Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.52K photos
3.17K videos
40 files
11.8K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Жеңіл жолмен табыс табу бас бостандығынан айыру жазасына әкелді: мефедрон таратқан - екі студент сотталды
 
19 жастағы екі студент «Telegram» мессенджері арқылы есірткі заттарын таратуға бағытталған қылмыстық схемаға кірген.
 
Оларды ұстау барысында аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді.
 
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.
 
Сот үкімімен оларға 7 жыл және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Прокуратура азаматтарды бейтаныс адамдар ұсынатын оңай жолмен ақша табу туралы ұсыныстарға келіспеуге шақырады.

Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1280186?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Быстрый заработок обернулся реальным сроком: осуждены двое студентов - закладчиков мефедрона
 
Двое студентов 19 лет через «Телеграмм» вступили в преступную схему по распространению наркотиков.
 
При задержании у них изъято 5,87 грамма мефедрона, что относится к особо крупному размеру.
 
Гособвинитель в суде представил  все доказательства о виновности подсудимых.
 
Приговором суда им назначено наказание в виде 7 лет и 8 лет лишения свободы.
 
Приговор не вступил в законную силу.
 
Прокуратура призывает не соглашаться на быстрые заработки денежных средств, предлагаемых неизвестными лицами.
 
Участие в незаконном обороте наркотиков влечет уголовную ответственность.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1280186?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Облыс прокуроры Ержан Дүйсекенов «Қауіпсіз қала», «Айқын нәтиже» және «Саналы Ұрпақ» пилоттық жобаларын іске асыру аясында Петропавл қаласының «Жұмысшы кенті» шағынауданына жұмыс сапарымен шықты.

Шығу барысында аумақты абаттандыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бағаланды.

Шағынауданда кешенді жұмыстар жүргізілуде: көпір құрылысы аяқталуда, жолдарды асфальттау жүргізілуде, аумақты санитарлық тазарту жүргізілген. Апаттық ағаштар кесілді, шөп шабылды, қоқыс шығарылды. Көшелерді жарықтандыруды дамыту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және криминогендік тәуекелдерді азайтуға ерекше назар аударылады.

Қазіргі уақытта қыркүйекте іске қосылуы жоспарланған заманауи полиция бөлімшесінің құрылысы жүргізілуде. Мұнда полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады, сондай-ақ ЖБО бейнебақылау камералары шығарылады, бұл оқиғаларға жедел ден қоюға және қоғамдық тәртіпті бақылауды арттыруға мүмкіндік береді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар қауіпсіз және қолайлы қалалық ортаны құруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және шағын аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Көзделген іс-шараларды іске асыру прокуратура органдарының бақылауында.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1280239?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Прокурором области Ержаном Дюсекеновым в рамках реализации проектов «Қауіпсіз қала», «Айқын нәтиже» и «Саналы Ұрпақ» совершена рабочая поездка в микрорайон «Рабочий поселок» города Петропавловска.

В ходе выезда оценены проводимые работы по благоустройству территории и обеспечению общественной безопасности.

В микрорайоне проводится комплексная работа: завершается строительство моста, ведется асфальтирование дорог, проведена санитарная очистка территории. Спилены аварийные деревья, скошена трава, вывезен мусор. Проведена значительная работа по развитию уличного освещения.

Особое внимание уделено профилактике правонарушений и снижению криминогенных рисков.

В настоящее время ведется строительство современного полицейского участка, запуск которого запланирован на сентябрь. Здесь будет организовано круглосуточное дежурство сотрудников полиции, а также выведены камеры видеонаблюдения ЦОУ, что позволит оперативно реагировать на происшествия и усилить контроль за общественным порядком.

Проводимая работа направлена на создание безопасной и комфортной городской среды, предупреждение правонарушений и повышение защищенности жителей микрорайона.

Реализация предусмотренных мероприятий находится на контроле органов прокуратуры.

Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1280239?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарда инвесторлардың құқығын қорғау форумы өтті
 
Павлодарда бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдардың басын қосқан инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі форум өтті. Қатысушылар инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді жою және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін талқылады. Инвесторлар өздерін толғандырған мәселелерді тікелей айтып, мемлекеттік органдар өкілдерінен жауап алды.
 
Форумға Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Павлодар облысының прокуроры Алмат Байшолақов, мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар мен бизнес-қоғамдастық қатысты.
 
Павлодар облысы бүгінде еліміздің негізгі инвестициялық өңірлерінің бірі саналады. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 13,7 трлн теңге болатын 169 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олардың аясында 24 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған.
 
