Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.48K photos
3.15K videos
40 files
11.7K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
А Ң Д А Т П А

Осы аптада Бас прокуратураның телеграм арнасында:

🔶 Инвестордың құқығы қорғалды: Абай облысының прокуратурасы «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-не салынған заңсыз айыппұлды жоюға қол жеткізді. Инвестордың құқығы қалай қалпына келтірілді? Толығырақ біздің арнада!

🔶 Тұрғын үй кезегі қалпына келтірілді: ШҚО прокуратурасы үш кәмелетке толмаған баланы тұрғын үй кезегіне қайта қойды. Олардың құқықтары қалай қорғалды? Толығырақ бүгін!

🔶 535 млн теңге жасырылған табыс: Павлодар облысының прокуратурасы 53 жеке сот орындаушысының есепке алынбаған кірістерін анықтады. Бюджетке 63 млн теңгеден астам салық пен өсімпұл төленді. Прокуратура нені анықтады? Барлық мәліметтер біздің арнада!

🔶 Ауыл шаруашылығы жерлері қайта бөлінеді: Қостанай облысының прокуратурасы конкурс өткізу кезінде заң бұзушылықтарды анықтады. Аумағы 1129 га болатын 7 жер учаскесі қайтадан конкурсқа шығарылады. Заң бұзушылықтар қалай анықталды? Толығырақ бізден білесіздер!

🔶 21 мың га жер мемлекетке қайтарылды: Қостанай облысының прокуратурасы құны 112 млн теңгеден асатын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарды. Учаскелер енді қалай пайдаланылады? Барлық мәліметтер біздің арнада!

🔶 Пайдаланылмаған жерлер: Жетісу облысының прокуратурасы құны 44 млн теңге болатын шамамен 30 мың га жерді мемлекетке қайтарды. Жерлерге бұдан әрі не болады? Толығырақ біздің арнада!

🔶 Зейнеткерлерге 8 млн теңге төленді: Мұнайлы ауданының прокуратурасы білім беру саласында жұмыс істеген 70-ке жуық адамның құқықтарын қалпына келтірді. Төлемдер қалай қайтарылды? Толығырақ бізден білесіздер!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграмм арнасынан оқып, бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АНОНС
 
На этой неделе в нашем телеграм-канале Генеральной прокуратуры:

🔶 Права инвестора восстановлены: прокуратура области Абай добилась отмены незаконного штрафа для ТОО «KAZ MINERALS AKTOGAY». Как защитили инвестора? Подробности – на нашем канале!

🔶 Жилищные права восстановлены: прокуратура ВКО вернула троих несовершеннолетних в очередь на жильё с сохранением даты постановки на учёт. Как удалось защитить их права? Подробности - уже сегодня!
 
🔶 535 млн теңге неучтённых доходов: прокуратура Павлодарской области выявила нарушения у 53 частных судебных исполнителей. В бюджет поступило более 63 млн теңге налогов и пени. Что установила прокуратура? Все детали скоро на нашем канале!

🔶 Сельхозземли распределят заново: прокуратура Костанайской области выявила нарушения при проведении конкурса. 7 участков площадью 1129 га выставят повторно. Как выявили нарушения? Подробности расскажем первыми!

🔶 21 тыс. га земель возвращены государству: прокуратура Костанайской области вернула земли стоимостью свыше 112 млн теңге. Как использовали участки после изъятия? Все подробности — на нашем канале.

🔶 Неиспользуемые земли: прокуратура области Жетісу вернула государству около 30 тыс. га земли стоимостью 44 млн теңге. Что будет с участками дальше? Подробнее смотрите у нас на канале!

🔶 Пенсионерам выплатили 8 млн теңге: прокуратура Мунайлинского района восстановила права около 70 работников сферы образования. Как удалось добиться выплат? Подробности расскажем первыми!

Эти и другие новости читайте на телеграм-канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Тоғыз тағдыр»: «Қайтып келші»
 
Алтыншы серия — үйінен кетіп қалған қыз туралы. Ол өз үйінде өзін бөтен сезініп, үйден кетіп қалады.

