Қазақстан Бас прокуратурасы
17.3K subscribers
3.55K photos
3.19K videos
40 files
11.8K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
2025 жыл қорытындысы бойынша прокуратура органдарының алқа отырысы:

Адам құқықтарын қылмыстық процесс барысында, пенитенциарлық жүйеде сақтау және заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бас Прокурор Берік Асыловтың айтуынша, биыл 3 мыңнан астам адамның заңсыз түрде қылмыстық орбитаға тартылуының жолы кесілді. Азаптау фактілерінің саны бірнеше есе азайды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде азаптауға жол берілген жоқ, суицидтер саны 27%-ға қысқарды, ал сотталғандардың еңбекпен қамтылуы 15%-ға артты.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жалғастырылды. Қылмыстық есірткі кірістерін бұғаттау алгоритмін іске асыру басталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 2,6 млрд теңгені құрайтын 195 мыңнан астам «дропперлік» шот бұғатталды, сондай-ақ прокурорлардың бастамасымен тергеп-тексеру шеңберінде 9 млрд теңгеден астам қаражатқа тыйым салынды.

Жалпы алғанда, соңғы екі жылда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде мемлекетке 1 трлн 36 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат пен мүлік қайтарылды. Осы қаражат есебінен еліміздің барлық өңірлерінде 434 әлеуметтік нысан салынды. Қазіргі таңда 150-ден астам нысанның құрылысы аяқталды, оның ішінде 99-ы – медициналық мекеме, 48-і – сумен жабдықтау объектісі, 2-еуі – спорт нысаны және 2-еуі – білім беру объектісі. Олигополия субъектілерімен жалпы сомасы 5,2 трлн теңгені құрайтын инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру жөнінде келісімдер жасалды.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Коллегия по итогам работы органов прокуратуры за 2025 год:

Отдельное внимание уделено вопросам соблюдения прав человека в уголовном процессе, пенитенциарной системе и возврату активов.

По словам Генпрокурора Берика Асылова в текущем году пресечено незаконное вовлечение в уголовную орбиту свыше 3 тыс. лиц. Количество фактов пыток снижено в разы. В учреждениях уголовно-исполнительной системы не допущены пытки, сокращено число суицидов на 27% и увеличена трудовая занятость осужденных на 15%.

Продолжена активная работа по противодействию наркопреступности. Начата реализация алгоритма блокировки преступных наркодоходов. В результате заморожено свыше 195 тыс. «дропперских» счетов на сумму 2,6 млрд тенге, в рамках расследований по инициативе прокуроров наложены аресты на более 9 млрд тенге.

В целом (за 2 года) по результатам работы по возврату незаконно выведенных активов государству возвращены денежные средства и имущество на сумму 1 трлн 36 млрд тенге, за счёт которых построено 434 социальных объектов во всех регионах страны. Уже завершено строительство более 150 объектов, из которых 99 – медицинские учреждения, 48 – объектов водоснабжения, 2 спортивных объекта и 2 объекта образования. С субъектами олигополии заключены соглашения о реализации инвестиционных и социальных проектов на сумму 5,2 трлн тенге.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025 жыл қорытындысы бойынша прокуратура органдарының алқа отырысы:

Өз сөзінде Берік Асылов «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын прокурорлық қадағалаудың негізгі идеологиялық әрі практикалық бағдаршамы ретінде іске асыруға ерекше мән берді. Бұл тұжырымдама заң алдындағы баршаның теңдігін, жауапкершіліктің бұлтартпастығын және қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ел көлемінде жаппай әлеуметтік акциялар өткізілуде. Атап айтқанда, «Халық заңгері» акциясы (елдің 250 елді мекенінде 120 мыңнан астам азаматты қамтыды), «Ашық есік күні», «Құқықтық аптека» жобасы және өзге де бастамалар аясында ондаған мың азамат күрделі құқықтық мәселелер бойынша қолдау мен нақты жауаптар алуда. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілетуге арналған ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оған Қазақстаннан және шетелден 300-ден астам қатысушы қатысты.

Есепті жылы прокуратура органдарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласында жасанды интеллект пен ведомствоаралық деректер интеграциясына негізделген заманауи аналитикалық және «ақылды» цифрлық құралдар енгізілді.

Құқық қорғау органдары академиясы да трансформация үдерісінде. Оқу процесіне ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық криминалистика және киберқылмыстарды тергеу бағыттары бойынша практикалық бағдарланған бағдарламалар енгізілді. «Кибер-офицер» біліктілікті арттыру бойынша тақырыптық курстарынан 400-ден астам құқық қорғау органдарының қызметкері өтті.

Прокуратура шетелдік әріптестермен сыртқы коммуникацияларды белсенді түрде дамытып келеді. Төрт келісім ратификацияланып, Сингапурмен (өзара құқықтық көмек туралы келісім) және Катармен (сотталғандарды беру туралы келісім, сондай-ақ өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум) өзара ынтымақтастық жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жалпы алғанда, 38 шет мемлекетпен 84 екіжақты келісім жасалған.

Алқа отырысын қорытындылай келе, Бас Прокурор алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындап, нақты тапсырмалар берді. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, қылмыстылықтың жүйелік тәуекелдерін төмендету бойынша құқық қорғау органдарының күш-жігерін үйлестіруге, сондай-ақ бизнес пен инвесторларды қорғауға шоғырланатын болады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Коллегия по итогам работы органов прокуратуры за 2025 год:

В своем выступлений Берик Асылов акцентировал внимание на реализацию концепции «Закон и порядок» как ключевого идеологического и практического ориентира прокурорского надзора, предполагающего равенство всех перед законом, неотвратимость ответственности и формирование высокой правовой культуры в обществе.

В рамках продвижения идеологии «Закон и порядок», в целях повышения правовой грамотности населения, на массовом уровне проводятся социальные акции «Халық заңгері» (охватила свыше 120 тыс. граждан в 250 населённых пунктах страны), «День открытых дверей», проект «Правовая аптека» и др., в результате которых десятки тысяч граждан получают поддержку и ответы на сложные правовые вопросы. В декабре т.г. проведена Научно-практическая конференция по продвижению в обществе идеологии «Закон и порядок» с участием более 300 участников из Казахстана и зарубежья.

В отчетном году в органах прокуратуры внедрены современные аналитические и «умные» цифровые инструменты в сфере обеспечения правопорядка и прогнозирования преступных угроз, основанные на использовании искусственного интеллекта и межведомственной интеграции данных.

В процессе трансформации находится и Академия правоохранительных органов. В учебный процесс уже внедрены практико-ориентированные программы на основе информационной безопасности, цифровой криминалистики и расследования киберпреступлений. Более 400 сотрудников правоохранительных органов прошли тематические курсы повышения квалификации «Кибер-офицер».

Прокуратура активно развивает внешние коммуникации с зарубежными коллегами. Ратифицированы 4 соглашения и достигнуты договорённости о взаимодействии с Сингапуром (подписано соглашение о взаимной правовой помощи) и Катаром (соглашение о передаче осужденных и Меморандум о взаимодействии и сотрудничестве). Всего заключено 84 двусторонних соглашения с 38 зарубежными странами.

Подводя итоги заседания, Генеральный Прокурор определил приоритетные задачи на предстоящий период и дал конкретные поручения. Основной фокус работы органов прокуратуры будет направлен на защиту конституционных прав граждан, координацию усилий правоохранительных органов по снижению системных рисков преступности, защиту бизнеса и инвесторов.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Абайлаңыз, алаяқтар!» Жаңаөзен қаласының прокуратурасы қауіпсіз жұмысқа орналасу ережелерін еске салды

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Жаңаөзен қаласының прокуратурасы қала аумағында жиі орын алып отырған мұнай мекемелеріне жұмысқа орналастыру жөніндегі алаяқтық деректерінің алдын алу бағытында әлеуметтік бейнеролик әзірледі.

Бейнероликтің басты мақсаты - қала тұрғындарын алаяқтардың алдау тәсілдерінен сақтандыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңсыз әрекеттердің алдын алу.

Сонымен қатар, бейнеролик арқылы азаматтарға мұнай мекемелеріне тек арнайы бекітілген алгоритм бойынша жүгіну қажеттігі, бейтаныс тұлғаларға жеке деректер мен қаражатты сеніп тапсыру қауіпсіздікке қатер төндіретіні түсіндіріледі.

Қауіпсіздік - әр азаматтың өзінен басталады. Заң талаптарын сақтап, күмәнді ұсыныстарға жол бермеңіз!

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Осторожно, мошенники!» Прокуратура города Жанаозен напомнила правила безопасного трудоустройства

В целях реализации принципа «Закон и порядок» прокуратура города Жанаозен подготовила социальный видеоролик, направленный на профилактику распространённых в городе мошеннических схем, связанных с трудоустройством в нефтяные компании.

Основная цель видеоролика - предостеречь жителей города от действий мошенников, повысить их правовую грамотность и предупредить противоправные деяния.

Кроме того, в видеоролике разъясняется, что обращаться по вопросам трудоустройства в нефтяные предприятия необходимо строго по установленному алгоритму, а передача личных данных и денежных средств незнакомым лицам может представлять угрозу безопасности.

Безопасность начинается с каждого из нас. Соблюдайте требования закона и не поддавайтесь сомнительным предложениям!

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбеде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен заманауи ФАП салынды
 
Ырғыз ауданы Нұра ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік дәрігерлік пункті ашылды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында прокуратура органдарының бастамасымен мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Ырғыз ауданы прокуроры мен әкімі, мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Шара барысында бұл нысанның ауыл халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты қадамы екені жеткізілді.

