Қазақстан Бас прокуратурасы
17.3K subscribers
3.52K photos
3.17K videos
40 files
11.8K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Қарағанды облысында прокурорлық қадағалау шаралары бойынша 252 миллион теңгеден астам алимент бойынша берешек өтелді
 
Қарағанды облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған сот шешімдерінің тиімді орындалуын қамтамасыз етуде.

Жыл басынан бері 50 прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде мемлекет кірісіне 323,9 млн теңге өндірілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 252,4 млн теңге сомасына алимент бойынша берешек өтеліп, жүздеген кәмелетке толмаған балалардың алимент алу құқықтары қалпына келтірілді.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша анықталған заңнаманы бұзғаны үшін 58 сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, сот шешімдерін орындаудан жалтарғаны үшін 41 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура органдары баланы ұстауға арналған қаражатты төлеуден қасақана жалтарған адамдарға қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар қабылдауда.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 23 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, төрт борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Мәселен, өңір тұрғыны «З» үш айдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарып, 2,7 млн теңге көлемінде берешек жинаған.

Сот үкімімен оған пробациялық бақылау белгілене отырып және жылына 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бір жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Қарағанды облысының прокуратурасы ата-аналардың өз балаларын асырау міндеті тек моральдық парыз ғана емес, сонымен қатар заңталабы екенін еске салады. Сот шешімдерін орындаудан жалтару заңда белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс жалғасуда және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.
 
Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1273349?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По мерам прокурорского надзора в Карагандинской области обеспечено погашение более 252 млн теңге задолженности по алиментам
 
Прокуратура Карагандинской области обеспечивает эффективное исполнение судебных решений, принятых в целях защиты прав несовершеннолетних.

С начала года по результатам рассмотрения 50 актов прокурорского надзора в доход государства взыскано 323,9 млн теңге.

Благодаря принятым мерам обеспечено погашение задолженности по алиментам на сумму 252,4 млн теңге, что позволило восстановить права сотен несовершеннолетних детей на получение алиментов.

За нарушения законодательства, выявленные по актам прокурорского надзора, к дисциплинарной ответственности привлечены 58 судебных исполнителей, к административной ответственности за уклонение от исполнения судебных решений привлечен 41 должник.

Органами прокуратуры в отношении лиц, злостно уклоняющихся от уплаты средств на содержание ребенка, принимаются меры уголовно-правового характера.

В текущем году по статье 139 Уголовного кодекса Республики Казахстан зарегистрировано 23 досудебных расследования, четыре должника уже привлечены к уголовной ответственности.

Так, житель региона «З» более трех месяцев уклонялся от выплаты алиментов своим несовершеннолетним детям, накопив задолженность в размере 2,7 млн теңге.

Приговором суда ему назначено наказание в виде одного года ограничения свободы с установлением пробационного контроля и привлечением к принудительному труду сроком 100 часов в год.

Прокуратура Карагандинской области напоминает, что обязанность родителей содержать своих детей является не только моральным долгом, но и требованием закона. Уклонение от исполнения судебных решений влечет установленную законом административную и уголовную ответственность.

Работа по обеспечению исполнения судебных актов и защите прав детей продолжается и находится на постоянном контроле прокуратуры области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Карагандинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1273349?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жалған қажылықты ұйымдастырғандар сотталды
 
Қаланың екі тұрғыны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы «Instagram» әлеуметтік желісіне Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру жөнінде жарнама жариялаған.
 
Қылмыскерлердің уәдесіне сенген қажылыққа барушы 37 азамат оларға жалпы көлемде 60 млн теңге ақша қаражатын тапсырған.
 
Алған міндеттемелерін орындамай, жәбірленушілерден алынған ақша қаражаттарын өз қалауынша жұмсаған.
 
Сот үкімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді тұлғаларға ақша қаражатын бермеуге шақырады.

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1273340?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Осуждены организаторы лжепаломничества  
 
Двое жителей города по предварительному сговору разместилиобъявления в социальной сети инстаграм об организации паломничества в Саудовскую Аравию, в города Мекка и Медина.
 
37 паломников, доверившись обещаниям злоумышленников, передали осужденным денежные средства на общую сумму 60 млн теңге.
 
Обязательства ими не были выполнены, полученными денежными средствами они распорядились по своему усмотрению.
 
Приговором суда они осуждены к лишению свободы сроком на 4 года каждый.
 
Гражданские иски потерпевших о взыскании причиненного материального ущерба удовлетворены.
 
Приговор суда не вступил в законную силу.
 
Прокуратура города Астаны призывает граждан быть бдительными ине передавать денежные средства сомнительным лицам.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1273340?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысында келтірілген залалды өтеу сотталғандарды қылмыстық жауаптылықтан босатқан жоқ
 
Жетісу облысының прокуратурасы қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпау қағидатының сақталуын қадағалауды қамтамасыз етіп, азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдауда.

Ақсу ауданында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаларға қатысты сот үкімдері заңды күшіне енді.

Қылмыстық істердің біреуі бойынша сотталған тұлға өзін ұсақ мал сатып алушы ретінде таныстырып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы Ащыбұлақ ауылының бес тұрғынына тиесілі 266 бас қойды иемденгені анықталды. Жәбірленушілерге 13,8 млн теңгеден астам көлемде материалдық залал келтірілген.

Залалдың ішінара өтелгеніне қарамастан, мемлекеттік айыптаушы бұл жағдай бірнеше рет жасалған алаяқтық үшін қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындау үшін негіз болмайтынын атап өтті.

Сот сотталушыны кінәлі деп танып, оған 2 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Залалдың ішінара өтелуіне қарамастан, мемлекеттік прокурор бұл бірнеше рет алаяқтық үшін. Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Екінші қылмыстық іс бойынша 2023–2025 ж.ж. аралығында сотталған тұлға құрылыс материалдарын жеткізу, жүргізуші куәлігін рәсімдеу және өзге де жалған уәделер беру сылтауымен алдау арқылы 10 жәбірленушінің 3 млн теңгеден астам қаражатын иемденгені анықталды.

Бірінші сатыдағы сот оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Ақсу ауданы прокуратурасының апелляциялық өтініші бойынша сот үкімі өзгертіліп, жаза 3 жыл бас бостандығынанайыру жазасына ауыстырылды.

Апелляциялық саты келтірілген залалдың толық өтелгенін ескерді, алайда бұл жағдай қылмыстық жауаптылықты жоққа шығармайды.

Заңды күшіне енген сот актілері қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік зиянның толық немесе ішінара өтелуіне қарамастан, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайтынын көрсетеді.

Облыс прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді жолдармен пайда табуды ұсынатын тұлғаларға сенбеуге шақырады. Алаяқтықпен күресу және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
 
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1273479?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В области Жетісу возмещение ущерба не освободило осужденных от уголовной ответственности
 
Прокуратура области Жетісу обеспечивает надзор за соблюдением принципа неотвратимости уголовной ответственности и принимает меры по защите имущественных прав граждан.

В Аксуском районе вступили в законную силу приговоры суда в отношении лиц, признанных виновными в совершении неоднократных мошенничеств.

По одному из уголовных дел установлено, что осужденный, представившись скупщиком мелкого рогатого скота, путем обмана и злоупотребления доверием завладел 266 головами овец, принадлежащими пяти жителям села Ащыбулак. Потерпевшим причинен ущерб на сумму свыше 13,8 млн теңге.

Несмотря на частичное возмещение ущерба, государственный обвинитель указал, что это не является основанием для назначения наказания не связанного с изоляцией от общества за неоднократное мошенничество. Суд признал подсудимого виновным и назначил наказание в виде 2 лет 5 месяцев лишения свободы.

По другому уголовному делу установлено, что в период 2023–2025 г.г. осужденный под предлогом поставки строительных материалов, оформления водительского удостоверения и иных ложных обещаний путем обмана завладел денежными средствами 10 потерпевших на сумму свыше 3 млн теңге.

Суд первой инстанции назначил ему 3 года 6 месяцев ограничения свободы. По апелляционному ходатайству прокуратуры Аксуского района приговор изменен, наказание заменено на 3 года лишения свободы.

Апелляционной инстанцией учтено полное возмещение причиненного ущерба, однако данное обстоятельство не исключает уголовной ответственности.

Вступившие в законную силу судебные акты подтверждают, что возмещение имущественного вреда, причиненного преступлением, независимо от его полного или частичного характера, не освобождает виновных от уголовной ответственности.

