Гео Әлем Тв | География
1.11K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
Гео Әлем Тв | География
Кеше кешкі уақытта Ташкент аспанында тағ болид көрінді
Кеше кешкі уақытта Ташкент аспанында тағ болид көрінді
🤯3🤔1
🔥4🤔1
Гео Әлем Тв | География
Photo
Картада қызыл түс пен қай ел көрсетілген?
Anonymous Quiz
19%
Перу
11%
Колумбия
16%
Венесуэла
53%
Эквадор
🎉4🔥1
Гео Әлем Тв | География
🍂 Күзгі күн мен түннің теңелуі 2026 жылы күзгі күн мен түннің теңелуі 23 қыркүйекте болады. Бұл — Күннің аспан экваторын кесіп өтетін ерекше астрономиялық құбылыс. Осы кезде Жердің екі жарты шарында күн мен түннің ұзақтығы бір-біріне шамамен теңеседі. Күзгі…
☀️ Күзгі теңелуге бір күн қалғанда Оңтүстік полюсте Күннің шығуы басталды.

Антарктидадағы «Амундсен–Скотт» станциясында Күннің алғашқы сәулелері көрінді. Бұл жерде Оңтүстік полюстік телескоп пен IceCube нейтрино обсерваториясы орналасқан.

Күннің ертерек көрінуіне Жер атмосферасында жарықтың сынуы себеп болды. Атмосфера Күн сәулесін сәл бұрып, Күн көкжиектен әлі толық көтерілмей тұрып-ақ оның көрінуіне мүмкіндік берді.
Полюстердегі Күннің шығуы біздегідей бір сәтте аяқталмады. Бұл процесс бірнеше аптаға созылды. Осы уақыт ішінде Күн көкжиек бойымен баяу қозғалып, күн сайын біртіндеп жоғары көтеріле берді.
Кей кездері Күн көрініп, қайтадан қысқа уақытқа жасырынған сәттер де байқалды. 🌍☀️

ГеоӘлемТв — Жер ғаламшары және әлемді таныту
👍2🔥2🎉1
🇲🇹 Мальта Республикасы туралы 10 қызықты дерек

1. 🇲🇹 Мальта — Еуропадағы ең кішкентай мемлекеттердің бірі.

2. 🏝️ Мемлекет бірнеше аралдан тұрады.

3. 🏛️ Елордасы Валлетта — әлемдегі ең кішкентай астаналардың бірі.

4. 🏰 Валлетта ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген.

5. 🗿 Мальтада Египет пирамидаларынан да көне құрылыстар бар.

6. 🌊 Мальта Жерорта теңізінің дәл орталығына жақын орналасқан.

7. 🇬🇧 Мальтада көліктер жолдың сол жағымен жүреді.

8. 🗣️ Мальта тілінің өзіндік ерекшелігі бар. Мальта тілі — семит тілдерінің ішінде латын әліпбиімен жазылатын ерекше тіл.

9. 💶 Мальта Еуропалық Одаққа мүше және еуроны қолданады.

10. 🎬 Мальта «Жерорта теңізінің Голливуды» аталады.
🔥4👍2👏1
Қалай шығыпты баға беріңіздер?
👍9🔥6👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Күзгі Камчатка. Ресей Федерациясы
❤3🔥3👍1
🌋 ЯВА АРАЛЫ — ЖАНАРТАУЛАР МЕН МИЛЛИОНДАҒАН АДАМДАР МЕКЕНІ

Индонезиядағы Ява аралы — көлемі жағынан аса үлкен болмаса да, әлемдегі ең тығыз қоныстанған аралдардың бірі. Мұнда 150 миллионнан астам адам өмір сүреді. 🇮🇩

🌋 Явада ондаған жанартау бар. Олардың арасында Семеру, Мерапи, Бромо сияқты әйгілі жанартаулар кездеседі. Семеру — аралдың ең биік нүктесі, биіктігі 3676 метр.

🌾 Жанартаулардың күлінен қалыптасқан топырақ өте құнарлы. Сондықтан аралда күріш, шай, кофе және басқа дақылдар көп өсіріледі. Ява кофесі әлемге танымал.

🏛️ Аралдың тарихы да ерекше. Мұнда Боробудур буддалық ғибадатханасы мен Прамбанан храмдар кешені орналасқан. Олар Яваның ежелгі өркениеттерінің жоғары деңгейін көрсетеді.

🌊 Ява жағалауларын Үнді мұхиты мен Ява теңізі шайып жатыр. Ал тропикалық климат аралға жыл бойы жасыл табиғат сыйлайды.

📍 Яваның солтүстік-батысында орналасқан Джакарта ұзақ уақыт бойы Индонезияның басты саяси және экономикалық орталығы болды.

🌍 GeoӘлемТв — Жер ғаламшары және әлемді таныту!
🔥3❤1👍1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌋 Сицилиядағы Этна жанартауы қайта белсенділенді

24–25 қыркүйек күндері Италияның Сицилия аралындағы Этна жанартауында белсенділік күшейді. Жанартаудың шыңындағы кратерлерден шамамен 4 км биіктікке күл көтеріліп, оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытқа тараған.

Осыған байланысты әуе көліктері үшін «қызыл» деңгейдегі ескерту жарияланып, жанартау үстіндегі әуе кеңістігі уақытша жабылды. Катания әуежайындағы рейстер саны да уақытша қысқартылды.
25 қыркүйекте де Этнадан күл шығуы жалғасқан.

🌋 Этна — Еуропадағы ең белсенді жанартаулардың бірі.
🤯3⚡1👍1🤔1
Тонга жағалауында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды.

23 қыркүйек күні Тынық мұхитындағы Тонга мемлекетінің жағалауында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі хабарлады.

Жерсілкінісінің эпицентрі Хихифодан солтүстік-батысқа қарай 180 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Жерасты дүмпулері Гринвич уақыты бойынша сағат 14:41-де (Астана уақытымен 19:41) тіркелді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түспеген.
🤔2🤯2⚡1❤1
Геоақпараттық жүйе (ГАЖ) туралы қызықты 10 дерек:

1. ГАЖ — картадан әлдеқайда көп. Ол картадағы нысандарды жинап, сақтап, талдап және олардың орналасуын зерттеуге мүмкіндік береді.

2. ГАЖ бірнеше қабатпен жұмыс істейді. Мысалы, бір картада жолдар, өзендер, елді мекендер, жер бедері және халық саны жеке қабат ретінде көрсетілуі мүмкін.

3. Спутниктік суреттер ГАЖ-та кең қолданылады. Олардың көмегімен орманның өзгеруі, егістік жағдайы, мұздықтардың шегінуі сияқты құбылыстар бақыланады.

4. Кез келген нысанның нақты координатасын көрсетуге болады. Мысалы, мектептің, аурухананың немесе құдықтың орналасқан жерін картаға енгізуге болады.

5. Төтенше жағдайларда ГАЖ өте пайдалы. Су тасқыны, өрт немесе жер сілкінісі кезінде қауіпті аумақтарды картадан анықтауға көмектеседі.

6. Қалаларды жоспарлауда қолданылады. Жаңа жол, мектеп немесе аурухана салуға қолайлы орынды анықтау үшін кеңістіктік деректер талданады.

7. Ауыл шаруашылығында да пайдаланылады. Егістіктің жағдайын бақылау, топырақты зерттеу және өнімділікті бағалау үшін ГАЖ қолданылады.

8. Сіз ГАЖ-ты күнделікті өмірде де қолданасыз. Google Maps, Yandex Maps сияқты картографиялық сервистер кеңістіктік деректермен жұмыс істейді.

9. ГАЖ «қай жерде?» деген сұрақпен ғана шектелмейді. Мысалы, «қай жерде су тасқыны болуы мүмкін?», «мектепке ең жақын жол қайсы?» деген сұрақтарға да талдау жасауға болады.

10. Қазіргі ГАЖ жасанды интеллектпен бірігуде. AI спутниктік суреттерден ғимараттарды, жолдарды, орман өзгерістерін және басқа нысандарды автоматты түрде анықтай алады.

Қысқаша айтқанда: ГАЖ — «карта + дерек + талдау». Сондықтан қазіргі географияда оның маңызы өте жоғары.
👍2🔥2❤1🎉1
❄️ Антарктида — Жер шарындағы ең суық материк!

