"IHSAN_OQU_ORTALIGY"
4.39K subscribers
1.79K photos
1.74K videos
56 files
2.92K links
🎓 "IHSAN_OQU_ORTALIGY"
Әр мұсылманға маңызды болған білімді үйрететін оқу орталық.

📚Берілетін пәндер:
🔸Ислам тәрбиесі (Әдеп)
🔸Дұрыс сенім (Ақида)
🔸 Ғибадат (Фиқһ)
🔸 Құран тәпсірі
🔸 Хадис түсіндірмесі
🔸 Сира (Ислам тарихы)

Байланыс: @ihsan_44h
Download Telegram
🗺Сауд Арабиясында Рамазан айының жаңа айы көрінді. saudinews50

📅 Бүгін — бірінші тарауих намазы оқылады.

📅 Ертең — оразаның алғашқы күні.

📢Қадірлі мұсылмандар!

🍬Түнде оразаға ниет етуді ұмытпаңыздар.

🕋Аллаһ Тағала тұтқан оразаларыңызды, оқыған тарауих намаздарыңызды қабыл етсін, амалдарыңызды берекелі қылсын!

📱Instagram
🌐Telegram
📞Whatsup
💬Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉23👍20❤‍🔥171
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💙 Құрметті Мұсылман Бауырлар !

✏️"IHSAN_OQU_ORTALIGY"  барлық Мұсылман қауымының берекелі Рамазан айын келуімен құттықтаймыз!

🌙 Рамазан айы – күллі әлемдегі мұсылмандар үшін өте ерекше уақыт. Бұл ай – Жаратушыға жақындау айы, рухани емделетін, дұғаның қабыл болатын әрі күнәлардың кешірілетін, Жаратушымен жалғыз қалуға мүмкіндігі мол ай.

😀 Аллаһ Тағала баршамызға осы Рамазан айында оразаны Аллаһ разы болатын күйде ұстауымызға және де басқа ғибадат рәсімдерін жеңілдетіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей.(әмин)

🌟#Рамазан_мубарак

✅ Telegram
📱 WhatsApp
🌐 Instagram
😄 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🎉34❤‍🔥17👍73💯22
🗓Бұл ай – жүректі тазартып, иманды күшейтетін ерекше мүмкіндік.

📖Рамазан – Құранмен қауышып, рухани жаңғыратын берекелі ай.
Құранды хатым ету – үлкен сауапқа әрі мол берекеге себеп. Әрбір оқылған әріп үшін еселеп сауап жазылатын осы айда, күн сайын аз-аздан болса да Құран оқып, ай соңында толық хатым жасауға ниет етейік.

🤲Аллаһ Тағала Құранды жүректеріміздің нұры, көкірегіміздің шипасы етсін, Рамазан айын құлшылықпен, ықыласпен өткізуімізді нәсіп етсін.

✅ Telegram
📱 WhatsApp
🌐 Instagram
😄 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥14💯6✍5👍33
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😀 قال الله تعالى: {وَذَكِّرْ فَإِنَّ ٱلذِّكْرَىٰ تَنفَعُ ٱلْمُؤْمِنِينَ}

😀Аллаһ Тағала айтты: «Ақиқатты еске салып, насихат айтуыңды жалғастыра бер. Өйткені ақиқатты еске салып, насихат айту, мүміндерге  (иман етуге бейім жандарға) қашан да пайдалы».

📚«Зарият:55»

🔖حديث أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ ☝، قَالَ: قَالَ: رَسُولُ اللهِ 🩷: مَنْ دَلَّ عَلَى خَيْرٍ فَلَهُ مِثْلُ أَجْرِ فَاعِلِهِ

🔖Әбу Масъуд әл-Әнсариден ☝ келген хадисте, Аллаһтың Елшісі 🤲 былай деп айтқан: «Жақсылыққа көрсетуші соны істегендей сауап алады!»

📚«Муслим риуаят еткен»

📆#Hijri_kuntizbesi

▫️ Instagram
▫️ Telegram
▫️ Whatsup
💡 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5✍3👍3💯3❤‍🔥1
▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️➖1️⃣

1️⃣Ораза тұтқан адамның ауызынан шыққан жағымсыз иіс Аллаһ үшін мисктің хош иісінен де сүйіктірек.

▫️Адам ашыққанда ауыз иісі өзгеріп, адамдарға жағымсыз болып сезіледі. Алайда Аллаһтың алдында бұл иіс мисктің хош иісінен де сүйіктірек. Себебі оның пайда болуына Аллаһқа құлшылық ету және Оған бойұсыну себеп болды. Аллаһқа құлшылық пен мойынсұну нәтижесінде пайда болғанның бәрі Аллаһқа сүйікті. Аллаһ Тағала мұның өтемін адамға одан да жақсырақ, көркемірек әрі жағымдырақ нәрсемен қайтарады.

2️⃣Періштелер ауыз ашқанға дейін олар үшін кешірім тілейді.

🕯️Періштелер — Аллаһтың құрметті құлдары. Олар Аллаһ бұйырған нәрсеге қарсы келмейді және өздеріне бұйырылғанды орындайды. Сондықтан олардың ораза тұтушылар үшін жасаған кешірім тілектері Аллаһ тарапынан қабыл болуға лайық.
🤲Шын мәнінде, Аллаһ Тағала періштелерге ораза тұтушылар үшін кешірім тілеуге рұқсат етіп, олардың жоғары дәрежесін көрсетіп, осы құлшылықтың маңызын айқындады. Ал ораза тұтушылар Аллаһтың кешіріміне мұқтаж, өйткені әрбір адам күнә жасап, рұқсат етілген  нәрседе шектен асып жатады.

3️⃣Аллаһ күн сайын Өзінің Жәннатын көркемдеп:
«Жақын арада салих құлдарым ауыртпалықтар мен уайым-қайғылардың жүгін тастап, осында қарай ұмтылады», – дейді.

🌴Рамазан айының әр күнінде Аллаһ Тағала Өзінің Жәннатын көркемдеп, оны мүмін құлдары үшін дайындайды және сол арқылы олардың Жәннатқа деген ынтасын арттырады.
⌛️Бұл – салих құлдардың дүние өмірін, оның шаршауы мен азабын артта қалдырып, екі дүниеде де бақыт әкелетін ізгі амалдарға бар күшін салатын уақыттың жақындағанын білдіреді. Бұл ізгі амалдар оларды тыныштық пен амандық мекеніне жетелейді.

4️⃣Бұзақы шайтандар шынжырланып, басқа уақыттарда істей алатын істерін істей алмайды.

💭Олар Аллаһтың салих құлдарын тура жолдан адастырып, жақсылықтан алыстата алмайды. Бұл — Аллаһтың Өз құлдарына көрсеткен көмегі.
Аллаһ Тағала адамдардан олардың дұшпанын тежейді. Ол дұшпан өз жақтастарын От иелерінің қатарына қосылуға шақырады. Сондықтан Рамазан айында салих мұсылмандардың жақсылыққа ерекше ұмтылып, жамандықтан бұрынғыдан да қаттырақ алыстайтынын көресің.

5️⃣Ораза тұтушылар соңғы түні кешірімге ие болады.

🪟Расында, Аллаһ Тағала Мұхаммед ▫️ үмбетінің күнәларын Рамазан айының соңғы түні кешіреді, егер олар бұл айды лайықты түрде өткізсе: ораза ұстап, түнгі нәпіл намаздарды орындаса.
🎁Аллаһ Тағала Рамазан айының соңында оларға рақым етіп, жасаған игі амалдарының сауабын толық береді. Шын мәнінде, еңбек еткен адам жұмысын аяқтағанда өзінің лайықты сыйын толық алады.

📚 Рамадан айындағы мәжілістер: Бірінші мәжіліс.


🌟#Рамазан_Мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын

📱Instagram
🌐Telegram
📞Whatsup
💬Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥136💯2👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⏪️Мүмкіндігіңше телефонды қарауды азайт!⏩️


🎙Шейх Абдуссәләм аш-Шуейьир 🕋



🌟#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын

📱Instagram
🌐Telegram
📞Whatsup
💬Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
13❤‍🔥8👍5
📚Оразаның түрлері:
Ораза бұйырылған және тыйым салынған болып бөлінеді:
1️⃣➖ Бұйырылған.
📌 Уәжіп ораза:
1) Шариғат бұйырған уәжіп
2) Адам өз-өзіне жүктеген уәжіп
📌Мустахап ораза:
1) Жалпы нәпіл
2) Шектелген нәпіл

2️⃣➖ Тыйым салынған:
📌 Харам
Екі Айт күні ораза ұстау
📌 Мәкруһ
Тек қана Жұма күні ораза ұстау.


🌟 ПАЙДАЛАРЫ:
➖Ораза нығметтерге шүкірлік етуге итермелейді.
➖Ораза харамдарды тастауға апарады.
➖Оразамен шаһуатты жеңуге болады. Себебі, нәпсі тоқ болса, шаһуаттарды
қалайды. Ал егер аш болса, қалайтын нәрселердің бәрінен бас тартады.
➖ Ораза міскіндерге деген жан ашу мен мейірімді оятады.
➖Оразада шайтанға үстем ету мен оны әлсірету бар. Сондықтан адамға
жасайтын уәсуәсі әлсіреп, адамның күнәсі азаяды.
➖ Оразада адам әрдайым Аллаһтың бақылауында екенін ескеруі жиеленеді.
Сөйтіп, шамасы жетіп тұрса да нәпсісі қалап тұрған нәрселерді Аллаһ
көріп тұр деп тастайды.
➖Оразада дүниеден және дүниенің шаһуаттарынан алыстап, Аллаһтың
құзырындағыға қызығу күшейеді.

🌟#Академия_Ихсан
#Ораза_кітабы

🌐Telegram
📱Instagram
📱 WhatsApp
😄 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯109✍4👍22❤‍🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😀 قال الله تعالى: {وَذَكِّرْ فَإِنَّ ٱلذِّكْرَىٰ تَنفَعُ ٱلْمُؤْمِنِينَ}

😀Аллаһ Тағала айтты: «Ақиқатты еске салып, насихат айтуыңды жалғастыра бер. Өйткені ақиқатты еске салып, насихат айту, мүміндерге  (иман етуге бейім жандарға) қашан да пайдалы».

📚«Зарият:55»

🔖حديث أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ ☝، قَالَ: قَالَ: رَسُولُ اللهِ 🩷: مَنْ دَلَّ عَلَى خَيْرٍ فَلَهُ مِثْلُ أَجْرِ فَاعِلِهِ

🔖Әбу Масъуд әл-Әнсариден ☝ келген хадисте, Аллаһтың Елшісі 🤲 былай деп айтқан: «Жақсылыққа көрсетуші соны істегендей сауап алады!»

📚«Муслим риуаят еткен»

📆#Hijri_kuntizbesi

▫️ Instagram
▫️ Telegram
▫️ Whatsup
💡 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥5💯3✍21
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤲Рамаданда уақытыңды бос өткізіп алма!

📣Шейх Абдур-Раззақ ибн Абдул-Мухсин әл-Бәдр🌟



🌟#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын

📱Instagram
🌐Telegram
📞Whatsup
💬Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥7👍74✍3
Құранның_соңғы_үш_парасының_мағыналық_аудармасы.pdf
7.9 MB
✍️ Құран Кəрімнің
артықшылығы

🪶 Құран—Аллаһтың сөзі. Оның өзге сөздерден ең кәміл әрі кемшілік атаулыдан пәк болуымен артық тіпті Құран Кәрім секілді жербетінде кітап жоқ әрі болмайды.
Тілдің сөйлеуіндегі ең абзал нəрсе — Құран оқу.

📚Құранның соңғы үш парасының түсініктемесі (қосымша)

🌟 #Білім_сөзбен_амалдан_бұрын


✅ Telegram
📱 WhatsApp
🌐 Instagram
😄 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥5👍54💯3✍2🤝1
▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️➖2️⃣

📕Бұл ұлы хадис оразаның бірқатар артықшылықтарын көрсетеді.