Аталған әлеуметтік маңызы бар нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңа амбулатория заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға сапалы әрі уақтылы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1128903?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Актобе за возвращенные государству активы построили современный ФАП
 
В селе Нура Иргизского района Актюбинской области открыт новый фельдшерско-акушерский пункт.

По инициативе органов прокуратуры состоялось торжественное открытие новой врачебной амбулатории, построенной за счёт незаконных активов, возвращённых в государственную собственность.

В церемонии открытия приняли участие прокурор и аким района, а также руководители государственных органов, представители общественности и местные жители.

В ходе мероприятия было отмечено значение данного объекта для сельского населения и подчеркнуто, что это является конкретным шагом государства, направленным на развитие социальной инфраструктуры.

Указанный социально значимый объект нацелен на улучшение здоровья жителей и повышение доступности первичной медико-санитарной помощи.

Новая амбулатория оснащена в соответствии с современными требованиями и позволит оказывать населению качественную и своевременную медицинскую помощь.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Актюбинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1128903?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай ауданының 4000 тұрғыны қайтарылған активтер есебінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледi
 
Қостанай ауданында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен қаржыландырылатын ауқымды су құбыры желілерінің құрылысы белсенді түрде жалғасуда.

Халықты таза сумен қамтамасыз етуге бағытталған бұл әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырудың соңғы сатысында тұр.

Тобыл қаласының, сондай-ақ Заречное және Лиманное ауылдарының тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.

Салынып жатқан су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 157 км құрайды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде ауданның 4000-ға жуық тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен барлығы 25 әлеуметтік нысан іске асырылуда.

Оның ішінде 19 жоба халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға тұрақты және жайлы қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаны іске асыру барысы Қостанай облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
 
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1129060?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4000 жителей Костанайского района будут обеспечены централизованным водоснабжением за счет возвращенных активов
 
В Костанайском районе активно продолжается строительство масштабных водопроводных сетей, финансируемое за счет активов, возвращенных государству органами прокуратуры.

Этот социально значимый проект, направленный на обеспечение населения чистой водой, находится на финальной стадии реализации.

Жители города Тобыл, а также сел Заречное и Лиманное будут полностью обеспечены качественной питьевой водой.

Общая протяженность строящихся водопроводных сетей составляет 157 км.

В результате реализации проекта централизованным водоснабжением будут обеспечены порядка 4000 жителей района.

Завершение строительно-монтажных работ планируется в текущем году.

Всего в Костанайской области за счет возвращенных активов реализуется 25 социальных объектов.

Из них 19 проектов нацелены на обеспечение населения стабильным и комфортным доступом к централизованному водоснабжению.

Ход реализации проекта находится на постоянном контроле прокуратуры Костанайской области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1129060?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының прокуратурасы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғайды
 
Абай ауданының прокуратурасымен биылғы жылы 270 жұмыскердің құқықтары қорғалды.

Атап айтқанда, 145 жұмыскердің алдында зейнетақы, әлеуметтік және сақтандыру жарналары бойынша 8 млн теңгеден астам берешек өндіріп алынды.

Аталған берешек жұмыскерлердің еңбек құқықтарымен қатар, олардың денсаулығын қорғау құқығын да шектеген. Осылайша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың болмауына байланысты жұмыскерлер қажетті медициналық көмекті ала алмаған.

Мәселен, қараша айында прокуратура аудандағы бір мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында 68 жұмыскердің алдында міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1 млн теңгеден астам, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар бойынша 1,5 млн теңгеден астам берешектің барын анықтады.

Аудан прокуратурасының ұсынуы негізінде бұл қарыздар толық көлемде өтелді.

Прокуратура жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек құқықтарын бұзуға жол берілмейтінін ескертіп, зейнетақы, әлеуметтік және сақтандыру қорларына жарналарды уақытылы аударып отыру қажеттігін еске салады.
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1129219?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура области Абай защищает трудовые права работников

Прокуратурой Абайского района в текущем году были защищены права 270 работников.

В частности, перед 145 работниками была погашена задолженность по пенсионным, социальным и страховым отчислениям на сумму более 8 млн тенге.

Указанная задолженность ограничивала не только трудовые права работников, но и их право на охрану здоровья. Так, из-за отсутствия отчислений в Фонд обязательного медицинского страхования, работники не могли получить необходимую медицинскую помощь.

Например, в ноябре прокуратурой была выявлена задолженность в одном из государственных коммунальных предприятий перед 68 работниками по обязательным пенсионным взносам на сумму свыше 1 млн тенге, а также по социальным отчислениям — более 1,5 млн тенге.

По представлению прокуратуры района долги погашены в полном объеме.

Прокуратура предупреждает работодателей о недопустимости нарушений трудовых прав работников и напоминает о необходимости своевременных отчислений в пенсионные, социальные и страховые фонды.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Абай:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1129219?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM