Гео Әлем Тв | География
1.12K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
Гео Әлем Тв | География pinned «Құрметті әріптестер! Сабақта уақытты үнемдеп, оқушылардың білімін жылдам тексеруге арналған шағын тест жинағы ұсынылады. 🔹 Шағын пакет (100 ₸) – күнделікті сабақта, қайталау және бекіту кезеңдерінде қолдануға өте ыңғайлы. Бұл топтама бір тақырыпқа негізделген…»
Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны қаңтар айының қорытындысы бойынша алғаш рет 20,5 миллион адамнан асқанын хабарлады.
Бюро 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы деректерді ұсынды. Мәліметке сәйкес, Қазақстан халқы 20,5 миллиондық межеден асты.

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен”, – делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.
🔥1👌1
Air Astana наурыздың соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатты

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы 11–31 наурыз аралығында Алматы мен Астанадан Дубайға орындалатын тұрақты рейстерді уақытша тоқтататынын хабарлады.

Әуе компаниясы жолаушылар билет құнын айыппұлсыз толық қайтара алатынын немесе басқа уақытқа қайта брондай алатынын мәлімдеді.

“Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтатады. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Әуе компания Таяу Шығыстағы оқиғаларды мұқият қадағалауды жалғастыруда”, – делінген компанияның хабарламасында.
🤔1👌1
Ертең Астанада оқушылар мектепке бармайды

Ертең Астана қаласы бойынша бірінші ауысымның балалары қашықтан оқиды.

2026 жылғы 11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.
👌1🤝1
Шивелуч жанартауы Камчаткада 12 наурыз күні қайтадан күл атқылады.

12 наурыз күні күндіз Камчаткадағы Шивелуч жанартауы теңіз деңгейінен шамамен 8 километр биіктікке дейін күл шығарды. Бұл туралы ғалымдар мен мамандар хабарлады.

Ғалымдардың айтуынша, жанартау әдеттегі режимде атқылаған. Атқылау кезінде көп мөлшерде газ бен бу шығып, жарылыстар болған. Жанартаудан шыққан күл бұлты шамамен 10 км қашықтыққа шығыс бағытқа таралған.

Ұшақтар үшін қауіптің қызғылт сары деңгейі жарияланды. Себебі жанартаудың күлі жергілікті және халықаралық ұшақтардың ұшуына қауіп төндіруі мүмкін.

Жанартау Петропавловск‑Камчатский қаласынан шамамен 450 км жерде орналасқан. Ал ең жақын елді мекен — Ключи ауылы, ол жанартаудан шамамен 50 км қашықтықта.

Шивелуч жанартауының биіктігі 3283 метр. Ол Камчатка түбегіндегі ең белсенді жанартаулардың бірі болып саналады.
👍2👌2🔥1🤔1💯1
Мичиган штатының Гурон көлі маңында дәстүрлі аппақ емес, ашық қызғылт сары түсті қыран үкі байқалды. Жергілікті фотографтар түсірген және әлеуметтік желілерде жарияланған құстың суреттері құсбегілер мен ғалымдардың назарын аударды. Сарапшылар Рыжик деп аталған үкінің ерекше түсті қалай алғанын білмейді және бұл туралы әртүрлі болжамдар жасады.
👍2🔥1👌1💯1
АҚШ-тың батысында аномальды ыстық рекорд жаңартуда, шарықтау шегі демалыс күндеріне күтілуде

АҚШ-тың батысында аномальды жоғары температура орнап, Калифорния мен Орегонның бірқатар аймақтарында апта басынан бері тәуліктік және наурыз айына тән температура рекордтары жаңартылды. Оңтүстік Калифорнияның кейбір бөліктерінде ауа температурасы +38 °C-тан асты, деп хабарлайды Fox Weather.

Болжам бойынша, ыстық бейсенбіден сенбіге дейін күшейіп, Калифорниядан Ұлы жазықтарға дейінгі аумақты қамтиды. Температура климаттық нормадан айтарлықтай жоғары болады. Метеорологтар кейбір өңірлерде рекордтар жеті күн қатарынан жаңаруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бұл аномалияның себебі — тұрақты антициклон, яғни «жылу күмбезі» (тепловой купол) деп аталатын құбылыс. Ол ыстық ауаны жер бетіне жақын ұстап тұрады. Экстремалды ыстық туралы ескертулер Оңтүстік Калифорнияда, сондай-ақ Аризона мен Нью-Мексиконың шөлді аймақтарында жарияланған. Бұл шамамен 40 миллион адамды қамтиды.

Палм-Спрингс қаласында жұма күні ауа температурасы +42 °C-қа жетуі мүмкін. Бұл наурыз айындағы жаңа абсолютті рекордтың жаңаруына және АҚШ-та бұрын Рио-Гранде-Сити мен Фалькон-Дэмде тіркелген тарихи максимумның қайталануына әкелуі ықтимал.

Лас-Вегаста +38 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін — бұл наурыз айында алғаш рет осындай көрсеткіштің тіркелуі болуы ықтимал. Лос-Анджелесте де температура тарихи максимумдарға жақындап келеді.

Әдеттен тыс жылы ауа райына байланысты жағалау тұрғындары мұхитқа қарай ағылуда. Алайда билік өкілдері, соның ішінде Сан-Франциско қызметтері, суық су мен күшті ағындарға байланысты сақ болуға шақыруда.

Метеорологтар ыстық демалыс күндерінен кейін де сақталатынын ескертіп, оның денсаулыққа қауіп төндіретінін және инфрақұрылымға түсетін жүктемені арттыратынын айтуда.
👍1🔥1👌1💯1
Қазақстан экономикасы әлемдегі үздік 40 елдің қатарына енді

Visual Capitalist пен Халықаралық валюта қорының деректеріне сәйкес, еліміз бір ай бұрынғы ТОП-50 тізімінен көтеріліп, қазір 36-шы орынға жайғасты. Қазақстан бұл рейтингте Біріккен Араб Әмірліктері мен Сингапурдан бір-екі саты төмен тұр.

Мәліметке сәйкес, Қазақстан экономикасының жалпы көлемі сатып алу қабілеті бойынша шамамен 973 млрд долларды құрайды. Бұл көрсеткіш өндіріс көлемі, халықтың сатып алу мүмкіндігі мен тұрмыс деңгейін ескере отырып есептеледі.
👍1🔥1👌1💯1
👍2👌2🔥1💯1🤝1
Ораза айт құтты болсын!
👍3🎉2👌1💯1
Айдың жаңа туған кезі, Наурыз мейрамы мен Ораза айт бір уақытқа сәйкес келді.

Бұл — шамамен 500 жылда бір болатын сирек құбылыс. Соңғы рет осындай жағдай 1503 жылы болған екен.

Жоғарыдағы суреттен жаңа туған ай мен Шолпан жұлдызын көруге болады.
💯2👍1🔥1👌1
Бір сәтке әлемнің басқа шетіне — Үнді мұхитындағы, Мадагаскарға жақын орналасқан кішкентай Реюньон аралына барайық.

Мұнда бір айдан астам уақыттан бері туристер мен жергілікті тұрғындар 13 ақпанда қайта оянған Питон-де-ла-Фурнез жанартауының лаваларын бақылап жүр.

Бұл атқылау өте күшті болды, тіпті жексенбі күні 19 жылдан кейін алғаш рет лава Үнді мұхитына жетті. Мына көріністерге бір қараңыздаршы.
👍3🔥2💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылғы 20 наурыз
Ява, Индонезия

Индонезиядағы Семеру вулканында пирокластикалық ағынның пайда болуымен күшті атқылау тіркелді, ол вулканның етегіне жетті. Darwin VAAC мәліметтері бойынша, вулкан күлінің шығарылуы шамамен 4,6 км биіктікке көтерілді.
💯2🔥1🤔1
АҚШ-тың оңтүстік-батысында рекордтық аптап: 1500-ден астам рекорд жаңарды

АҚШ-тың батыс штаттарында наурыз айындағы ең күшті аптап ыстық жалғасуда. Алдағы аптада да температураның төмендеуі күтілмейді, деп хабарлайды Fox Weather.

Өткен аптада 13 штатта 1500-ден астам рекорд жаңартылды. Оның ішінде Калифорния, Лас-Вегас, Денвер және Финикс қалаларында тәуліктік ең жоғары температуралар мен наурыз айындағы тарихи максимумдар тіркелді. Бұл аптап тек наурыз ғана емес, сәуір айының рекордтарын да жаңартуы мүмкін.

Жұма күні Аризона штатының Юма қаласында наурыз айы үшін АҚШ-тағы рекордтық температура — +42°C тіркелді. Калифорниядағы Термал және Индио қалаларында да ауа температурасы +42°C-қа жетіп, штат тарихындағы ең ыстық наурыз күні ретінде тіркелді. Бұл көрсеткіштер 1954 және 2020 жылдары Техас штатында тіркелген тарихи рекордтармен теңесті.

Сонымен қатар Нью-Мексико, Колорадо, Вайоминг, Невада және басқа да батыс өңірлерде де рекордтық температуралар байқалды. Мохаве шөліндегі Лас-Вегаста жұма күні ауа температурасы +35°C-қа жетіп, қатарынан үшінші күн тәуліктік және айлық рекордтарды жаңартты. Сенбі күні де +34°C тіркелді.
💯2👍1🤔1👌1
Көктемгі Күн теңелуінің ғарыштан көрінісі

Мына фотоны 2026 жылғы 20 наурыз күні, Астана уақытымен 10:10-да еуропалық Eumetsat Meteosat-12 жерсерігі түсіріп алған. Бұл күні Жер терминаторы полюстер арқылы өтіп, экваторға перпендикуляр орналасатыны белгілі.
💯2👍1🤔1👌1
Сәлем, оқырмандар! Бұрын сіздерге сабақта пайдалану үшін қосымша тест пакеттерді дайындап берген едім. Қазір осы пакеттерге сұраныс жоғары. Сол себепті, сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша пакетті сәл өзгертіп, жаңалап жатырмын.

Бұл пакет 7, 8, 9 сыныптарға арналған бір апталық сабақтарға қосымша материал ретінде жасалып жатыр. Онда тесттер мен қосымша тапсырмалар бар.

Пакет құрамына 7, 8, 9 сыныптардың бір апталық тақырыптарына арналған қосымша материалдар топтамасы кіреді.

Пікірлеріңіз бен бөлісіңіз.
👍7🔥3💯2❤1🎉1👌1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.
👍1🔥1🎉1👌1💯1🤝1