Challenge Yourself
2.28K subscribers
119 photos
18 videos
19 files
52 links
Дневник человека мечтающего стать разносторонним...
Download Telegram
🔥13👏2
🧬Curriculum Vitae (CV)🧬

❓️Резюмеден айырмашылығы қандай?
CV - сіз туралы барлық қажетті ақпарат.
Резюме соның жинақталған, қысқа нұсқасы

✔️Жалпы, ұзақ уақыт бойы дамып отыру үшін, дамуыңызды қадағалай алу үшін (KPI), оқушыларыңызды (команда, сотрудник және т.с.с.) даму траекториясын сыза алу үшін қолдануға - әмбебап құрал ұсынғым келіп тұр.

🌐CV-ді Notion-ға бір толтырып алсаңыз, кейінірек тек жаңалап, үсті-үстіне қоса бересіз.

💡Бұл тек қана бастапқы дәрежедегі шаблон, ішін әрмен қарай жетілдіре, өзгерте, үйлестіре берсеңіз де болады.

🚀Соны тезірек жасау үшін, өзімнің шаблоныммен бөлісемін.

https://gqr.notion.site/template-b00eb08b70cd48eb9596e38c5a7bf4d0?pvs=4
😍17🔥7👍6❤‍🔥2⚡1🥰1
🏖☀️Жаз басталды, шетелге қолжетімді бағаға қыдырып келсем деп жоспарлап жатқан адамдарға,  көру керек тізіммен бөлісемін:☀️🏖

🇬🇪Грузия🇬🇪
1. Куда сходить в Тбилиси
https://maps.app.goo.gl/uf4c4rXeUJ5Dxzpg9
2. Куда сходить в Кутаиси
https://maps.app.goo.gl/h1EkQqXwc9RMUwft9
3. Куда сходить в Батуми
https://maps.app.goo.gl/7YWVvVN1KYc2vxSe7
4. Куда сходить в Грузии
https://maps.app.goo.gl/o3nBp4uB6y4eBxMr8

🇹🇷Турция🇹🇷
1. Куда сходить в Анталии
https://maps.app.goo.gl/cRbuidwQ52bSdyMC9
2. Куда сходить в Турции
https://maps.app.goo.gl/HQocHvvncsSRr6NQ6
3. Куда сходить в Стамбуле
https://maps.app.goo.gl/ira65TguwjceuHFG7

🇦🇿Азербайджан🇦🇿
1. Куда сходить в Баку
https://maps.app.goo.gl/7E1D3QmJwzbn3v7x8

🇹🇯Таджикистан🇹🇯
1. Куда сходить в Таджикистане
https://maps.app.goo.gl/yPpeEWBCoxfemTbr8?g_st=ac
2. Куда сходить в Душанбе
https://maps.app.goo.gl/1K1edNksLFFQHQGw6?g_st=ac
3. Куда сходить в Курган-Тюбе
4. Куда сходить в Хошане

🇺🇿Узбекистан🇺🇿
1. Куда сходить в Ташкенте
https://maps.app.goo.gl/n6bQCk8uMu2PUyp86
2. Куда сходить в Самарканде
https://maps.app.goo.gl/MJYTXr8P3LYmU3z5A
3. Куда сходить в Бухаре
https://maps.app.goo.gl/GCafpN7NeznxkKpQ7
4. Куда сходить в Узбекистане
https://maps.app.goo.gl/6oXcdiEKGU5LM52x7

🇦🇪ОАЭ🇦🇪
1. Куда сходить в Дубай

2. Куда сходить в Абу-Даби
https://maps.app.goo.gl/cVXbGwNZHCszfEV7A?g_st=ac
3. Куда сходить в  ОАЭ

🇷🇸Сербия🇷🇸
1. Куда сходить в Белграде
https://maps.app.goo.gl/5KxBYsmBsDNrMfnY6?g_st=ac
2. Куда сходить в Сербии

🇲🇪Черногория🇲🇪
1. Куда сходить в Черногории
https://maps.app.goo.gl/M4Dvv2TX1edseUaD6?g_st=ac

🇦🇱Албания🇦🇱
1. Куда сходить в Албании
https://maps.app.goo.gl/itPdq8QXPpoQtece7?g_st=ac

Соңғы екеуі туралы бөлек жазба шығарамын, бұйырса
❤21🔥9👍7❤‍🔥2
😱Өзімнен мынандай қызық байқадым:😱

Бір жылдық жоспар қоясың, сосын жылдың ортасында шаршай бастайсың. Оған мыңдаған себептер мен отмазкалар табуға болады, бірақ соңында өзгертілмей қалған жыл қала бермек.

🫢Осы уайым маза берер емес...

🤔"Уақытты тиімді әрі алуан түрлі пайдалануды қалай үйренсем екен" - деген ой, алдымыздағы жаңа марафонға, жақында ғана үйренген методикамды тексеруге итермеледі.

🎆Енді ескі жыл, жаңа жыл деген қорытынды тек, жалпы дамуды бағалау үшін ғана қолданатын боламын деп шештім.

👤Ал, негізгі KPI (мониториң) 12 апталық промежутокпен жүретін болады.

Бұл әдістің үш ерекшелігі:
🎯Фокус (3-4 задачаға ғана фокус)
🎯Нақты жететін меже
🎯Тез түзету мүмкіндігі

Әдіснаманың мысалы:

1-қадам: Мақсаттарды анықтаңыз
Кәсіби мақсаттар:
- Оқушылардың үлгерімін жақсарту.
- Жаңа оқыту әдістемелерін енгізу.
- Біліктілікті арттыру (мысалы, біліктілікті арттыру курстарынан өту).

Жеке мақсаттар:
- Жұмыс пен жеке өмірді теңестіру.
- Денсаулықты жақсарту.
- Хобби және өзін-өзі дамыту.

2-қадам: Жылды 12 апталық циклдерге бөліңіз.
Әр цикл жоспарлауды, тапсырмаларды орындауды және нәтижелерді бағалауды қамтиды.
3-қадам: Бірінші циклға нақты мақсаттарды қойыңыз
Әр 12 апталық кезеңге 1-3 басым мақсаттарды таңдаңыз. Мысалы:
Кәсіби:
- Бір пән бойынша жаңа оқу бағдарламасын әзірлеу және енгізу.
- Сыныптың химия бойынша орташа бағасын 10%-ға арттыру.
Жеке:
- 3 кәсіби кітапты оқу.
- Дәлме-дәл спортпен айналысуды бастау (аптасына 3 рет).

4-қадам: Мақсаттарды апталық және күнделікті тапсырмаларға бөліңіз
Апталық тапсырмалар:
1 апта:
- Ағымдағы оқу бағдарламасын талдау, әлсіз тұстарды анықтау.
2 апта:
- Жаңа бағдарламаның жоспарын жасап, әріптестермен талқылау.
3 апта:
- Бағдарламаны енгізуді бастау, алғашқы сабақтарды өткізу.
Күнделікті тапсырмалар:
Дүйсенбі: Үлгерімі төмен оқушыларға қосымша сабақ өткізу.
Сейсенбі: Жаңа сабаққа материалдарды дайындау.
Сәрсенбі: Кәсіби кітаптың тарауын оқу.

5-қадам: Күнделікті және апталық мониторинг
Прогресті жүйелі түрде қадағалаңыз:
Күнделікті: Кешке күннің қорытындысын шығарып, орындалған тапсырмаларды белгілеңіз.
Апталық: Аптаның соңында не істелгенін, не істелмегенін талдаңыз. Келесі аптаға жоспарға түзетулер енгізіңіз.

6-қадам: Циклдің соңында нәтижелерді бағалау
12 апталық кезеңнің соңында қорытынды шығарыңыз:
Қойылған мақсаттарға қол жеткізілді ме, жоқ па, бағалаңыз.

Не жақсы орындалды, ал нені жақсартуға болатынын талдаңыз.Келесі циклге жоспар құру кезінде алынған тәжірибені ескеріңіз.

Мысал:
Бірінші циклге мақсат: Оқушылардың химия бойынша үлгерімін 10%-ға жақсарту.

Апталық тапсырмалар:
1-апта: Оқушылардың ағымдағы білім деңгейін анықтау, диагностика жүргізу.
2-апта: Қосымша сабақтар мен материалдар жоспарын әзірлеу.
3-апта: Аптасына екі рет қосымша сабақтар өткізе бастау.
Күнделікті тапсырмалар:
Дүйсенбі: Диагностикаға арналған материалдарды дайындау.
Сейсенбі: Қосымша сабақ өткізу.
Сәрсенбі: Диагностика нәтижелерін оқушылармен талқылау және жұмыс жоспарын құру.

🪟Біздер, мұғалімдер үшін жаңа жыл енді басталып жатыр😄
Еліне қызмет етем деген жандардың жылы - әрі тиімді әрі сапалы әрі адамзатқа пайдалы өтуіне тілектеспін.
❤31🔥8👍5❤‍🔥3🏆1🆒1
🔥Марафонға тіркелу ашық🔥

Тіркелу үшін не істеу керек:
1. Үлкен 3-5 мақсатыңызды жазып, әлеуметтік желіде (сторис, риилс, пост ~ уатсап, инста, телеграм) менің марафоныма қатысып жатқан туралы бөлісу
2. Маған тг-ға жекеге скрин жіберуді ұмытпаңыз [тг: @gqrme]
3. Қабылданғаныңызды приватный топқа кіргенде түсінесіз.

"ТЕГІН"

Deadline: 11 Август 23:59 Астана уақыты бойынша.


{Мына мәтін уақытша}

Ал, барлығыңызға сәттілік❤️
🔥46❤7❤‍🔥5👍3⚡1
🧠Қазіргі уақытта ең көп ойландырып жүрген нәрсе - mental health. Жалпы бұл терминнің негізгі мағынасы басқа да шығар, мүлдем қарамадым, бірақ мен үшін ол - ойыңдағы шектеулерді шынымен алып тастау.
🧠Мидың сау болуы - қазіргі кезеңнің ең маңызды бір дағдыларының бірі деп айтар едім.

⁉️Неге дерсіз?

Бір жұмыста (жаңа жоба, мақсат, жоспар) бастағанда болмауын көбірек ойлайтын сияқтымыз. Жүгіріп бастасам тізем ауырады, тамақ жемесем гастрит острит және т.с.с.
..Менің мотивациям жоқ, қазір кризисте жүрм, депрессия, стресс, өзімді қинай алмайм...

💯Негізінде адам максимум жасадым деген кезінде, тек 40%-ын ғана орындағаны екен [1]. Ары қарай можно "поднажать еще"💁‍♀️ [2].

🫡"Умри, но не сдавайся" - дегеннің мысалын, осы кітаптан тапқандаймын.

👤Адам өзінің мақсатына жету үшін, (ал, оның мақсаты, соғыста қайтыс болған батырлардың отбасына фонд ашу) кез келген қиындықтан өте алатынына сенімім артты. Оның да ең бірінші құралы - миы сау болу.
Сол, себепті де "Тәні саудың - жаны сау" емес 》Жаны саудың - тәні сау сияқты.

Өмірлік "үлкен' үйрену керек әдеттің үздігінде тұратын mental health:
"Güzel gören, güzel düşünür, güzel düşünen hayatından lezzet alır.

Әрдайым кез келген нәрсені жақсы ойлай білу, пайымдау білу. - де тұр деп айтар едім.


📘Мына кітапты ми саулығын реттегісі келетін кез келген адамға ұсынамын.
💡Негізі, кітаптың идеясы - сила воли, дисциплина, consistency.
Ал мен үшін - mental health көрсеткіші болды.

Рекомендасьон✊️

[1] Can't Hurt Me, David Goggins, 2018
[2] Месяц на пределе, Джерси Ицлер, 2019
❤20👍6
🔥12❤1⚡1👍1
💡Өзіме мықты бір инсайт алдым 💡

Қазіргі уақытта марафонның 8 аптасына келдік.
Ең басында ~180-ге жуық адаммен бастаған едік, алғашқы екі аптада, ең көп адам "фильтр"-ден өтпей қалады, сөйтіп шынымен мақсаты бар, өзіне деген өзгерісті қалағандардың саны 20% маңайында қалады екен.

✅️Әрқайсысының тапсырмаларын орындауын, оған бөлген көңілін, әсіресе ЖАЗБАЛАРЫН [домашка бергенде, көп жаздырам,  өзі туралы, сезімі туралы, жоба туралы т.с.с.] менің мұғалім ретінде тексеруім керек.

🍯Осы тексерудің ішіндегі ең бастысы ТЫҢДАЙ БІЛУ екен.
Адамдар алуан түрлі мәтін жазады, бірақ ішіндегі берері әр адамның өзінің стилі, мәнері, өмірге деген көзқарасы, ұстанымы, ДЕРТІ, барлығы барлығы көрінеді екен. Сол көрініс арқылы, негізінде адамға қол ұшын да созуға болады, - деп ойлаймын.

🪵Өз басым, тыңдай білмеймін.

💡Бірақ қазір, мақсатты түрде осы машықты меңгеруге тырмысып-ақ келемін. Марафон да маған осы бағытта, үлкен бір нұсқаушы болды.

〽️Тыңдай білу қабілетіне келгенде, байқағаным, өте аз адам, шынымен тыңдай біледі екен. Ол жай ғана айтқан сөзіне назар аудару емес, сөйлеп жатқан адамның {не айтқысы келді, нені меңзейді, мәселесінің түпкі тамыры қайдан келеді} секілді сұрақтардың аясында анықтауға болатын шығар.

〽️Тағы бір дерт, оның не айтқаны емес, мен не жауап берем дегенде жүретін адамдар да көп-ақ екен...

👤Барлық адам бірдей, сонымен қатар әр адам бір жеке ТҰЛҒА.
👂Тыңдай білу, адамның ішіне үңілу бір даналықтық дәрежесі іспетті.
❤37🔥5👍4❤‍🔥3
Бізге бес-ақ хобби керек:
- Біреуі ниетімізді түзеп отыратын
- Біреуі формамызды жақсы ұстау үшін
- Біреуі шығармашылығымызды дамыту үшін
- Біреуі білімімізді жетілдіру үшін
- Біреуі табысымызды арттыру үшін...
❤56🔥10💯8👍6
Forwarded from ЧГПУ
Будущим педагогам рассказали о самообразовании учителя, возможностях нейросетей в работе педагога, о разных подходах в обучении школьников и других важных инструментах в образовании.

🙂 качестве спикеров выступили победители и призеры конкурсов «Учитель года» России и стран СНГ: Анастасия Шрамко, Изнаур Тазуркаев, Лейла Джебраилова, Жигер Телюконов, Иван Колечкин, Аслан Кажешев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥17❤5👍2
Біздің оқушыларымыз [менің де оқушым болып саналатын шығар, бәлкім 😁], комикс жазуды бастапты, қолдап жіберіңіздер.
👍3🔥2
Forwarded from BILight
Сәлем!
Gönülsohbeti ұжымы сізге лицейлерде ешқашан болмаған КОНТЕНТ ұсынады!🎉

Бізде ЖАҢА КОМИКС!

Жігерден-ЖІГЕРЛЕН комиксы -
лицейлер арасында танымал, химия пәні мұғалімі,педагог-тренер, Англияда өткен “Әлемнің үздік ұстазы” байқауының жеңімпазы - Жігер Телюқанов ағамыздың өмірімен ұштастырып , лицейдегі қызық,ерекше сәттерді бейнелеу мақсатында жазылған.


Сіздердің қолдауларыңыз команда үшін өте маңызды! Алдағы уақытта оданда қызық контент үшін комментарийда қолдау көрсетсеңіздер 🫂

Оқу үшін : ⬇️

Жігерден - Жігерлен комикс. 1-бөлім.
🔥24👍6❤3
Все, 20 секундта таптық)
Duolingo Plus және Max айырмашылығы:

- ИИ қосылған қатемен жұмыс, яғни әр адамға жеке жоспар жасап береді.
- Онлайн тікелей ИИ-мен сөйлесуге болады.


А так қалғаны бірдей. Сол себепті, ақшаны жоспарлап құртатын адам үшін, алыңыз деп айта алмайм.

Plus 24990₸ - 6 адамға

Max 49990₸ - 6 адамға

Соңғы шешім өзіңізде)
👍10❤1👎1