1️⃣ барлық құлшылықтардың ішінен Аллаһ Тағала Өзiне арнап тек оразаны таңдады. Өйткені оразаның орны ерекше. Аллаһ Тағала құлдарының ораза ұстауын жақсы көреді, себебі дәл осы кезде мүмін құлшылығында шынайылық танытады.
➖Ораза – құл мен Раббысының
➖ арасындағы құпия.
Адамның ораза ұстап жүргенін Аллаһ Тағаладан басқа ешкім көре алмайды. Расында, ораза ұстаған адам жалғыз қалғанда оразасын бұза алатын еді, бірақ ол бұлай етпейді. Ол өзін барлық жерде, тіпті жалғыз қалған сәтінде де бақылап тұрған Раббысы бар екенін біледі. Ол Раббысының оразаны бұзуға тыйым салғанын біледі де, Аллаһтың жазасынан қорқып әрі Оның сый-сауабына үміттеніп, тамақтан да, басқа да нәпсі қалауларынан бас тартады.

Суфиян ибн ‘Уәйна 📿 былай деген:
«Қиямет күні Аллаһ Тағала Өз құлын есепке алып, оның жасаған әділетсіздіктерін игі амалдарының есебінен өтейді. Ал игі амалдарынан оразадан басқа ештеңе қалмаған кезде, Аллаһ Тағала сол оразаның есебінен қалған барлық әділетсіздіктерін жауып, оны Жәннатқа кіргізеді»
[Қара: «ат-Тарғиб уат-Тархиб», 2/7].
2️⃣Аллаһ Тағала ораза туралы: «…және оның сауабын Мен (Өзім) беремін», – деп айтты. Аллаһ Тағала оразаның сыйын Өзіне тән етті. Әрбір игі амал үшін адамға он есе, жеті жүз есеге дейін немесе одан да көп сауап беріледі. Ал оразаға келер болсақ, Аллаһ Тағала оған ешбір есепсіз, Өз тарапынан сауап береді. Өйткені Ол – жомарттардың ең жомарты. Сондықтан ораза ұстағандардың сауабы ұлы әрі сансыз болады.

🖇️Оразаның өзінде сабыр бар. Себебі адам өз нәпсісін Аллаһқа бойсұнуда ұстайды, оразаны бұзатын нәрселерден тыйылады, аштыққа, шөлге және әлсіздікке сабыр етеді. Аллаһ Тағала айтты:

🌺إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُمْ بِغَيْرِ حِسَاب🌺
🌺Расында, сабыр еткендерге сый-сауаптары ешбір есепсіз толық беріледі🌺
[Зумар сүресі, 10-аят].

3️⃣ораза – адамды бос сөзден және арсыздықтан қорғайтын қалқан. Сондықтан Аллаһтың елшісі 📿 былай деген:
«Ораза – қалқан. Сендердің біреулерің ораза ұстаған күні арсыздық жасамасын әрі айқай-шу көтермесін».
Сондай-ақ ораза адамды Оттан қорғайтын қалқан. Жәбирден 📿 риуаят етіледі: пайғамбар 📿 айтты:
«Ораза – адам өзін Оттан қорғайтын қалқан»

[Ахмад, 3/396].

4️⃣ораза ұстаған адамның ауыз иісі Аллаһ үшін мисктің хош иісінен де сүйкімдірек. Өйткені бұл иіс оразаның себебінен пайда болады, сондықтан Аллаһ Тағала алдында ол жақсы әрі сүйікті болып саналады. Бұл оразаның Аллаһ алдындағы ұлы дәрежесін көрсетеді. Адамдар арасында жағымсыз әрі жек көрінішті саналатын нәрсенің өзі, егер ол Аллаһқа бойсұну салдарынан пайда болса, Аллаһ алдында жақсы әрі сүйікті болады.

5️⃣ораза ұстаған адам екі қуанышқа бөленеді: біріншісі – ауыз ашқанда, екіншісі – Раббысымен кездескенде.