Прокуратура области призывает граждан проявлять бдительность и не доверять лицам, предлагающим сомнительные схемы получения прибыли. Борьба с мошенничеством и защита законных интересов граждан остаются одним из приоритетных направлений деятельности органов прокуратуры.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Жетису:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1273479?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Степногорск қаласы прокуратурасының шараларымен білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары қорғалды
 
Степногорск қаласының прокуратурасы өткізілген талдау нәтижесінде қалалық білім бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары бұзылғаны анықталды.
 
Атап айтқанда, педагог қызметкерлерді оқыту аяқталғаннан кейін заңнамада көзделген іссапар шығындары бірнеше ай бойы өтелмей, 11 педагогке жалпы сомасы 1,8 млн теңгеден астам төленбеген.
 
Бұл мән-жайлар педагог қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына әкеп соқты.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылып, берешек толық көлемде өтелді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты тұрақты бақылауда ұстайды.
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1273525?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мерами прокуратуры города Степногорск защищены трудовые права работников образования
 
Прокуратурой города Степногорск по результатам проведенного анализа установлены нарушения требований Трудового кодекса Республики Казахстан со стороны Отдела образования города Степногорск.
 
Установлено, что после прохождения педагогическими работниками обучения предусмотренные законодательством командировочные расходы на протяжении нескольких месяцев не возмещались, в результате чего 11 педагогическим работникам не выплачены командировочные расходы на общую сумму более 1,8 млн теңге.
 
Указанные нарушения повлекли нарушение трудовых прав работников образования.
 
По акту прокурорского надзора нарушения устранены, задолженность погашена в полном объеме, виновные должностные лица привлечены к дисциплинарной ответственности.
 
Обеспечение законности, защита трудовых прав граждан и предупреждение нарушений в сфере трудовых отношений находятся на постоянном контроле прокуратуры.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1273525?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлан ауданында құны 20,3 млрд теңге болатын инвестициялық жобаға қатысты жер мәселесіндегі әкімшілік кедергілер жойылды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен «Ұлан» көлік-логистикалық орталығын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «DTJ Commerce» ЖШС-ның құқығын қорғады.

Жобаның жалпы құны – 20,3 млрд теңге. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылы аяқтау жоспарланған.

Инвестициялық жобаны сүйемелдеу аясында прокуратура Қасым Қайсенов кентінде орналасқан көлемі 0,27 гектар жер учаскесін беруден жергілікті атқарушы органның бас тартуына байланысты мәселені қарады.

Прокуратураның бастамасымен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері мен мамандардың қатысуымен комиссиялық зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде бұрын сұратылған жер учаскесін қолданыстағы шектеулерге байланысты беру мүмкін еместігі анықталды. Сонымен қатар, прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, нысанды орналастырудың баламалы нұсқасын әзірледі.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде инвесторға жер заңнамасының талаптарына сәйкес келетін көлемі 0,18 гектар баламалы жер учаскесі берілді. Қазіргі уақытта қажетті құқық белгілейтін құжаттарды рәсімделіп жатыр.

Бұдан бөлек, прокуратураның ықпалымен инвесторға бұрын берілген жер учаскесін жалға алу мерзімі ұзартылды. Бұл инвестициялық жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік берді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілер жойылып, инвестордың құқығы қорғалды және инвестициялық жобаны негізсіз кідіріссіз әрі қарай іске асыруға жағдай жасалды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы құқықтарының бұзылуына немесе әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (777) 857-00-88 телефоны арқылы, сондай-ақ 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1273598?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура Уланского района устранила земельные барьеры для инвестпроекта стоимостью 20,3 млрд теңге

Прокуратура Уланского района Восточно-Казахстанской области при содействии Комитета по защите прав инвесторов ГП РК защитила права ТОО «DTJ Commerce», реализующего проект по строительству транспортно-логистического центра «Улан».

Общая стоимость проекта составляет 20,3 млрд теңге. Завершение строительства объекта запланировано на 2027 год.

В ходе сопровождения инвестиционного проекта прокуратурой рассмотрен вопрос отказа местного исполнительного органа в предоставлении земельного участка площадью 0,27 га в поселке Касым-Кайсенова.

По инициативе прокуратуры с участием представителей уполномоченных государственных органов и специалистов проведено комиссионное обследование. Установлено, что предоставление первоначально запрашиваемого земельного участка невозможно в связи с действующими ограничениями. Вместе с тем прокуратурой совместно с уполномоченными органами проработан альтернативный вариант размещения объекта.