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы Мемлекет басшысының еліміздегі инвесторлардың құқығын қорғау жүйесін күшейту жөніндегі шешімдерінің маңызын атап өтті.
 
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бас Прокурорға Инвестициялық омбудсмен өкілеттіктері беріліп, оның жұмыс органы ретінде Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Бұл прокурорлық қадағалау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін біртұтас жүйеге біріктіруге мүмкіндік берді. Біздің міндетіміз – инвестордың мәселесін күтпей, алдын ала жою. Инвестор өзінің құқығы мен заңды мүдделерінің мемлекет тарапынан сенімді қорғалатынына көз жеткізуі тиіс», – деді Бауыржан Ералы.
 
Форум барысында инвесторларды қорғаудың негізгі тетіктері таныстырылды. Олардың қатарында жобаларды сүйемелдеу, прокурорлық сүзгі, цифрлық мониторинг, Сараптамалық кеңестің жұмысы және инвестициялық дауларды сотқа дейін реттеу тетігі бар. Бүгінде әрбір инвестициялық жобаға дербес прокурор бекітіліп, ол жобаны іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдейді. Бұл ретте жұмыс тек инвесторлардың өтініштеріне ден қоюмен шектелмей, әкімшілік кедергілерді уақытылы анықтауға бағытталған.
 
Жыл басынан бері Павлодар облысында инвесторлардың 30 мәселесі шешілді. Олар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 673,8 млрд теңгені құрайды. Бұл жобалар аясында 4 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген.
 
Павлодар облысының прокуроры Алмат Байшолақов мұндай тәсілдер инвесторлардың мәселелерін тікелей өңірлік деңгейде шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
 
«Павлодар облысы үшін озық тәсілдермен жұмыс істеу – әкімшілік кедергілерді олардың инвестициялық жобалардың мерзімі мен тиімділігіне әсер ете бастағанға дейін анықтау маңызды. Инвесторлармен тікелей диалог және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелерді сол жерде жедел шешуге мүмкіндік береді», – деді Алмат Байшолақов.
 
Өңірдегі инвестициялық жұмыстың практикалық нәтижелерін іске асырылып жатқан жобалардан көруге болады. Ақсу қаласында «Кронос-Павлодар» ЖШС-ның 1,9 мың ірі қараға арналған сүт-тауар фермасын салу жобасының бірінші кезеңі іске асырылды. Жобаға 13,7 млрд теңге инвестиция салынды, 120 жұмыс орны құрылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 10 мың тонна өнімді құрайды.
Тағы бір мысал – «Қызылжар-Құс KZ» ЖШС. 2024 жылы компания Ақсу қаласындағы құны 2 млрд теңгеден асатын құс фабрикасының мүліктік кешенін сатып алды. Жаңа инвестор өндірісті қалпына келтіру мен жаңғыртуға қосымша 1 млрд теңгеден астам қаражат салды. Жылыту жүйесі қайта жаңғыртылып, өндірістік ғимараттар жөнделді және технологиялық процестер қалпына келтірілді. Нәтижесінде 200-ден астам жұмыс орны құрылды, оның 90%-ын өңір тұрғындары құрайды.
 
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар Павлодар облысының инвестициялық әлеуетін одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасау және инвесторлардың құқығын қорғау бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.
 
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1280319?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Павлодарской области прошел форум по защите прав инвесторов
 
В Павлодаре состоялся форум по защите прав инвесторов, объединивший представителей бизнеса и государственных органов. Участники обсудили сопровождение инвестиционных проектов, устранение административных барьеров и вопросы улучшения инвестиционного климата. Инвесторы напрямую обозначили проблемные вопросы и получили ответы от представителей государственных органов.
 
В форуме приняли участие председатель Комитета по защите прав инвесторов Бауыржан Ералы, аким Павлодарской области Асаин Байханов, прокурор Павлодарской области Алмат Байшулаков, представители государственных органов, инвесторы и бизнес-сообщество.
 
Павлодарская область является одним из ключевых инвестиционных регионов страны. Сегодня здесь реализуется 169 инвестиционных проектов общей стоимостью 13,7 трлн теңге, в рамках которых планируется создать более 24 тысяч рабочих мест.
 
Председатель Комитета по защите прав инвесторов Бауыржан Ералы отметил важность решений Главы государства по усилению системы защиты прав инвесторов.
 
«По поручению Главы государства Генеральный Прокурор наделен полномочиями Инвестиционного омбудсмена, а в качестве его рабочего органа создан Комитет по защите прав инвесторов. Это позволило объединить механизмы прокурорского надзора, сопровождения инвестиционных проектов и защиты прав инвесторов в единую систему. Наша задача – не ждать, когда проблема инвестора перерастет в спор, а выявлять и устранять барьеры на ранней стадии. Инвестор должен быть уверен, что его права и законные интересы находятся под надежной защитой государства», – отметил Бауыржан Ералы.
 
На форуме были представлены основные инструменты защиты инвесторов: сопровождение проектов, прокурорский фильтр, цифровой мониторинг, работа Экспертного совета и механизм досудебного урегулирования инвестиционных споров.
 
Сегодня за инвестиционными проектами закрепляются персональные прокуроры, которые сопровождают их на всех этапах реализации. При этом работа направлена не только на реагирование на обращения, но и на своевременное выявление административных барьеров.
 
С начала года в Павлодарской области разрешено 30 проблемных вопросов инвесторов. Общий объем инвестиций по ним составляет 673,8 млрд теңге, предусматривается создание более 4 тысяч рабочих мест.
 
Прокурор Павлодарской области Алмат Байшулаков подчеркнул, что такой подход позволяет решать вопросы непосредственно на региональном уровне.
 
«Для Павлодарской области важно работать на опережение – выявлять административные барьеры еще до того, как они начинают влиять на сроки и эффективность инвестиционных проектов. Прямой диалог с инвесторами и взаимодействие с государственными органами позволяют оперативно находить решения непосредственно на месте», – подчеркнул Алмат Байшулаков.
 
Практический эффект инвестиционной работы можно увидеть на примере реализуемых в регионе проектов.
 
В городе Аксу реализован первый этап проекта ТОО «Кронос-Павлодар» по строительству молочно-товарной фермы на 1,9 тыс. голов крупного рогатого скота. В проект инвестировано 13,7 млрд теңге, создано 120 рабочих мест. Производственная мощность предприятия составляет 10 тыс. тонн продукции в год.
Другой пример – ТОО «Кызылжар-Құс KZ», которое в 2024 году приобрело имущественный комплекс птицефабрики в городе Аксу стоимостью более 2 млрд теңге. После приобретения инвестор вложил еще более 1 млрд теңге в восстановление и модернизацию производства. Реконструирована система отопления, отремонтированы производственные помещения и восстановлены технологические процессы. В результате создано более 200 рабочих мест, 90% из которых занимают жители региона.
 
По итогам форума участники обсудили дальнейшее развитие инвестиционного потенциала Павлодарской области и подтвердили готовность к совместной работе по созданию благоприятных условий для реализации проектов и защите прав инвесторов.
 
Ссылка на сайт Комитета по защите прав инвесторов:

https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1280319?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы прокуратурасымен ірі туристік инвестжобаның жер мәселесі шешілді
 
Облыс прокуратурасы Ақкөл ауданындағы TÖR’RE/Wyndham Residences Aqkol инвестициялық жобасын сүйемелдеуде.

Жоба 40 қонақ үйін, 53 вилланы және 120 орындық Ramada Resort Aqkol қонақ үй кешенін салуды көздейді. Кейінгі кезеңдердегі инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асады, шамамен 240 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Сүйемелдеу барысында елді мекеннің шекарасын белгілеу және тиісті мәліметтерді Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына енгізу рәсімдерінің аяқталмауына байланысты жер-құқықтық кедергі анықталды.

Облыс прокуратурасының бастамасымен мәселе шешімін тапты. Қажетті жер-құқықтық рәсімдер жүргізіліп, инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға кедергілер жойылды.

Инвестициялық жоба толық іске асырылғанға дейін облыс прокуратурасының сүйемелдеуінде болады.
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1280482?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратурой Акмолинской области решен земельный вопрос крупного туристического инвестпроекта
 
Прокуратурой области сопровождается инвестиционный проект TÖR’RE/Wyndham Residences Aqkol в Аккольском районе.

Проект предусматривает строительство 40 гостевых домов, 53 вилл и гостиничного комплекса Ramada Resort Aqkol на 120 мест. Общий объем последующих инвестиций превышает 13 млрд теңге, предусмотрено создание порядка 240 рабочих мест.

В ходе сопровождения установлен земельно-правовой барьер, связанный с незавершенностью процедуры установления границ населенного пункта и внесения соответствующих сведений в Единый государственный кадастр недвижимости.

По инициативе прокуратуры области вопрос получил разрешение. Проведены необходимые земельно-правовые процедуры, что позволило устранить препятствия для дальнейшей реализации инвестиционного проекта.

Инвестиционный проект остается на сопровождении прокуратуры области до его полной реализации.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1280482?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM