Гео Әлем Тв | География
1.12K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
#ауарайы

Ауа райы: аяз күшейді

Шығыста қытымыр аяз. Бүгін түнде өңірдің кей аудандарында сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендеді.

Елдің солтүстігінде аяз қысты. Қазір арқада 38 градус. Астанада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері сабақты онлайн оқиды. Сондай-ақ, бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Түркістан облысында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
Алматы облысында боран болады.
Батыста жол қозғалысы шектелді.
☃1👌1
🦢«Алтын-Емел» ұлттық паркінде қыстап қалған аққулар байқалды

«Алтын-Емел» ұлттық паркінде қыс мезгілінде сыбырлақ аққулар тіркелді.

Әдетте жылы жаққа қоныс аударатын құстың қысты осы өңірде өткізуі - сирек кездесетін құбылыс.

Мамандар мұны климаттың жұмсаруы және су айдындарының қатпай сақталуымен байланыстырып отыр.
🔥1👌1
Тағы да қарлы Камчатка

Суретте — көп қар жауғаннан кейін қайтадан қыстық көрініске «қосылған» сияқты көрінетін қарапайым тұрғын үйлер. Кей жерлерде қар үйінділері адамның бойынан биік, ал жүру үшін қардан тазартылған тар өткелдер арқылы өтуге тура келеді.
💯2🔥1
Мықты жер сілкінісі Пакистанді “қалқытты”

Геологиялық қызметтің (АҚШ) хабарлауынша, Пакистанның солтүстігінде магнитудасы 5,6 жер сілкінісі тіркелді.

Сілкініс 19 қаңтарда Гринвич уақытымен 06:21-де орын алды.

Жарақат алғандар мен зардаптар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Пакистандық метеорологиялық департамент жер сілкінісінің магнитудасын 5,8 деп бағалады. Жер астындағы дүмпулер Гилгит-Балтистан, Пешавар провинциялары мен Хайбер-Пахтунхваға жақын аудандарда сезілді.

Пакистан бірден үш ірі тектоникалық плита — Араб, Үнді және Еуразия плиталарының түйіскен жерінде орналасқан. Олардың өзара әрекеттесуі ел аумағында бес сейсмикалық белдеуді қалыптастырады. Көптеген жарықтардың қиылысуы салдарынан өңірде тектоникалық процестер жиі жүреді, бұл Пакистанді ең сейсмикалық қауіпті аймақтардың біріне айналдырады.
🤯2👍1👌1💯1
Бір тәуліктен астам уақыт бойы Жер ғаламшары Күн плазмасының әсерінде қалып отыр.

Соңғы сағаттарда да Жерде 7 баллдық магниттік дауылдың күшеюі байқалуда.
💯2👍1
Австралия 5 млн баланың аккаунтын өшірді

Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу туралы заң күшіне енгелі 5 миллионға жуық жасөспірімнің аккаунты бұғатталып, жабылды.

Жаңа заң әлеуметтік желілерге кәмелетке толмағандар үшін қолжетімділікті шектеуге міндеттейді. Талаптарды орындамаған платформаларға 50 млн долларға дейін айыппұл салынады. Әлемдік қауымдастық, оның ішінде Франция мен АҚШ Австралияның осы бағыттағы тәжірибесін ел ішінде пайдалануға ниетті екен.
👍10💯1
#колибри

Колибри туралы қызықты 10 дерек

1. Колибри – артқа қарай ұша алатын жалғыз құс.

2. Оның қанаты секундына 50–80 ретке дейін қағылады.

3. Колибридің жүрегі минутына 1200 ретке дейін соға алады.

4. Ол қалықтап тұрып (бір орында) ұша алады.

5. Колибридің негізгі қорегі – гүл шырыны (нектар).

6. Кейбір колибрилер күн сайын өз салмағына тең қорек жейді.

7. Колибридің тілі өте ұзын және түтікше тәрізді.

8. Ең кішкентай құс – ара колибри (салмағы шамамен 2 грамм).

9. Колибрилердің қауырсындары жарыққа байланысты түсін өзгертеді.

10. Колибри ұйқы кезінде энергия үнемдеу үшін дене температурасын төмендетеді.
👍7🤯1👌1💯1
Дәл қазір Үндістанның солтүстігінде -13° С 🥶 аязбен қатар оңтүстігінде +26°С 🥵 ыстық байқалып тұр.
🔥3☃2👌1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайда қатты қар жауған кездерде ағаштарды осындай тәсілмен қардан тазартады екен. Бұл әдіс ағаштардың құлап кетуінің алдын алуға көмектеседі.
👍4☃3👌1💯1
Сахарадағы қар: Алжирден сирек кадрлар

2026 жылдың қаңтар айының ортасында Алжирдің солтүстігінде ерекше құбылыс болды — Сахара шөлі қармен жабылды. Ақ жабын Айн-Сефра қаласы маңындағы құмды төбелерде, шөлдің солтүстік шекарасында пайда болды.

Айн-Сефра аймағындағы қар — өте сирек құбылыс, бірақ бірегей жағдай емес, мұндай эпизодтар бұған дейін де тіркелген, соңғы 50 жылда барлығы 5 рет. Әдетте, қар жамылғысы тез жоғалады.
👍4👌2💯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сирек кездесетін оптикалық құбылыс: көкжиектің төменгі жағында жарқырап көрінетін «Күн». Бұл құбылыс мұз кристалдарында жарықтың шағылуынан пайда болады.
🔥4🤯3👍1👌1💯1
Жоғарыдағы суретте Маңғыстау облысында байқалған солтүстік шұғыла көріністері бейнеленген.

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Күн плазмасының магнитосфераға күшті соққымен әсер етуі салдарынан, әдетте сирек кездесетін өте төмен ендіктерде полярлық шұғыла пайда болып, 9 балдық, «қызыл» деңгейдегі аса қауіпті магниттік дауыл тіркелді.

Солтүстік шұғыла Сочиден бастап Италияға дейін көрінген. Сондай-ақ Арал теңізі маңында тұратын тұрғындар да бұл ерекше табиғи құбылысқа куә болған.
🔥4🤯1👌1