Мұнда әлемдегі ең төмен температура — −89,2°C тіркелген. Антарктиданың шамамен 98%-ын мұз жамылғысы алып жатыр. Бұл жерде тұрақты халық жоқ, бірақ ғалымдар жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 🐧🧊

🌍 ГеоӘлемТв — Жер ғаламшары және әлемді таныту!
☃4❤2👍1
Өзбекстанның Піскент ауданында сағат 09:03-те ошағы 15 км тереңдікте орналасқан, магнитудасы 3,6 болатын әлсіз жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің күші Ташкент облысының көптеген аудандарында 2 баллға дейін сезілді.
⚡4🤔3
🌌 Нептунның ашылғанына 180 жыл!

1846 жылғы 23 қыркүйекте астрономдар Күн жүйесіндегі сегізінші ғаламшар — Нептунды алғаш рет бақылап, ашқан. 🔭
Нептун — Күннен шамамен 4,5 млрд км қашықтықта орналасқан алып мұзды ғаламшар. Оның бір жылы Жердегі 165 жылға жуық уақытқа созылады. Ал ғаламшардағы желдің жылдамдығы сағатына 2 000 км-ден асуы мүмкін. 🌊💨

2026 жылғы 23 қыркүйекте Нептунның ашылғанына 180 жыл толды! 🌌
👌3❤2👍1
«Жер_–_бірегей_планета»_тақырыбы_бойынша.docx
21.6 KB
6 сынып Жаратылыстану пәні, «Жер– бірегей планета» тақырыбы бойынша 15 сұрақ
👍4🔥3
🇻🇪 Маракайбо көлі — «найзағай астанасы»

Венесуэладағы Маракайбо көлі әлемдегі найзағай ең көп түсетін орындардың бірі ретінде белгілі. ⚡

2023 жылы көл Гиннестің рекордтар кітабына ғаламшардағы найзағайдың ең жоғары шоғырлануы тіркелетін орын ретінде енді. Мұнда жылына 1 км² аумаққа 250-ге дейін найзағай соғуы мүмкін. ⚡🌩️

Ғалымдар бұл ерекше құбылысты бірнеше климаттық фактордың үйлесуімен түсіндіреді. Көлді таулар қоршап жатқандықтан, мұнда өзіндік атмосфералық жағдай қалыптасады. Көл бетінен көтерілген ылғал жылы ауамен араласып, ал Кариб теңізінен соққан желдер жазықтағы жылы ауамен түйіседі. Нәтижесінде қуатты найзағайлы бұлттар пайда болады.

📍 Маракайбо көлі — табиғаттың ең әсерлі құбылыстарының бірі!
🔥3⚡2👌1
🇦🇫 Ауғанстанда жер сілкінісі тіркелді

2026 жылғы 1 қазанда сағат 06:29-да Ауғанстанның Бағлан аймағында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болды. Ошақ тереңдігі — 128 км.

📍 Координаттары: 35,99° с.е., 68,56° ш.б.
🔥3⚡1
Картографиялық проекциялар (қосымша ақпарат)

Жер бетін жазықтықта бейнелеу үшін ғалымдар картографиялық проекциялар деп аталатын шартты құрылымдарға жүгінуге мәжбүр болды. Географиялық карталарды жасау үшін әртүрлі проекциялар қолданылады: цилиндрлік, конустық және азимуттық.

Картографиялық проекцияға байланысты координаталық (градус) торды құрайтын параллельдер мен меридиандардың пішіні өзгереді.

Суреттен проекцияларды ажырата білуді үйренесіңдер. Глобуста параллельдер шеңбер тәрізді, ал меридиандар жартылай шеңбер тәрізді болатынын білесіңдер ме? Егер де картада параллельдер мен меридиандар түзу сызық болса, онда ол цилиндрлік проекцияда жасалған. Егер параллельдер доға тәрізді қисықтар болса, ал меридиандар түзу сызықтар болса, онда конустық проекцияда жасалған. Азимуттық проекцияда параллельдер шеңбер, ал меридиандар бір нүктеден шашыранды түзулер болады.
❤2👍1🔥1