ISLAMIC FINANCE - қазақша
995 subscribers
75 photos
9 videos
10 files
91 links
Анонимді сұрақтар үшін:
http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=znFLVR

🔹Процент
🔸Кредит
🔹Бизнес
🔸Қарыз
🔹Аренда
және т.б.
Download Telegram
САРФ — ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ

(1/2 бөлім)

🌐 Сарф дегеніміз бір ақшаны екінші ақшаға айырбастау. Оған алтын, күміс, темір және қағаз ақша айырбасын жатқызуға болады. Бұл риба орын алуы жоғары болған сауда түрі болғандықтан, бұл тақырып ең маңыздылардың бірі болып саналады.

🛍 Ғалымдар дәл осы ақша айырбасына қатысты шектеулерді ерекше қатаң ұстанған. Себебі бұл жерде уақытты немесе төлемді кешіктірсе — риба орын алады. Тең емес мөлшерде айырбас болса, қысым көрсетілсе — адам ақысына кіру орын алады.

🛡 Хасан Басри: «Егер сен су сұрап, саған айырбасшы (ломбард, валюта айырбас орын иесі) үйінен су әкелсе, оны ішпе» десе,

Имам Әсбағ ибн Нәбәтә (Хазіреті Әлидің ізбасары): «айырбасшының үйінің көлеңкесінде тұрушы болма» деген,

Ал Имам Маликтен "айырбасшы болып жұмыс істеуге болады ма?" деп сұрағанда, «Тек Алладан шынайы қорқатын адам болса» деп жауап берген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3
САРФ — ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ

(2/2 бөлім)

🌐 Алтынды алтынға, күмісті күміске айырбастағанда салмақ жағынан теңдік сақталып, айырбас сол мәжілісте болуы керек (мысалы, 10гр алтын сақинаны - безендіруге арналған 10гр алтын бұйымға). Ал екі түрден болған алтын немесе кез-келген басқа затты айырбастауда теңдік сақталуы міндетті емес, бірақ сол мәжілісте (кездесуде) болуы керек. Егер бұл шарт орындалмайтын болса, Құранда келген риба күнәсін жасаған болып саналады.

🔗 Ал қағаз ақшаға келетін болсақ, купюралардың өз алдына құндылығы жоқ, тек сол жерде жазулы тұрған суммаға байланысты ерекшеленеді. Сондықтан олардың салмағы немесе көлемі емес, жазылған суммаға мән беріледі. Ең басты шарт - айырбас сол мәжілісте болуы керек.

Осы тақырыпта басқа да посттар:
https://t.me/IF_KAZ/329
https://t.me/IF_KAZ/330
https://t.me/IF_KAZ/331
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3
ИДЖАРА


🌐 Иджара сөзі терминдік мағынада "(қандай да бір затты) қолдану құқығын басқаға өткізу" дегенді білдіреді. Саудадан айырмашылығы — саудада затты қолдану құқығы лезде өтсе, иджарада уақыша қолдануға алған заттын пайдасын бірте-бірте көреді (яғни, пайда әр ай немесе жыл сайын түсіп тұрады).

📌 Жалдамалы жұмысшы (наемный работник) болып істеу осы иджара келісіміне жатады. Оның 2 түрі болады: жеке және жалпы. Жеке жұмысшы дегеніміз — тек 1 орында ғана жұмыс жасайтын адам. Мысалы: завод қызметкері немесе офис менеджері. Жұмысшылардың өздеріне тән ақысы бар. Ол туралы Құраннан (Қасас:27, Бақара:286) және хадистерден (Бухари #30,1975 және Муслим #1159, 1661,1662) біле аламыз.

Ал жалпы деп, тек бір жерге байланбаған жұмысшыларды атайды. Мысалы: тігінші, құрылысшы. Бұндай жұмысшылардың айырмашылығы — олар ешқандай материалдық жауапкершілік арқаламайды (тек тікелей олардың салғырттығынан басқа жағдайда).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3
ЖАЛДАМАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕР ЕҢБЕКАҚЫСЫ


🌐 Ғалымдар жалдамалы қызметкерге бекітілген төлем немесе пайдадан үлес беруге болады деп санайды. Алайда, екеуін біріктірмеген жөн, себебі жалақы+үлес алатын болса, басқа серіктестің пайдасы аз болып қалуы мүмкін. Яғни, екінші тараптың — серіктес немесе қызметкер екенін келісім басында анықтап алу қажет.

🛡 Бірақ кей кезде қызметкер жалақысы бүкіл пайдамен бірдей болып қалуы да мүмкін. Сондықтан, бастапқыда екі тарап (жұмысшы және жұмыс беруші) істің перспективасына баға беріп, екі тарапқа да әділ болатын нұсқаны қабылдаған жөн.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍4
ЕҢБЕКАҚЫҒА (ЗАРПЛАТА) ШЕКТЕУ ҚОЮҒА БОЛАДЫ МА?


🌐 Алдымен, жұмыс ақысына және товар бағасына заңмен тыйым салуға болмайды. Тек арнайы жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мысалы: қызметкерлер пайда көру мақсатымен басшылыққа қарсы біріксе немесе монополияны тоқтату мақсатында бұндай ақыны шектеуге жол беріледі.

Сонымен қатар, егер қоғамда әлеуметтік маңызды мамандар тапшы болса (мысалы егінші, тігінші т.б.), сол жердің басшысы қалыптасқан орташа ақыға мамандар тағайындауына рұқсат.

Жоғарыда келтірілген мәселелер жалақыға және жалдау ақысына қатысты келтірілген (зарплата және аренда).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍5
СУБАРЕНДА


🌐 Мәлики және Шафиғи мәзһабы бойынша, субаренда бағасын негізгі жалға алу бағасынан жоғары (немесе төмен) қоюға болады.

Ал Ханафи және Ханбали мәзһабы бойынша, егер жалға алушы мүлікке өз тарапынан қандай да бір өзгеріс қосса, онда негізгі жалға алу бағасынан жоғары құн қоюына болады¹.

Субаренда туралы қосымша ақпарат:
https://t.me/IF_KAZ/161

¹ аш-Ширази, «әл Мухаззәб», 1-том, 398-б.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍3🤔1
ДЖӘЪӘЛӘ - СЫЙАҚЫ (ВОЗНАГРАЖДЕНИЕ)


🌐 Джәъәлә дегеніміз белгілі бір жұмыс үшін берілетін ақы (вознаграждение). Бұндай төлем Исламда рұқсат етілген. Оған дәлел ретінде Юсуф сүресі, 72-аят жүреді.

Жалдамалы жұмыс (найм) пен сыйақы айырмашылығы:
1️⃣ Джәъәлә белгілі бір жұмыстарға байланысты емес (яғни найм сияқты тұрақты емес жұмыстарға байланысты)
2️⃣ Джәъәлә белгілі бір адамға қатысты емес. Мысалы: "кімде-кім жоғалған затты тауып берсе, сыйақы беремін"
3️⃣ Джәъәлә-да жұмысшы ақыны тек жұмысты аяқтағаннан кейін алады
4️⃣ Джәъәлә-да жұмысшының іске кірісу келісімі қажет емес
5️⃣ Джәъәлә-да сыйақы мөлшері әр жағдайға байланысты әртүрлі болуына және мерзім бекітпеуге рұқсат етіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍3
САМСАРА - ДЕЛДАЛДЫҚ (ПОСРЕДНИК)


🌐 Сауда мағынасында сатушы мен клиентті байланыстыратын адамды делдал деп атайды (ар. симсар). Исламда делдал болып жұмыс жасауға рұқсат етілген, тек қалалық адам ауылдық адамның атынан делдал болуына рұқсат емес.

Арнайы талаптарға байланысты кейбір жағдайды нақты жауаптарымен қарастырайық:
1️⃣«Егер товарды сатсаң - 2 дирхам, сата алмасаң - 1 дирхам аласың» деген шарт қоюға болады ма?
Жауабы: иә, егер мерзім (срок) көрсетілген болса.

2️⃣«Егер товарды бүгін сатып бітірсең - 2 дирхам, ертең бітірсең - 1 дирхам аласың» деген шарт қоюға болады ма?
Жауабы:
Малик ибн Анас, Суфьян әс-Саури, имам Шафиғи, Исхақ және Әбу Саур көзқарасы бойынша болмайды. Себебі бұндай жағдайда қызметшіге қарапайым еңбекақы тағайындаған абзал деп санайды.
Имам Әбу Юсуф және имам Мұхаммадтың көзқарасы бойынша бұндай шарт қоюға болады.

3️⃣«Товарды пәленше бағаға сат, ал қалған бөлігі өзіңде қалсын» деген шарт қоюға болады ма?
Жауабы: Мәлики мазхабы бойынша болмайды, бірақ ибн Аббас, ибн Сирин, имам Ахмад, Бухари, Исхақ және ибн Қудам көзқарастары бойынша бұған рұқсат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍2
РАЗҚ - ынталандыру ақысы


🌐 Разқ (ор. жалование, гонорар) дегеніміз бір адамға қазынадан ынталандыру мақсатында берілетін ақы. Бұл жұмыс істегені үшін берілетін жалақы да, сыйақы да емес. Мысалы: ғалымға пәтуа шығарғаны үшін; қазыға үкім шығарғаны үшін; белгілі бір аймақты күзет еткені үшін т.б.

Алайда, разқ кез-келген адамға беріле бермейді. Бұл ақыны алу үшін ол адам мұқтаждар қатарына жатып, өмір сүруге жеткілікті мөлшерде ғана ала алады. Бұған дәлел ретінде Тәубе сүресі, 60-аят және Ниса сүресі, 6-аят болады.

Разқ мұсылмандар үшін маңызды пункттердің бірі саналады, себебі тіпті Омар (радыаЛлаһу ъанһу) халиф болып тағайындалғанда «Сіздердің мүліктеріңізге келетін болсам: жетімнің қамқоршысы секілдімін. Егер өзіме жетіп тұрса одан ештеңе алмаймын, ал егер қажеттілік туындаса тек жеткілікті мөлшерде аламын» деген.
Яғни, мемлекет басқарушысы ретінде қазынадан артып ештеңе алмайтынына уәде берген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍4
УӘКӘЛӘ - өкілдік


🌐 Уәкәлә дегеніміз бір нәрсені қолдану құқығын басқа біреуге өткізуді білдіреді. Себебі, адам қандай да бір істі орындауға шамасы жетпеуі мүмкін. Уәкәлә келісімін ақылы және ақысыз орындауға болады.

Сонымен қатар, бұл келісім нақты (конкретный) және уәделі болуы мүмкін. Мысалы: бір затты нақты сату мақсатымен өкіл адам тағайындаса. Алайда өкіл адам әлгі затты өзіне немесе жақын туыстарына сатуға болмайды, себебі жалдаған адам ұтылып қалу қаупі бар. Кейбір ғалымдар бұндай саудаға рұқсат береді, егер төленетін сумма товар құнына тең немесе одан жоғары болса.

Өкіл адамға жалпыға тиесілі мүлікті (мысалы ағаш, шөп, аң) алуға болмайды, сонымен қатар тағайындаған адам атынан намаз оқуға және ораза ұстауға тыйым салынады. Бірақ, ол адам атынан қажылық орындауға болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍3
ИҚОЛӘ - келісімді бұзу


🌐 Иқолә (араб. إقالة) — бір тараптың келісімді бұзуы. Бұған қатысты Пайғамбарымыздың ﷺ «Мұсылманға сатқан товарын кері алатын адамға Алланың кешірімі бар» (немесе «Сауда келісімін бұзуды қабылдаған адамның күнәсін Алла кешіреді») деген хадисі бар¹.

Егер бір тарап келісімді бұзғысы келсе, онда бұны қабылдау — ұнамды амал (желательно). Алайда оның өзіндік шарттары бар: товарға зақым келмеуі қажет және сипаттамасы өзгеріске ұшырамаған болуы қажет.

Кейбір ғалымдар иқолә-ні — келісімді бұзу ма, әлде жаңа сауда келісімін жасау ма деп пікір таластырады. Егер товар өз қасиетін жоғалтпаса, онда бұл келісімді бұзу болып саналады. Ал егер товар бастапқы түрін жоғалтып алса, онда бұл жаңа сауда келісімі болып табылады.

¹ Абу Дауд 3-т., 372-б.; Ибн Мәжә 2-т., 741-б.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍5
БОЙКОТ


Күлеміз, ойнаймыз, бірақ бір сәтке де зұлымдыққа ұшырағандарды ұмытпаймыз.

Бауырлар, егер де оларға қол ұшыңызбен көмек бере алмасаңыз, ең құрымағанда зиян тигізетін нәрселерден аулақ болайық. Бойкот бір адам үшін мелочь нәрсе болса да, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бәріміз біріксек нәтижесін береді.
❤21👍8
СУЛЬХ — татуластыру келісімі


🌐 Сульх — екі тарапты татуластыру үшін жасалатын келісім. Әдетте бұндай келісім ұрыс жағдайында туындайды, бірақ кейде ондай жағдайдың алдын алу үшін де жасалуы мүмкін. Пайғамбарымыздың ﷺ «Арнайы шарттарға сүйене отыра, екі мұсылманды татуластыру келісімін жасауға болады. Алайда арам болған нәрсені адал, адал болған нәрсені арам қылатын шарттар болмауы тиіс» деген хадисі бар. Сонымен қатар, Ниса сүресі 128-аятта да сульх-тың ең дұрыс шешім екені айтылған.

Бұндай келісімді қабылдау — мұстахаб. Бірақ ол жерде Алланың тыйымдарын бұзатын шарт болмауы қажет (мысалы: риба немесе мәжбүрлік). Сульх-ты қазыға (біздің жағдайда сотқа) жүгінгенге дейін жасасқан абзал. Себебі, сот шығарған шешім екі тараптың біріне әділетсіз болып қалуы мүмкін. Яғни екі адамның өзара компромисс тапқаны абзал.

Ғалымдар бұндай келісімді сауда-саттық келісіміне жатқызған. Мысалы: егер екі адам бір затты сатуға келіссе — сауда, егер бір адам товар немесе ақша берсе, ал екінші адам қызмет көрсетсе — иджара, егер бір тарап ақша берсе, ал екінші тарап алдағы уақытта товар әкелуге келіссе — сәләм, және сол сияқты келісім түріне қарай бөлінеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍3
Ертеңгі тақырып не туралы деп ойлайсыз? 😃

Подсказка: Құрандағы ең ұзын аят осы тақырып туралы
🔥6
ҚАРЫЗ


🌐 Терминдік мағынада "қарыз" (ар.қард) деп — (Алладан сауап) алу мақсатымен адамның өз мүлкін беруін атайды. Ал түбірі "миқрад" (қаз. қайшы) деген сөзден шығады. Яғни, өз мүлкінен сауап алу мақсатымен қиып беру.

Ал Шариғи мағынада — қарыз берушінің сұраған адамға өз қажеттілігі үшін бір нәрсені беруі. Қарыз алған адам дәл сол мөлшерде немесе дәл соған ұқсас затты қайтарып беруі керек. Мысалы: 1000тг алса орнына 1000тг; телефон алса орнына телефон қайтаруы қажет.

Қарызға берілген зат бастапқы иесінен сұраған адамға өткеннен кейін, соңғы иемденген адамның мүлкі болады, алайда келісілген уақыт жеткен кездегі қарыз алушының міндеті — дәл сондай затты әлгі адамға қайтаруы.

Сонымен қатар, қарыз беру — қайырымдылық амалы болып саналады. Себебі, қарыз алған адам пайдасын көреді де, берген адам сол үшін сауап жинайды. Ғалымдар бұны 2 жолмен түсіндіреді: (1) қарыз беруші адам дәл сол сәтте өз мүлкінен бөліп беріп, қарымтасына ештеңе алмайды, (2) қарызды қайтару сәтінде екі тарап арасында айырбас орын алады. Сондықтан бұны қайырымдылық келісіміне ұқсатқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤3🔥2
ҚАРЫЗ СТАТУСЫ


🌐 Қарыз беру мустахаб (ұнамды) амал болып табылады. Бірақ кейде бұл уәжіп болып қалуы да мүмкін. Мысалы: бір адам өміріне қажетті қиын жағдайға тап болса, және сіздің оған көмек беретін жағдайыңыз болса, онда сізге сол адамға қарыз беру уәжіп болады.

Сонымен қатар, егер адам қатты қиналмай тұрса, керек аса маңызды емес іске жұмсаса, онда оған қарыз беру мубах (қарапайым) амал болады. Ал егер қарыз сұраған адам өзінен артылып, ысырапқа жұмсайтын болса, ол адамға қарыз беру макрух (ұнамсыз) амал болады. Ал қарыз сұраған адам, қарызды нақты харам іске жұмсайтын болса (мысалы: арақ, құмар ойын, пара беру), онда сол адамға мүлдем қарыз беруге болмайды.

Жоғарыда айтылған қарыз алушыға да, берушіге де қатысты. Қарыз алушы қарызды уақытылы қайтарып, алған адамнан қашуына болмайды. Пайғамбарымыз ﷺ «қарызды қайтару ниетімен алған адамның қарызын Алла қайтарады, қарызды қайтармау ниетімен алған адамды Алла өзі қорлайды (зиянға ұшыратады)»¹ деген.

Қарыз қайтарған сәтте алған мөлшерден көп көлемде қайтаруға болмайды, алайда егер бұл қарыз алушы тарапынан өз еркімен болатын болса, және алдын-ала келісілмеген болса рұқсат етіледі.

¹ Бухари, №2387
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍8
ҚАРЫЗ УАҚЫТЫ


🌐 Сұрақ: егер қарыз берген кезден көп уақыт өтсе, және ақша сол кездегіге қарағанда өз құнын жоғалтса, қарызды қалай қайтару керек?

Жауап: Жағдайға байланысты ғалымдардың 3 түрлі көзқарасы бар:

1️⃣Исламда уақыт құны деген ұғым жоқ. Сондықтан қарызды алған мөлшерде қайтару қажет.

2️⃣Егер сауда келісімі бойынша қарыз болатын болса, онда сол күні келіскен сумманы қайтару қажет. Ал егер ақшалай қарыз болатын болса, сол ақшаны берген курс бойынша қайтару қажет (егер әртүрлі валюта болса).

3️⃣Егер курс қатты өзгерген болса, қарызды құны бойынша қайтару қажет (егер қарыз алушыға қиындық тудырмаса). Ал егер құны қатты өзгермесе, онда бастапқы мөлшерде қайтару қажет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍5
Сіздерге сұрақ:

Хамза Омардан 2010-жылы 100.000тг қарыз алған болса, 2024-жылы қанша қайтару қажет болады?
(ол кезде $1 = 148тг)
❤6