ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
4.56K subscribers
46 photos
3 files
474 links
Download Telegram
🔷1️⃣0️⃣-БАП. ИГІ ІСТЕРДЕ ЖАРЫСУ


📌«Көп жақсылық жасауда өзара жарысыңдар»
(«Бақара» сүресі, 148-аят).

📌«Раббыларыңның кеңдігі мен кешіріміне және шынайы тақуалар үшін әзірленген ені жеті қат көк пен жердей болған жұмаққа асығыңдар»
(«Әли Имран» сүресі, 133-аят).


🔷🔷🔷

♦️8️⃣7️⃣-ХАДИС:


Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: Алла елшісі ﷺ:
«Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар, өйткені жақын келешекте жер бетінде тас қараңғы түннің түнектеріндей көптеген бүліктер белең алады. Сол кезде кісі таңертең мүмін болса, кешке қарай кәпір¹³, кешке кәпір болса, таңертең мүмін болып, тұрақсыз күй кешеді. Еш ойланбастан болмашы дүниеге бола дінін сатады», - деп айтты» - деген.

(Муслим: 313; Ахмад: 8030).


📍¹³ Бұл хадистегі «кәпір» сөзі – діннен безген шынайы кәпір немесе Алланың берген нығметтеріне шүкірлік білдірмейтін, рақыметі жоқ адам мағынасында.

📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
👍15❤12
♦️8️⃣8️⃣-ХАДИС:


Әбу Сируаға Уқба ибн әл-Харис (р.а.): «Бірде екінті намазын Мәдинада Пайғамбарымыздың ﷺ артында тұрып оқыдым. Сонда Алла Елшісі сәлем берді де, орнынан тұрып, отырған адамдардың арасымен тез жүріп отырып, жұбайларының бірінің бөлмесіне кіріп кетті. Ел-жұрт оның мұншалықты асығыс ісінен үрейленіп қалды. Содан көп ұзамай қайта шықты да, мұншалықты асығыс қимылдағанына сахабаларының таңғалып отырғанын көрді де: «Бізде тұрған бір кішкене алтын есіме түсіп кетті. Соның ойымды бөліп, Аллаға бет бұруыма кедергі келтіргенін қаламадым, сөйтіп, оны (мұқтаждарға) үлестіріп беруді бұйырдым», – деп айтты», – деген.

(Бұхари: 851; Ахмад: 16151).


Басқа бір риуаятта: «Бір кішкене алтынды садақаға берем деп үйге қойып қойған едім, соның түні бойы үйімізде тұрғанын қаламадым», – деп келген.

(Бұхари: 1430).


📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤29💔3👏1
♦️8️⃣9️⃣-ХАДИС:


Жәбир (р.а.): «Ұһұд шайқасы болған күні бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Егер (осы шайқаста) жау қолынан қаза тапсам, (о дүниеде) қайда боламын?» – дегенде, оған: «Жәннатта боласың», – деді. Сонда ол бірден қолындағы әлі жеп тауыспаған құрмаларын тастай салды, содан кейін (қиян-кескі ұрысқа кірді де), жау қолынан қаза тапқанша аянбай шайқасты», – деп айтты.

(Бұхари: 4046; Муслим: 4913; Ахмад: 14314).


📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤16👍3
♦️9️⃣0️⃣-ХАДИС:


Әбу һурайра (р.а.): Бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Қандай садақаның сауабы зор?» – деп сұрағанда, оған: «Денсаулығың мықты болғанда, кедей боп қалудан қорқып, бойыңды сараңдық билегенде және байыған үстіне байи түсуден үміттенгеніңде берген садақаның сауабы мол болады. Ал зекет пен садақаны жан алқымға келіп, «мынаншасы пәленшенікі, мынаншасы да түгеншенікі» дейтін өлім аузындағы сәтке дейін кешіктіруші болма, өйткені өлген соң жиған-терген дүниең онсыз да пәленше мен түгеншенікі болады», – деп жауап берді», – деген.

(Бұхари: 1419; Муслим: 2382; Ахмад: 7159).


📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤20👍5
♦️9️⃣1️⃣-ХАДИС:


Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі ﷺ Ухуд күні қолына қылыш алып: «Менен мынаны кім алады?» – дейді. Адамдардың барлығы қолдарын созып, әрбірі: «Мен, мен», – деп қол созады. Сонда Алла Елшісі ﷺ: «Кім оны хақысымен алады?» – дегенде, бүкіл қауым іркіліп қалады. Сонда Әбу Дужана: «Мен оны хақысымен аламын», – деп оны алып, онымен мүшріктердің бастарын қақ айырды.

(Муслим: 6353; Ахмад: 12235).


📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤27👍7👏1
♦️9️⃣2️⃣-ХАДИС:


Зубәйр ибн Ади (р.а.): «Әнәс ибн Мәликке (р.а.) барып, Хажжаждан¹⁴ көріп жүрген көресімізді айтып шағымдандық. Сонда ол: «Сабыр етіңдер. Өйткені бұдан кейін қандай заман келсе де, одан кейінгі заман одан да жаман болады. Раббыларыңа қауышқанға дейін солай жалғасады. Мен мұны пайғамбарларыңнан ﷺ естідім», – деді», – деп айтқан.

(Бұхари: 7068; Ахмад: 12162).


📍¹⁴ Залым Хажжаж деген лақаппен танымал болған әмәуилік қолбасшы әрі саяси қайраткер, аты-жөні әл-Хажжаж ибн Юсуф әс-Сақафи 660-714 жылдар аралығында өмір сүрген. Әмәуилік халифа Абдул Мәлик ибн Маруанның ең негізгі қолбасшысы болған. Хажжаж өз дәуіріндегі әмәуилік билікке қарсы шыққандарды аяусыз жазалайтын болған. Сол себепті оған Залым Хажжаж деген лақап тағылған. Хажжаждың ең елеулі саяси-әскери еңбегі исламның алғашқы ғасырында, сахабалар мен табиғиндер дәуірінде пайда болып, мұсылмандар арасында үлкен бүлік шығарған діни радикалды және экстремистік топ – харижилерге қарсы соғыс жүргізіп, олардың негізгі бөлігін жойған. Хажжаж әс-Сәқафи әскери, саяси қайраткер болғанымен, Құран Кәрімді өте көп оқитын кісі болған. Кейбір деректерде Құранды бір аптада толық оқып шығатындығы айтылған, сол үшін ол бірқатар ғалымдарға тапсырма беріп, Құранды алғаш рет теңдей етіп, жеті бөлікке бөлдірген, сондай-ақ, қате оқылмауы үшін Құранның әріптеріне нүктелердің қойылуына мұрындық болған.

📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤17👍6
♦️9️⃣3️⃣-ХАДИС:


Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла Елшісі ﷺ: «Жеті түрлі бале бастарыңа келмей тұрып, игі істер істеуге асығыңдар! Әлде сендер естен тандырар кедейлікті, азғындыққа бастайтын байлықты, денсаулықты құртатын ауру-сырқауды, алжытатын кәрілікті, аяқастынан алқымынан алатын ажалды, ғайыптан күтілген нәрселердің ең жаманы – Тажалды, не болмаса қиямет күнінің келуін күтудесіңдер ме? Расында, осылардың ең қорқыныштысы әрі тым ащы болғаны – қиямет-қайым!» – деп айтты» – делінген.

(Тирмизи: 2306 «хасан хадис»).

📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤28😢5
♦️9️⃣4️⃣-ХАДИС:


Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла Елшісі ﷺ Хайбар жорығы күні: «Мен мына жалауды Алланы және Елшісін жақсы көретін, Алла оның қолымен жеңіске жеткізетін бір кісіге беремін», – дейді. Омар ибн ал-Хаттаб (р.а.): «Басшылық лауазымына тек сол күні ғана қызықтым. Бұл іс үшін мені шақырса екен деген үмітпен Алла Елшісіне қарай ұмтылдым. Алайда Алла Елшісі Әли ибн Әбу Талибті (р.а.) шақырып, байрақты соған берді», – деген. Кейін Алла Елшісі Әлиге (р.а.): «Алла саған жеңіс бергенге дейін оң-солыңа қарамай тек алға қарай жүр!» – деп бұйырады. (Әли дереу бұйрыққа бағынып) жүріп кетеді. Сосын сәл жүргеннен кейін тоқтады да, кері бұрылмастан: «Уа, Расулалла! Адамдармен не үшін соғысайын?» – деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі оған: «Олармен Алладан басқа тәңір жоқ әрі Мұхаммед Алланың Елшісі деп куәлік айтқанға дейін шайқас. Егер олар соны орындаса, сенен өз жандары мен малдарын қорғап қалады, ал шариғат бойынша кесілетін жазалар мен жүктелетін міндеттердің жөні басқа. (Ал айтқан куәліктерінің шынайы болып, болмағандығына келсек, ол мәселеде) олар Алланың алдында өздері есеп береді», – деп айтқан.

(Муслим: 6222).


Түсіндірме: Тілін калимаға келтірген адамдардың барлығы мүмін-мұсылман ретінде қабылданады, ал ауыздарымен айтқан иман жүректерінде бар ма, жоқ па, деген мәселеге келсек, оны тергейтін құзырет адамдарға берілмеген. Өйткені жүректердегі сырды білуші бір Алла ғана. Сондықтан да хадисте бұл мәселе бойынша әркім өз есебін Аллаға береді деп айтылған.

📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤18👍2💋1
🔷1️⃣1️⃣-БАП: ЫЖДАҒАТТЫЛЫҚ ЖАЙЫНДА


📌«Біздің жолымызда аянбай күрескендерді міндетті түрде Өзіміздің жетістікке жеткізетін жолдарымызға бағыттаймыз. Шүбәсіз, Алла әрдайым ізгі жандармен бірге!»
(«Анкабут» сүресі, 69-аят)
.

📌«Дәм-тұзың таусылып, ажалың жеткенше Раббыңа құлшылық ет!»
(«Хижр» сүресі, 99-аят)
.

📌«Раббыңның есімін үнемі жадыңда ұстап, айтып жүр һәм Оған жан-тәніңмен бет бұр!» («Муззәммил» сүресі, 8-аят).

📌«Кімде-кім зәредей жақсылық жасаса, соның қарымын көреді»
(«Зилзәл» сүресі, 7-аят).


📌«...Өздерің үшін нендей сауап жолдайтын болсаңдар, оны Алланың дәргейінде одан да қайырлы әрі зор болған күйде табасыңдар...»
(«Муззәммил» сүресі, 20-аят).


📌«...Игі жолда қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, шүбәсіз, Алла оны білуші»
(«Бақара» сүресі, 273-аят)
.


🔷🔷🔷

♦️9️⃣5️⃣-ХАДИС:


Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі ﷺ: «Расында, Алла Тағала: «Кімде-кім Маған жақын болған пендеме дұшпандық жасаса, оған міндетті түрде соғыс жариялаймын. Пендем Маған өзіне парыз етілген құлшылықтардан асқан сүйікті нәрсемен жақындаған емес. Сонымен қатар, пендем Маған нәпіл құлшылықтар арқылы одан да жақындай түседі де, нәтижеде, Мен оны жақсы көретін боламын. Егер оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын (яғни, оның құлағы тек ізгі дүниелерді ғана тыңдайтын болады, көзі тек жақсы нәрселерді ғана көретін болады, қолы Мені разы ететін істерді ғана істейтін болады, аяғы да тек Мен разы болатын жерлерде ғана жүретін болады). Сөйтіп ол Менен (бір нәрсе) сұраса, оған сұрағанын сөзсіз беремін. Егер ол Менен пана тілесе, оған міндетті түрде пана боламын», – деп айтты», – деген

(Бұхари: 6502).


📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤13👍3
♦️9️⃣6️⃣-ХАДИС:


Әнәстан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ бәрінен үстем һәм ұлы болған Раббысынан мына сөзді жеткізген: «Пендем Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ол Маған бір шынтақ жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ол Маған жүріп келсе, Мен оған жылдам жүріп келемін», – деді», – деген.

(Бұхари: 7536; Ахмад: 12233).


Түсіндірме: Хадистегі Алланың пендесіне бір шынтақ, бір құлаш жақындауы немесе «пендеме жүгіріп келем» дегенін тілдік тура мағынада емес, ауыспалы мағынада түсінгеніміз жөн. Өйткені Құранда және хадистерде Аллаға телініп келген, тура мағынасы белгілі бір іс-қимылды білдіретін «келу», «түсу», «жылдам жүру» сынды сөздерді ғалымдарымыз тілдік тура мағынада түсінуге болмайтын, белгілі қағидалар және аят пен хадистің контексті негізінде ғана пайымдалатын, ақиқатын бір Алла ғана білетін мүтәшәбиһ сипаттарға жатқызған. Себебі мұндай сөздердің тура мағынасынан белгілі бір мекенде болу, бір жерден басқа бір жерге ауысу сынды жаратылысқа тән сипаттар мен мағыналар шығады. Алланың еш нәрсеге ұқсамайтындығы, жаратылысқа тән сипаттардың ешбірі Оған тән емес екендігі Құранда анық айтылған. Қараңыз: Шура сүресі, 11-аят; Ықылас сүресі, 4-аят; Нахыл сүресі, 74-аят..., сондықтан Құран мен хадистерде келген мұндай мүтәшәбиһ сөздерді ғалымдарымыздың ғылыми, тілдік және контекстік тәпсірлері мен түсіндірмелері негізінде түсінгеніміз жөн.

📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤19👍1
♦️9️⃣7️⃣-ХАДИС:


Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі ﷺ: «Адамдардың көбі қадірін білмейтін (немесе дұрыс пайдалана алмайтын) екі нығмет бар, олар – денсаулық пен бос уақыт», – деп айтты», – деген.

(Бұхари: 6412; Ахмад: 3207)


📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤17👍5
Forwarded from عم المصطفى
✍️

«Қарыздар тек ақшадан ғана тұрмайды:

Қарыз – еңсең түскен сәтте айтылған жылы сөз,

Қайғыға батқан кездегі жұбаныш,

Әлсіреген сәттегі демеу,

Адасқан кездегі дұрыс бағыт,

Жұбату қажет болғандағы құшақ,

Әлсіздік сәтінде иықтан қағып қолдау.

Бұл – қайтарлмай-ақ қойса да болатын қарыздар, бірақ оны ұмытып кету – үлкен ұят!»

© Әдһәм Шәрқауи

https://t.me/mustafanyn_kokesi
👍14❤3
♦️9️⃣8️⃣-ХАДИС:


Айшадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз түнде екі аяғы бірдей ісініп кеткенше намазда тұратыны жайлы айтылады. Осыған орай Айша (р.а.) былай деген: Бірде оған: «Уа, Расулалла! Неліктен бұлай істейсіз, Алла сіздің өткен және келешек күнәларыңызды толықтай кешірген ғой?» – дегенімде, маған: «Шүкіршіл пенде болуды қалайша қаламаймын?» – деп айтты», – деген.

(Бұхари: 1130; Муслим: 7124).


«Сахих» хадистер жинағының екеуінде де Мұғира ибн Шуғбадан (р.а.) осы мазмұндағы хадис жеткен.

Түсіндірме: Хадистегі ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ «өткен және келешек күнәларының толықтай кешірілуі» деген, негізінен, оның күнә атаулыдан толықтай қорғалғандығын меңзейтін «исмат» сипатын білдіреді. Фатх сүресі, 2-аяттың тәпсірінде осы жайлы айтылған.

📚 РИЯДУС-САЛИХИН


https://t.me/hadister_jinagy
❤17👍1👏1💋1