Гео Әлем Тв | География
1.11K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
Ғарыштың иісі қандай?

Адам мұрын арқылы тыныс алған кезде, иіс сезу рецепторлары ауадағы молекулалармен өзара әрекеттесіп, біз белгілі бір иісті сеземіз.

Алайда шын мәнінде, ғарыш кеңістігінде бұл молекулаларды тасымалдайтын орта да, адамның оларды мұрын арқылы қабылдауына мүмкіндік беретін жеткілікті тығыз газ ортасы да жоқ.

Теориялық тұрғыда, егер адамның мұрнына молекулалар ағынын бағыттап «бомбалау» мүмкін болса, бәлкім қандай да бір иісті сезуге болар еді. Бірақ адам нөлдік қысым жағдайында өмір сүре алмайды. Ғарыштағы атомдар мен молекулалардың қозғалу жылдамдығы соншалықты жоғары, олар реакцияға түспей тұрып-ақ иіс сезу рецепторын жай ғана жойып жібереді.

Демек, ғарыштың иісі жоқ!
👌2💯2👍1🔥1🤔1
Құрметті оқырмандары!
Жаңа жыл әр шаңыраққа береке, әр жүрекке үміт, әр күнге қуаныш әкелсін.
Алдыңыздан ашылатын жолдар тек жақсылыққа бастасын,
арман-мақсаттарыңыз орындалып, еңбектеріңіздің жемісін көретін жыл болсын.

Білімге деген құштарлықтарыңыз артып,
ізденіс пен табыс қатар жүрсін.
Отбастарыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!
Бірге өсіп, бірге дамитын, мағыналы жыл болғай!
👌3💯2☃1👍1🔥1🤔1
Мұхиттық аралдар, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресейдің шығыс бөлігі, шығыс және оңтүстік-шығыс Азия елдері Жаңа жылды күтіп алды.
🎄2👍1🎉1👌1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жапония Жаңа 2026-жылды қарсы алды
🎄2👍1🎉1👌1💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қысқы Астананың көрінісі

Астанадағы мерекелік атмосфераны тұрғындардың көңіл күйі айшықтай түсті.
👍2👌2🔥1🤔1💯1
30–31 желтоқсан 2025 жылы Польшадағы Млава қаласында бір тәулікте 57 см-ге дейін қар жауды. Қалың қар мен қатты жел салдарынан көлік қозғалысы қиындап, билік тұрғындарды жолға шықпауға шақырды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде, алайда шағымдар көп. Теміржолда да қиындықтар туындап, пойыз жолаушылары қалың қарға түсуге мәжбүр болды.
👍2💯2🤔1🎉1👌1🎄1
Оңтүстік Азия елдері (Үндістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Непал), Ресейдің Азия бөлігі Жаңа жылды қарсы алды
🎄3👍2👌1💯1
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Малдив аралдары және Ресейдің Екатеринбург, Курган, Кудымкар, Магнитогорск, Нижний Тагил, Нефтекамск, Оренбург, Пермь, Салехард, Тюмень, Уфа, Ханты-Мансийск, Челябинск қалалары Жаңа жылды қарсы алды.

Жаңа жылыңыз құтты болсын!
🎄4🎉2👍1🤝1
Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ресейдің Астрахань, Ижевск, Самара, Саратов, Тольятти, Ульяновск қалалары жаңа жылды қарсы алды.
🎄3🤔2🎉2👍1
Синоптиктер 2026 жылдың қаңтарына арналған ауа райы болжамын жариялады

Республика аумағының барлығында айлық орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С-қа жоғары болады. Ал жауын-шашын Павлодар облысында, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарының солтүстік-шығысында, Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік жартысында, Түркістан облысы мен Жетісу облысының оңтүстік-шығысында көбірек жауады.
☃3🎉2👍1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытай Жаңа жылды қарсы алды
👍2🤔2🎉2🎄2☃1
Жаңа жыл түнінде қай аймақ бала туу бойынша көш бастады

Қазақстанның перзентханаларында Жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келді. Туған нәрестелердің саны жынысы бойынша ұлдар мен қыздар бірдей. Олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келді.

Дәстүрлі түрде ең көп нәресте туған өңірлер: Түркістан облысы – 29 бала, Шымкент қаласы – 24, Астана – 22 және Алматы қаласы – 21.
👍3☃1🤔1🎉1👌1🎄1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
БАӘ-дегі жаңа жылдық дрондар шоуы Гиннес рекордтар кітабына енді

Жаңа жыл түні Рас-әл-Хаймада ауқымды дрондар шоуы өтіп, Гиннес рекордтар кітабына енді.

2026 жылдың келуін бейнелеу мақсатында 2 300 дрон түнгі аспанда алып фениксті бейнеледі.
👍2☃1🤔1👌1🎄1
Болгария ресми түрде еуроға көшті

Болгария 1 қаңтардан бастап ұлттық валютасы – левтен бас тартып, еуроаймақтың 21-ші елі атанып, еуроға көшті. Бұл қадамды ел билігі Еуропалық одақтағы ықпалды арттыру, экономиканы нығайту және қаржылық тұрақтылықты күшейту үшін маңызды деп бағалап отыр, деп хабарлайды Euronews.

Еуропалық орталық банктің президенті Кристин Лагард Болгарияның еуроаймаққа қосылуын «ортақ құндылықтар мен бірліктің символы» деп атады. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен де бұл шешім азаматтар үшін саяхат пен сауданы жеңілдететінін мәлімдеді.

Алайда қоғамда бұл өзгеріске көзқарас біркелкі емес. Eurobarometer дерегіне сәйкес, болгарлардың 49%-ы еуроға көшуді қолдамайды. Наразылық білдірушілер бағаның өсуінен және елдің экономикалық тәуелділігінің артуынан қауіптенеді. Кейбір кәсіпкерлер мен тұрғындар қымбатшылықтың еуро енгізілмей тұрып-ақ басталғанын айтуда.

Президент Румен Радев еуроға көшу маңызды қадам болғанымен, бұл мәселе бойынша халықпен референдум өткізілмегеніне өкініш білдірді. Соңғы айларда елде саяси тұрақсыздық күшейіп, үкімет отставкаға кеткен.

Сарапшылардың бір бөлігі еуроның әсері ұзақ мерзімде байқалатынын айтып, шетелдік инвестиция мен қаржылық сенімнің артуын күтуде. Fitch агенттігі Болгарияның кредиттік рейтингін еуроаймаққа қосылуына байланысты көтерді.

Болгарияның еуроға қосылуымен Еуропада бірыңғай валютаны пайдаланатын халық саны 350 миллионнан асты.
💯2🎄2☃1
🎄 ЖАҢА ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҰТЫС ОЙЫНЫ 🎁

Құрметті оқырмандар!
Жаңа жыл мерекесіне орай каналымызда шағын, бірақ пайдалы гивевей ұйымдастырамыз.

🎁 ҰТЫСҚА ҚОЙЫЛҒАН СЫЙЛЫҚ:
📘 9-сыныпқа арналған оқу атласы

👥 ЖЕҢІМПАЗ САНЫ:
➡️ 1 (бір) адам

⏰ ЖЕҢІМПАЗ АНЫҚТАЛАТЫН УАҚЫТ:
📅 04.01.2026
🕘 сағат 21:00

‼️ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ:
— Тек осы каналға жазылған болуыңыз жеткілікті
— Лайк басу, комментарий жазу, достарды шақыру талап етілмейді

❗️ Маңызды:
Жеңімпаз @giveawaybot арқылы автоматты түрде, әділ және кездейсоқ таңдалады. Ешкім араласа алмайды.

🎉 Баршаңызға сәттілік!
Жаңа жыл білім мен табыс әкелсін
✨
🎉4🤝3💯1
🎄 ЖАҢА ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҰТЫС ОЙЫНЫ 🎁

Құрметті оқырмандар!
Жаңа жыл мерекесіне орай каналымызда шағын, бірақ пайдалы гивевей ұйымдастырамыз.

🎁 ҰТЫСҚА ҚОЙЫЛҒАН СЫЙЛЫҚ:
📘 9-сыныпқа арналған оқу атласы

👥 ЖЕҢІМПАЗ САНЫ:
➡️ 1 (бір) адам

⏰ ЖЕҢІМПАЗ АНЫҚТАЛАТЫН УАҚЫТ:
📅 04.01.2026
🕘 сағат 21:00

‼️ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ:
— Тек осы каналға жазылған болуыңыз жеткілікті
— Лайк басу, комментарий жазу, достарды шақыру талап етілмейді

❗️ Маңызды:
Жеңімпаз @giveawaybot арқылы автоматты түрде, әділ және кездейсоқ таңдалады. Ешкім араласа алмайды.

🎉 Баршаңызға сәттілік!
Жаңа жыл білім мен табыс әкелсін ✨

Participants: 4
Prizes: 1
Giveaway date: 19:00, 04.01.2026 MSK (completed)

The winners of the giveaway:
1. Айжан Паринова - 4n6sde
🎉4🔥2👌1
2026 жылғы 1 қаңтар
Сицилия, Италия

2026 жылғы 1 қаңтарда Этна жанартауында жаңа атқылау тіркелді. Италияның Ұлттық геофизика және жанартау институтының (INGV) мәліметтері бойынша, күннің екінші жартысында жанартау шығысында орналасқан Валле-дель-Бове кальдерасының ішінде жаңа жарық пайда болып, одан лава ағып кетті.

Эффузивті ағын Монте-Симоне аймағында, теңіз деңгейінен шамамен 2100 метр биіктікте орналасқан вентиляциядан қалыптасып, Валле-дель-Бове бағытында төмен қарай жылжуда. Қазіргі уақытта лава алдыңғы шеті шамамен 1580 метр биіктікке жетті. Тұрғын аудандарға қауіп жоқ, себебі атқылау тұрғын аймақтардан алыс жерде орын алуда.
Сонымен қатар, Бокка-Нуова кратерінде орташа деңгейдегі жарылыс белсенділігі сақталып, аз мөлшерде күл бөлініп жатыр. Сейсмикалық және инфрадыбыстық көрсеткіштер тұрақты болып, кенет өзгерістер байқалмайды. INGV мамандары жағдайды бақылауды жалғастырып, жанартау белсенді фазада екенін және оқиғалардың дамуы өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
🤔1🤯1👌1