IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем, достар👋👋

Аналитика саласында жұмыс істейтін білікті спикерлерімен таныса отырыңыздар!

👥Спикерлер:

🧑‍💻ТЕМІРБЕК ИСЛАМБЕК
SENIOR DATA ANALYST, QIC (ex. Kolesa Group)
📋“ML-дің көмегімен болашақ трендтерді қалай болжауға болады?”

👩‍💻МУКАШЕВА ДАМИРА
PRODUCT ANALYST, Easytap
📋“Инвесторлар үшін маңызды метрикалар”

🧑‍💻КӘРІМ ӘДІЛЕТ
SENIOR DATA ANALYST, Kazakhtelecom
📋“Телекомда клиенттерді сегментациялау ерекшеліктері”

👩‍💻МАРАТОВА АЛТЫНАЙ
SYSTEM ANALYST, FreedomPay (ex. Bank CenterCredit)
📋“System Analyst: IT және бизнес арасындағы адам-аудармашы”

👩‍💻КАНИЕВА НАРГИЗ
ADVISER Data&Analytics, PwC Kazakhstan
📋“Azure Stream Analytics арқылы деректерді өңдеу желісін оптимизациялау”

🧑‍💻ТОҚТАҒАНОВ ӘДІЛХАН
LEAD PRODUCT ANALYST, Aviata (ex. Tinkoff, VK, MTC)
📋“Деректерді талдаудағы тосынсыйлар”

👩‍💻АЧИЛОВА АЛИНА
Senior Professor of Practice & IT Startup Mentor at AlmaU, Google Developer Expert Organizer (ex. Senior Business/System Analyst at Air Astana)
📋“Аналитик-бесаспап маман: мамандықтың қырлары мен сырлары”

🗣️Кездесу модераторы:
Досмұхамед Али
Analyst, Freedom Bank
(New Delta Research, BI Group)

📅 18.05.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/kpWVDWErAwbLwHpo7

@digitaldala-мен бірге білімді де білікті мамандары тыңдауға шақырамыз⚡️

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8❤1
Forwarded from Akzholtay myrza (Akzholtay)
Бәріне сәлем!

Фронтенд саласына қызығасыз, бірақ жұмыс таба алмай жүрсіз бе?

Онда, сізге керемет жаңалығым бар. Осы жылдың 1-маусымынан бастап, стажировка басталайын деп жатыр.


⏱ Стажировка 3 айға жалғасады.
💵 1 айдан соң, минималды айлық төленеді.
📈 Ал 3 айдан кейін джуниор фронтенд болып жұмысқа орналасуға толық мүмкіндіктеріңіз бар.

Стажировканың шартары мынадай:

💼 Офлайн түрде болады, компанияның офисына шығу;
📍 Алматы немесе Астана қаласында тұру;
🎓 Программалау мамандығын бітірген/оқып жатқан студент болу
💡 Келесі технологиялармен жұмыс істеп көрген болу: HTML/CSS, JS, TS, React, Next, git



Жалпы 8 ғана стажер алатындықтан, біз конкурс өткізетін боламыз.

📌Конкурс 3 этаптан тұрады.
📝Қатысу үшін мына сілтемемен өтіп , анкетаңызды толтырып қойыңыз.
❗️Анкеталарды 20-мамырға дейін қабылдаймыз.
🔥4👍2
Абай ТВ-дегі Сана бағдарламасына қатысып, керемет IT мамандармен бірге керемет талқыға қатысу мәртебесіне ие болдық 🙌

GOOGLE-дың монополиясы бітейін деп жатыр ма?
https://www.youtube.com/watch?v=fQFCIg20390
❤7🔥4
30 мамыр, бс
«Servercore серіктестік бағдарламасымен ақша табу жолы» вебинары

Servercore серіктестік бағдарламасымен бірлесіп ақша таба бастау жөнінде айтылатын тегін вебинарға шақырамыз.

Мынадай мәлімет аласыз:

— Провайдер, серіктес және рефералдар арасында өзара әрекеттестік қалай жүзеге асады.
— Бағдарламаға қосылу жолы.
— Серіктестерге ұсынылатын құралдар мен мүмкіндіктер.
— Сыйақы төлеу жолы: қаражатты Servercore басқару панеліне қосып қоюға немесе банк шотына алып шығаруға болады.

Қанша ақша табасыз?

10% — бастапқы пайыз. Оны Servercore өнімдеріне немесе қызметтеріне айына 2 500 000 KZT дейін жұмсаған әр реферал үшін аласыз. Реферал айына 2 500 000 KZT шамасынан көбірек жұмсаса, бұл соманың 15%-ын аласыз. Белгілі бір сәтте шығындар 2 500 000 KZT шамасынан аз болса, сіз алатын сыйақы мөлшері 10%-ға қайтарылады. Пайыз автоматты түрде өзгереді.

Вебинарға сілтеме арқылы тіркеліңіз.
🔥2❤1👌1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
#UzdikITUstaz

📢 "ҮЗДІК IT ҰСТАЗ" ТУРНИРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ! 🎉
⠀
🏆 Біз сіздермен "ҮЗДІК IT ҰСТАЗ" турнирінің нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымыз! Биылғы жылдың қорытынды кезеңіне Қазақстанның 10 өңірінен 145 ұстаз қатысты! Олардың әрқайсысы спорттық бағдарламалауда керемет білімдері мен қабілетін көрсетті.
⠀
👏🏻 Жүлдегерлер мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз. Біз сондай-ақ турнирді ұйымдастыруға қатысқан Білім басқармаларына, Федерация өкілдіктеріне, мектептер мен университеттерге, еріктілерге алғысымызды білдіреміз.
⠀
Біздің жаңалықтарымызды жіберіп алмай, барлық іс-шаралар мен турнирлерден хабардар болыңыздар. Сіздердің жетістіктеріңіз - біздің мақтанышымыз!
👍1
11 маусым

«Орталық Азия нарығындағы ІТ инфрақұрылымын 7 күн ішінде қалай жергілікті деңгейде орналастыруға болады: HWG Sababa кейсі» вебинары

IT инфрақұрылымын жіксіз тасымалдап, деректерді жергілікті деңгейде орналастыру тәсілдері туралы айтылатын тегін вебинарға шақырамыз.

Іс-шарада бір апта ішінде шетелдік вендордан Servercore бұлтына айналып үлгерген HWG Sababa компаниясының кейсі қаралатын болады.

Сіз алатын тың ақпарат:

– Орталық Азияда деректерді сақтауға және өңдеуге қойылатын қандай талаптарды сақтау керек.
– Бір провайдерден екіншісіне көшу қандай кезеңдерден құралған.
– HWG Sababa компаниясы Өзбекстан нарығында IT инфрақұрылымын Servercore көмегімен қалай 7 күн ішінде жергілікті деңгейде орналастыра алды.

Вебинарға келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.
👍2❤1🤔1
🇰🇿Сәлем достар! Алғашқы видео арнада!

🖥 Дata Science Бастау | Intro

👉 https://youtu.be/GDt9FFJ9hgM

Дata Science деген не, оның маңыздылығы және өмірде қолданысы, қандай мамандықтар бар және айлықтары қандай, курс туралы.

Бөлісе жүріңіздер!🙏

@ds_bastau
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍2
Forwarded from Жигер Шуданбеков
Қазақстан IT-саласының ең
тартымды жұмыс берушілері
анықталды


Алғаш рет Қазақстанның IT-қауымдастығының өкілдері арасында Top of mind зерттеуін өткізді.

Басты 2 сұрақ болды:
«Қазақстандағы қандай IT-компанияларды білесіз?» және «Қазақстандағы қандай IT-компанияларда жұмыс істегіңіз келеді?».

Top of mind — респонденттер жауап бергенде ойларына бірден келетін алғашқы бренд.

Сауалнамаға 22 қаладан 700 астам маман қатысты, ал біржақты пікір тудырмас үшін деректер телефон сұхбаты арқылы жасырын түрде жиналды. Нәтижесінде:

1. Қазақстан нарығындағы ең танымал IT-компаниялар — Kolesa Group (34%) пен Kaspi kz (20%).

2. Жұмыс берушіні таңдаудағы үш шешуші фактор: еңбек ақы, компанияның мәдениеті, беделі мен брендтің танымалдылығы.

Зерттеу әдіснамасымен және нәтижелерімен профильдегі сілтеме бойынша танысуға болады.
👍5❤1🔥1