💭 Бұл дүниеде ораза ұстаған адам Аллаһтың оған ораза ұстау нығметін бергеніне қуанады. Бұл – ең абзал игі амалдардың бірі. Қаншама адамдар бұл нығметтен мақұрым қалып, ораза ұстамайды! Сондай-ақ күннің соңында ол Аллаһтың оған ас-су ішуге және жұбайымен жақындасуға рұқсат еткеніне қуанады.
🎁 Ал ораза ұстаған адам Раббысымен кездескенде, оразасы үшін толық сый-сауап алғанына қуанады. Бұл сауап адам ең қатты мұқтаж болатын сәтте беріледі. Сонда: «Ораза ұстағандар қайда?» – деп айтылып, олар Жәннатқа «Раййан» деп аталатын қақпа арқылы кіреді. Бұл қақпадан ораза ұстағандардан басқа ешкім кіре алмайды.

📚 “Рамадан айындағы мәжілістер” кітабынан үзінді: Екінші мәжіліс.



🌟#Рамазан_мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын

✅ Telegram
📱 WhatsApp
🌐 Instagram
😄 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9💯5❤‍🔥3✍22
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇸🇦 Аллаһ Өзінің Елшісін сүйеді, сондықтан Оны көкте мекендейтін періштелердің алдында мадақтайды. Періштелер де бұл мақтаулы Елшіні ұлықтап, оған Аллаһтың игілігі мен есендігін тілеумен болады. Әй, иман келтіргендер! Раббыларың мен ардақты періштелерден үлгі алып, Аллаһтың Елшісіне салауат айтып, сәлем жолдаңдар. Осылай ету арқылы сендер Пайғамбарымызға 🌟 деген өз міндеттеріңді орындайсыңдар, бұл ұлы Елшіге деген құрметтеріңді білдіресіңдер, оған деген махаббат пен ілтипаттарыңды паш етесіңдер, имандарыңды кемелдендіріп, сауаптарыңды көбейтіп, күнәларыңның бір бөлігін жоясыңдар.

🇸🇦Пайғамбар 🌟 сахабаларын өзіне салауат айтудың дұрыс әдебіне үйреткен. Ол үйреткен ең кемел салауаттың үлгісі мынадай:

🇸🇦«Уа, Аллаһ! Мухаммадқа және Мухаммадтің әулетіне игілік бере гөр, Ибраһимге және Ибраһимнің әулетіне игілік бергеніңдей. Шынында, Сен — мақтауға лайық, ұлықсың! Уа, Аллаһ! Мухаммадқа және Мухаммадтің әулетіне береке бере гөр, Ибраһимге және Ибраһимнің әулетіне береке бергеніңдей. Шынында, Сен — мақтауға лайық, ұлықсың!»

🇸🇦Мұсылмандар Аллаһтың Елшісіне 🌟 кез келген уақытта салауат айтып, сәлем жолдай алады. Көптеген мұсылман ғалымдарының пікірінше, бұл салауатты намаз кезінде айту – уәжіп (міндетті) амал болып табылады.

🔔Тафсир ас Саъди: Әхзаб сүресі, 56 аят.


🌟 #Құран_тыңда
🌟#Пайғамбарға_салауат_айту

📱Instagram
🌐Telegram
📞Whatsup
💬Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥4💯4✍32👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍
📚{إِنَّ اللَّهَ وَمَلائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ  يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا}

 📚«Расында, Аллаһ және Оның періштелері  Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем жолдаңдар».

📖«Әхзәб» сүресі, 56-аят.


📖 قال الله تعالى: {وَذَكِّرْ فَإِنَّ ٱلذِّكْرَىٰ تَنفَعُ ٱلْمُؤْمِنِينَ}

📖Аллаһ Тағала айтты: «Ақиқатты еске салып, насихат айтуыңды жалғастыра бер. Өйткені ақиқатты еске салып, насихат айту, мүміндерге  (иман етуге бейім жандарға) қашан да пайдалы».

📚«Зарият:55»

🖊️حديث أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ ▪️، قَالَ: قَالَ: رَسُولُ اللهِ ❤️: مَنْ دَلَّ عَلَى خَيْرٍ فَلَهُ مِثْلُ أَجْرِ فَاعِلِهِ

🖊️Әбу Масъуд әл-Әнсариден ▪️ келген хадисте, Аллаһтың Елшісі ▪️ былай деп айтқан: «Жақсылыққа көрсетуші соны істегендей сауап алады!»

📚«Муслим риуаят еткен»

🌟#Пайғамбарға_салауат_айту

📆#Hijri_kuntizbesi

✅ Telegram
📱 WhatsApp
🌐 Instagram
😄 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥5👍3💯21
📅 Жұма күнінің әдептері:

📕 «Кәһф» сүресін оқу

💧 Ғұсыл алу

🪥 Мисуәк қолдану

🧯 Миск жағу (ер адамға)

🕌 Жұма намазына ертерек бару (имамға жақын орын алу үшін) күн шыққаннан бастап

🤎 Өзінің ең жақсы киімін кию (мейлі, ол ескі болса да, жуылған болсын)

🤲 Дұға қабыл болатын уақытты іздеу (сол уақытта міндетті түрде дұға қабыл болады)

🌙 Пайғамбарымызға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көп салауат айту.

🎙Шейх Мухаммад ибн Солих әл-Усәймин ▪️


🌟#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын

📱Instagram
🌐Telegram
📞Whatsup
💬Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥4👍4💯11
🖊️السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

🎙Құрметті оқырмандар "IHSAN_OQU_ORTALIGY" өзінің аудармасын ұсынады!

🔰 صدر حديثاً
Жаңадан шыққан
📗 متون طالب العلم- المستوى الثالث — باللغة الكازخية
БІЛІМ ТАЛАПКЕРІНІҢ МӘТІНДЕРІ
ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙ

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛҒАН

💠 لفضيلة الشيخ د. عَبْدِ المُحْسِنِ بن مُحَمَّدِ القَاسِم وَفَّقَهُ اللَّهُ
🕌 إمام وخطيب المسجد النبوي
Кітап авторы
Доктор Абдул-Мухсин ибн Мухаммәд әл-Қасим
Пайғамбар ﷺ мешітінің имамы
әрі құтпашысы
___

🇸🇦Мәтінді оқу үшін PDF форматын ұсынамыз.
•┈┈┈••✦🔹✦••┈┈┈•

🌟#Академия_Ихсан

🌐Telegram
📱Instagram
📱 WhatsApp
😄 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥99👍54💯3
ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙ.pdf
2.6 MB
🌿 Бұл – үшінші деңгей. Ол төмендегі мәтіндерді қамтиды:
📏 «ТУХФӘТУЛ-ӘТФӘЛ» Құран тәжуиді бойынша балаларға арналған.
🔗 «НАМАЗДЫҢ ШАРТТАРЫ, РУКІНДЕРІ ЖӘНЕ УӘЖІПТЕРІ»
📏 «ТАУХИД – АЛЛАҺТЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ӘР АДАМНЫҢ МІНДЕТІ»

🕯️Бұл нұсқаны нұсқалар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп, мәселелерді дәлелдеп, бөгде (түсініксіз) сөздерді түсіндіріп, күрделі тұстарды ашып көрсеттім. Сондай-ақ тахқиққа қатысты өзге артық түсіндірмелерді алып тастап, барлығын басқа бір негізгі нұсқаға сүйене отырып бекіттім. Аллаһ Тағаладан осы кітаппен барлығымызға пайда беруін және қиямет күні оны бізге сауап қоры етуін сұраймын. Аллаһтың салауаты мен сәлемі Пайғамбарымыз Мухаммәдке, оның отбасына және барлық сахабаларына болсын.

🎙Доктор Абдул-Мухсин ибн Мухаммәд әл-Қасим Пайғамбар ▫️ мешітінің имамы әрі құтпашысы (АллаһТағала оны қамқорына алсын )

➡️https://a-alqasim.com/books/kK_mostawa3old2/
•┈┈┈••✦🔹✦••┈┈┈•

🌟#Академия_Ихсан

🌐Telegram
📱Instagram
📱 WhatsApp
✔️Dauis_beru
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
115❤‍🔥11✍44👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
▫️ Пайғамбарымызға салауат айтудың артықшылығы!

🎙️Шейх Хасан ибн Абдул-Хамид әл-Бухари 🕋



🌟#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын

📱Instagram
🌐Telegram
📞Whatsup
💬Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥6💯5👍4✍1⚡1🏆1🤝11
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😀 قال الله تعالى: {وَذَكِّرْ فَإِنَّ ٱلذِّكْرَىٰ تَنفَعُ ٱلْمُؤْمِنِينَ}

😀Аллаһ Тағала айтты: «Ақиқатты еске салып, насихат айтуыңды жалғастыра бер. Өйткені ақиқатты еске салып, насихат айту, мүміндерге  (иман етуге бейім жандарға) қашан да пайдалы».

📚«Зарият:55»

🔖حديث أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ ☝، قَالَ: قَالَ: رَسُولُ اللهِ 🩷: مَنْ دَلَّ عَلَى خَيْرٍ فَلَهُ مِثْلُ أَجْرِ فَاعِلِهِ

🔖Әбу Масъуд әл-Әнсариден ☝ келген хадисте, Аллаһтың Елшісі 🤲 былай деп айтқан: «Жақсылыққа көрсетуші соны істегендей сауап алады!»

📚«Муслим риуаят еткен»

📆#Hijri_kuntizbesi

▫️ Instagram
▫️ Telegram
▫️ Whatsup
💡 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥5✍2👍2💯11
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⏪️Рамадан айында жасалған умра менімен бірге жасалған қажылыққа тең⏩️


🎙Шейх Абдуссәләм аш-Шуейьир 🕋


🌟#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын

📱Instagram
🌐Telegram
📞Whatsup
💬Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥7✍1🎉1💯11
▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️➖3️⃣

Пайғамбарымыз 🕋 айтты:
«Ислам бес (тірекке) негізделген:
*⃣Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екеніне куәлік беру;
*⃣намазды толық орындау;
*⃣зекет беру;
*⃣қажылық жасау;
*⃣Рамадан айында ораза ұстау»
(әл-Бухари, 8, 4514; Муслим, 16).

▪️Мұсылмандар Рамадан айында ораза ұстаудың міндетті амал екендігіне бір ауыздан келіскен, бұл мәселеде ешқандай келіспеушілік жоқ. Егер адам Рамазан айында ораза ұстаудың міндеттілігін жоққа шығарса, ол кәпір болады, сондықтан тәубеге шақырылады.
⚡️Егер ол тәубе етуден бас тартса, діннен шыққан адам ретінде өлтіріледі. Одан кейін оны жуындырмайды, кебіндемейді, жаназа намазы оқылмайды, Аллаһтан оған рақым тілемейді және мұсылмандар зиратына жерлемейді. Оны жай ғана бір алыс жерге көміп тастайды, адамдар мәйітінің иісінен қолайсыздық көрмес үшін.

🔳Рамадан айындағы ораза хижраның екінші жылында парыз етілді. Пайғамбар 🕋 тоғыз жыл бойы ораза ұстады. Алғашында адамдарға таңдау берілген еді: не ораза ұстау, не кедейлерді тамақтандыру. Дегенмен, ораза ұстау абзал еді. Кейін бұл таңдау жойылып, ораза ұстау міндетті болды.

Салама ибн әл-Ақуа‘ 🕋 былай дегені жеткізіледі:
«Мына аят түскеннен кейін:

🌿وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِين🌿
🌿Ораза ұстауға шамасы жетсе де, қиындықпен ұстайтындар үшін өтеу — бір міскінді тамақтандыру🌿
(әл-Бақара сүресі, 184-аят).

«Ораза ұстағысы келмей, оны өтеумен алмастырғысы келген әрбір адам солай істейтін. Бұл жағдай келесі аят түскенге дейін жалғасты, ол осы аяттың үкімін жойды»
(әл-Бухари, 4507; Муслим, 1145).

Ал келесі аятта былай делінген:

🌿فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُ ۖ وَمَنْ كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ🌿
🌿Сендерден кім осы айға куә болса, ораза ұстасын. Ал кім ауру болса немесе сапарда жүрсе, басқа күндері сонша күн қазасын өтесін🌿
(әл-Бақара сүресі, 185-аят).


📚 “Рамадан айындағы мәжілістер” кітабынан үзінді: Үшінші мәжіліс.


🌟#Рамазан_мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын

✅ Telegram
📱 WhatsApp
🌐 Instagram
😄 Status
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥5✍1💯11