Гео Әлем Тв | География
1.11K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сирек кездесетін оптикалық құбылыс: көкжиектің төменгі жағында жарқырап көрінетін «Күн». Бұл құбылыс мұз кристалдарында жарықтың шағылуынан пайда болады.
🔥4🤯3👍1👌1💯1
Жоғарыдағы суретте Маңғыстау облысында байқалған солтүстік шұғыла көріністері бейнеленген.

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Күн плазмасының магнитосфераға күшті соққымен әсер етуі салдарынан, әдетте сирек кездесетін өте төмен ендіктерде полярлық шұғыла пайда болып, 9 балдық, «қызыл» деңгейдегі аса қауіпті магниттік дауыл тіркелді.

Солтүстік шұғыла Сочиден бастап Италияға дейін көрінген. Сондай-ақ Арал теңізі маңында тұратын тұрғындар да бұл ерекше табиғи құбылысқа куә болған.
🔥4🤯1👌1
Forwarded from Клара Нұрман
🌊 Мұхиттағы «суасты сарқырамалары»

🌍 Мұхит түбінде көзге көрінбейтін, бірақ ауқымы жағынан құрлықтағы ең үлкен сарқырамалардан да асып түсетін құбылыстар бар. Әртүрлі температура мен тұздылықтағы су қабаттары түбіне қарай сырғып, алып су массаларын төменге тартады — бұл нағыз суасты сарқырамалары.

🌀 Су неғұрлым салқын әрі тығыз болса, солғұрлым төменге батады. Мұхит ағындары дәл осы тығыздық айырмалары арқылы қозғалады: жылы және жеңіл су жоғарыда қалады, ал ауыр су қабаты тереңдікке қарай құлап, жүздеген метрлік «ағын шұңғымаларын» жасайды.

🛕 Әлемдегі ең қуатты суасты сарқырамалары Гренландия маңында байқалады. Сол жерде бір секундына миллиондаған тонна су төменге құлайды — бұл Ниагара сарқырамасынан бірнеше есе күшті. Мұндай ағындар жаһандық климатқа да әсер етеді: олар мұхиттағы жылу таралуын реттеп, Жердің климаттық жүйесінің тұрақтылығын сақтауға көмектеседі.

🌍 Тереңдегі бұл құпия ағындар мұхиттардың ішкі тынысын ашып, табиғаттың күрделі және үйлесімді жүйе екенін көрсетеді.
👍4💯2🔥1
Құрметті әріптестер!
Мұғалім еңбегін жеңілдетіп, сабақты жүйелі әрі қызықты өткізу мақсатында бір тақырыпқа негізделген қосымша оқу-әдістемелік материалдардың үш түрлі топтамасы ұсынылады. Әр пакет мазмұны жағынан бір-бірінен ерекшеленіп, сабақтың түрлі форматына бейімделген.

500 теңгелік пакет – сабаққа тікелей қолдануға ыңғайлы базалық жинақ. Бұл топтамада тақырыпқа арналған мәтін, жауаптарымен бірге берілген А, В, С деңгейлі 25 тест тапсырмасы, сондай-ақ тапсырмаларымен толықтырылған сергіту сәті қамтылған. Қайталау, бекіту кезеңдерінде тиімді пайдалануға арналған.

1000 теңгелік кеңейтілген пакет – топтық жұмысқа бағытталған, оқушылардың белсенділігін арттыруды көздейтін мазмұнды жинақ. Мұнда 3 топқа арналған мәтіндік тапсырмалар жауаптарымен бірге, жауаптары көрсетілген А, В, С деңгейлі 25 тест тапсырмасы, тапсырмамен толықтырылған сергіту сәті және үй тапсырмасының үш түрлі нұсқасы берілген. Бұл пакет саралап оқытуға, оқушылардың ойлау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

1500 теңгелік толық пакет – бір тақырыпты жан-жақты әрі терең қамтитын ең толық материалдар топтамасы. Пакет құрамында тақырыптық мәтін, 3 топқа арналған мәтіндік тапсырмалар жауаптарымен, жауаптарымен берілген А, В, С деңгейлі 25 тест тапсырмасы, 10 сұрақ-жауап, тапсырмалармен бірге сергіту сәті, қызықты деректер, тірек түсініктер, суреттер мен карта, кескін карта, сондай-ақ үй тапсырмасының бес түрлі нұсқасы қамтылған. Бұл топтама ашық сабақтарға, бақылау жұмыстарына және тереңдетіп оқытуға өте қолайлы.

Егер сізге бұл ұсыныс қызықты әрі пайдалы болып көрінсе, қосымша ақпарат алу немесе тапсырыс беру үшін @Teacher_Ahmet ке жазсаңыз болады. Бір тақырып – үш түрлі мүмкіндік, сапалы сабаққа дайын шешім!
👍7💯3👌2🤔1
500 теңгелік пакет.docx
30 KB
8 сынып География пәні
“Климат және адам”
тақырыбына қосымша материалдар топтамасы
👍6💯2🤔1👌1
1000 теңгелік кеңейтілген пакет .docx
33.6 KB
8 сынып География пәні
“Климат және адам”
тақырыбына қосымша материалдар топтамасы
👍5👌2💯2
1500 теңгелік толық пакет.docx
195.8 KB
8 сынып География пәні
“Климат және адам”
тақырыбына қосымша материалдар топтамасы
👍5💯2😱1👌1
#жасгеограф

Қарапайым тілмен айтқанда автотрофтар мен гетеротрофтар қандай организмдер?

Автотрофтар
– өз тамағын өзі жасайтын организмдер.
Олар күн сәулесін немесе химиялық энергияны пайдаланып, өзіне қажет қоректі өздері өндіреді.

🔹 Мысалдар:
Жасыл өсімдіктер 🌱
Балдырлар
Кейбір бактериялар

👉 Яғни: «Мен өзімді өзім асыраймын» дейтіндер.

Гетеротрофтар – дайын тамақпен өмір сүретін организмдер.
Өздері қорек жасай алмайды, басқа тірі ағзаларды немесе олардың өнімдерін жейді.

🔹 Мысалдар:
Адам 🧍‍♂️
Жануарлар 🐄🐺
Саңырауқұлақтар 🍄

👉 Яғни: «Маған біреу дайын тамақ берсін» дейтіндер.

📌 Есте сақтаудың оңай жолы:
Авто
– өзім
Гетеро – басқа біреу
👍2🔥2💯1
#ғарыш

🛰️ Тіпті ғарышта да орын қалмай барады: SpaceX соқтығысу қаупін азайту мақсатында мыңдаған Starlink жасанды серіктерінің орбитасын төмендетпек.

Бұл үдеріс бір жылға созылуы мүмкін және 9400 құрылғының 4400-іне әсер етеді деп күтілуде. Серіктер 550 км биіктіктен 480 км-ге дейін біртіндеп түсіріледі. Бұл аймақта басқа жасанды серіктер мен ғарыштық қоқыс әлдеқайда аз.
🤔1
Елімізде дауылды ескерту жарияланды

🌨 Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Абай, ШҚО облыстарында қар жауып, боран соғады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ жел күшейеді.

🌫 СҚО, Павлодар, БҚО, Қызылорда, Қостанай, Жетісу облыстарында тұман түседі.

❄️ Ақмола, Қостанай облыстарында қар жауып, боран соғады.

🌬 Кейбір өңірлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
☃2👌1
Қытайда жер сілкінді

Тұрғындар жедел қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Зілзала көрші елдің солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында болған. Магнитудасы 5,5-ға дейін жетті. Сілкіністің жойқын болғаны сонша үйлердің қабырғасы қақырап, жарылған. Тебо уезінің халқы қауіпсіз жаққа қашып жатыр. Қазіргі кезге дейін 20 мыңнан астам адам аумақтан шығып үлгерген. Қыс ортасында далада қалған жұрт уақытша баспаналарда түнеуге мәжбүр. Жергілікті жерде төтенше жағдай жарияланып келген шығын көлемі есептелуде. Оқиға орнында жүздеген құтқарушы, арнай техникалар жұмыс істеп жатыр.
🔥1🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Оаху аралы, Гавайи, АҚШ.
🔥1
❗️АҚШ-та бораннан 29 адам көз жұмды

Қаралы хабарды The Guardian басылымы жеткізген.

Техас штатынан Жаңа Англия штатына дейінгі аумақта күн бұзылды. Массачусетс пен Пенсильванияда қардың қалыңдығы 58 сантиметрге жеткен.

📌Университеттерде сабақ тоқтады. Кейбір штатта мектептер қашықтан оқып жатыр. Синоптиктер аяз аптаның аяғына дейін созылады деп болжайды.
👌1
Астанада бірінші ауысымдағы оқушылардың бір бөлігі онлайн оқиды

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

«28 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
🤝1
Австралияны рекордтық аптап ыстық басты: жүздеген тұрғын эвакуациялануға шақырылды

Австралияның оңтүстік-шығысында орын алған экстремалды аптап ыстық ауқымды орман өрттерін туындатып, ауылдық елді мекендердегі жүздеген тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр етті. Сонымен қатар ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Мельбурн қаласында соңғы шамамен 17 жылдағы ең ыстық күн тіркелді.

Виктория штатының астанасының кейбір аудандарында ауа температурасы +45 °C-тан асты. Ал штаттың солтүстік-батысындағы Малли өңірінде Австралия метеорология бюросының алдын ала деректері бойынша температура +48,9 °C-қа жетіп, бұл Виктория үшін абсолютті рекорд болды.

Қазіргі аптап ыстықтың қарқындылығы 2009 жылғы «Қара сенбі» деп аталған жойқын өрттерден бергі ең қауіпті жағдай ретінде бағаланып отыр. Ол кезде Виктория штатында 173 адам қаза тапқан еді. Бірқатар аудандарда өрт қаупінің деңгейі «өте жоғары» санатына көтерілді. Сонымен қатар көптеген қауымдастықтар айдың басында болған, дәл осындай аномальды ыстықтан туындаған ірі өрттердің салдарын әлі де еңсеріп үлгермеген.

Виктория штатының Орман өрттерімен күрес басқармасының бас өрт инспекторы Крис Хардманның айтуынша, аймақта алты ірі өрт жалғасып жатыр, оның үшеуі әлі толық бақылауға алынбаған. Құтқару қызметтерін ерекше алаңдатып отырғаны — Отвейс ауданындағы тез таралып жатқан өрт. Ол шамамен 10 мың гектар аумақты шарпып, кемінде үш нысанды жойған.

Жағдай одан әрі ушығуы мүмкін: желдің жылдамдығы 70 км/сағ дейін жетіп, бағыты оңтүстік-оңтүстік-батысқа өзгеруі күтілуде. Бұл өрттің аса қауіпті әрі болжап болмайтын сипат алуына жағдай жасайды.

Төтенше қызмет өкілдері шамамен 1100 үйді аралап шығып, 10 мыңға жуық ұялы телефонға қауіпті аймақтарды дереу тастап кету туралы ескерту хабарламаларын жолдаған. Жаңа өрт ошақтарының пайда болу қаупін азайту мақсатында штат билігі от жағуға толық тыйым салды.
Бүгін елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Республиканың басым бөлігінде қатты жел тұрады. Екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Синоптиктердің болжауынша, Маңғыстау өңірінде аяз күшейіп, сынап бағанасы 27 градусқа дейін төмендейді.

Күннің суытуына байланысты елордада бірінші ауысымның мектепке даярлық сыныбы мен 6-сынып оқушылары қашықтан оқиды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл видеоны көргенде, алдымызда қатал арктикалық жыртқыш тұрғанына сену қиын

Кадрларда ақ аю тыныш жүзеді, суда демалады және үлкен плюш аю сияқты ойнайды. Бірақ осы сыртқы тыныштықтың артында планетадағы ең ірі жылуқанды жыртқыш жасырынады.

Ақ аю, немесе Ursus maritimus, салмағы мың килограммға дейін жетуі мүмкін, ал денесінің ұзындығы үш метрге дейін барады.

Ақ аюлар — тамаша жүзгіштер. Олар демалмай 100 километрден астам жүзе алатыны белгілі. Бұл таңқаларлық емес: олардың негізгі жемтігі — арктикалық тюленьдер, сақина тәрізді нерпалар және лахтактар. Аюлар аңшылық кезінде мұздағы тесіктерде оларды аңдып, қар үңгірлерінде ұстап алады немесе судан шабуыл жасайды. Жыртқыштың күші оған тіпті морждар мен ақ киттерге де аңшылық жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні бүкіл Арктикада шамамен 20–22 мың ақ аю бар, олардың шамамен 6–7 мыңы Ресей Арктикасында тұрады. Бұл түр Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне және Ресей Федерациясының Қызыл кітабына енгізілген.
👌2💯2🔥1