Қазақстан Бас прокуратурасы
17.3K subscribers
3.47K photos
3.15K videos
40 files
11.7K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Прокуратура актісі бойынша фермер-кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді
 
Жамбыл облысы Сарысу ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы орган тарапынан жер заңнамасының бұзылу фактілерін анықтады.

Заңнама талаптарына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскелерін беру жөніндегі конкурс жылына кемінде екі рет өткізілуі тиіс.

Алайда 2024 жылдан бастап аудан әкімдігі аталған конкурстарды өткізуді негізсіз тоқтатып, фермер-кәсіпкерлердің құқықтарын шектеген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз тәжірибе тоқтатылып, конкурстарды өткізу қайта жандандырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 фермер-кәсіпкерлерге жалпы аумағы 4576 гектар жер учаскелері берілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1191491?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По акту прокуратуры восстановлены права фермеров-предпринимателей
 
Прокуратурой Сарысуского района Жамбылской области со стороны местного исполнительного органа выявлены нарушения земельного законодательства.

Согласно требованиям законодательства конкурс по предоставлению земельных участков для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства проводится не менее двух раз в год.

Однако с 2024 года акиматом района необоснованно приостановлено проведение указанных конкурсов, что ограничило права фермеров-предпринимателей.

По акту прокурорского надзора незаконная практика пресечена, проведение конкурсов возобновлено.

В результате принятых мер 13 фермерам-предпринимателям предоставлены земельные участки общей площадью 4576 гектаров.

Виновные должностные лица привлечены к дисциплинарной ответственности.
   
Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1191491?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда полицияның бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды
 
Арнайы прокурорлар Алматы қаласы Наурызбай ауданы Полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
 
Тергеу барысында тергеуші 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола отырып, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғаны анықталды.
 
Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растады.
 
Күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 433-бабы 2-бөлігімен сараланды.
 
Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
 
Сондай-ақ сотталған «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.

Алматы қаласы прокуратурасының сайтын сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1191560?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы осужден бывший следователь полиции за укрытие преступлений

Специальными прокурорами завершено досудебное расследование в отношении бывшего следователя Управления полиции Наурызбайского района города Алматы.

Следствием установлено, что следователь, располагая сведениями о совершении 14 преступлений, умышленно укрыл их от регистрации, тем самым нарушив установленный порядок учета уголовных правонарушений.

Комплекс проведенных следственных действий подтвердил противоправную деятельность фигуранта.

Действия подозреваемого квалифицированы по части 2 статьи 433 Уголовного кодекса Республики Казахстан.

Приговором суда бывший следователь признан виновным и осужден к 2 годам ограничения свободы с запретом занимать должности на государственной службе сроком на 3 года.

Кроме того, осужденный лишен специального звания «лейтенант полиции».
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Алматы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1191560?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астанада бірегей білім беру жобасы бастау алды
 
Астана қаласында MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY базасында Мақсұт Нәрікбаев атындағы Болашақ прокурорлар клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл — Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан инновациялық білім беру жобасы.
 
Іс-шараға Бас прокуратура департаменті бастығының орынбасары Айбар Ілияс, мектеп директоры, университет өкілдері, оқытушылар, студенттер мен шақырылған қонақтар қатысты.
 
Жобаның негізгі мақсаттары: жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті дамыту, мектеп оқушыларына ерте кәсіби бағдар беру.Жобаның басты ерекшелігі — білім сабақтастығы мен практикаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін «прокуратура — мектеп — университет» атты үшжақты өзара іс-қимыл моделі болып табылады.
 
Клуб қызметі аясында қатысушыларға көшбасшылық дағдыларды дамытуды және құқықтық негіздерді тереңдетіп оқуды қоса алғанда, қосымша білім алу мүмкіндіктері беріледі. Айта кетерлігі, клуб түлектеріне MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-не түсу кезінде айрықша артықшылықтар, соның ішінде білім беру жеңілдіктері мен гранттарқарастырылған.
 
Болашақта клуб жұмысы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңдылық қағидаттарын дәріптеуге және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталады.

Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:


https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1191570?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Астане стартовал уникальный образовательный проект
 
В Астане на базе MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY состоялось торжественное открытие Клуба будущих прокуроров имени Максута Нарикбаева— инновационного образовательного проекта, реализуемого по инициативе Главной транспортной прокуратуры Республики Казахстан.
 
В церемонии открытия приняли участие заместитель начальника департамента Генеральной прокуратуры Айбар Ілияс, директор школы, представители университета, преподаватели, студенты и приглашённые гости.
 
Проект направлен на формирование правовой культуры среди молодежи, развитие гражданской ответственности и раннюю профориентацию школьников. Его ключевая особенность — трехсторонняя модель взаимодействия «прокуратура — школа — университет», обеспечивающая преемственность знаний и практико-ориентированное обучение. 
 
В рамках деятельности клуба участники получат дополнительные образовательные возможности, включая развитие лидерских навыков и углубленное изучение правовых основ. Важно, что выпускникам клуба предоставляются преимущества при поступлении в MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY , включая образовательные скидки и гранты.
 
В дальнейшем работа клуба будет сосредоточена на повышении правовой грамотности подростков, профилактике правонарушений, популяризации принципов законности и формировании активной гражданской позиции среди молодежи.
 
Ссылка на сайт Главной транспортной прокуратуры:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1191570?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM