Бүгін қызық бір құралмен бөліскім келіп тұр. Көп командировкаға шығатындарға әлде шетелге көп қыдыратындарға арналады 😁
Біздің қолданатын карточкаларымыздың ішіндегі мүмкіндіктердің бірі:
Halyk Bank Visa Signature
Жұмыс бабымен, не жай саяхатта көп жүрсеңіз, бұл картаның біраз пайдалы жері бар екен:
✈ Әуежайдағы бизнес-лаундждерге тегін кіресіз – жылына 10 рет кіруге болады.
🚀 FastTrack бар – аэропорттағы бақылауды "очередь"-сіз өтіп кету мүмкіндігі бар.
🎒 Багажды тегін сақтауға болады – чемоданмен жүргіңіз келмесе, ыңғайлы, қателеспечем жылына 6 рет.
🌍 3 ГБ роуминг береді – жылына 2 рет, 2 айға.
🛂 Виза алуға көмектеседі – виза бойынша кез келген сұрақтарға жауап береді әрі нұсқап жібереді.
🛡 Ұшақ кешіксе, багаж жоғалса, [мынау енді ТОП мүмкіндіктің бірі] сізге қосымша компансация төлейді [ұшақ үшін 600€-ға дейін, багаж үшін 40€-ға дейін].
🏨 Отель брондау үшін Booking ~20%, Agoda ~12% скидка береді.
🚘 көлік арендасы бойынша да жақсы скидкалар жасайды. [бірақ өзім осы мүмкіндікті әлі қолданып көрмедім]

❤20👍3❤🔥1
Сізден қандай шарт:
Айына осы картамен 150 000₸ төлену керек [платежи, продукты, кафе, транспорт, киім керек и т.д. барлығы саналады]
Дәл соның аналогиясы бар:
▪️Mastercard Black Edition [тура осындай мүмкңндіктер, ерекшелігі тек қана айына 2000₸ комиссионка төлейсіз, кемшілігі, жоғарыда айтылғанның жартысында мүмкіндіктері аздау, (мысалы, роуминг 1 гб береді дегендей), а так тоже 10 тегін лаунджке кіру мүмкіндігі бар]

👍7❤3❤🔥1
❔️❓️Тәрбиелеу туралы кітаптарды оқып, өзіңнен айырылып қалмаудың жолы❔️❓️
🔄Қайталамауға болатын қателіктер мен оқуға тұрарлық кітаптар туралы
🔃🚸Бүгінде ата-аналарға арналған кітаптар өте көп. Бірақ олардың бәрі бірдей пайдалы немесе мазмұнды емес. Кейбірі тіпті сенің көңіл-күйіңді түсіріп, өзіңді кінәлі сезінуге итермелейді. Ондай кезде «осы кітаптарды оқудың қажеті бар ма өзі?» деген ой да келеді. Қай авторларға сенуге болады, қай кітап шын мәнінде көмектесе алады – осының бәрін өз тәжірибем арқылы түсіндіруге тырысайын.
☢️Мен тәрбие туралы кітаптарды бірден түсініп, қабылдай қойған жоқпын. Студент кезімде, Гиппенрейтердің, Корчак пен Макаренконың кітаптарын оқып көрдім. Олар – классика, пайдалы-ақ. Бірақ оқушыларыммен тікелей жұмыс жасай бастағанда, мен әртүрлі себептермен назарымды аударған кез келген «тәрбиелік» кітапты оқи бастадым.
☣️Солардың біразы баланың кез келген жағымсыз әрекеті – ата-ананың [мұғалімнің] қателігі деген ойды алға тартады. «Сен дұрыс емес жасап жатырсың» дегенді жанама түрде ғана емес, тікелей айтып кететіндері де бар. 🚫Бәрін тыйыммен береді: 🚫жазалауға болмайды, 🚫салыстыруға болмайды, 🚫дауыс көтеруге болмайды,🚫 талап қоюға болмайды... Егер осының бірін істесең, балаң ертең қиын тағдыр кешеді дейді. Ал соңында «баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле» деген бір «ақылды» сөзбен түйіндеп қояды.
Сонда не істеу керек❓️ Көмектеспейді, тек ішкі алаңдаушылықты күшейтеді. Өйткені олар «кім кінәлі?» деген сұрақты тастап кетеді, бірақ «не істеу керек?» деген нақты жауап бермейді.
💡Ал мен үшін шынайы көмек болған автор – Людмила Петрановская. Оның «Что делать, если…» сериясы маған қатты ұнады. Бұл кітаптарда сынау, мін тағу, ата-ананы бағалау деген жоқ. Қарапайым, түсінікті тілмен баланың мінез-құлқының себебін түсіндіреді (мысалы, байланыс теориясы мен физиология тұрғысынан) және «кім кінәлі?» демейді.
💡Содан кейін мен кітаптарды қалай таңдау керектігін түсіне бастағандаймын. Қайсысын оқуға болатынын, ал қайсысын тіпті қолға алмау керектігін сезе бастадым. Қай автордан қашу керек екенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ қайта-қайта оқуға тұрарлық кітаптарды атап өткім келеді. Бірақ алдымен, мен әрдайым есте ұстайтын бірнеше қағиданы бөліскім келеді:
✅️Әр бала – жеке әлем. [Менің баламды менен артық ешкім білмейді.] Кітаптағы кеңестерге жай ғана назар аударамын, қажет болса, аламын. Болды.
✅️Егер кітапты оқып отырып өзімді кінәлі сезінсем – бұл менің жаман адам екенімді білдірмейді.
✅️Мен мінсіз емеспін. Бірақ дәл қазір осы кітапты оқып отырғаным – менің жақсырақ болуға тырысып жүргенімді көрсетеді.
✅️Тәрбиенің әсері үлкен, бірақ бәрі тек соған ғана байланысты емес.
✅️Кейде кітап емес, ішкі дауыс дұрыс жолды көрсетеді. Оны да тыңдау керек.
✅️Кейде тәуекел ете білу керек.
✅️Кейде "біз ойлаған дұрыс" пен "шынайы дұрыс" бірдей болмауы мүмкін.
🔝Оқуға тұрарлық 6 тәрбие кітабы🔝
📕Людмила Петрановская — «Если с ребёнком трудно»
Кітаптың алғашқы беттерінен-ақ өзіңді жақсы ата-ана сезіне бастайсың. «Өзіңді сындырып, қайта жасауға тырыспа — бәрі жақсы, сен баланы жақсы көресің, ол жаныңда» деген сияқты жылы сөздер жаныңды жұбатады. Автор баламен қарым-қатынасқа не кедергі екенін, баланың неге өзін қиын ұстайтынын, және мұның бәрін қалай өзгертуге болатынын қарапайым, мысалдар арқылы түсіндіреді. Бәрі анық әрі жанға жағымды.
📘 Адель Фабер, Элейн Мазлиш — «Как говорить, чтобы дети слушали, и как слушать, чтобы дети говорили»
Бұл – практикалық кеңестерге толы, өмірден алынған мысалдары бар, жеңіл әрі күлкілі тілмен жазылған кітап. Баламен сөйлесуді үйретеді, тыңдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді. Оқуға оңай, қолдануға тіпті оңайырақ.
📗Ирина Млодик — «Книга для неидеальных родителей»
Аты айтып тұрғандай, «мінсіз болу» идеясынан арылуға көмектеседі. Кеңес бермейді, бұйырмайды, жай ғана жанға жағымды әңгіме форматында жазылған. Кітаптан: «Мен жалғыз емеспін, менің уайымдарым — қалыпты» деген сенім алып шығасың.

❤12🔥9👍1
📓Юлия Гиппенрейтер — «Общаться с ребёнком. Как?» және «Продолжаем общаться с ребёнком. Так?»
Бұл кітаптар — бала тілін табуға, дауыс көтермей шекара қоюға, әсіресе жасөспіріммен тіл табысуға көмектесетін нақты әдістер жиынтығы. Оларды қолдану үшін біраз шыдам мен жүйелілік керек. Бірақ нәтиже бар. Бұл кітаптарды бір рет емес, бірнеше рет оқуға тұрарлық.
📔Петр Дмитриевский — «Подросток в семье: успешные переговоры»
Қарым-қатынасты нақты алгоритммен жолға қойғысы келетіндерге арналған. Жасөспіріммен ересекше сөйлесуді, талап пен ережені түсіндіруді үйретеді. Егер сен де кейде «баламен сөйлесіп түсіндіре алмаймын» деп қиналсаң — бұл кітап саған арналған.
📙Мағжан Жұмабаев — «Педагогика»
Қазақ халқының ұлы ағартушысы жазған бұл еңбек — баланы тану мен тәрбиелеу жолында терең философиялық әрі ұлттық көзқарасты ұсынады. Тілі күрделірек, бірақ әр сөйлемінде терең мән жатыр. Бұл кітап – ұлттық тәрбиенің алтын тамыры.

❤15🔥6👍4
Pro100 Challenge кеше бітті.
Басында ~300 адам еді, соңына дейін 15 адам жетті. Енді жақсылап барлығын анализ жасау керек)
Жан-жақты дамыған 1000 лидер жетілдіре аламыз ба екен?)
Келесі марафонға қатысқысы келетіндерге жалынды сәлем. Нақты ақпарат осы жерге саламын, бұйырса.
Әрине, Жігердің күші жетер-жетпес, оны бір Құдай біледі)

🔥72❤16❤🔥6👍3👌3
🧠 Кім болғың келеді – және қазір кім болып жүрсің?
Адамның кім екені туралы көп сөз айтуға болады.
Бірақ оның шын бейнесі – күнделікті таңдаулары мен әрекетінде байқалады.
Соңғы 24 сағаттағы іс-әрекетіңізге бір сәт көз тастап көріңізші.
Сол күн – сіздің ішкі бағдарламаңызды көрсетіп тұрған жоқ па?
🧩 “Мен даму үстіндемін” деген сөз бен шын дамудың арасында айырмашылық бар ма?)
Кейде бір сұрақ бүкіл күн тәртібіңді қайта құруға себеп болады:
“Менің әр әрекетім – мен болғым келген адамға жақындата ма, әлде алыстата ма?”

❤49💔11❤🔥1👍1🔥1
Жазғы лагерь туралы, мектеп жүйесі туралы, Құндылық туралы сөз тарқаттық.
https://youtu.be/70f8BIlYNvw?si=bKjyxqiUmB3HH1yU

YouTube
Жігер Телюқанов: ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТОЛЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ
Pine Cast қонағы – Жігер Телюканов, Qundylyq.kz компаниясының басшысы, Қазақстанның үздік мұғалімі және "Global Teacher Prize-2023" жаһандық премиясының үміткері. Қазіргі уақытта ол педагогика және психология докторанты (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), химия…
🔥14❤3
Осыдан екі жарым жыл бұрын, енді сұхбат беруге, подкастқа түсуге ешқашан бармаймын, - деп ой келіп еді. Содан бері бірталайына бару керек болып қалды. "Ешқашан деп, ешқашан айтпа" - деуші еді 😁
Кезекті подкаст, бірақ өзіме де ұнаған біреуі болды.
Жалпы өзімді тыңдай алмайтыным бар еді 😁
Біраз нәрсе айттық, сөзімізге қарағанда, ісіміз көп болғай 🤲
https://youtu.be/8nPo3FNfvt8?si=s8rcffFd0Myss8gz

Úzdiksiz áńgime #3 | ЖІГЕР ТЕЛЮҚАНОВ: Өмірден ләззат алу формуласы
Бұл шығарылымда «Қазақстан мұғалімі – 2021» ұлттық сыйлығының иегері, «Jüie» кітабының авторы және «Құндылыққа негізделген білім беру» орталығының жетекшісі Жігер Телюқановпен терең әрі шынайы сұхбат құрдық. Ол өзінің балалық шағынан бастап, ұстаздық жолындағы…
❤24👍4
Марафон бастаймын ба деп жатырм, бірақ "жесткий фильтр" керек, басында для "галочки" кіріп кететін адамдар көп.
Қандай вариант ұсынасыздар?
Қандай вариант ұсынасыздар?
❤31🔥4👍1
Кімге Bookmate подписка керек, бір адамға сыйлай алам?
- жүйелі оқитын біреу болса, дұрыс болады.
❌️Все, таңдап алдым.❌️

❤20❤🔥3🔥3👏3
🏞 Баяғыда, бір елде,
Тілдария атты шағын ауыл болыпты. Бұл ауылда адамдар тек өз тілінде ғана сөйлей біліпті. 🌍
Олар алыстағы елдермен сөйлесе алмай, хат жаза алмай,
шетелдік қонақтар келгенде 🤷♀️🤷♂️ тек иығын көтеріп, жымиып қоя салады екен. 😊
📚 Бірақ бір күні ауылдың шетіндегі ескі кітапханадан 📦
ерекше сандық табылады.
Сандықтың бетінде күміс әріптермен былай деп жазылыпты:
✨ "Тіл үйренемін дегенге – жол ашық,
ал тәртіп пен табандылық – кілт болмақ." 🔑
📖 Ішін ашса —
🗂 сөздік дәптерлер,
🧾 грамматикалық ережелер,
🎧 тыңдау күнделіктері,
🗣 сөйлеу жаттығулары,
🎯 апталық мақсаттар жазылған парақтар
мен 🗺 түрлі карталар бар екен.
🌀 Әр бет — бір жаңа әлемге апарар қақпа сияқты...
Бұл сандық — жай ғана құрал емес,
ағылшын тіліне апарар жолдың өзі екен. 🇬🇧🛤
Содан бері бұл сандықты:
🔹 “Тіл үйренушінің Жинағы” деп атап кеткен.
Оны тапқан адам 🌟 өз білімінің шекарасын кеңейтіп,
Тілдарияны әлеммен жалғайтын көпірге айналдырыпты. 🌉
📬 Енді, сол сандық сіздің қолыңызда.
Ашуға қорықпаңыз. Жол — бірінші сөзден басталады. 🗝📘
⠀
📦 Ағылшын тілін жүйелі, әдемі, шабытпен үйренуге арналған жинақ.
🚀 Бүгін баста!
https://www.notion.so/gqr/English-from-A1-to-C1-2393789ab6d580169290cca443423794?source=copy_link

Zhiger Telyukanov's Notion on Notion
English from A1 to C1 | Notion
🔬 Dashboard: English Learning Journey
❤43👍2🏆1
🌟 PRO100 CHALLENGE басталды!
🗓 Бүгін – 6 АВГУСТ
🔥 Бұл жай ғана марафон емес — 100% өзіңді табу жолы!
🎯 НЕ КҮТІЛЕДІ?
Тек белсенділер, табандылар мен шынымен дамуға дайын жандар таңдалады.
Бұл – өзіңмен жұмыс, мақсатпен өмір сүру, нақты нәтижеге жету жолы.
Осы жолы таңдау 2 кезең болады:
🔶 1-КЕЗЕҢ: 6–13 АВГУСТ
📝 ТІРКЕЛУ және Telegram-арнаға қосылу
✅ Тіркелу үшін:
1️⃣ Әлеуметтік жеке парақшаңызда
3 айға арналған қысқаша жеке даму жоспарыңызбен бөлісіңіз
→ Бұл пост / сторис / рилс болуы мүмкін
📌 Инста @_g_q_r_ аккаунтын белгілеп жіберуді ұмытпаңыз!
2️⃣ Содан кейін:
📸 Пост/сторис/видео скринін
📄 Толық IDP жоспарыңызды (Word форматта)
👉 @gqrme Telegram каналына жіберіңіз
⏳ Тіркелу 13 тамыз 23:00-де аяқталады!
📩 Кім қабылданғанын — жабық топқа сілтеме келгенде біледі
❌️Ережені қате орындасаңыз, қабылданбайды❌️
[өзі екі тапсырма ғана😁]
🔷 2-КЕЗЕҢ: 14 АВГУСТ
🔒 Жабық Telegram арнада
🕛 00:01-де тапсырма жарияланады
💡 Өзгеріс — алғашқы қадамнан басталады!
Егер сіз:
✅ Дамығыңыз келсе
✅ Жауапкершілік ала білсеңіз
✅ Өзіңізге адал болуға дайын болсаңыз — онда бұл шақырту дәл сізге арналған.
Ал, кеттік пе? 😁
❌️Бітті, ЖАБЫЛДЫ❌️

👏43❤12⚡8❤🔥6👍5🔥5
Canva-ның Education бағытына өте көп мүмкіндіктері бар, соның ішінде мына ТЕГІН курстар да пайдалы болары сөзсіз (сілтеме үшін үстіне басыңыз):
1. AI in the classroom
2. Canva for the classroom
3. Teacher essentials
4. Transform your classroom
5. AI in the classroom beginner
6. Design skills for students
1. AI in the classroom
2. Canva for the classroom
3. Teacher essentials
4. Transform your classroom
5. AI in the classroom beginner
6. Design skills for students
Canva
Login to your Canva account
Login to access and create your next design.
❤23🔥9👍3❤🔥2🥰1
Оқушыларыңызбен, командаңызбен жасауға болатын 100 Project-based Learning (PBL) мысалын қалдырдым ❤️
https://www.notion.so/gqr/Project-based-Learning-100-idea-2643789ab6d580419fc1df4c07c4fb5d?source=copy_link

🔥18👍6❤3
"Сделано, чтобы прилипать" кітабын оқыдыңыз ба?
Сабақты қызықты өткізгіңіз келсе, адамдарға сторителлинг жасау керек болса, керек идеяны қалай адамға жабыстыруға болатыны туралы зерттеуге негізделген кітап.
Ал, мынау соның қысқаша конспектісі және презентациясы.

vc.ru
Конспект книги «Сделано, чтобы прилипать. Почему одни идеи выживают, а другие умирают»
Почему порой даже самые креативные и яркие идеи теряются, уходят в небытие, так и оставшись нереализованными? А в то же время другие, менее значимые и уникальные, буквально «прилипают», распространяются просто молниеносно.
🔥11