Қазақстан Бас прокуратурасы
17.3K subscribers
3.57K photos
3.19K videos
40 files
11.9K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласы прокуратурасымен кибералаяқтық тақырыбында бейнеролик дайындалды. Онда азаматтарға интернеттегі қылмыскер кез келген адам болып көрінуі мүмкін екендігі ескертіледі. Тұрғындарға сақ болып, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі еске салынады.

Прокуратурой города Алматы подготовлен видеоролик о кибермошенничестве. В нём граждан предупреждают, что злоумышленник в интернете может выдавать себя за кого угодно. Жителям напоминают о необходимости быть осторожными и не передавать личные данные посторонним.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бурабай ауданында «Балдәурен» орталығында заң бұзушылықтар анықталды
 
Бурабай ауданы прокуратурасы РМҚК «Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығының» қызметіне тексеру жүргізіп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың жүйелі бұзылуын және лагерьдің жобалық қуатының асыра пайдаланылғанын анықтады.
 
Техникалық паспортқа сәйкес, орталық 400 орынға арналған. Алайда іс жүзінде бір ауысымда 574 бала орналастырылған, бұл рұқсат етілген нормадан 43%-ға артық.
 
Балаларды орналастыру үшін 12 оқу кабинеті пайдаланылған. Бұл бөлмелер санитарлық тораптармен жабдықталмаған, гигиеналық талаптарға сай келмейді және кәмелетке толмағандардың денсаулығына қауіп төндіреді. Норма бойынша бір бөлмеде 6 бала болуы тиіс болса, іс жүзінде 9 балаға дейін орналастырылған.
 
Айрықша назар аудартатыны – мемлекеттік квота есебінен тегін демалып жатқан балалар тар және қолайсыз бөлмелерде орналасса, ал ақылы негізде келген балалар бөлек, барлық жағдайы жасалған бөлмелерге жайғастырылған.
 
Анықталған заң бұзушылықтарды жою, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту және болашақта балалардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмеу мақсатында прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды.

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1063560?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Бурабайском районе выявлены нарушения в центре «Балдаурен»
 
Прокуратура Бурабайского района провела проверку деятельности РГКП «Республиканский учебно-оздоровительный центр Балдаурен». Установлены факты системного нарушения санитарно-эпидемиологических требований и превышения проектной мощности лагеря.
 
По техническому паспорту, центр рассчитан на 400 мест. Однако фактически в одной смене размещено 574 ребёнка, что на 43% выше допустимой нормы.
 
Для проживания использованы 12 учебных кабинетов, не приспособленных для этих целей. Они не оборудованы санитарными узлами, что нарушает гигиенические требования и создаёт угрозу здоровью детей. Вместо установленных 6 человек в комнатах проживало по 9.
 
Отдельное внимание вызывает неравный подход: дети, отдыхающие за счёт государственной квоты, размещались в переполненных и не оборудованных помещениях, тогда как на коммерческой основе – в отдельных комнатах с душевыми и необходимыми условиями.
 
Для устранения нарушений и привлечения виновных лиц к ответственности прокуратурой инициированы меры прокурорского реагирования. Особый акцент сделан на недопустимости создания угрозы жизни и здоровью несовершеннолетних в будущем.

Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1063560?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқыру. Кінәлілер жазаланды
 
Өткен жылы облыс прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді.
 
Тексеру нәтижелері бойынша «Oil Transport Corporation» ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
 
Тергеу аясында 3 адам ұсталды, оның ішінде кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар.
 
Сот барлық тұлғаларды кінәлі деп танып, әртүрлі жаза түрлерін тағайындады.
 
Атап айтқанда, кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін сотталды. Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
 
Мердігер компанияның екі өкілі әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды.
 
Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы барысында сотталғандар 250 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.
 
Үкім заңды күшіне енді.

Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1063669?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Миллионные хищения в нефтегазовой отрасли. Виновные понесли наказание
 
Прокуратурой области в прошлом году проведены проверки в предприятиях нефтегазовой сферы.
 
По результатам проверок в деятельности ТОО «Oil Transport Corporation» выявлены нарушения при приемке техники, начаты досудебные расследования.
 
В рамках расследования были задержаны трое лиц, включая руководителей предприятия и подрядной организации.
 
Судом все они признаны виновными и приговорены к различным мерам наказания.
 
Так, заместитель генерального директора предприятия осуждён за злоупотребление должностными полномочиями, повлекшее тяжкие последствия. Суд назначил ему наказание в виде ограничения свободы сроком на 3 года.
 
Два представителя подрядной организации приговорены к 2 годам ограничения свободы каждый.
 
В ходе рассмотрения судом уголовного дела по существу осужденными возмещено более 250 млн тенге.
 
Приговор вступил в законную силу.

Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1063669?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сингапур мен Қазақстан қылмыстық істер бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда
 
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Сингапурде өткен Прокурорлардың халықаралық ассоциациясының 30-шы конференциясы мен жалпы жиналысының жұмысына қатысты.

Шет елдердің бас прокуратуралары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірегей алаң болып табылатын бұл конференцияға 70-тен астам елдің жоғарғы қадағалау органдарының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, цифрлық дәлелдемелерді пайдалану, активтерді қайтару, сондай-ақ қылмыстың жаңа түрлеріне және қауіп-қатерлеріне тиімді әрекет ету мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.

Конференция алаңында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б.Асылов пен Сингапур Әділет министрі Э.Тонг Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге қол қойды.

Аталған келісім қылмысқа қарсы күреске, соның ішінде күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинауға, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға бағытталған.

Қазақстандық қадағалау органы басшысының айтуынша, әлемдік қаржы орталығының алдыңғы қатарындағы және жаһандық сауда-инвестициялық ағындардың негізгі торабы болып саналатын Сингапурмен мұндай келісімнің жасалуы Қазақстан үшін өте маңызды.

Бұдан бөлек, Бас Прокурор Сингапурдың Бас Прокурорымен және Ішкі істер министрімен екіжақты кездесулер өткізіп, онда өзекті қылмыс түрлеріне бірлесіп қарсы тұру, озық тәжірибемен алмасу мәселелерін талқылап, әрі қарайғы ынтымақтастықтың нақты қадамдарын белгіледі.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Казахстан и Сингапур укрепляют международно-правовое сотрудничество по уголовным делам 
 
Сегодня Генеральный Прокурор Республики Казахстан Берик Асылов принял участие в работе 30-й конференции и общего собрания Международной ассоциации прокуроров в Сингапуре.

Конференция, являющаяся уникальной площадкой для обмена опытом и укрепления сотрудничества между генеральными прокуратурами иностранных государствсобрала руководителей высших надзорных органов более 70 стран.

В ходе мероприятий состоялся конструктивный обмен мнениями по вопросам противодействия киберпреступности, применения цифровых доказательств, возврата активов, а также сотрудничества для эффективного реагирования на новые виды и угрозы преступности.

На полях конференции Генеральный Прокурор Казахстана Б.Асылов и Министр юстиции Сингапура Э.Тонг подписали Соглашение между Республикой Казахстан и Республикой Сингапур о взаимной правовой помощи по уголовным делам.

Данное соглашение направлено напротиводействие преступности, в том числе для сбора доказательств вины подозреваемых и обвиняемых, а также возврата незаконно выведенных активов.

По словам главы казахстанского надзорного органа, заключение подобного рода соглашения имеет для Казахстана особое значение, учитывая статус Сингапура как ведущего мирового финансового центра и ключевого узла глобальных торгово-инвестиционных потоков.

Кроме того, Генеральный Прокурор провёл двусторонние встречи с Генеральным прокурором и Министром внутренних дел Сингапура, с которыми обсудил вопросы совместного противодействия актуальным видам преступности, обмена передовым опытом, наметив шаги по дальнейшему совместному взаимодействию.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар облысында прокурорлар коммуналдық саладағы заңбұзушылықтарды анықтады

Железин ауданының прокуратурасы «Көмек» ШЖҚ КМК-нің (жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, сондай-ақ сумен жабдықтау қызметімен айналысатын) қызметін тексеру барысында өрескел заңбұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, кәсіпорын үш жылдан астам уақыт бойы салықтық міндеттемелерін орындамаған, 137 қызметкерге әлеуметтік аударымдар мен үстемақылар төлемеген, соның салдарынан 66 миллион теңгеден астам берешек пайда болған.

Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілмеген, жалақы мен еңбек демалысына төлемдер үнемі кешіктіріліп төленген. Бұл арқылы жұмысшылардың еңбек құқықтары бұзылған.

Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында прокуратура аудан әкімі мен фискалдық органға қадағалау актісі ненгізді.

Нәтижесінде 137 қызметкерге әлеуметтік аударымдар төленді.
 
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1064062?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Павлодарской области прокуроры выявили нарушения в коммунальной сфере

Прокуратурой Железинского района в ходе проверки деятельности ГКП «Көмек» (осуществляющее производство, передачу и распределение тепловой энергии, а также водоснабжение) выявлены грубые нарушения.

Например, предприятие более трех лет не исполняло налоговые обязательства, не выплачивало социальные взносы и надбавки 137 работникам, в результате образовалась задолженность на сумму более 66 млн тенге.

Также, работники предприятия не обеспечены средствами защиты, спецодеждой, обувью, а заработная плата и отпускные выплачиваются с постоянными задержками, тем самым предприятием нарушены трудовые права работников.

Прокуратурой внесен акт надзора в адрес акима и фискальный орган для принятия мер по устранению выявленных нарушений.

В результате 137 работникам выплачены социальные отчисления.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Павлодарской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1064062?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жол кеңістігі – қақтығыс орны емес

2025 жылғы 18 мамырда сағат 15.29 Жұмабаев пен Айнакөл көшелерінің қиылысында жүргізушілер арасында қоғамдық орында төбелеске ұласқан жанжал болған.
   
Жанжалдың себебі – құқықбұзушылар жолды бөліспеген.
   
Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот қаулысымен олар 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
   
Тағы бір жағдайда Қорғалжын тас жолында екі жүргізуші арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде төбелес болған. Екі құқықбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.
   
Елорда прокуратурасы қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасау және басқаларды құрметтемеуді білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын осыған ұқсас заңсыз әрекеттер 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғатынына назар аударады.

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1064136?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дорожное пространство – не место для конфликтов

18 мая 2025 года в 15.29 часов на пересечении улиц Жумабаева и Айнакол между водителями произошел словесный конфликт, переросший в драку в общественном месте.
   
Причина конфликта – нарушители не поделили дорогу.
   
Постановлением суда за совершение мелкого хулиганства оба привлечены к административной ответственности в виде ареста сроком на 15 суток каждому.
   
В другом случае, на шоссе Коргалжын между двумя водителями произошел конфликт. В результате завязалась потасовка. Оба правонарушителя арестованы на 15 суток.
   
Прокуратура столицы обращает внимание, что мелкое хулиганство в общественных местах и подобные противоправные действия, выражающие неуважение к окружающим, нарушающие общественный порядок и спокойствие граждан, влекут арест до 30 суток.

Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1064136?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Google деректерінің ағуы 2,5 миллиард Gmail қолданушыларына фишинг қаупімен байланысты
 
Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қатерлерді болжау орталығы мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті әлемдік интернет кеңістігін бақылау барысында Google деректер базасын бұзу фактісінің анықталғанын және бұл жағдай Gmail қолданушыларының деректерінің ағуымен байланысты екенін хабарлады.

Ұйымдастырушы ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиардқа дейінгі акаунтқа қатысты байланыс дерек көздеріне қол жеткізген, бірақ паролдардың өздері тікелей ұрланбаған.

Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асқан: алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT-жабдыққа қол жеткізуге мәжбүрлеген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған.

Бұл деректерді қолдана отырып, қылмыскерлер Google атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар таратып, қолданушылардан Gmail паролін қалпына келтіруді талап еткен. Осылайша олар кодтар мен құпиясөздерді немесе аккаунттарға қолжетімділікті иемденген.

Қауіпсіздік үшін ұсынылатын шаралар:

1. Құпиясөзді бірден ауыстыру, әсіресе қарапайым немесе қайталанатындарын.

2. Екі факторлы аутентификацияны қосу немесе заманауи қорғау тәсілдерін (биометрия, PIN) пайдалану.

3. Google атынан деп келетін қоңыраулар мен хаттарға сенбеу — он шақты жағдайдың тоғызында бұл алаяқтық болып шығады.

4. Қолданбалар мен қосылымдарды бақылап, артық рұқсаттарды шектеу.

Бұл оқиға тіпті жартылай жарияланған деректердің өзі кең ауқымды алаяқтық сызбалардың негізіне айнала алатынын көрсетеді. Сондықтан қолданушылар мен ұйымдар қауіпсіздік шараларын дер кезінде қабылдап, аккаунттарын үнемі тексеріп тұруы қажет, бұл деректердің ұрлануын немесе қаскүнемдердің қолына түсуін болдырмауға мүмкіндік береді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Утечка данных Google связана с угрозой фишинга на 2,5 млрд пользователей Gmail

Центром прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры в ходе мониторинга мирового интернет пространства установлена кибер угроза, связанная с взломом базы данных Google, с утечкой данных пользователей Gmail.

Организатор группировка ShinyHunters получила доступ к контактным данным и названиям компаний, охватив до 2,5 миллиарда аккаунтов Gmail, хотя пароли непосредственно не были похищены.

Атака была осуществлена с помощью социальной инженерии: злоумышленники позвонили сотруднику Google, представившись ITподдержкой, и заставили его авторизовать вредоносное приложение Salesforce Data Loader.

Утечка даёт злоумышленникам возможность активизировать фишинговые и голосовые атаки, притворяясь сотрудниками Google. Некоторые пользователи сообщали о мошеннических звонках, якобы поступающих с номеров с кодом 650, с требованием сбросить пароли Gmail, с целью выманить коды, пароли или доступ к аккаунтам.

Рекомендации о необходимых мерах по защите:

1. Немедленно сменить пароли, особенно простые или повторяющиеся.

2. Включить двухфакторную аутентификацию или использовать современный способ защиты с биометрией или PIN.

3. Не доверять входящим звонкам или письмам от якобы Google — 9 из 10 таких обращений являются мошенническими.

4. Ограничить доступ, отслеживать подключаемые приложения, коннекты.

Данный инцидент подтверждает, что даже частично публичные данные могут стать основой для масштабных мошеннических схем. Призываем пользователей и организации неукоснительно соблюдать меры безопасности и регулярно проверять настройки своих аккаунтов, чтобы исключить возможность хищения данных или доступа злоумышленников.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қарағанды облысы прокуратурасының тапсырмасы бойынша Балқаш қаласы прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тексеру жүргізді.
 
Тексеру барысында мемлекеттік тұрғын үйлерді заңсыз пайдалану деректері анықталды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мүгедектерге және көпбалалы отбасыларға тиесілі пәтерлерде келісімшартсыз тұру фактілері орын алған. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы жалға беріліп келген және бос тұрған пәтерлер де анықталды.
 
Тексеру нәтижелері бойынша прокуратура қала әкімінің атына ұсыну енгізді. Аталған бұзушылықтардың орын алу себебі – жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі және тиісті бақылаудың болмауы.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді. Балқаш қаласының әлеуметтік осал санатындағы екі тұрғыны — жетім және жалғызбасты ана — заңды тұрғын үйге ие болды, басқа пәтерлер бойынша құжаттарын ресімдеу жүмыстары жүргізілуде.
 
Бүгінгі күні әкімдікпен тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу жұмыстары қолға алынуда.
 
Балқаш қаласының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғау және тұрғын үй қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.
 
Балқаш қаласының прокуратурасы заңдылық пен әділеттіліктің күзетінде.
 
Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1064471?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
По поручению прокуратуры Карагандинской области прокуратурой города Балхаш проведена проверка в сфере обеспечения жильём социально уязвимых слоёв населения.
 
В ходе проверки выявлены факты незаконного использования государственного жилья. Установлены случаи проживания без договора в квартирах, предназначенных для воспитанников детских домов, инвалидов и многодетных семей. Кроме того, выявлены квартиры, которые на протяжении многих лет сдавались в аренду и находились в пустующем состоянии.
 
По результатам проверки прокуратурой внесено представление в адрес акима города. Причиной нарушений явилось бездействие ответственных должностных лиц и отсутствие должного контроля.
 
В результате принятых мер права граждан были восстановлены. Двое жителей Балхаша из социально уязвимой категории — сироты и неполная семья — получили законное жилье, по другим квартирам ведется оформление документов.
 
На сегодняшний день акиматом проводятся мероприятия по инвентаризации жилищного фонда.
 
Прокуратура города Балхаш продолжает работу по защите прав граждан и обеспечению законности в сфере жилищных отношений.
 
Прокуратура города Балхаш на страже законности и справедливости.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Карагандинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1064471?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталғанның бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды
 
«Заң мен Тәртіп» акциясы және «Рецидивтіалдын алу» жобасын іске асыру аясында Біржан сал ауданының прокуратурасы азамат «В»-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ісі бойынша көрме сот процесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның орындалуы кезінде құқықбұзушылық жасамау және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылуы мүмкін екендігін ескерту.

Көрсетілген азамат ережелерді жүйелі түрде бұзып, оған жүктеген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы себептер шешімді қайта қарауға негіз болды.

Сот ұсынылған материалдарды зерделеп, дәлелдерді негізді деп танып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1064488?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM