Гео Әлем Тв | География
1.11K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) туралы 10 қызықты дерек:

1. Құрылған жылы
– БҰҰ 1945 жылы 24 қазанда құрылды. Бұл күн қазір БҰҰ күні ретінде аталып өтеді.

2. Мүшелері – 1945 жылы небәрі 51 мемлекет кірген, қазіргі таңда 193 мемлекет мүше.

3. Бас штабы – Нью-Йорк қаласында орналасқан. Бірақ ол АҚШ аумағында болғанымен, халықаралық аумақ болып саналады.

4. Ресми тілдері – 6 тіл: ағылшын, араб, қытай, испан, орыс және француз.

5. Атауының авторы – «United Nations» атауын алғаш Уинстон Черчилль мен Франклин Рузвельт 1942 жылы қолданған.

6. Бейбітшілік сақшылары – Көгілдір каска киген БҰҰ әскері қақтығыстарды тоқтату және бейбітшілікті сақтау үшін әлемнің түрлі елдерінде қызмет етеді.

7. Әлемдегі әрбір адамға әсері бар ұйым – Азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, білім, климат мәселесі сияқты көптеген салаға ықпал етеді.

8. Арнайы агенттіктері бар – ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Дүниежүзілік банк сияқты құрылымдар БҰҰ-ға қарайды.

9. Нобель сыйлығы – БҰҰ мен оның агенттіктері бірнеше рет Нобельдің бейбітшілік сыйлығын алған.

10. Қазақстан үшін маңызы – Қазақстан 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болды және 2017–2018 жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.
🕊1
🩸 Килауэа жанартауының жаңа атқылауы (Гавайи, АҚШ)

17 қазан 2025 жылы Килауэа жанартауы қайта атқылай бастады. Бұл – 2024 жылдың желтоқсанынан бері болып жатқан атқылаулардың 35-ші және ең қуаттысы.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, лаваның биіктігі 460 метрге дейін көтерілген – бұл Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдингтен де биік. Атқылау шамамен 7,5 сағатқа созылып, 18 қазан таңында тоқтаған.

Лава Халемаʻумаʻу кратерінің түбінің екіден бір бөлігін жауып, шамамен 10 миллион м³ көлемде төгілген.

Ғалымдар жер астында қайта магма жиналып жатқанын байқап отыр – бұл алдағы апталарда жаңа атқылау болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Күшті Атлантикалық дауыл «Бенжамин» 22 қазан кешке Францияның солтүстік-батысына соғып, 23 қазан күні ел бойынша қозғалып, 160 км/сағ дейін жел, қатты жаңбыр және күшті жағалау толқындарымен бірге болды.
Негізінен Нормандия, Жаңа Аквитания, Бургундия—Франш-Конте және Овернь—Рон-Альп аймақтарында шамамен 140 000 үй электр жарығынсыз қалды.
Алты адам жарақат алып, бір неміс туристі Корсикада қайтыс болды, ол Галерия өзеніндегі су ағынымен ағып кетті.

Жел рекордтық мәндерге жетті — Фекампте (Сена-Маритим) 161 км/сағ, Ре аралында 142 км/сағ және Ла-Рошель мен Коньякта 100 км/сағ-тан жоғары болды. Нормандияда тәулігіне 80 мм дейін жауын-шашын түсті, нәтижесінде Шербур ауданында көшелер мен үйлер су астында қалды.
🔥1
Қазан айында қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады

🗓 25 қазан — Республика күні.
Биыл бұл күн сенбіге сәйкес келіп отыр. Еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс күні 27 қазан — дүйсенбіге ауыстырылады.

✔️Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазан күндері үш күн қатарынан демалатын болады.
🔥1🎉1
Астана уақытымен сағат 5:02 де Өзбекстанның орталығы Самарқанд қаласында жер сілкінісі тіркелді.
🇰🇿 25 қазан — Республика күні

Бұл күн – еліміздің мемлекеттілік жолындағы маңызды тарихи белесі.

Республика күні – ұлттық бірлігіміз бен тәуелсіздігіміздің символы, ел болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің мерекесі.

Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймыз!
«Ғарыштық торнадо» Джеймс Уэббтің суретінде 🌪

Осындай құрылымдар жұлдыздар қалыптасу кезінде шығарылатын зат ағындары жақын маңдағы газ-бұлттарға соғылғанда пайда болады, бұл соққы толқындарын тудырып, плазма мен шаңды қатты қыздырады. Салқындаған кезде олар көрінетін және инфрақызыл толқындар диапазонында жарық шығарады.

Бұл кереметті шығарған протожұлдыз көрінбейді, бірақ ол төменгі оң жақ бұрышта орналасқан. Ол миллион жыл ішінде жұлдызға айналуы мүмкін, немесе мың жылда, немесе жұлдыз қазірдің өзінде жанған, бірақ жарығы бізге жетпеген – оған дейін 630 жарық жылы. Торнадоның екінші ұшы спиральды галактиканың ортасына бағытталған сияқты, бірақ галактика әлдеқайда алыс, оған миллиондаған жарық жылы жетеді.
🔥1
🌍 Орта Жер теңізі жағалауындағы елдер

Орта Жер теңізі (Жерорта теңізі) — Еуразия мен Африка құрлықтарының аралығында орналасқан ең ірі ішкі теңіздердің бірі. Оның жағалауында үш құрлықтың – Еуропа, Азия және Африка елдері орналасқан. Теңіз арқылы бұл аймақтар ежелден өзара сауда, мәдениет және өркениет алмасып келген.

Орта Жер теңізінің ұзындығы шамамен 4000 км, ал ең терең жері 5121 метрге жетеді (Каллипсо шұңғымасы). Теңізге 20-дан астам елдің жағалауы шығады.

🏛 Еуропа жағалауындағы елдер:

Испания, Франция, Монако, Италия, Словения, Хорватия, Черногория, Албания, Грекия, Мальта.
Бұл елдер туризм, теңіз транспорты мен балық шаруашылығы арқылы дамыған. Италия мен Грекия ежелгі өркениеттердің отаны саналады.

🕌 Азия жағалауындағы елдер:

Түркия, Сирия, Ливан, Израиль, Палестина.
Бұл аймақтарда тарих пен діннің маңызды орталықтары орналасқан. Мысалы, Иерусалим — үш әлемдік діннің қасиетті қаласы.

🌴 Африка жағалауындағы елдер:

Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко.
Бұл елдердің климаты ыстық, құрғақ келеді. Туризм мен мұнай өнеркәсібі жақсы дамыған. Египет — Ніл өзені мен пирамидаларымен танымал.

🌦 Табиғи жағдайы мен маңызы:

Орта Жер теңізі субтропиктік белдеуде орналасқан. Мұнда қыс жұмсақ, жаңбырлы, ал жаз ыстық әрі құрғақ. Сондықтан бұл аймақ ауыл шаруашылығына, әсіресе жүзім, зәйтүн, цитрус жемістерін өсіруге өте қолайлы.

🚢 Экономикалық және мәдени байланыс:

Орта Жер теңізі — ежелгі дәуірден бері сауда жолдарының торабы. Қазіргі кезде ол Еуропа мен Солтүстік Африканы байланыстыратын маңызды теңіз жолы болып саналады. Сонымен қатар туризм саласы да аймақ экономикасының басты бөлігіне айналған.
🔥1
🌧️ 26 қазанға арналған ауа райы болжамы. Baqkz

«Қазгидромет» дерегінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде ол қарға ұласуы мүмкін. Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік аймақтарда ауа температурасының қысқа мерзімге төмендеуі күтіледі.

📍 Астана — күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −1…–3 °C, күндіз +6…+8 °C.

📍 Алматы — күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9…+11 °C, күндіз +21…+23 °C.

📍 Шымкент — күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12 °C, күндіз +22…+24 °C.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж-Халифа ғимраты Қазақстанның көк туымен көмкерілді

Көк туымыз жарқыраған сәтте емлеккеттік әнұранымыз да қосылды. Ерекше сәтті Дубайдағы Қазақстан елшілігі өзінің Instagram парақшасында жариялады.

“Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады”, – делінген желідегі жазбада.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тааль жанартауының атқылауы. Филиппин, 26.10.2025
🔥2
🌋 Тааль жанартауы оянды! (Филиппин, 26 қазан 2025)

Филиппиндегі ең әдемі әрі қауіпті жанартаулардың бірі — Тааль — қайтадан атқылап, аспанға күл мен будың биік бағанын көтерді! 🌫️

📍 Орналасқан жері: Лусон аралындағы Тааль көлінің ортасында.
Бұл — әлемдегі ең ерекше жанартаулардың бірі, себебі ол көліктің ішінде орналасқан, ал көлдің өзінде тағы да кішкентай арал бар! 🏝️

🔥 Қызықты деректер:

Тааль — Филиппиндегі екінші ең белсенді жанартау (бірінші — Майон).

Соңғы ірі атқылауы 2020 жылы болып, ондаған мың адам эвакуацияланған.

Жанартау кратеріндегі су кейде қайнап, қышқыл жаңбыр тудырады.

Ғалымдар Таальды «ұйықтап жатқан айдаһар» деп атайды — кез келген сәтте оянып, айналаны күлге көмкеруі мүмкін! 🐉


🌍 Табиғаттың осындай құбылыстары бізге Жердің тірі екендігін еске салады.