По результатам проведенной работы инвестору предоставлен другой земельный участок площадью 0,18 га, соответствующий требованиям земельного законодательства. В настоящее время оформляются необходимые правоустанавливающие документы.

Кроме того, при содействии прокуратуры продлен срок аренды ранее предоставленного земельного участка, что позволило исключить риски при реализации инвестиционного проекта.

Принятые меры позволили устранить административные барьеры в сфере земельных отношений, восстановить права инвестора и обеспечить дальнейшую реализацию проекта без необоснованных задержек.

Прокуратура Восточно-Казахстанской области призывает инвесторов, столкнувшихся с нарушением прав или административными барьерами, обращаться по телефону: +7 (777) 857-00-88, а также в Call-центр 115.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1273598?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Оқу үлгерімін жақсартамын деген алаяқ сотталды
 
2026 жылғы 24 маусымдағы Ақтау қалалық сотының үкімімен азамат Д. алаяқтық (Қылмыстық кодексінің 190-бабы) қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.
 
Сотта анықталғандай, сотталған адам Ақтау қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің сеніміне кіріп, ақшалай сыйақы үшін олардың оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесуге уәде берген.
 
Осы сылтаумен ол студенттердің 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі ақшалай қаражатын иемденген. Алайда уәде еткен міндеттемелерін орындамай, алынған қаражатты жеке басының қажетіне жұмсаған.
 
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласының прокуратурасы азаматтарды оқу процесіне заңсыз араласуға байланысты ақылы «көмек» ұсынатын, атап айтқанда, баға қойып беруге, емтиханнан өткізуді немесе өзге де мәселелерді шешіп беруді уәде ететін адамдарға сенбеуге шақырады.
 
Есіңізде болсын: мұндай ұсыныстар заңсыз болып табылады және алаяқтық белгілерін қамтуы мүмкін.
 
Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1273733?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мошенничество под предлогом помощи в учебе: вынесен приговор
 
Приговором Актауского городского суда от 24 июня 2026 года гражданин Д. признан виновным в мошенничестве (статья 190 Уголовного кодекса) и осужден к 3 годам 9 месяцам лишения свободы.
 
В суде установлено, что осужденный, войдя в доверие студентов высших учебных заведений Актау, обещал за денежное вознаграждение помочь с повышением успеваемости и получением высоких оценок на экзаменах.
 
Под этим предлогом он завладел денежными средствами студентов в размере от 90 тысяч до 1 миллиона теңге, однако обещанного не выполнил, а полученные деньги использовал в личных целях.
 
В преддверии нового учебного года прокуратура города Актау призывает граждан не доверять лицам, предлагающим за денежное вознаграждение незаконное содействие в учебном процессе, в том числе обещающим выставление оценок, успешную сдачу экзаменов или решение иных вопросов.
 
Помните: любые подобные предложения являются незаконными и могут быть связаны с мошенничеством.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1273733?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура қайтарған қаражат – Алғабас ауылы тұрғындарының игілігіне
 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура қайтарған қаражат халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жұмсалуда.
 
Батыс Қазақстан облысында осындай жобалардың бірі – Теректі ауданының Алғабас ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.
 
Көптеген жылдар бойы елді мекенде орталықтандырылған ауыз су жүйесі болмаған. Тұрғындар жыл мезгілі мен судың сапасына қарамастан, құдық суын пайдалануға мәжбүр болды.
 
2025 жылы прокуратура қайтарған активтер есебінен құны 576,9 млн теңгені құрайтын орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүзеге асырылды.
 
Жоба аясында екі су ұңғымасы бұрғыланып, елді мекенді тұрақты сумен қамтамасыз етуге қажетті инженерлік инфрақұрылым құрылды.
 
Нәтижесінде 200-ден астам абонент өз үйлерінде сапалы ауыз суға қол жеткізді.
 
Аталған жобаның іске асырылуы – мемлекетке қайтарылған активтердің халық игілігіне тиімді бағытталып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге жұмсалып жатқанының нақты көрінісі.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1274054?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Возвращенные прокуратурой средства - на благо жителей Алгабаса
 
По поручению Главы государства возвращенные прокуратурой средства направляются на реализацию социально значимых проектов, направленных на улучшение качества жизни населения.
 
В Западно-Казахстанской области одним из таких проектов стало обеспечение централизованным водоснабжением села Алгабас Теректинского района.
 
На протяжении многих лет в населенном пункте отсутствовало централизованное водоснабжение. Жители были вынуждены пользоваться водой из колодцев независимо от сезона и ее качества.
 
В 2025 году за счет возвращенных прокуратурой активов реализован проект по строительству системы централизованного водоснабжения стоимостью 576,9 млн теңге.
 
В рамках проекта пробурены две водозаборные скважины и создана необходимая инженерная инфраструктура, обеспечивающая стабильное водоснабжение населенного пункта.
 
В результате более 200 абонентов получили доступ к качественной питьевой воде непосредственно в своих домах.
 
Реализация данного проекта является наглядным примером эффективного использования возвращенных государству активов в интересах населения и решения социально значимых вопросов.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1274054?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Qyzylzhar Investment Forum: Құны 1,3 трлн теңгеден асатын инвестициялық жобалар бойынша жиырма бес меморандумға қол қойылды
 
Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларына сәйкес инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Петропавл қаласында мемлекеттік органдардың, «Қазақстанның Даму Банкі», «Өнеркәсіпті дамыту қоры» өкілдерінің, Қытай («Myande», «Guolian», «Gushun»), Түркия («Tiryaki», «YDA»), Италия («Prosol») отандық және шетелдік инвесторларының қатысуымен «Qyzylzhar Investment Forum – 2026» форумы өтті.

Форум жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ержан Дүйсекенов, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтанов қатысты.

Қатысушыларға өңірдің инвестициялық әлеуеті, жетекші кәсіпорындардың өнімдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, теміржол және өнеркәсіптік техниканың заманауи үлгілері таныстырылды.

Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 1,3 трлн теңгеден асатын инвестициялық жобаларды іске асыруға 25 меморандумға қол қойылды.

Ірі жобалардың қатарында «Atameken-Agro Oils» ЖШС мен «Tiryaki Agro» түрік компаниясының май экстракциялау зауытының құрылысы, сондай-ақ «Tin One Mining» ЖШС компаниясының Сырымбет кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасын іске асыру бар. Оларды жүзеге асыру өңірдің өндірістік әлеуетін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Форумда сөйлеген сөзінде облыс прокуроры Ержан Дүйсекенов прокуратура органдары инвесторларды құқықтық қорғауды, инвестициялық жобалардың іске асырылуын сүйемелдеуді және өңірде қолайлы инвестициялық климат құру бойынша шаралар қабылдауды әрі қарай да қамтамасыз ететінін атап өтті.
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1274167?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Qyzylzhar Investment Forum 2026: Подписаны двадцать пять меморандумов по инвестиционным проектам на сумму свыше 1,3 трлн теңге
 
В Северо-Казахстанской области продолжается системная работа по защите прав инвесторов в соответствии с поручениями Главы государства и Генерального Прокурора.

В Петропавловске проведен форум «Qyzylzhar Investment Forum – 2026» с участием представителей государственных органов, «Банк развития Казахстана», «Фонд развития промышленности», отечественных и зарубежных инвесторов Китая («Myande», «Guolian», «Gushun»), Турции («Tiryaki», «YDA»), Италии («Prosol»).

В работе форума приняли участие прокурор Северо-Казахстанской области Ержан Дюсекенов, аким области Гауез Нурмухамбетов, и.о. министра сельского хозяйства Азат Султанов.

Участникам презентовали инвестиционный потенциал региона, продукцию ведущих предприятий, а также современные образцы сельскохозяйственной, железнодорожной и промышленной техники.

По итогам форума подписано 25 меморандумов на реализацию инвестиционных проектов общей стоимостью свыше 1,3 трлн теңге.

Среди крупнейших проектов строительство маслоэкстракционного завода ТОО «Atameken-Agro Oils» и Турецкой компанией «Tiryaki Agro», а также реализация проекта строительства горно-обогатительного комбината на месторождении Сырымбет компанией ТОО «Tin One Mining». Их реализация позволит расширить производственный потенциал региона и создать новые рабочие места.

Выступая на форуме, прокурор области Ержан Дюсекенов отметил, что органы прокуратуры продолжат обеспечивать правовую защиту инвесторов, сопровождать реализацию инвестиционных проектов и принимать меры по созданию благоприятного инвестиционного климата в регионе.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1274167?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жетісу облысында Отбасын қолдау орталығының қызметкері сотталды
 
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғауды және тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша құқық бұзушының лауазымына, мәртебесіне немесе жұмыс орнына қарамастан жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді.

Қаратал аудандық сотының қарауына түскен қылмыстық іс бойынша азамат тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Қылмыс жасалған кезде ол отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін «Жанұя» Отбасын қолдау орталығында заңгер болып жұмыс істеген. Алайда жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған кәсіби қызметіне қарамастан, өзінің жұбайына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында Қаратал ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен кінәліге 200 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. 

Жетісу облысының прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Заңдылықты қамтамасыз ету және жәбірленушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
 
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1274223?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Домашнее насилие: в области Жетісу осужден сотрудник центра поддержки семьи
 
Прокуратура области Жетісу последовательно обеспечивает защиту прав граждан и принцип неотвратимости ответственности за факты бытового насилия независимо от должности, статуса или места работы правонарушителя.

По результатам рассмотрения уголовного дела Каратальским районным судом гражданин признан виновным в совершении бытового насилия.

На момент совершения преступления он работал юристом Центра поддержки семьи «Жанұя», оказывающего помощь лицам, пострадавшим от семейно-бытового насилия, однако, несмотря на профессиональную деятельность по защите прав потерпевших, совершил противоправные действия в отношении своей супруги. В ходе судебного разбирательства государственный обвинитель прокуратуры Каратальскогорайона полностью доказал его вину.

Приговором суда виновному назначено наказание в виде 200 часов общественных работ. Приговор вступил в законную силу.

Прокуратура области Жетісу напоминает, что бытовое насилие является недопустимым и влечет ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан. Работа по обеспечению законности и защите прав потерпевших находится на постоянном контроле органов прокуратуры.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Жетису:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1274223?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
20 жәбірленуші және 45 млн теңгеден астам залал: алаяқ әйел сотталды
 
Степногорск қаласының прокуратурасы ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін айыпталған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

Анықталғандай, 2023-2024 жылдар аралығында сотталған әйел пайдакүнемдік ниетпен, азаматтарды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген.

Бұл ретте өз міндеттемелерін орындауға ниеті де, нақты мүмкіндігі де болмағанына қарамастан, азаматтардан ақша қаражатын алып, оны жеке мақсаттарына жұмсаған.

Қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 20 азамат жәбірленуші деп танылып, оларға жалпы сомасы 45 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасағаны дәлелденді.

Степногорск қаласының сотының үкімімен әйел ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Степногорск қаласының прокуратурасы азаматтарды мәмілелер жасау кезінде, оның ішінде тұрғын үй сатып алуға байланысты мәселелерде, қырағы болуға, ұсынылатын қызметтердің шынайылығын, тұлғалардың өкілеттіктерін және ақша қаражатын алуға заңды негіздерінің бар-жоғын тексеруге шақырады.

Тиісті құжаттары мен заңды кепілдіктері жоқ болған жағдайда тұрғын үй мәселесін тиімді шарттармен шешуге уәде беретін тұлғаларға сенбеңіздер, себебі мұндай ұсыныстар алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
20 потерпевших и ущерб свыше 45 млн теңге: мошенница осуждена
 
Прокуратурой города Степногорск поддержано государственное обвинение по уголовному делу в отношении жительницы города, обвиняемой в неоднократном совершении мошенничества в крупном размере.

Установлено, что в период с 2023 по 2024 годы осужденная, действуя умышленно, из корыстных побуждений, путем обмана и злоупотребления доверием граждан предлагала оказать содействие в приобретении жилья.

При этом, не имея намерений и реальной возможности исполнить взятые на себя обязательства, она получала от граждан денежные средства, которыми распоряжалась в личных целях.

В результате преступных действий потерпевшими признаны 20 граждан, которым причинен общий материальный ущерб на сумму свыше 45 млн теңге.

В ходе судебного разбирательства вина подсудимой в совершении преступлений нашла свое подтверждение.

Приговором Степногорского городского суда женщина признана виновной по части 3 статьи 190 УК РК и осуждена к 4 годам 6 месяцам лишения свободы.

Приговор вступил в законную силу.

Прокуратура города Степногорск призывает граждан быть бдительными при совершении сделок, связанных с приобретением жилья, проверять достоверность предлагаемых услуг, полномочия лиц и наличие законных оснований для получения денежных средств.

Не доверяйте обещаниям решить жилищный вопрос на выгодных условиях без соответствующих документов и юридических гарантий, поскольку подобные предложения могут являться признаком мошенничества.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM