Қазақстан Бас прокуратурасы
17.2K subscribers
3.6K photos
3.23K videos
40 files
12K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астана қаласы Сарыарқа ауданында азаматтарды мобильді қабылдау өткізілді
 
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және «Заң және Тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде, 2025 жылғы 12 сәуірде Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасымен арнайы жылжымалы пунктті пайдалана отырып, азаматтарды мобильді қабылдау өткізілді.

Іс-шара прокуратурамен уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ұйымдастырылып, шалғай елді мекендердің тұрғындарына және стационарлық қабылдау орындарына келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік органдармен тікелей кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Қабылдау барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, жазбаша өтініштер қабылданып, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралатын болады.

Мобильді қабылдаудың бұл форматы халық пен мемлекеттік органдар арасында тиімді өзара іс-қимылды жолға қоюға, сондай-ақ азаматтарды толғандыратын мәселелерге жедел әрекет етуге ықпал етті.

Заңдылықты нығайту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Прокурорлар алдағы уақытта мобильді қабылдауларды тұрақты түрде өткізуді жалғастырады.

#ЗАҢменТӘРТІП

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/983867?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Проведён мобильный приём граждан в Сарыаркинском районе города Астаны
 
В рамках реализации принципа «Слышащее государство» и нарратива «Закон и Порядок», 12 апреля 2025 года прокуратурой района «Сарыарка» города Астаны проведён мобильный приём граждан с использованием специального передвижного пункта.

Мероприятие организовано прокуратурой района совместно с уполномоченными государственными органами в целях повышения доступности обратной связи с населением, особенно для жителей отдалённых населённых пунктов и граждан с ограниченными возможностями, не имеющих возможности обратиться в стационарные приёмные.

В ходе приёма гражданам были даны разъяснения по актуальным вопросам, затрагивающим их права и законные интересы. Также приняты письменные обращения, которые будут рассмотрены в установленном законодательством порядке.

Проведение выездного формата приёма позволило наладить эффективную коммуникацию между населением и государственными органами, а также способствовало оперативному реагированию на волнующие граждан вопросы.

В целях укрепления законности и обеспечения правопорядка прокуроры продолжат практику мобильных приёмов.

#ЗАКОНиПОРЯДОК

Ссылка на сайт прокуратуры города Астана:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/983867?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу – қадағалаудың басым бағыты
 
«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Ақтөбе қаласында облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен, облыс прокуроры және мүдделі органдардың басшыларының қатысуымен Өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті, жиында үш ірі инвестициялық жобаны құқықтық сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Мұғалжар ауданында карбамид өндіретін азот тыңайтқыштар зауытының құрылысы (инвестиция көлемі – 820 млрд теңге), шыны ыдыс өндірісі (инвестиция көлемі – 34 млрд теңге), сондай-ақ «Coca-Cola Icecek» зауытының құрылысы (инвестиция көлемі – 32 млрд теңге) қаралды.

Облыс прокуроры Марат Әбішев инвесторлардың құқықтарын қорғау және жобаларды іске асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету – прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Ол қатысушыларға құқықтық рәсімдердің толық сақталуын бақылап, жан-жақты қолдау көрсетуге қадағалаушы орган дайын екенін жеткізді.

«Прокуратура барлық инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеудің заңды тұстарын бақылауға алады. Біз кез келген құқықтық кедергілер мен әкімшілік тосқауылдарға жедел әрекет етуге дайынбыз, инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруды қамтамасыз етеміз» — деді Марат Әбішев.

Облыс әкімі Асхат Шахаров прокуратураның ағымдағы жылдың II және III тоқсандарында іске асырылуы жоспарланған Жалпыұлттық инвестициялық пулдағы келесі 10 жобаны талқылауға шығаруға қатысты ұсынысын қолдады.

Аталған жобалар қатарында: KazFeltek – жүн өңдеу және тоқыма емес материалдар өндірісі цехы; Қазақстан электролиз зауыты – жел электр станциясының құрылысы; «Бенкала» кен компаниясы – темір кендерін құрғақ магниттік сепарациялау фабрикасы және басқа да бірқатар жобалар бар.

Облыс әкімдігі, прокуратура, «Kazakh Invest» АҚ, «Атамекен» ӨКП және басқа да мүдделі ведомстволар өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруда.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/983982?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Правовое сопровождение инвестпроектов – приоритет надзора
 
В рамках идеологии «Закон и Порядок» в Актобе под председательством акима области Асхата Шахарова с участием прокурора области и других руководителей заинтересованных органов состоялось заседание Регионального инвестиционного штаба, где обсуждены вопросы правового сопровождения 3-х масштабных инвестпроектов.

В их числе строительство фабрики по выпуску азотных удобрений карбамида в Мугалжарском районе (объем инвестиции составляет 820  млрд тенге), производство стеклотар (объем инвестиции 34 млрд тенге), завода «Coca-Cola Iceсеk» (объем инвестиции 32 млрд тенге).

Прокурор области Марат Абишев подчеркнул, что защита прав инвесторов и обеспечение законности в реализации проектов — одно из приоритетных направлений деятельности прокуратуры.

Он заверил участников заседания в готовности надзорного органа оказывать всестороннюю поддержку и контролировать соблюдение всех правовых процедур.

«Прокуратура области берет под контроль все юридические аспекты сопровождения инвестиционных проектов. Мы готовы оперативно реагировать на любые правовые препятствия и адмбарьеры, обеспечивав благоприятные условия для инвесторов» — отметил Марат Абишев.

Акимом области Асхатом Шахаровым поддержано предложение прокуратуры овынесении на обсуждение следующих 10 проектов из Общенационального пула инвесторов, которые планируется завершить во II и III кварталах текущего года.

Среди них: KazFeltek – цех по обработке шерсти и производству нетканых материалов; Казахстанский электролизный завод – строительство ветроэлектростанции; Горнорудная компания «Бенкала» – фабрика по сухой магнитной сепарации железных руд, а также ряд других проектов.

Акимат, прокуратура области, АО «KazahInvest», РПП «Атамекен» и др. заинтересованные ведомства продолжают совместную работу по созданию благоприятного инвестиционного климата в регионе.

#Закон_и_Порядок
#ЗАКОНиПОРЯДОК  
#Ответственность

Ссылка на сайт прокуратуры Актюбинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/983982?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстау облысының прокурорлары «Тәрбиелі ұрпақ – қауіпсіз қоғам» атты акциясын өткізді
 
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокурорлар «Тәрбиелі ұрпақ – қауіпсіз қоғам» атты ауқымды акция өткізіп, бір мезгілде облыстағы барлық білім беру ұйымдарына кездесуге барды. 
 
Іс-шара барысында прокурорлар өңірдегі университет пен колледждердің 2 мың студенттері және 60 мың мектеп оқушыларымен кездесті.
 
Бұл акция - «Прокурор тәрбиесі»жобасының бір бөлігі.
 
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңды сақтау маңыздылығын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
 
Сонымен қатар Н.Жантурин атындағы музыкалық-драма театрында жоғары сынып оқушыларының бір бөлігіне арнапжас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Жолайрық» атты спектаклі қойылды.
 
Сондай-ақ ерекше көзге түскен, белсенді және үлгілі жасөспірімдер облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.
 
Бұдан бөлек, профилактикалық есепте тұрған балалармен жеке жұмыстар жүргізілетін болады.
 
«Әр баланың өмірі мен әл ауқаты - ел болашағының кепілі. Біз девиантты мінез-құлық танытатын балаларға қамқоршылық және патронаждық көмек көрсету тәжірибесін енгіздік. Бұл – 400-ден астам жасөспірім. Олардың әрқайсысына жауапты прокурор бекітілді. Біздің ұранымыз - Мен сенің досыңмын және мен сен үшін жауаптымын», – деп түйіндеді облыс прокуроры Айдос Майлыбаев.
 
#Заң_мен_Тәртіп

Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/984100?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры Мангистауской области провели акцию «Тәрбиелі ұрпақ - қауіпсіз қоғам»
 
В рамках реализации принципа «Закон и Порядок» прокуроры провели масштабную акцию «Тәрбиелі ұрпақ – қауіпсіз қоғам», одновременно посетив все образовательные учреждения области.
 
В ходе мероприятия прокуроры встретились с 2 тыс студентами регионального университета и колледжей, а также 60 тыс школьниками.
 
Акция является частью проекта «Прокурор тәрбиесі».
 
Цель мероприятия – повышение правовой культуры несовершеннолетних, разъяснение важности соблюдения закона и профилактика правонарушений.
 
Также, для отдельных учащихся старших классов в Музыкально-драматическом театре имени Н.Жантурина была представлена театральная постановка спектакля «Жолайрық», направленного на воспитание подрастающей молодежи.
 
Кроме того, наиболее отличившиеся, активные и образцовые подростки поощрены благодарственными письмами прокурора области.
 
Вместе с тем, с детьми, состоящими на профилактическом учете, будет проводиться индивидуальная работа.
 
«Жизнь и благополучие каждого ребёнка – залог будущего нашей страны.Мы ввели практику шефства и патронажа над детьми с девиантным поведением. Это более 400 подростков. За каждым из них закреплен ответственный прокурор. Наш девиз – Я твой друг и я в ответе за тебя!», - отметил прокурор области Айдос Майлыбаев.
 
#Закон_и_Порядок

Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:


https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/984100?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Республикалық спартакиаданың жеңімпаздары анықталды
 
Шымкент қаласында прокуратура органдары қызметкерлерінің арасындағы республикалық спартакиада өз мәресіне жетті.

Бұл спорттық бәсеке еліміздің барлық өңірлерінен жиналған прокурорлар үшін бірлік пен ерік-жігерді сынайтын маңызды алаңға айналды.

Нәтижесінде командалық есепте бірінші орынды Бас әскери прокуратурасы жеңіп алды. Екінші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті командасы иеленсе, үздік үштікті Ұлытау облысы прокуратурасы түйіндеді.

Гир көтеру бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен — Бас көлік прокуратурасының қызметкері. Арқан тартыс сайысында мықтылығын дәлелдеген —  Жетісу облысының командасы. 400 метрлік эстафетада шапшаңдығымен көзге түскен —  Бас әскери прокуратурасы.

1000 метр жүгіруден ерлер арасында бірінші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілі иеленсе, әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден жеңіске Бас әскери прокуратурасы жетті.

Қол күрес бойынша 70 кг-ға дейін жеңіс Қостанай облысы   командасына бұйырды, ал 70кг-нан жоғары - Алматы қаласы командасы жеңіске жетті .

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы марапаттар, дипломдар мен кубоктар табысталды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл дәстүрлі жарыс алдағы жылдары да жалғасын табатынын атап өтті.

#ЗАҢменТӘРТІП

Шымкет қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/984213?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Определены победители республиканской спартакиады
 
В городе Шымкент завершилась республиканская спартакиада среди сотрудников органов прокуратуры Республики Казахстан.

Спортивное мероприятие стало символом единства, силы духа и профессионального братства среди работников прокуратуры.

По итогам соревнований в командном зачёте первое место заняла команда Главной военной прокуратуры. Второе место досталось Комитету по правовой статистике и специальным учётам, третье – у прокуратуры Улытауской области.

В гиревом спорте лучший результат показал представитель Главной транспортной прокуратуры. В перетягивании каната первенствовала команда Жетысуской области. В эстафете на 400 метров победу одержала команда Главной военной прокуратуры.

В забеге на дистанцию 1000 метров среди мужчин первое место занял представитель Комитета по правовой статистике и специальным учётам, а среди женщин на дистанции 500 метров первенствовала команда Главной военной прокуратуры.

В соревнованиях по армрестлингу в весовой категории до 70 кг победу одержала команда Костанайской области, а в категории свыше 70 кг — команда города Алматы.

Все победители и призёры были награждены кубками, дипломами и памятными подарками.

Организаторы выразили благодарность участникам и подчеркнули, что традиция проведения спартакиады будет продолжена в последующие годы.

#ЗАКОНиПОРЯДОК

Ссылка на сайт прокуратуры города Шымкент:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/984213?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌 Дүйсенбі

🔹 Бизнеске – қолдау, өңірге – даму! Жамбыл облысы прокуратурасының қолдауымен бірегей туристік жоба – этно-демалыс аймағы іске асты. Бұл тек 4,2 млн теңге инвестиция ғана емес, сонымен қатар өңір экономикасына нақты үлес. Толығырақ — сілтеме арқылы!

