This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тоқтағұл су қоймасының биыл 13 мамырдағы жағдайы.
🤔3🤯2👌1💯1
#жасгеограф 🌍🎢
Балаларға арналған ең қызықты аттракциондар көп салынған ТОП-10 мемлекет:
1️⃣ 🇺🇸 АҚШ — Disneyland, Universal Studios
2️⃣ 🇯🇵 Жапония — Tokyo Disneyland
3️⃣ 🇫🇷 Франция — Disneyland Paris
4️⃣ 🇨🇳 Қытай — Chimelong, Happy Valley
5️⃣ 🇩🇪 Германия — Europa Park
6️⃣ 🇰🇷 Оңтүстік Корея — Lotte World
7️⃣ 🇦🇪 БАӘ — Ferrari World, IMG Worlds
8️⃣ 🇸🇬 Сингапур — Universal Studios Singapore
9️⃣ 🇬🇧 Ұлыбритания — Alton Towers
🔟 🇨🇦 Канада — Wonderland паркі
🎡 Бұл мемлекеттерде балалар туризмі мен ойын-сауық индустриясы өте жоғары дамыған.

❤5🔥2💯1
#жасгеограф 👶🌍
Әлемде балалар саны ең көп 10 ел (18 жасқа дейінгі балалар саны бойынша, 2025 ж. БҰҰ деректері):
1️⃣ 🇮🇳 Үндістан — шамамен 430 млн бала
2️⃣ 🇨🇳 Қытай — шамамен 250 млн бала
3️⃣ 🇳🇬 Нигерия — 112,8 млн бала
4️⃣ 🇵🇰 Пәкістан — 108 млн бала
5️⃣ 🇮🇩 Индонезия — 85 млн бала
6️⃣ 🇺🇸 АҚШ — 73 млн бала
7️⃣ 🇪🇹 Эфиопия — 61,5 млн бала
8️⃣ 🇨🇩 Конго Демократиялық Республикасы — 59,2 млн бала
9️⃣ 🇧🇷 Бразилия — 56 млн бала
🔟 🇧🇩 Бангладеш — 55 млн бала
📊 Дереккөз: БҰҰ-ның халық саны жөніндегі World Population Prospects 2025 есебі.

❤2👍2🔥1💯1
Болашақ мұнарасы және орындалмай қалған арманның символы.
«Анаклия көзі» — Грузиядағы Қара теңіз жағалауында орналасқан мұнара. Оны 2011 жылы испан сәулетшісі Альберто Доминго жобалаған. Нысан Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі хабқа айналуы тиіс Лазика порт-қаласының ауқымды жобасының бір бөлігі ретінде салынды. Жоба бойынша мұнда терең су порты, яхталар айлағы, қонақүйлер мен жүздеген мың адам тұратын жаңа қала бой көтеруі керек еді.
Мұнара ішінде шолу алаңы мен мейрамхана ашу жоспарланған болатын. Алайда инвесторлар кетіп, құрылыс тоқтап қалды. Сөйтіп «Анаклия көзі» орындалмай қалған болашақтың символына әрі Грузиядағы ең сюрреалистік көрікті жерлердің біріне айналды.

👍2🔥2👌1💯1
✨ 12–17 маусым күндері Шолпан, Юпитер және Меркурий аспанда бір сызық бойына тізіліп, ғаламшарлар шеруін қалыптастырады.
17 маусым кешінде оларға Ай да қосылып, өте сирек кездесетін астрономиялық көрініс пайда болады.

👌3🔥2💯1😎1
❄️ Камчаткадағы қыс табиғатқа ғана емес, туристік аймақтарға да соққы болды.
Аномалды қалың қар мен толассыз жауынның салдарынан әйгілі Гейзерлер алқабындағы жаяу жүргінші жолдары мен бақылау алаңдары қирап қалды. Көпметрлік қардың ауырлығы ағаш пен темір тіректерді майыстырып, кей жерлерін толық сындырған.
Қазір мамандар жолдарды қардан тазалап, бүлінген бөліктерді қалпына келтіруде. Алайда шақырымға созылған маршруттың жартысынан азы ғана ашылған. Сол себепті туристер үшін экскурсиялар уақытша өзгертілген бағытпен өтеді.
🌋 Табиғаттың күші тағы да адам жасаған инфрақұрылымнан әлдеқайда мықты екенін көрсетті.

☃2👍2🔥1🤔1👌1
🌕 Айдың аспанда қалай көрінетіні?
Жердің қай жартышарында тұрғаныңызға тікелей байланысты. Солтүстік және Оңтүстік жартышарда Ай бірдей болғанымен, адамдар оны әртүрлі бұрыштан көреді. Сондықтан Айдың фазалары «төңкерілгендей» әсер қалдырады.
🌍 Солтүстік жартышарда Ай тола бастағанда оның жарық бөлігі көбіне оң жақтан көрінеді. Ал кеми бастағанда сол жағы жарық болып қалады.
🌍 Оңтүстік жартышарда бәрі керісінше: Ай толғанда жарық бөлігі сол жақтан басталып, кемігенде оң жағы жарық болып көрінеді.
Бұл құбылыс Жердің шар тәрізді болуына байланысты. Яғни біз Айға әртүрлі бұрышпен қараймыз. Экватор маңында тұрған адамдар кейде Айды «жатық» күйде де көре алады.
🌕 Қызығы, Айдың бетіндегі дақтар мен «теңіздер» де кей өңірлерде төңкерілгендей болып байқалады. Мысалы, Солтүстік жартышарда анық көрінетін суреттер Оңтүстік жартышарда жоғары-төмен ауысқандай әсер береді.
✨ Сондықтан әлемнің әр түкпіріндегі адамдар бір Айға қарағанымен, оны әртүрлі кейіпте тамашалайды.

🤔3💯2👍1🔥1
🌍 Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
Каналымызға жаңадан қосылған баршаңызға үлкен рақмет! 💙
Сіздер дұрыс таңдау жасадыңыздар деп сенемін. Бұл жерде география, әлем, қызықты деректер, танымдық ақпараттар мен пайдалы материалдарды тұрақты түрде таба аласыздар.
Алдағы уақытта сіздер үшін одан да сапалы әрі қызықты контент ұсынуға тырысамын.
Белсенді болып, пікір қалдырып, достарыңызды да шақырып жүріңіздер 😊
Қош келдіңіздер, бірге дамиық! 🌎✨

❤3👌2💯2🔥1
ГеоӘлемТв - география мұғалімдері, оқушылар, студенттер мен барлық қызығушыларға арналған.
Сіздермен географиядан білгенімді бөлісемін.
ГеоӘлемТв ді әлеуметтік желілерден іздеңіз:
https://youtube.com/@geoalemtv
instagram.com/@geoalemtv
facebook.com/@geoalemtv
tiktok.com/@geoalemtv
https://t.me/geoalemtv
https://chat.whatsapp.com/JpLmA4KDlJ176HO2rcSken

👍3❤1🤔1👌1💯1
#Күн_Тарихы
📅 Бүгін – 3 маусым, сәрсенбі
🌍 Халықаралық күндер: • 🇺🇳 БҰҰ-ның Халықаралық велосипед күні • 🇺🇸 АҚШ-тағы Ұлттық қара аю күні • 🇹🇭 Таиланд патшайымы Сутхиданың туған күні
📜 Тарихта бүгін: • 1539 жылы Флорида Испанияның аумағы деп жарияланды. • 1927 жылы Мәскеуді қайта жаңғырту (реконструкциялау) жұмыстары басталды. • 1959 жылы Сингапурда Конституция қабылданды.
🎂 Бүгін туғандар: • Raúl Castro — 1931 жылы дүниеге келген кубалық революционер әрі мемлекет қайраткері. • Rafael Nadal — 1986 жылы дүниеге келген әйгілі испан теннисшісі, 22 мәрте «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы.
#ГеоӘлемТв #КүнТарихы #3Маусым #Тарих #БүгінгіКүн

🔥2👌2🤔1💯1
📍 Түркияның Қаһраманмараш қаласында 4,4 балдық жер сілкінісі болды
Түркияның Қаһраманмараш қаласына қарасты Пазаржық ауданында магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 13:12-де тіркелген.
Мамандардың мәліметінше, зілзаланың ошағы 12,46 шақырым тереңдікте орналасқан.

🤔3👍1😱1💯1
⚡️Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады
Белсенді әрі терең циклон ел аумағының басым бөлігіне ықпал етуін жалғастыруда. Жақын күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК нақтылағандай, 4 маусымда елдің батыс аймақтарында, 4-5 маусымда солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 6 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

💯3👌2👍1
🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, егемендігіміздің ең қастерлі нышандары.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданып, жаңа тарихымыздың маңызды кезеңі басталды. Кейін бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілді.
Көк Туымыз көгімізде мәңгі желбіреп, Елтаңбамыз елдігімізді айшықтап, Әнұранымыз рухымызды асқақтата берсін!
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

🔥3👍2👌2
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
4 маусым сағат 21:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі орын алды. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде. Эпицентр мен сезгіштігі туралы мәлімет нақтылануда.
Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді.
Ақпарат толықтырылады.

😱3❤2⚡1🤯1
Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары көрсеткіш – 140 балл жинап, рекордтық нәтиже көрсеткен павлодарлық мектеп түлегі Әсет Альтаир өзінің табысқа жету жолындағы ерекше дайындық тәсілдерімен бөлісті.
Сондай-ақ ол өзіне өте талапшыл болғанын айтады. Егер дайындық деңгейінің төмендей бастағанын байқаса, оқу жоспарын қайта қарап, тәртіпті күшейтіп, келесі күні көбірек еңбектенуге тырысқан. Осындай өзін-өзі бақылау, жоғары жауапкершілік пен тәртіптің арқасында ол мақсатына жетіп, ҰБТ-дан ең жоғары нәтиже көрсеткен.
Оның айтуынша, дайындық барысында әр тақырыпты жаттап алуға емес, оның мәнін терең түсінуге басымдық берген. Әсеттің ең басты әдісі – күн сайын өзіне есеп беру болған. Ол әр кеш сайын: «Бүгінгі күнім өз көңілімнен шықты ма? Уақытымды тиімді пайдаландым ба?» деген сұрақтарды қойып, өз жұмысын әділ бағалап отырған.
Сондай-ақ ол өзіне өте талапшыл болғанын айтады. Егер дайындық деңгейінің төмендей бастағанын байқаса, оқу жоспарын қайта қарап, тәртіпті күшейтіп, келесі күні көбірек еңбектенуге тырысқан. Осындай өзін-өзі бақылау, жоғары жауапкершілік пен тәртіптің арқасында ол мақсатына жетіп, ҰБТ-дан ең жоғары нәтиже көрсеткен.
👍3👌3
⏳ Егер сіз Миллер планетасында 1 секунд тұрсаңыз, Жерде бір тәуліктен артық уақыт өтіп кетеді!
«Интерстеллар» фильміндегі Миллер планетасы уақыттың баяу өтуімен ерекшеленеді. Онда 1 сағат Жердегі 7 жылға тең.
Қарапайым есеп бойынша, Миллер планетасында өткен 1,4 секунд Жердегі 1 күнге сәйкес келеді. Яғни, сіз көзді ашып-жұмғанша, Жерде тұтас бір тәулік өтеді.
Егер сол планетада 1 минут болсаңыз, Жерде шамамен 42 күн өтеді. Ал бірнеше сағат өткізсеңіз, Жердегі достарыңыз бен туыстарыңыз ондаған жылға қартайып кетуі мүмкін.
Бұл жай ғана киноның қиялы емес. Ғалымдар аса үлкен қара құрдымдардың жанында уақыттың баяулайтынын дәлелдеген. Сондықтан уақыт барлық жерде бірдей жылдамдықпен өтпейді.
🌍 Кейде ғарыш біз ойлағаннан әлдеқайда таңғажайып екеніне осындай деректер көз жеткізеді.
#ГеоӘлемТв #Ғарыш #Интерстеллар #ҚызықтыДерек #Астрономия #УақытСыры

👏3❤2🔥1