Бұл оқиға жақын адамдарға көбірек көңіл бөліп, оларды тыңдап, түсінуге тырысу керектігін көрсетеді.

Келесі серияда қылмыстық жауаптылыққа әкелуі мүмкін көмек туралы оқиғаны көресіздер.

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1295060?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Тоғыз тағдыр»: «Пожалуйста, вернись»
 
Шестая серия девочки, которая покинула квартиру. Она ушла, став чужой в собственном доме.

Эта история учит быть внимательнее к близким, слушать и слышать их.

Следующий сюжет — о помощи, которая может привести к уголовной ответственности.

Ссылка на сайт прокуратуры города Астана:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1295060?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Тоғыз тағдыр» — балалардың өздері тап болмай тұрып, осындай жағдайлар туралы олармен алдын ала сөйлесуге мүмкіндік беретін оқиғалар. Бүкіл отбасыңызбен бірге көріңіздер.

«Тоғыз тағдыр» — о ситуациях, о которых важно говорить с детьми до того, как они столкнутся с ними сами. Смотрите всей семьёй.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтірілді
 
Абай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартуға әкеп соққан заң бұзушылықты анықтады.

Анықталғандай, Экология департаменті инвесторға қатысты мемлекеттік бақылаудың заңда көзделген тексеруін жүргізбестен және белгіленген рәсімді сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Прокуратураның наразылығы бойынша сот «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулының күшін жойды.

Сонымен қатар, сот анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атына жеке қаулы шығарды.

Бұдан бөлек, Экология департаменті басшысының орынбасары 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың олардың қызметіне негізсіз араласуына жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады.
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1295192?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В области Абай права инвестора восстановлены после вмешательства прокуратуры
 
Природоохранной прокуратурой области Абай выявлено нарушение, повлекшее незаконное привлечение ТОО «KAZ MINERALS AKTOGAY» к административной ответственности.

Установлено, что Департамент экологии возбудил в отношении инвестора дело об административном правонарушении без проведения предусмотренной законом проверки и соблюдения установленной процедуры государственного контроля.

По протесту прокуратуры суд отменил постановление о привлечении ТОО «KAZ MINERALS AKTOGAY» к административной ответственности.

Также суд вынес частное постановление в адрес Комитета экологического регулирования и контроля об устранении выявленных нарушений.

Кроме того, заместитель руководителя Департамента экологии привлечен к административной ответственности в виде штрафа 20 МРП.

Прокуратура продолжит работу по защите прав предпринимателей и инвесторов и недопущению необоснованного вмешательства государственных органов в их деятельность.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Абай:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1295192?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бас прокуратура қылмыстық істер бойынша кассациялық практиканы талдады
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сот реформасының нәтижесінде 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда кассациялық соттар құрылды.

Қылмыстық істер бойынша кассациялық соттың айрықша ерекшелігі – «жаппай кассацияның» енгізілуі болды. Бұл жүйе бойынша барлық қылмыстық істер судьялардың алдын ала қарауынсыз қайта қаралуға жатады.

Кассациялық соттың бөлек құрылып, «орталыққа» шоғырлануы республика бойынша бірыңғай сот практикасын қалыптастыруды көздейді.

Осы жағдайда, Бас прокуратура қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын тиімді қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарының негізсіз шектелуіне жол бермеуге және құқық қолданудың бірыңғай практикасын қалыптастыруға бағытталған құқық қорғау функциясын жүзеге асырады.

Прокурорлар мемлекет мүддесін қорғауға ғана емес, сонымен қатар сотталғандардың және қылмыстық процестің басқа да қатысушыларының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған.

Кассациялық өндіріс сатысында істі зерттейтін және сот отырысына қатысатын прокурор төменгі сатыдағы прокурорлардың ұстанымдарын формальды қолдаумен шектелмей, сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін дербес және бейтарап бағалайды.

«Жаппай кассацияның» енгізілуі қайта қаралған қылмыстық істер санының екі есе артуына мүмкіндік берді. Кассациялық соттың бір жылдық жұмысы барысында 1 717 адамға қатысты 1 320 қылмыстық іс қайта қаралды. Бұл ретте, сот актілерінің 30%-ы, соның ішінде прокурорлардың қорытындылары бойынша өзгертілді немесе күші жойылды.

Процесс қатысушыларының шағымдары бойынша 381 адамға қатысты сот актілерінің күші жойылды және өзгертілді. Олардың ішінде 10 сотталған толықтай, 15-і ішінара ақталды.  

Прокурордың наразылықтары бойынша 182 сотталғанның жағдайы жақсарды, 5 адам ақталды. Жекелеген жағдайларда сотталғандардың іс-әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықтардың онша ауыр емес құрамына қайта сараланды, жазасы жеңілдетілді нежазаның неғұрлым жеңіл түрі тағайындалды, қосымша жазалардың күші жойылды, түзеу мекемесінің түрі өзгертілді, қылмыстың қайталануы алынып тасталды.

Кассациялық қайта қараудың негізгі принциптерінің бірі – соттарда қылмыстық процеске қатысушылардың қорғалу құқығын қамтамасыз ету.

Мәселен, бір қылмыстық іс бойынша сот ісінің басқа мекемеде жазасын өтеп жатқан және жеке қатысуын қамтамасыз етуді сұраған сотталушының қатысуынсыз өткізілгені анықталды. Нәтижесінде ол сот талқылауына қатысу, өтініштер беру, жарыссөзге қатысу және соңғы сөз сөйлеу құқығынан айырылды.
Басқа жағдайда, сот кәмелетке толмағанға қатысты істі қарау кезінде қорғаушының жарыссөзге қатысуын шектеген.  

Аталған бұзушылықтар заңды күшіне енген сот актілерінің күшін жоюдың міндетті негіздері болды.

Мұндай фактілердің түбегейлі маңызы бар, себебі қылмыстық процесте қорғаушының қатысуы формальды сипатта болмауы тиіс, қорғау тарапы өз ұстанымын толық баяндауға және соттан тиісті баға алу мүмкіндігіне ие болуы керек.

Сонымен қатар прокурор қылмыстық процестің кез келген сатысында жазаның бұлтартпастығы принципінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Қарастырылған істердің талдау нәтижесі бірыңғай тәсілдерді жетілдіруді және қалыптастыруды талап ететін құқық қолдану практикасының мәселелерін көрсетті.

Атап айтқанда, Бас прокуратура кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу кезіндегі әрекеттерді дұрыс сараламаудың фактілерін анықтады.

Күдіктілердің әрекеттерінде ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілері болса да, олар жыныстық сипаттағы тиісу және аздыру ретінде сараланғандықтан, прокурорлардың наразылықтары бойынша 8 адамға қатысты сот актілерінің күші жойылып, істер жаңадан сот қарауына жіберілді.

Мысалы, Ж. 9 жасар қызды аздырғаны үшін сотталған. Кассациялық сот Бас прокуратураның наразылығы бойынша сот актілерінің күшін жойды. Іс жаңадан қаралғанда Ж. жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау саласында прокуратура органдары заңсыз алынған мүлікті және қылмыстық кірістерді толық тәркілеуді қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдануда.

Ағымдағы жылы қаражатты мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы 17 наразылық енгізілді. Мәселен, сотталған Е.-ден оның ұйымдастырған заңсыз ойын бизнесінен алынған қылмыстық кірісі тәркіленбеген. Прокуратураның наразылығы бойынша мемлекет кірісіне 2,8 млрд теңге өндіріп алынды. Тағы 4 қылмыстық іс бойынша мемлекет кірісіне 141 млн теңге өндірілді.

Осылайша, Бас прокуратура кассациялық қайта қарауға қатысу арқылы әрбір іске жеке баға беруді қамтамасыз етіп, бұзылған құқықтардың қалпына келтіруіне қол жеткізуде және бір мезетте мемлекет мүдделерін қорғау шараларын қабылдап, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен жазаның бұлтартпастығы принципі арасында әділ тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Генеральная прокуратура проанализировала практику кассации по уголовным делам
 
В результате судебной реформы по поручению Главы Государства с 1 июля 2025 года в Казахстане образованы кассационные суды.

Отличительной особенностью кассационного суда по уголовным делам стало внедрение «сплошной кассации», при которой все уголовные дела подлежат пересмотру без предварительного их рассмотрения судьями.

Создание обособленного кассационного суда с дислокацией «в центре» предполагает формирование судебной практики по всей республике.

В этих условиях Генеральная прокуратура реализует правозащитную функцию, направленную на эффективную защиту прав участников уголовного процесса, недопущение необоснованного ограничения прав и свобод человека и формирование единообразной правоприменительной практики.

Прокуроры ориентированы не только на защиту интересов государства, но и на восстановление нарушенных прав и законных интересов осужденных и других участников уголовного процесса.

На стадии кассационного производства прокурор, изучающий дело и участвующий в судебном заседании, не ограничивается формальным поддержанием позиции нижестоящих прокуроров, а самостоятельно и беспристрастно оценивает законность и обоснованность судебных актов.

Внедрение «сплошной кассации» позволило вдвое увеличить количество пересмотренных уголовных дел. 

За год работы кассационного суда пересмотрено 1 320 уголовных дел в отношении 1 717 лиц. При этом 30% судебных актов изменены либо отменены, в том числе по заключениям прокуроров.

По жалобам участников процесса отменены и изменены судебные акты в отношении 381 лица. Из них 10 осужденных полностью оправданы, 15 – частично.

По протестам прокуратуры улучшено положение 182 осужденных, 5 лиц оправданы. В отдельных случаях действия осужденных переквалифицированы на менее тяжкие составы уголовных правонарушений, снижено наказание либо назначен более мягкий его вид, отменены дополнительные наказания, изменен вид исправительного учреждения, исключен рецидив.

Одним из ключевых принципов кассационного пересмотра является обеспечение в судах права участников уголовного процесса на защиту.

К примеру, по одному из уголовных дел установлено, что судебное разбирательство проведено в отсутствие подсудимого, отбывавшего наказание в другом учреждении и просившего обеспечить его личное участие. В результате он был лишен возможности участвовать в судебном разбирательстве, заявлять ходатайства, выступать в прениях и с последним словом.
В другом случае при рассмотрении дела в отношении несовершеннолетнего суд ограничил участие защитника в прениях.

Указанные нарушения стали безусловными основаниями для отмены вступивших в законную силу судебных актов.

Подобные факты имеют принципиальное значение, поскольку участие защитника в уголовном процессе не должно носить формальный характер, а сторона защиты должна иметь возможность полноценно изложить свою позицию и получить ей соответствующую оценку суда.

Одновременно прокурор на любой стадии уголовного процесса должен обеспечивать соблюдение принципа неотвратимости наказания.

Анализ рассмотренных дел выявил вопросы правоприменительной практики, требующие совершенствования и выработки единых подходов.

Так, Генеральной прокуратурой выявлены факты неправильной квалификации деяний при посягательстве на половую неприкосновенность несовершеннолетних.

В связи с квалификацией действий лиц как приставание сексуального характера и развращение, несмотря на наличие признаков более тяжких уголовных правонарушений, по протестам прокуроров судебные акты в отношении 8 лиц отменены с направлением дел на новое судебное рассмотрение.

Например, Ж. был осужден за развращение девятилетней девочки. По протесту Генеральной прокуратуры кассационный суд отменил судебные акты. При новом рассмотрении дела Ж. осужден за насильственные действия сексуального характера к пожизненному лишению свободы.

В сфере защиты экономических интересов государства органы прокуратуры принимают меры по обеспечению полной конфискации незаконно добытого имущества и преступных доходов.

За истекший год внесено 17 протестов о взыскании денежных средств в доход государства.

Так, с осужденного Е. не был конфискован преступный доход от организованного им незаконного игорного бизнеса. По протесту прокуратуры в доход государства взыскано 2,8 млрд теңге.

Еще по четырем уголовным делам в доход государства взыскан 141 млн теңге.