🔹Еңбексіз қоғамдық жұмыс: Маңғыстау облысында прокуратура сотталғандардың жаза өтеуін формалды орындағанын анықтады. Жауапкершілік кімге жүктеледі? Барлық мәлімет — осында!

🔹Алимент — қалаумен емес, заңмен! Ақмола облысында прокуратура үш жыл бойы балаларын асырауға 1,17 млн теңге төлемеген азаматты жауапкершілікке тартты. Қандай жаза тағайындалды — сілтемеден қараңыз!

📌 Сейсенбі

🔹Ластағаның үшін – айыппұл: БҚО-да прокуратура атмосфераға 264 тоннадан астам зиянды заттардың рұқсатсыз шығарылғанын анықтап, компанияға 739 млн теңге төлеуді міндеттеді. Компания қалай жауап берді — оқыңыз!

🔹Жаппай улану: Павлодар облысында мейрамханада 56 адамның улануына кінәлі тұлғаға үкім шықты. Ол қандай жаза алды — осы жерден қараңыз!

🔹Мұғалімдердің құқықтары қорғалды: СҚО прокурорлары 295 қызметкердің еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтап, 37,6 млн теңге өтемақы төленуіне қол жеткізді. Толығырақ — мұнда!

📌 Сәрсенбі

🔹80 млн теңге бюджетке қайтарылды: Ақтөбе облысының прокуратурасы медициналық қызмет көлемінің асыра көрсетілгенін және заңсыз көмек көрсетілгенін анықтады. Тұрғындардың құқықтары қалай қорғалды және кім жауапқа
тартылды — біліңіз!


🔹Балабақшадағы зорлық: Ұлытауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрғаны үшін сотталды. Ол қандай жаза алды және не күтіп тұр? Сілтемеден оқыңыз!

🔹Жауапсыздық үшін – жауапкершілік: Түркістан облысында алимент төлемеген борышкерлер сотталды. Прокуратура 20 млн теңгеден астам сомаға қатысты 4 қылмыстық істі сотқа жолдады. Толығырақ — осы жерде!

📌 Бейсенбі

🔹Әдепсіз әрекеттер: Алматыда 12 жастағы оқушыға әлеуметтік желі арқылы анайы ұсыныс жасаған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімі — сілтемеде.

🔹«Набережная» құрылысына бөлінген қаржы жымқырылды: Ақмола облысында 170 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған күдіктілер ұсталды. Кім кінәлі және қандай жаза күтіп тұр — осында оқыңыз.

🔹Жасанды интеллект, дрондар және жағдайлық орталық: СҚО прокуратурасы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін заманауи технологияларды енгізуде. Бұл өзгерістер қалай көмектеседі — сілтеме арқылы көріңіз.

📌 Жұма

🔹Жолаушылардың құқығы қорғалды: SCAT әуе компаниясы «Өскемен–Астана» рейсінің сегіз сағаттан астам кешігуіне байланысты тиісті жағдай жасамағаны үшін айыппұлға тартылды. Компания қанша айыппұл төлейді? Толығырақ — мұнда.

🔹Мәңгі есте: Жамбыл облысында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға Бас Прокурор Берік Асылов қатысты. Толығырақ — сілтемеде.

🔹Заң арқылы тәрбие: Маңғыстау облысында «Тәрбиелі ұрпақ
– қауіпсіз қоғам» акциясы өтті. 60 мыңнан астам оқушы мен студент қамтылды. Прокурорлар кездесулер өткізіп, спектакль қойып, есепте тұрған жасөспірімдермен
жеке жұмыс жүргізді. Толығырақ — осында.

Осыжәне басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Напоминаемо главных и актуальных новостях прошедшей недели.

📌 Понедельник

🔹 Бизнесу — помощь, региону — развитие! Благодаря содействию прокуратуры Жамбылской области реализован уникальный туристический проект — этно-зона отдыха. Это не только 4,2 млн тенге инвестиций, но и реальный вклад в экономику. Все подробности — по ссылке!

🔹Общественные работы без труда: в Мангистау прокуратура выявила фиктивное исполнение наказания осуждёнными. Кто понесёт наказание за неисполнение? Все подробности — здесь!

🔹Алименты — не по желанию, а по закону: в Акмолинской области прокуратура добилась привлечения к ответственности должника, который три года не платил на содержание детей. Сумма выплат — 1,17 млн тенге. Какое наказание ему назначили — смотрите здесь!

📌 Вторник

🔹Штраф за загрязнение: в ЗКО прокуратура установила сверхнормативные выбросы 264 тонн загрязняющих веществ в атмосферу и обязала компанию заплатить 739 млн тенге. Как компания ответила за нарушение эконорм — читайте здесь!

🔹Массированное отравление: в Павлодарской области вынесен приговор виновному в отравлении 56 граждан в ресторане. Какой срок он получил — читайте здесь!

🔹Права работников образования защищены: прокуроры СКО выявили нарушения трудового законодательства в отношении 295 работников и добились выплат на 37,6 млн тенге. Подробности — здесь!

📌 Среда

🔹80 млн тенге возвращены в бюджет: прокуратура Актюбинской области выявила завышение объёмов медицинских услуг и
незаконное оказание помощи. Как были восстановлены права жителей и кто понёс ответственность — читайте здесь!

🔹Насилие в детском саду: в
Улытау воспитательницу детского сада осудили за избиение ребёнка. Какой ей дали срок и какое наказание грозит? Читайте здесь!

🔹Ответственность за безответственность: в Туркестанской области осуждены должники по алиментам. Прокуратура направила всуд 4 уголовных дела на сумму более 20 млн тенге. Какова судьба должников? Читайте здесь!

📌 Четверг

🔹Безнравственные действия: в Алматы осуждён мужчина за непристойные предложения 12-летней школьнице через
соцсети. Жителю Туркестанской области назначено 7 лет лишения свободы. Как суд наказал обвиняемого? Читайте здесь!

🔹Расхищение средств на строительство «Набережной»: в Акмолинской области задержаны подозреваемые в хищении свыше 170 млн тенге в рамках проекта. Кто стоит за хищением и что грозит виновным? Узнайте все детали.

🔹Искусственный интеллект, дроны и ситуационный центр: прокуратура СКО внедряет современные технологии для профилактики правонарушений. Как это облегчит работу — смотрите по ссылке.

📌 Пятница

🔹Права пассажиров восстановлены: авиакомпания SCAT оштрафована за более чем восьмичасовую задержку рейса «Усть-Каменогорск–Астана» без предоставления надлежащих условий. Сколько они обязаны заплатить? Подробности — здесь.

🔹Память жива: в Жамбылской области прошло торжественное мероприятие в честь Героя Советского Союза Бауыржана Момышулы и 80-летия Великой Победы с участием Генерального прокурора Берика Асылова. Подробнее — по ссылке.

🔹Воспитание через закон: в
Мангистауской области прошла акция «Тәрбиелі ұрпақ – қауіпсіз қоғам», охватившая более 60 тыс. школьников и студентов. Прокуроры провели встречи, театральные постановки и индивидуальные беседы с подростками, состоящими научёте. Подробности — здесь.

Этии другие новости читайте в нашем телеграм канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шағын футболдан чемпионат өтті
 
2025 жылғы 25 сәуірде Ақмола облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жауынгер» облыстық күш құрылымдарының қызметкерлері арасындағы кешенді спартакиада аясында шағын футболдан чемпионат өтті.

Турнирдің қатысушылары мен қонақтарына салтанатты сөз сөйлеген Ақмола облысының прокуроры, облыстық  «Жекпе-жек өнері қауымдастығының» президенті Руфат Құттықов былай деді:
 
«Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жауынгерлік спартакиадасының шағын-футбол чемпионатының ашылуымен құттықтаймын!

Бұл мереке – әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын қасиетті күн. 80 жыл бұрын халқымыз фашизмге қарсы күресте ерен ерлік көрсетіп, болашақ ұрпақ үшін бейбіт өмір сыйлады.

Ұйымдастырылған турнир – жай ғана спорттық жарыс емес, бұл – ерлік пен патриотизмнің, бірлік пен рухтың нышаны.

Бүгін біз бейбіт өміріміз үшін жанын қиған батырларымызға тағзым ете отырып, олардың ерлік дәстүрін жалғастырып келеміз.

Сіздер – елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзеткен бүгінгі күннің жауынгерісіздер. Осы турнир күш-жігерді шыңдайтын, достық пен ынтымақты арттыратын маңызды алаң.

Баршаңызға сәттілік, командалық рух және жеңіс тілеймін! Жеңіс рухы жүректеріңізде мәңгі жасасын!Батырларымызға тағзым, жарысымызға сәттілік!».
 
Ойындар жоғары деңгейдегі дайындықты, жеңіске деген жігер мен қарсыластарға құрметті көрсете білген әр команда үшін ерекше әсерлі, эмоцияға толы атмосферада өтті.
 
Турнир нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
 
∙ 1 орын — Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті

∙ 2 орын — Ақмола облысының Полиция департаменті

∙ 3 орын — Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп –тексеру департаменті
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнир жағымды нотада аяқталып, қатысушылар мен көрермендерге спорттық бауырмалдық пен мереке рухын сыйлады.

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/984382?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Акмолинской области состоялся чемпионат по мини-футболу, приуроченный к 80-летию Великой Победы
 
25 апреля 2025 года в Акмолинской области прошёл чемпионат по мини-футболу в рамках комплексной спартакиады среди сотрудников областных силовых структур «Жауынгер», посвящённый 80-летию Победы в Великой Отечественной войне.

С торжественным словом к участникам и гостям турнира обратился прокурор области, президент «Ассоциации боевых искусств» Акмолинской области Руфат Куттуков:
 
«Поздравляю вас с открытием военно-спортивной спартакиады по мини-футболу, посвящённой 80-летию Великой Победы!

Этот праздник – священный день, который занимает особое место в сердце каждого казахстанца. 80 лет назад наш народ проявил героизм в борьбе с фашизмом и подарил будущим поколениям мирную жизнь.

Проводимый турнир – это не просто спортивное соревнование, а символ мужества и патриотизма, единства и духа.

Сегодня, преклоняясь перед подвигом наших героев, отдавших жизнь за мир, мы продолжаем их славную традицию.

Вы – защитники, обеспечивающие порядок и безопасность в наше время. Этот турнир – важная площадка, которая укрепляет силу духа, дружбу и сплочённость.

Желаю всем удачи, командного духа и побед! Пусть дух Победы вечно живёт в ваших сердцах! Слава нашим героям, успехов нашему турниру!».
 
Игры прошли в захватывающей, эмоциональной атмосфере, где каждая команда продемонстрировала высокий уровень подготовки, стремление к победе и уважение к соперникам.
 
По итогам турнира места распределились следующим образом:
 
∙ 1 место —Департамент по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области

∙ 2 место —Департамент полиции Акмолинской области

∙ 3 место —Департамент экономических расследований по Акмолинской области
 
Победители и призёры были отмечены Кубками, медалями и памятными подарками. Турнир завершился на позитивной ноте, оставив у участников и зрителей чувство спортивного братства и праздника.

#ЗАКОНиПОРЯДОК

Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/984382?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокурорлар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты
 
Бүгін, Астана қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша өтетін жыл сайынғы экологиялық айлықтар аясында Бас прокуратура, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы және Активтерді қайтару комитетінің басшылығы мен қызметкерлері Бас прокуратура ғимаратының аумағын, Ә.Бөкейхан және Керей - Жәнібек хандар көшелерінің бойын көгалдандыру мен тазалауда өз күштерін салды.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыру және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарау.

Бас прокуратура табиғат пен тазалықты сақтауға деген адалдығын көрсете отырып, осындай бастамаларға қатысуды жалғастырады.  

#ЗАҢменТӘРТІП

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры приняли участие в общегородском субботнике в рамках программы «Таза Қазақстан»
 
Сегодня, в рамках ежегодного экологического месячника по благоустройству, озеленению и санитарной очистке территории города Астаны руководство и сотрудники Генеральной прокуратуры Главной военной прокуратуры, Главной транспортной прокуратуры, Комитета по возврату активов приняли участие в озеленении и очистке прилегающей территории здания Генеральной прокуратуры и вдоль улиц А. Бокейхан, Керей - Жанибек хандар.

Основная цель проведенного мероприятия – повышение уровня экологической культуры среди городского населения и ответственное отношение к природе и труду.

Генеральная прокуратура продолжит участвовать в подобных инициативах, подчеркивая свою приверженность сохранению природы и чистоты.

#ЗАКОНиПОРЯДОК

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM