Гео Әлем Тв | География
1.11K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
🌏 ИНДОНЕЗИЯДА ҚУАТТЫ ЗІЛЗАЛА БОЛДЫ

15 тамызда Индонезияның Флорес аралы маңында 7,7 магнитудалы күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі шамамен 10 км тереңдікте тіркеліп, көшкіндер мен ғимараттардың қирауына себеп болды.

⚠️ Соңғы мәлімет бойынша, 53 адам қаза тауып, 135-тен астам адам жараланған, шамамен 5 мың тұрғын эвакуацияланған. Зілзаладан кейін жүздеген қайталама дүмпу тіркелген.

🌊 Зілзалаға байланысты цунами қаупі жарияланғанымен, кейін ескерту тоқтатылды. Кейбір жағалауларда биіктігі 1,6 метрге дейінгі толқындар байқалған.

🇮🇩 Индонезия Тынық мұхитындағы «Отты шеңбер» аймағында орналасқандықтан, жер сілкіністері жиі болып тұрады.
🤔2❤1🔥1🤯1
💰 Бір банкноттың артында қандай қызық тарих бар екенін білесіз бе?

🌍 Әлемдегі ең ерекше банкноттар мен монеталарды, қымбат валюталарды және ақша туралы таңғажайып деректерді бірге зерттейміз!

👉 Ақша әлеміне бірге саяхаттайық! «Ақша Тайм» арнасына жазылыңыз!

https://youtube.com/@aqshatime
🔥2❤1
⛈️ Солтүстік-Батыс Ресейде нөсер жаңбыр күтіледі

22 тамызда Калининград облысында басталған қатты жаңбыр Псков, Ленинград облыстары мен Санкт-Петербургке жетеді. 23 тамызда жауын-шашын Карелия мен Архангельск облысына таралады.

🌧️ Кей жерлерде тәуліктік жауын-шашын мөлшері айлық норманың жартысына дейін жетуі мүмкін. Қатты жел соғып, ауа температурасы шамамен +15°C болады.
🔥3👍1
Күн дақтарында да үздіксіз М класындағы, тіпті Х класына жақын күшті жарқылдар байқалуда.

Ұзақ уақыттан бері Күнде мұндай күшті белсенділік байқалмаған еді.
🔥2🤔2
Гео Әлем Тв | География pinned «💰 Бір банкноттың артында қандай қызық тарих бар екенін білесіз бе? 🌍 Әлемдегі ең ерекше банкноттар мен монеталарды, қымбат валюталарды және ақша туралы таңғажайып деректерді бірге зерттейміз! 👉 Ақша әлеміне бірге саяхаттайық! «Ақша Тайм» арнасына жазылыңыз!…»
Боливияда қар жауып, әуе рейстері тоқтатылды

❄️ Боливияда қалың қар жауып, автомагистральдар жабылды. Отын тапшылығы күшейіп, бірқатар әуе рейсі тоқтатылды. Әсіресе Ла-Пас аймағында жағдай күрделі. Жүргізушілерге жолда абай болу ескертілді.

⚠️ Ұлттық метеорологиялық қызметтің мәліметінше, Ла-Паспен қатар Оруро, Потоси және Кочабамба аймақтарында да қауіпті жағдай қалыптасқан. Осы өңірлерде қауіптің «сары» деңгейі жарияланды.

Бұған дейін жергілікті билік жайылымдарды қар басуына байланысты мыңдаған лама мен бірнеше отар қойдың азықсыз қалғанын хабарлаған.
☃2🔥1
🇺🇸🇨🇦 Трамп АҚШ-Канада шекарасындағы Онтарио көлін «Америка көлі» деп атауды ұсынды

Президент Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ үкіметі Канадамен сауда мәселелеріндегі келіспеушіліктер аясында Онтарио көлінің атауын «Америка көлі» (Lake America) деп өзгерту мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Онтарио көлі АҚШ пен Канаданың шекарасында орналасқан және Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдердің бірі.

Бұған дейін АҚШ пен Канада сауда келісімі бойынша ортақ мәмілеге келе алмай, жаңа сауда текетіресі басталғаны хабарланған еді.
👍2🔥1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛰️ Непалдағы мұздықтардың құлдырауы: жағдайды көрсетіп тұрған суреттер (алды және кейіні)

Landsat 9 спутнигі Непал мен Тибет шекарасындағы аймақты, қуатты мұздықтардың құлдырауынан кейін, осы оқиғаның жойқын су басқанына байланысты, түсіріп үлгерді.

Суреттерде үлкен көлемдегі мұз және тау жыныстарының құлдырауынан туындаған зардаптар анық көрінеді. Осы оқиға соншалықты күшті болды, оның салдарынан 5,2 магнитудағы сейсмикалық дірілдер пайда болды, оларды басында күшті жер сілкінісі деп ойлады.
🤔2👍1
2025 жылдың 7 қыркүйек күні Ай өзінің толық Ай фазасында көрінді. Ал биыл осы құбылыс 355 күннен кейін қайталанып тұр.

Мұны Айлың Жерді айналу циклімен 365 күннен тұратын Жердің Күнді айналу циклімен дәл сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады.

Яғни бір айдың Ай циклі шамамен 29,5 күн. Сондықтан толық Айдың күнтүзбедегі күні 10-11 күнге ертерек жылжып отырады.

Ал 355 күн - 12 айлық ай цикліне өте жақын уақыт болып есептеледі.
👍1🔥1🤔1
Гео Әлем Тв | География
https://youtube.com/shorts/caacg-KT3Do?feature=share
ГеоӘлемТв YouTube арнасына тіркеліп қолдап, мына видеоға лайк басып жіберіңіздер.
👍3❤1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сұлуда көрікті Көлсай көлі
🔥5👍2❤1
Күткен кітабым келді.

Авторы: Хавьер Моро.
Аты: Үміт сапары.
Баспа: Фолиант.
Жанр: Дүниежүзілік классика
❤3👍1🔥1
🌦️ Бүгінге ауа райы болжамы

🌫️ Қазақстанның солтүстігінде үсік жүріп, тұман түседі. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

☀️ Оңтүстікте жауын-шашынсыз аптап ыстық сақталады.

⛅️ Астанада: ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +13...+15°C.

⛈️ Алматыда: ауа райы құбылмалы болады. Күннің екінші жартысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін болады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C.
🔥3👍1👏1
Құрметті әріптестер! 1 Қыркүйек Білім күні баршамызға құтты болсын!
🔥4❤1👍1
Қазақстанда 111 жыл бұрынғы жылу рекорды жаңарды

2026 жылғы шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, ғасырдан астам уақыт сақталған жылу рекордтары жаңарды.

«Қазгидромет» мәліметінше, шілдеде елдің басым бөлігінде ауатемпературасы климаттық нормадан 1–4°C жоғары болды.Ең жоғары температура Түркістанда тіркелді. 18 шілдеде ауатемпературасы +47,6°C-қа жетті. Бұған дейінгі рекорд 2019 жылы +43,7°C болған.

Шымкентте де 111 жыл бұрынғы рекорд жаңарды. 16 шілдеде температура +45,2°C болып, 1915 жылдан бері сақталған +41,1°C көрсеткішінен асып түсті. Алматыда 16–20 шілде аралығында бірнеше температуралық рекорд тіркелді. 20 шілдеде ауатемпературасы +41,5°C-қа жетті. Сондай-ақ Астанада+38,6°C, Өскеменде+3 9,7°C, Қызылордада +45,2°C температура тіркелді.

Сонымен қатар кейбір өңірлерде жауын-шашын мөлшері де қалыпты деңгейден бірнеше есекөп болды. Түркістан облысының Жетісай ауданында шілде айындағы жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 15 есе жоғары болды.
🔥3❤2🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы мемлекеттік табиғи қорығынан эксклюзивті кадрлар

🐐Сібір тауешкісі – Алматы мемлекеттік табиғи қорығын мекендейтін төрт ашатұяқты сүтқоректінің бірі.

Сібір тауешкісі туралы қызықты деректер:

• 🧭 Биіктік рекорды: Олар теңіз деңгейінен 1200-ден 4000 метрге дейінгі биіктікте еркін қозғалады.
• ☀️ Жазғы мекені: Ыстық мезгілде биік таулы аймақтарға, қол жетпес құзды және тастақты беткейлерге көтеріледі.
• ❄️ Қысқы көші-қон: Қар қалың түскенде, қорек іздеп төменгі белдеулерге, тіпті тау етегіне дейін түседі.

📸 Бұл бірегей сәттер 2026 жылы қорық аумағында орнатылған фототұзақтарға ілінген.
1👍3🔥1