Гео Әлем Тв | География
1.11K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
🌬️ 15 қазанға арналған ауа райы болжамы. Baqkz

«Қазгидромет» хабарлауынша, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Кей өңірлерде көктайғақ болады. Солтүстік және орталық аймақтарда түнде –10°С-қа дейінгі аяз күтіледі.

📍 Астана – күндіз +4…+6 °C, түнде –10…–12 °C.

📍 Алматы – күндіз +14…+16 °C, түнде +4…+6 °C.

📍 Шымкент – күндіз +24…+26 °C, түнде +7…+9 °C.
👍2
Оқушыларымның еңбектері: 8а сынып оқушылары, Ахмет Гүлсая, Қабыл Кәусар
👍6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қатонқарағай ұлттық саябағында қар барысы камераға түсіп қалды

Қызыл кітапқа енген жыртқышты орман шаруашылығында орнатылған фототұзақ түсіріп алған.

Айта кетейік, 1997 жылы барыс Қазақстанның мемлекеттік символы деп танылды. Қазіргі уақытта, елімізде "Қызыл кітапқа" енген барыстардың саны 90-ға жетпейді.
🎨 Әсемдікке айналған идея: Барокко сәулетінің тарихы мен рухы

Барокко — ой мен сезімнің тастан жаралған сұлулығы. XVII ғасырда пайда болған бұл стиль кеңістікті қозғалысқа келтіріп, сәулет арқылы рухани әсер қалдырды. Ол сенім мен биліктің үнін тастар арқылы сөйлетті.

⛪ Тарих бетінде Қайта өрлеу дәуірінен кейінгі рухани ізденіс кезеңінде Католик шіркеуі өнерді халыққа ықпал етудің басты құралына айналдырды. Шіркеулер мен сарайлар енді жай ғимарат емес — идея мен сезімнің көркем бейнесі болды.

✨ Барокконың ерекшелігі Күрделі композициялар, иілген сызықтар, биік күмбездер мен бай мүсіндер — барлығы да көрерменге эмоция мен ой тудыру үшін жасалды. Бұл — көзбен емес, жүрекпен сезілетін сәулет.

🌍 Әр кеңістіктегі барокко Барокконың шекарасы болмады.
— Италияда ол асқақ мәрмәрмен өрілген салтанатқа айналды,
— Францияда – патшалық сән мен тәртіптің бейнесі болды,
— Испанияда – жарық пен көлеңкенің ойынына толы рухани театр,
— Солтүстік елдерде – бай реңктер мен ауыр формалар арқылы әсер етті.

Барокко әр жерде табиғатпен, дәстүрмен және халықтың рухымен үндесті.

💫 Қорытынды Барокко — шексіз әсемдіктің символы. Ол адамзаттың сезімін, сенімін және шеберлігін мәңгілікке айналдырған өнер.

Бұл стиль — уақыттан тыс, сұлулықтың әмбебап тілі.
💚 Рақмет, достар!

Күн сайын осы арнаға кіріп, оқып, пікір қалдырып, бөлісіп жүрген әрқайсыңызға үлкен алғыс айтамын.
Сіздердің қолдауларыңыз, қызығушылықтарыңыз және белсенділіктеріңіз – осы арнаның басты күші.

1000+ оқырман — бұл жай сан емес, бұл білімге, жаңалыққа, ізденіске құштар үлкен отбасы.
Әрбір реакцияңыз, әрбір жылы сөзіңіз — жаңа идея тудырып, шабыт береді.

Мен үшін ең үлкен марапат — сіздердің сенімдеріңіз.
Алдағы уақытта да пайдалы, мазмұнды және сапалы посттармен қуанта беремін.

Рақмет сіздерге, менің гео-достарым!
Гео Әлем Тв | География pinned «💚 Рақмет, достар! Күн сайын осы арнаға кіріп, оқып, пікір қалдырып, бөлісіп жүрген әрқайсыңызға үлкен алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз, қызығушылықтарыңыз және белсенділіктеріңіз – осы арнаның басты күші. 1000+ оқырман — бұл жай сан емес, бұл білімге…»
🌥️16 қазанға арналған ауа райы болжамы. Baqkz

«Қазгидромет» мәліметінше, республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, жел күшейеді. Батыста түнгі температура –5°C-қа дейін төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда –0…–13°C аяз, ал оңтүстікте 0…+13°C аралығында болады.

📍 Астана – күндіз +7…+9 °C, түнде –2…–4 °C. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

📍 Алматы – күндіз +14…+16 °C, түнде +6…+8 °C. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.

📍 Шымкент – күндіз +25…+27 °C, түнде +10…+12 °C. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с.
C/2025 A6 (Lemmon) кометасы жарқырай түсуде және қазан айының соңында көзбен көрінетін болуы мүмкін.

Комета 3 қаңтарда Аризонадағы Маунт-Леммон обсерваториясында орналасқан 60 дюймдік Кассегрен рефлектор телескопымен ашылған (осыдан кометаның атауы шыққан). Қазіргі уақытта бұл құйрықты қонақ Күн жүйесінің тереңдігіне қарай қозғалып, 21 қазанда Жерге ең жақын қашықтыққа жақындайды, шамамен 89 млн км қашықтықта өтеді. Содан кейін, 8 қарашада, орбитаның Күнге ең жақын нүктесі – перигелийге жетеді.

Комета жердегі аспанда ең жарқын сәтіне (түрлі бағалаулар бойынша – 4-тен 2,5 жұлдыздық жарқырауға дейін) қазан айының соңында – қарашаның басында жетуі мүмкін. Осы уақытта ол Иттер, Шоқжұлдыз, Жыланшы шоқжұлдыздары арқылы өтеді.
Альфред Вегенер және континенттердің дрейфі теориясы

XX ғасырдың басында неміс ғалымы Альфред Вегенер Жер материктерінің бір орында тұрмай, баяу қозғалып отыратыны туралы батыл ой айтты. Бұл идея кейін «континенттердің дрейфі теориясы» деп аталды.

Вегенердің пікірінше, қазіргі материктердің барлығы бұрын Пангея («барлық жер») деп аталатын біртұтас алып құрлықтың бөлігі болған. Уақыт өте келе Пангея ыдырап, оның бөліктері әр бағытқа ығыса отырып, қазіргі континенттерге айналған. Пангеяның солтүстік бөлігі — Лавразия, ал оңтүстік бөлігі — Гондвана деп аталды.

Ғалым өз ойын бірнеше дәлелдермен негіздеді:

1. Материктердің пішіндерінің ұқсастығы.
Мысалы, Африка мен Оңтүстік Американың жағалаулары бір-біріне мозаика сияқты дәл келеді.

2. Фауна мен флора қалдықтарының сәйкестігі.
Екі бөлек материкте бірдей қазба қалдықтарының (мысалы, Mesosaurus, Glossopteris өсімдігі) табылуы олардың бір кезде біртұтас құрлық болғанын көрсетті.

3. Жыныстар мен тау жоталарының ұқсастығы. Атлант мұхитының екі жағындағы тау жыныстарының жасы мен құрамы бірдей.

4. Климаттық дәлелдер. Кейбір материктерде (мысалы, Африка мен Үндістанда) мұздық іздерінің болуы — олардың бұрынғы географиялық орнынан жылжып кеткенін дәлелдейді.

Вегенер бұл теориясын 1912 жылы ұсынды, бірақ ол кезде литосфералық тақталар мен олардың қозғалысы туралы білім болмағандықтан, ғалымның ойын көпшілік қабылдамады. Тек XX ғасырдың екінші жартысында «Плиталық тектоника теориясы» пайда болған кезде Вегенердің идеясы толық дәлелденді.

Бүгінде материктердің жылына орташа 2–5 сантиметр жылжитыны дәлелденген. Бұл қозғалыстар жер сілкінісі, жанартаулар және таулардың түзілуі сияқты табиғи құбылыстарға себеп болады.

Қысқаша түйін:

Альфред Вегенердің еңбегі — Жердің сыртқы қабығы тірі жүйе сияқты үздіксіз қозғалыста екенін алғаш дәлелдеген ұлы жаңалықтардың бірі.
🌥️ 17 қазанға арналған ауа райы болжамы. Baqkz

«Қазгидромет» дерегінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түсуі мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

📍 Астана – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −3…−5 °C, күндіз +8…+10 °C.

📍 Алматы – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3 °C, күндіз +17…+19 °C.

📍 Шымкент – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10 °C, күндіз +24…+26 °C.
Туристер Қазақстанның қай аймағына жиі барады?

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың қаңтар және шілде айларында 24 мың шетелдік турист арасында зерттеу жүргізген.

Олардың 73,1%-ы Қазақстанға жеке, ал қалған 26,9% іскерлік мақсатпен келген. Олардың жартысынан астамы 25 пен 44 жас аралығында.

Ең көп турист Астана, Алматы қалаларына және Маңғыстау облысына барған. Ал 32,5% курорттық аймақтарды аралаған. Олардың ішінде ең көп баратын орындар – Алматы тау кластері мен Маңғыстау өңірі.
☀️❄️ 18 қазанға арналған ауа райы болжамы. Baqkz

«Қазгидромет» мәліметінше, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек солтүстік-батыс пен солтүстікте жаңбыр мен қар жауады, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр күтіледі.

📍 Астана – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0…+2 °C, күндіз +8…+10 °C.

📍 Алматы – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8 °C, күндіз +18…+20 °C.

📍 Шымкент – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7…+9 °C, күндіз +20…+22 °C.
🌋 Жарты километрлік "фонтан".

Гавай аралдарында Килауэа вулканы рекордтық лава фонтанын атқылады — биіктігі 500 метрге дейін жетті! АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, бұл ағымдағы атқылау цикліндегі ең қуатты атқылаулар.

🌋 Лава ағындары километрлерге көрінеді, ал туристер мен жергілікті тұрғындар отты көріністі тамашалау үшін жиналады.
🌦️ 19 қазанға арналған ауа райы болжамы. Baqkz

Бүгін синоптиктер ел аумағында күрделі метеорологиялық құбылыстар күтілетінін хабарлады. Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Абай және ШҚО-да желдің күшеюі 15–20 м/с дейін барады. Жамбыл, БҚО, СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында қалың тұман түсуі ықтимал.

• Астана: күндіз +7…+9 °C, түнде –3…–5 °C, тұман. Жел 7–12 м/с.

• Алматы: күндіз +14…+16 °C, аздаған жаңбыр. Түнде +6…+8 °C, тұман. Жел 3–8 м/с.

• Шымкент: күндіз +17…+19 °C, түнде +3…+5 °C. Жел 8–13 м/с.
Лентикуляр бұлты.

Фотограф Фарид Гумиров бұл суретті Ташкент облысындағы Піскем тау жоталарына саяхат кезінде түсірген.
2026 жылы студенттерге төленетін шәкіртақы мөлшері анықталды

2026 жылы студенттерге төленетін стипендия мөлшері белгіленді. Жаңа жылдан бастап бакалавр дәрежесінде оқитын студенттерге 52 000 теңге шәкіртақы тағайындалады. Педагогика саласының болашақ мамандарына берілетін стипендия 84 000 теңге көлемінде болады. Магистратура студенттеріне 117 000 теңге, ал докторантураның стипендиясы 262 000 теңгеден асады.

Сонымен қатар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге шәкіртақы 30 пайызға жоғары төленеді. Үздік студенттер 15 пайыздық үстемеақы алады.