inbusiness
2.12K subscribers
1.09K photos
400 videos
2 files
1.36K links
…
Download Telegram
😭 Газа секторында қаза тапқандар саны 10 812-ге дейін өсті, олардың ішінде кемінде 4 412 бала бар, деп хабарлайды Al Jazeera Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

📎https://t.me/inbusinesskz
😭8🕊1
📣 Шавкат Мирзиёев Израиль мен Палестина қақтығысына қатысты тағы да мәлімдеме жасады

«Бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі жаһандық қауіп төндіретін Таяу Шығыстағы Палестина-Израиль қақтығысы бәрімізді алаңдатады. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар, әйелдер, балалар мен қарт адамдар қанды қақтығыстың құрбаны болып жатыр. Шиеленістің ауқымы кеңейіп бара жатқаны байқалады. Бұл қайшылықтың ірі қақтығысқа айналуына жол бермеу керек. Біз тараптарды соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға, бейбіт келіссөздерді бастауға және ақылға қонымды ортақ шешімге келуге шақырамыз. Біз тағы да өз ұстанымымызды білдіргіміз келеді – Палестина халқы Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарларымен расталған өзінің тәуелсіз мемлекетін құруға құқылы», - деп мәлім етті Шавкат Мирзиёев.

📎https://t.me/inbusinesskz
👍20❤3
Forwarded from Insports.kz
САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫНА ИЕ БОЛДЫ

Бангкокте (Таиланд) садақ атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Командалық жарысқа қатысқан Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына лицензия ұтып алды.

Ұлттық құрама сапында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко өнер көрсетті. Жарыстың бас жүлдесін Оңтүстік Корея спортшылары иеленсе, қола медаль Индонезияға бұйырды.

@atamekenbusiness_sport
👍7❤1
🤦🏼‍♂️ Екі ай бұрын бостандыққа шыққан Кентаудың экс-әкімі түрмеге қайта қамалды

⚖️ Алматы облысы сотының мәліметіне сүйенсек, бүгінде Дәурен Мақажанов жазасын одан әрі өтеу үшін ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№64 мекемесіне» жеткізілген.

✔️ Ведомстводан атап өткендей, бұған дейін Қонаев қалалық соты Мақажановқа қатысты жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы қаулы шығарған болатын. Алайда Алматы облыстық соты бұл қаулының күшін жойды.

📎https://t.me/inbusinesskz
🤔2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😱 Өскеменде әлі күнге дейін пеш жағатын емхана бар

5 мыңға тарта адамға қызмет көрсететін медициналық мекеме орталық жылу жүйесіне қосылмаған. Сондықтан қыстың қытымыр аязында дәрігерлер көмір жағып, қатып қалмаудың қамын жасап әлек. Алыстағы ауыл емес, облыс орталығындағы ақхалаттылардың жайын Atameken Business тілшісі Жанболат Санияз көріп келді.

📎https://t.me/inbusinesskz
😨8🤨3😡1
😳 Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары осылай жазуда.

Астана қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады. Бірақ күдіктінің кім екенін атамады.

Оқиға Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған.

Бізге жазылыңыз 👉 t.me/atamekenbusiness_qaz
😡10😢4😨2🔥1😐1
🇰🇿🇨🇳Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
❤5😐3
Forwarded from Silk Way
❗️Факт: Қытай азаматтары 82 ел мен аумаққа визасыз немесе барғанда берілетін виза арқылы сапарлай алады.

☝️
Ресей мен Қытай арасында да визасыз режим бар. Бірақ ол тек 5-20 адамнан тұратын туристік топтарға арналған. Олар Қытайда 15 күн бола алады.


📎t.me/atamekenbusiness_silkway
😡7👍4
Қуандық Бишімбаевты Кәрім Мәсімовпен не байланыстырады?

Ол әуелі мансап жолын тәп-тәуір түзіп келе жатқан. Елдегі жоғары оқу орындарын үздік тәмәмдаған Қуандық "Болашақ" бағдарламасымен Вашингтонда оқып келіпті.

Тіпті, Экономика ғылымдарының кандидаты көрінеді. Мансабын қарапайым менеджер болып бастаған Бишімбаев Президент көмекшісіне дейін көтерілген.

📌2016 жылдың мамыр айында сол кезде Үкіметті басқарған Кәрім Мәсімовтің ұсынысымен Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалған.

Қуандық Бишімбаев Мәжілістің 2012-2016 жылдар аралығындағы V шақырылым депутаты Уәлихан Бишімбаевтың ұлы екен.

❗️Қуандық 2017 жылдың қаңтарында сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталып, 10 жылға сотталған. 2019 жылы 13 ақпанда сотталушы Президент жарлығымен рақымшылыққа ілініп, жазасын өтеу мерзімі 10 жылдан 4 жылға қысқартылған. 2019 жылы 11 қазанда мерзімінен бұрын босап шығып, жазасы жеңілге ауыстырылған. Толығырақ

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
❤3🤔1
Forwarded from Silk Way
💬Былтыр Қытай Қазақстанға шамамен $1,5 млрд инвестиция құйған екен. Елімізге салынған тікелей инвестициялар көлемі бойынша Қытай 7-ші орында.

❓Визасыз режим күшіне енгеннен кейін, бұл көрсеткіш өсуі мүмкін бе? Қалай ойлайсыз?

📎t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤨5❤2🙏1🙈1
🇬🇧 Лондонда 500 мың адам Палестинаны қолдау үшін көшеге шықты

🇮🇱 Олар Израильден Газа аумағын бомбалауды дереу тоқтатуды талап еткен.

❗️Бұл Ұлыбритания тарихындағы ең ауқымды үшінші наразылық жиыны.

🤔 Еске сала кетейік, Ұлыбританияда 2003 жылы 1 миллионға жуық адам Ирактағы соғысты тоқтатуды талап етіп, алаңға жиналған. Ал 2018-2019 жылдары 500 мыңнан астам адам Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы туралы референдум өткізуді талап етіп, шеруге шыққан.

Бізге жазылыңыз 👉 t.me/atamekenbusiness_qaz
❤15👍8❤‍🔥2🕊2🔥1🙏1
Болат Назарбаев қайтыс болды

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев көз жұмды. Ол 70 жасында дүние салды. 

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
🎉10😢9👍3🙏2😐2💔1😭1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😁 Министрдің не әкімнің баласы әскерде жүр дегенді естімеппін…

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа төтеден сұрақ қойды.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
🤣15👍8👏2😁2❤1
🤔 Қазақстан Еуропаға электр энергиясын жөнелтпек

Бұл қатарда Әзербайжан мен Өзбекстан да бар.

Баку қаласында өткен энергетика және экономика министрлерінің кездесуінде осындай келісім жасалған.

Енді үш ел баламалы көздерден алынған электр энергиясын Еуропаға тасымалдайды.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
👍17😢6🤪3❤2🔥1
🇰🇿 Сүйінші, Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті!

🤩 Мемлекет басшысы отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады.

– Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
👏22❤8👍5🤩2🙏2🔥1🥰1
🤩 «Отбасы» банк 20 миллионыншы боп туған 5 балаға 2 млн теңгеден береді

Бұл туралы «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

«Отбасы банк» еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосуды қалайды. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады», – деді ол.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
👍25❤4🤗2🔥1🥰1🙏1