Таким образом, Генеральная прокуратура при участии в кассационном пересмотре обеспечивает индивидуальную оценку каждого дела, добивается восстановления нарушенных прав и одновременно принимает меры по защите интересов государства, обеспечивая справедливый баланс между правами участников уголовного процесса и принципом неотвратимости наказания.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО-да прокуратура араласқаннан кейін үш жетім бала тұрғын үй кезегіне қайта қойылды
 
Риддер қаласының прокуратурасымен халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқықтарының сақталуына жүргізген талдаутұрғын үй алу кезегінде тұрған үш жетім баланың есептен заңсыз шығарғанын анықтады.

Оларды кезектен шығаруға Риддер қаласында уақытша тұрмауы, сондай-ақ бастапқы есепке қоюды растайтын құжаттардың жоғалуы негіз болған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды.

Үш кәмелетке толмағанның барлығы бастапқы кезекке қойылған күні сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта қойылды.

Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының тұрғын үй құқықтарын қорғау жұмысы жалғасуда.
 
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1295453?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В ВКО после вмешательства прокуратуры трое сирот восстановлены в очереди на жилье
 
Прокуратурой города Риддер в ходе анализа соблюдения прав социально уязвимых слоев населения на обеспечение жильем установлены факты незаконного снятия с учета трех детей-сирот, состоявших в очереди на получение жилья.

Основанием для их исключения послужили временное не проживание в городе Риддер, а также утрата документов, подтверждающих первоначальную постановку на учет.

По акту прокурорского надзора права указанных лиц защищены.

Все трое несовершеннолетних восстановлены на учете с сохранением первоначальной даты постановки в очередь.

Работа по защите жилищных прав социально уязвимых категорий граждан продолжается.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1295453?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура жеке сот орындаушылардан 535 млн теңге есепке алынбаған кірісті анықтады
 
Павлодар облысының прокуратурасы жеке сот орындаушылардың кірістерін жасыру фактілерін анықтады.
 
Салық тәртібіне жүргізілген талдау барысында тексерілген 73 жеке сот орындаушының 53-інде көрсетілмеген кірістер болғаны анықталды.
 
Прокуратураның араласуынан кейін 535,6 млн теңге ерікті түрде декларацияланды.
 
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бюджетке 53 млн теңгеден астам жеке табыссалығы есептеліп, төленді.
 
Сонымен қатар, салықтарды уақтылы төлемегені үшін 10,2 млн теңге өсімпұл өндірілді.
 
Салық міндеттемелерінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.
 
Анықталған бұзушылықтарды жоймаған жеке сот орындаушыларына қатысты салықтық тексерулер жүргізу мәселесі қаралуда.
 
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1295510?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура выявила у частных судебных исполнителей 535 млн теңге неучтённых доходов
 
Прокуратура Павлодарской области выявила факты сокрытия доходов частными судебными исполнителями.
 
В ходе анализа налоговой дисциплины установлено, что из 73 проверенных судебных исполнителей 53 имели неотражённые доходы.
 
После вмешательства прокуратуры добровольно задекларировано 535,6 млн теңге.
 
По итогам камерального контроля в бюджет начислено и уплачено более 53 млн теңге индивидуального подоходного налога.
 
Кроме того, взыскано 10,2 млн теңге пени за несвоевременную уплату налогов.
 
Работа по обеспечению полноты и своевременности уплаты налогов продолжается.
 
В отношении ЧСИ, не устранивших нарушения, рассматривается вопрос о проведении налоговых проверок.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Павлодарской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1295510?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада притон жойылды
 
Астана қаласында притон ұйымдастыру, оның ішінде кәмелетке толмағандарды тарту арқылы ұйымдастырылған қылмыстық топтың 15 мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқтады.

Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде екі апалы-сіңлілі өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырғаны анықталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген.

Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген.

Бұдан бөлек, қылмыскерлер клиенттердің алкогольдік масаң күйін пайдаланып, оларға күш қолданып, ақшалай қаражаттарын бопсалаған, сондай-ақ оларды жалға алынған пәтерлерде заңсыз ұстаған.

Барлық 15 қатысушы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.

Елорда прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.

Айыпталушылардың әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға сот отырысы барысында беріледі.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1295702?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Астане ликвидирован притон
 
В Астане завершено расследование уголовного дела в отношении 15 участников ОПГ, обвиняемых в организации притона, в том числе с вовлечением несовершеннолетних.

Следствием установлено, что в период с 2023 по 2025 годы две сестры со своими супругами создали притон в жилых комплексах для оказания сексуальных услуг.

В состав ОПГ входили охранники, администраторы, а также лица, занимавшиеся рекламой услуг через социальные сети и мессенджеры.

Организаторы искали девушек в ночных клубах города, обещая им высокий доход, проживание, безопасность и конфиденциальность.

Помимо этого, преступники, пользуясь состоянием алкогольного опьянения клиентов, применяли к ним физическую силу, вымогали денежные средства и незаконно удерживали в съемных квартирах.

Все 15 участников задержаны, в отношении них избрана мера пресечения в виде содержания под стражей и домашнего ареста.

Прокуратурой столицы уголовное дело направлено в суд.

Окончательная правовая оценка действиям обвиняемого будет дана в ходе судебного заседания.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1295702?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атырау облысының прокуроры «KAZDRILLING-2026» конференциясына қатысты
 
Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев мұнай-газ саласының мәселелеріне арналған III жыл сайынғы «KAZDRILLING-2026» конференциясына қатысты.

Сонымен қатар аталған конференцияға Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, облыс әкімі Болат Ақшулақов, «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев және өңірдің ірі инвесторлары қатысты.

Өз сөзінде ол инвесторлардың құқықтарын қорғаудың, мемлекеттік органдардың бизнес қызметіне заңсыз араласуына жол бермеудің және «прокурорлық сүзгі» тетігін қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ еңбек құқықтарының сақталуы, өндірістік қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі және кәсіпкерлермен ашық диалог мәселелері көтерілді.

Сөзінің соңында облыс прокуроры қадағалау органы мұнай-газ секторында заңдылықтың сақталуын жүйелі түрде бақылауды жалғастыратынын, инвесторлар үшін ашық жағдайлар және сала мамандары үшін қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ететінін атап өтті.
 
Атырау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1295847?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Прокурор Атырауской области принял участие в конференции «KAZDRILLING-2026»
 
Прокурор Атырауской области Мадияр Басшыбаев принял участие в III ежегодной конференции «KAZDRILLING-2026», посвященной вопросам нефтегазовой отрасли.

Также на этой конференции участвовали вице-министр энергетики Ерлан Ақбаров, аким области Болат Акчулаков, председатель президиума НПП «Атамекен» Канат Шарлапаев и крупные инвесторы региона.

В своем выступлении он отметил важность защиты прав инвесторов, недопущения незаконного вмешательства государственных органов в деятельность бизнеса и применения механизма «прокурорского фильтра».

Также были затронуты вопросы соблюдения трудовых прав, обеспечения производственной безопасности и открытого диалога с предпринимателями.

В завершение прокурор области подчеркнул, что надзорный орган продолжит системно контролировать соблюдение законности в нефтегазовом секторе, обеспечивая прозрачные условия для инвесторов и безопасную рабочую среду для специалистов отрасли.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Атырауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1295847?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы құны 112 миллион теңгеден асатын жерді мемлекетке қайтарды
 
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі учаскелерді ұзақ уақыт пайдаланбай жүрген жер заңнамасын өрескел бұзушылықтарды анықтады.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша сот жосықсыз жер пайдаланушылардан жерді мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылдады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 112 476 501 теңге болатын 21 388,8 га жайылым мен егістік жер іс жүзінде мемлекеттік меншікке қайтарылды. Сонымен бірге, осы учаскелер Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЖМБМК) базасында тіркеуден алынып тасталды және жерлер мемлекетке ресімделді.

Қайтарылып алынған активтер ауданның арнайы жер қорына аударылды және шаруашылық жүргізу және өңірдегі жайылым тапшылығын жою үшін жергілікті тұрғындар мен адал фермерлер арасында конкурстық негізде бөлінетін болады.

Аталған бағытта жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.
 
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1296125?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM