктов и прилегающих к ним территориях на расстоянии одной тысячи метров.
 
В нарушение указанной нормы Кодекса должностные лица Управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата области выдали лицензии на добычу полезных ископаемых на месторождениях «Березовка» и «Шаховское», общей площадью 44 га, расположенных на землях населённых пунктов.
 
Также данные участки частично располагались на землях государственного лесного фонда, что явно противоречило требованиям Лесного кодекса.
 
По искам специализированной природоохранной прокуратуры области вышеуказанные лицензии судом признаны недействительными.
 
На сегодняшний день судебные акты вступили в законную силу.
 
В то же время, по акту прокурорского надзора виновные должностные лица привлечены к дисциплинарной ответственности.
 
Вопрос соблюдения законодательства в сфере недропользования находится на контроле прокуратуры области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1043344?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО-да «Мен және Заң» өңірлік байқауы өтті
 
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында облыс прокуратурасының бастамасымен облыстың орта және арнаулы оқу орындары арасында ірі ағартушылық шара – «Мен және Заң» байқауы өткізілді.
 
Іс-шараның мақсаты – жастарды құқықтық сауаттандыру, құқықтық сананы қалыптастыру және заңға құрметпен қарауды дамыту, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
 
Байқауға облыстың барлық өңірлерінен 14 команда қатысты. Жалпы саны 200-ге жуық мектеп пен колледж оқушылары қамтылды.
 
Байқаудың ерекшелігі – оның форматы: қатысушылар қазіргі қылмыстылық мәселелерін – буллинг, есірткіні тарату, отбасындағы зорлық-зомбылық, алаяқтық және кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу, экологиялық құқық бұзушылықтар, көше қылмысы және басқа да өзекті құқық бұзушылық түрлерін театрландырылған көріністер мен сахналық қойылымдар арқылы көрсетті.
 
Қатысушылар өнер арқылы заңға немқұрайлы қараудың қандай салдарға әкелетінін көрсетіп, әр адамның өмірінде құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
 
Барлық қатысушылар жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, белсенділік пен шынайы қызығушылық танытты.
 
Байқау қорытындысы бойынша:
• 3-орынды Глубокое ауданынан келген «Жол сақшылары» командасы;
• 2-орынды Өскемен қаласының «Құқықтық патруль» командасы иеленді;
• Байқаудың жеңімпазы болып Ұлан ауданынан келген «Ер-Қасым» командасы танылды.
 
Жеңімпаздарға алғыс хаттар, кубоктар және ақшалай сыйлықтар табысталды. Қалған 11 командаға түрлі номинациялар беріліп, сыйлық ретінде қажетті спорттық жабдықтарымен бірге теннис үстелдері сыйға тартылды.
 
Іс-шара барлық қатысушылардың оң бағасын алып, мектеп оқушылары мен студенттердің қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді белсенді талқылауына және құқықтық білім алуға үлкен серпін берді.
 
#ҚұқықтықМәдениет 

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1043494?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В ВКО состоялся региональный конкурс «Я и Закон»
 
По инициативе прокуратуры области в г.Усть-Каменогорске состоялось крупное просветительское мероприятие «Я и Закон» среди средних и специальных учебных заведений области, организованное в рамках продвижения идеологии «Закона и Порядка».
 
Целью мероприятия стало правовое просвещение молодежи, формирование устойчивого правосознания и уважительного отношения к закону, повышение правовой культуры учащихся.
 
В нем приняли участие 14 команд из всех регионов области. Всего было задействовано почти 200 учеников школ и колледжей.
 
Особенностью конкурса стал его формат, где ребята в творческой форме через театрализованные постановки и сценки отразили проблемы современной преступности, такие как буллинг, распространение наркотиков, насилие в семье, мошенничество и нарушение прав несовершеннолетних, экологические правонарушения, уличная преступность и другие актуальные виды правонарушений.
 
Через искусство участники показали к каким последствиям может привести безразличие к закону и подчеркнули важность соблюдения правовых норм в жизни каждого человека.
 
Все участники показали высокий уровень подготовки, проявили заинтересованность и искреннюю вовлеченность в процесс.
 
По итогам конкурса:
• 3 место присуждено команде «Жол сақшылары» из Глубоковского района;
• 2 место команде «Правовой патруль» из г.Усть-Каменогорска;
• Победителем конкурса стала команда «Ер-Қасым» из Уланского района.
 
Призеры конкурса награждены благодарственными письмами, кубками и денежными призами. Остальным 11 командам-участницам присуждены номинации и в качестве подарков вручены теннисные столы с необходимым спортивным инвентарем.
 
Мероприятие вызвало положительный отклик у всех присутствовавших и стало мощным стимулом к правовому просвещению и дальнейшему участию школьников и студентов в активном обсуждении социальных проблем общества.
 
#КультураЗакона 
 
Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1043494?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлытау облысында прокуратураның қадағалау актісі бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылды
 
Ұлытау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы су заңдарын қолдану мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау Ұлытау облысының аумағында 68 су айдыны мен су шаруашылығы құрылыстары бар екенін көрсетті.

Ұлытау облысы құрылғаннан бастап 3 жыл өткеніне қарамастан, облыс әкімдігімен барлық су объектілерінде су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылықта пайдалану режимі белгіленбеген.

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілемеу су заңнамасының талаптарына қайшы және судың ластануына, қоқыстануына және сарқылуына әкелуі мүмкін екенін атап өту қажет.

Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің болмауы жаңа нысандардың құрылысына әкімшілік кедергілерді тудырып, инвестиция тартуға теріс әсерін тигізді.

Осыған байланысты табиғат қорғау прокуратурасы облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізді.

Енгізілген қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша облыс әкімдігі Ұлытау облысының аумағындағы 30 ірі су объектілерінде су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылықтапайдалану режимін белгіледі.

Заңдылықтың бұзылуына жол бергені үшін Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Басқа су айдындары үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары жалғасуда және прокуратураның бақылауында.
 
Ұлытау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1043500?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В области Ұлытау по акту надзора прокуратуры установлены водоохранные зоны и полосы
 
Специализированной природоохранной прокуратурой области Ұлытау проанализировано состояние законности по вопросу применения водного законодательства.

Анализ показал, что на территории области Ұлытау имеются 68 водоемов и водохозяйственных сооружений.

Несмотря на то, что с момента образования области Ұлытау прошло 3 года, акиматом области на всех водных объектах не установлены водоохранные зоны, полосы и режим их хозяйственного использования.

Следует отметить, что неустановление водоохранных зон и полос противоречит требованиям водного законодательства и может привести к загрязнению, засорению и истощению вод.

Отсутствие водоохранных зон и полос также негативно повлияло настроительство новых объектов и привлечение инвестиций, создавая административные барьеры.

По результатам рассмотрения внесенного акта надзора акиматом области на 30 крупных водных объектах области Ұлытау установлены водоохранные зоны, полосы и режим их хозяйственного использования.

За допущенные нарушения законности к дисциплинарной ответственности привлечен и.о. руководителя Управления природных ресурсов и регулирования природопользования области Ұлытау.

Работа по установлению водоохранных зон и полос для других водоемов продолжается и находится на контроле прокуратуры.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Улытау:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1043500?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сәлемдеме үшін 16 жыл
 
Ағымдағы жылдың шілде айында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен қала тұрғынына қатысты үкім шығарды. Ол аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу және сату қылмыстары үшін кінәлі деп танылды.

Тергеу және сот процесі барысында оның есірткі және психотроптық заттарды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізіп, оларды халықаралық пошталық сәлемдеме ішінде жасырғаны анықталды. Тыйым салынған заттар Таиланд Корольдігінен «Cheddar» ірімшігі түрінде жеткізілген. Алушы сәлемдеме ішіндегі заттарды үшінші тұлғаларға беруді жоспарлаған.

Құқық қорғау және кеден органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде қылмыстық әрекет сату сатысына жетпей тұрып әшкереленді.

Мемлекеттік айыптаушы ауыр жаза тағайындаудың қажеттілігін негіздеп, сот бұл уәжбен келісіп, сотталушыны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1043620?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16 лет за посылку
 
В июле текущего года Специализированным межрайонным судом по уголовным делам города Алматы с участием присяжных вынесен обвинительный приговор в отношении жителя города, признанного виновным в контрабанде и сбыте наркотических средств в особо крупном размере.
 
В ходе следствия и судебного разбирательства было установлено, что он незаконно переместил через таможенную границу наркотические и психотропные вещества, спрятав их в международной почтовой посылке. Запрещённый груз прибыл под видом сыра «Cheddar» из Королевства Таиланд. Получатель планировал передать содержимое третьим лицам.
 
Преступная деятельность была пресечена на стадии подготовки к сбыту благодаря скоординированным действиям сотрудников правоохранительных и таможенных органов.
 
Гособвинитель обосновал необходимость строгого наказания, с чем согласился суд, назначив 16 лет лишения свободы с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы средней безопасности.
 
Приговор в законную силу не вступил.
 
Ссылка на сайт Главной транспортной прокуратуры:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1043620?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Салауаттылық туралы меморандум»: Жамбыл облысында алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан кәсіпкерлер саны артуда
 
Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында шалғайдағы ауыл тұрғындарымен кездесулерін жалғастыруда.

Мәселен, 2025 жылғы 31 шілдеде Қордай ауданының Кенен ауылында кезекті іссапар барысында жергілікті тұрғындармен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыс жасауға ықпал ететін жағдайларды жою, азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан кәсіпкерлер өз пікірлерімен бөлісіп, азаматтық ұстанымдарын білдірді, ал екі кәсіпкер әкімдікпен тиісті меморандумдарға қол қойды.

Қоғам тарапынан осындай бастамалар өңір бойынша кең көлемде жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда өңірде 32 ауылда кәсіпкерлер алкогольді ішімдіктерді сатудан толықтай бас тартқан.

Азаматтық қоғам тарапынан көрсетілген мұндай қолдаулар қоғамдық тәртіпті нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда.

Атап айтқанда, биыл «алкоголь сатудан бас тартқан» облыстың 11 ауылында бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Облыс прокуроры әлеуметтік жауапкершілік пен бизнестің өңір экономикасына қосқан үлесінің артып келе жатқанын, сондай-ақ прокуратураның кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Фронт-офисі мен Мобильді топтары арқылы шаралардың күшейгенін атап өтті.

Іс-шара мемлекет пен қоғам арасындағы конструктивті өзара іс-қимылды, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілетуді қамтамасыз етті.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

#Заң_мен_Тәртіп

Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1043828?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Меморандум о трезвости»: в Жамбылской области растет количество предпринимателей, отказавшихся от продажи алкоголя
 
Прокурором Жамбылской области Нургалымом Абдировым в рамках реализации концепции «Закон и Порядок» продолжаются встречи с жителями отдаленных сел региона.

Так, 31 июля 2025 года на очередном выезде в селе Кенен Кордайского района с местными жителями обсуждены вопросы взаимодействия граждан и правоохранительных органов в противодействии преступности, устранении причин условий, способствующих совершению правонарушений.

По итогам встречи предприниматели выразилисвое видение и проявили гражданскую позицию, добровольно отказавшись от продажи алкоголя, с двумя из которых акиматом заключены соответствующие меморандумы.

Схожие инициативы со стороны общества масштабно реализуются и по всему региону, где на сегодня имеются 32 села, в которых предприниматели отказались от реализации спиртных напитков.

Подобные отклики гражданского общества позволили сделать весомый шаг к укреплению общественного порядка.

В частности, в текущем году в 11 селах области, «отказавшихся от алкоголя», не совершено ни одного преступления.

Прокурор области отметил растущую социальную ответственность и вклад бизнеса вэкономику региона, а также усиление мер по защите прав предпринимателей через Фронт-офисы и Мобильные группы прокуратуры.

Проведенное мероприятие способствовало конструктивному взаимодействию между государством и обществом, а также распространению принципа нулевой терпимости к правонарушениям.

Работа в данном направлении продолжается.

#Закон_и_Порядок

Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1043828?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында 300 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім шықты
 
Бұдан бұрын Жамбыл облысының прокуратурасы «Меркі тәжірибе шаруашылығы» ЖШС мен «Жеміс-жидек» ЖШС қызметіне тексеру жүргізіп, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеуді жүргізу облыс прокуратурасының арнайы прокурорларына жүктелді.

Яғни, 2015-2022 жылдар аралығында аталған ЖШС басшылары қол астындағы қызметкерлердіңкөмегімен жеміс ағаштарының көшеттерін сатумен байланысты құжаттарды қолдан жасап, сатылған өнім көлемін әдейі асыра көрсеткені анықталды.

Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде олар мемлекеттен 321 млн теңгеден астам көлемде заңсыз субсидия алған.

Қылмыстық іс аясында айғақтар толық жиналып, күдіктілерге ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 385-бабы 2-бөлігі (алаяқтық және жалған құжаттарды қолдан жасау) бойынша айып тағылды.

2025 жылғы 23 шілдеде Меркі аудандық соты барлық күдіктілерді кінәлі деп таныды.

ЖШС басшыларына 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ 10 жыл мерзімге қаржы бақылауы және мемлекеттік сектор саласында лауазым атқаруға тыйым салынды.

Алаяқтық жасауға көмектескен бес қызметкерге 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Облыс прокуратурасы мемлекеттің мүддесін қорғау және бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.
 
Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1044082?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Жамбылской области вынесен приговор по уголовному делу о хищении более 300 млн тенге
 
Ранее прокуратура Жамбылской области провела проверку деятельности ТОО «Опытное хозяйство «Меркенский» и ТОО «Жеміс-жидек», в ходе которой были выявлены факты хищения бюджетных средств в особо крупном размере.

По данному факту было возбуждено уголовное дело, расследование которого поручено специальным прокурорам прокуратуры области.

Установлено, что в период с 2015 по 2022 год руководители ТОО, при содействии пяти подчиненных, подделывали документы, касающиеся реализации саженцев плодовых культур, намеренно завышая количество реализуемой продукции.

В результате мошеннических действий они незаконно получили из государственного бюджета субсидии на сумму свыше 321 млн тенге.

В ходе расследования уголовного дела собраны неоспоримые доказательства, на основании которых подозреваемым предъявлено обвинение по п.2) ч.4 ст.190 и ч.2 385 УК (мошенничество и подделка документов).

23 июля 2025 года суд Меркенского района признал всех подозреваемых виновными.

Руководителям ТОО назначено наказание в виде лишения свободы от 6 до 7 лет с запретом занимать должности в сфере финансового надзора и государственного сектора на 10 лет.

Подчиненные, оказавшие пособничество в совершении мошенничества, получили наказание в виде ограничения свободы на срок от 3 до 5 лет.

Приговор не вступил в законную силу.

Прокуратура области продолжит работу по защите интересов государства и обеспечению целевого использования бюджетных средств.

Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1044082?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жасырынған – жазасын тартты: алимент төлемейтіндер мүлкі мен бас бостандығынан айырылады 
 
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, прокуратура жұмысының басым бағыттарының бірі олып табылады.
 
Алматы қаласының Алмалы ауданында ЖСО-ның орындауындағы атқарушылық іс жүргізудегі алимент бойынша берешек сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.
 
Тексеру, көптеген борышкерлер автокөліктері мен жылжымайтын мүліктерінің болуына қарамастан, сот шешімдерін орындаудан саналы түрде жалтаратынын көрсетті.
 
Осыған байланысты прокуратураның бастамасымен қаланың Полиция департаментімен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде борышкерлердің 22 автокөлігі ұсталып, айыппұл тұрағына қойылды. Бес іс бойынша мүлік алынғаннан кейін 7 миллион теңгеден астам қарыз толығымен өтелді. Өндірілген қаржының жалпы сомасы 74 млн теңгеден асты.
 
Жасалған заңбұзушылықтар үшін ең қасақана жалтарғандар жауапқа тартылды, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке де.
 
Олардың біреуі Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес кінәлі деп танылған: ол сот шешімін қасақана орындамаған және кірісін жасырған, нәтижесінде 11 миллион теңгеден астам қарыз болып шықты.
 
Оған пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге бір жыл жаза берілді.
 
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1044253?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Скрывался — расплатился: неплательщиков алиментов лишают имущества и свободы

Защита прав несовершеннолетних остаётся одним из приоритетных направлений в работе прокуратуры.
 
В Алмалинском районе города Алматы по исполнительным производствам, находящимся на исполнении ЧСИ, сумма задолженности по алиментам превысила 1,5 млрд тенге.
 
Проверка показала, что многие должники, несмотря на наличие автомобилей и недвижимости, сознательно уклоняются от исполнения решений суда.
 
В этой связи, по инициативе прокуратуры организована совместная работа с Департаментом полиции города.
 
В результате принятых мер 22 автомобиля должников были задержаны и водворены на штрафные стоянки. Уже после изъятия имущества по пяти делам задолженность свыше 7 миллионов тенге была полностью погашена. Общая сумма взысканных средств превысила 74 млн тенге.
 
За допущенные нарушения наиболее злостные уклонисты привлечены к ответственности, в том числе уголовной.
 
Один из них признан виновным в соответствии со статьёй 139 Уголовного кодекса: он умышленно не исполнял решение суда и скрывал доходы, в результате чего задолженность составила 11 миллионов тенге.
 
Ему назначено наказание в виде одного года ограничения свободы с пробационным контролем.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Алматы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1044253?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Экранның ар жағындағы көлеңке: жасөспірімдер қалайша нашақор тасымалдаушыға айналады
 
Петропавл қаласындағы Қызмет көрсету колледжінің 2-курс студенті екі бойжеткен психотроптық заттарды сатқандығы үшін нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды. Біреуі 5 жылға, екіншісі – 6 жыл 8 айға сотталды.

Тергеу барысында, «одногруппник Макс» атауымен Telegram желісінде жұмыс істеген бейкүнә аккаунттың артында көлеңкелі есірткі бизнесі тұрғаны анықталды. Кәмелет жасына толмаған студент қыздар қысқаша «нұсқаулықтан» кейін нашақор тасымалдаушысының (курьердің) рөлін атқара бастаған: психотроптық зат — меткатинонды (мефедронның аналогы) алып, оны буып-түйіп, қаланың әр түкпірінде «жасырын орындарға» тастаған.

Қаржылық есеп айырысу криптовалюта арқылы жүргізілген: «Exodus» қосымшасындағы биткойн-әмиянмен, сондай-ақ P2P-сервистер арқылы анонимді аударымдар және теңгеге айырбастау жолымен. Ұсталған кезде олардан 40 орам психотроптық зат – жалпы салмағы 40 грамнан асатын, яғни аса ірі көлем саналатын есірткі тәркіленді.

Прокуратура ескертеді: цифрлық платформаларды пайдаланып, есірткі мен психотроптық заттарды сату — бұл «қосымша табыс» көзі емес, ауыр қылмыс. Мұндай әрекет үшін заң жүзінде қатаң жаза қарастырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1044080?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тень за экраном: как подростки становятся наркокурьерами
 
Две студентки 2 курса Колледжа сферы обслуживания города Петропавловск получили реальные сроки за сбыт психотропных веществ. Одна осуждена на 5 лет лишения свободы, вторая — на 6 лет 8 месяцев.
 
Следствием установлено, что за безобидным Telegram-аккаунтом под названием «одногруппник Макс» скрывался теневой наркобизнес. Несовершеннолетние студентки после короткого «инструктажа» начали выполнять роль наркокурьеров: получали психотропное вещество меткатинон (аналог мефедрона), фасовали его и делали «закладки» в разных районах города.
 
Финансовые расчеты проводились в криптовалюте: через биткойн-кошелек в приложении «Exodus», анонимные переводы и обмен на тенге через P2P-сервисы. При задержании у них изъяли 40 свёртков с психотропным веществом — более 40 граммов, что квалифицируется как особо крупный размер.
 
Прокуратура напоминает: сбыт наркотиков и психотропных веществ с использованием цифровых платформ — это не «подработка», а тяжкое преступление, за которое предусмотрено суровое наказание.
 
Приговор в законную силу не вступил.

Ссылка на сайт Главной транспортной прокуратуры:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1044080?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM