IT bilim
2.25K subscribers
568 photos
42 videos
13 files
577 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
​​🏆 Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

🇪🇬 Александрияда информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы аяқталды. 90 елден келген 350 қатысушының арасында Қазақстанның құрама командасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

🥈Максим Цой — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

🥈Мансұр Таймас — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

🥈Назар Серазитдинов — Алматы қаласындағы мектептің 11-сынып оқушысы;

🥉Ахмет Иса — Қызылорда облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

👨‍🏫 Команда жетекшілері: Темірлан Сатылханов — ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; Айбар Қуанышбай — IITU магистранты, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.

🎉 Бұл жетістікпен қазақстандық оқушылар биылғы жеті беделді халықаралық олимпиадаларға қатысуын қорытындылайды. Біздің құрама командалар IMO (математика), IPhO (физика), IBO (биология), IChO (химия), IOL (лингвистика), IGeO (география) және IOI (информатика) қатысып, нәтижесінде 26 медаль және 1 грамотаға ие болды.

Анықтама үшін: жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға біржолғы сыйақы беріледі. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.
👍4❤2
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астана, Әлемнің барлық түкпірінен жиналған қатысушылар, 2024 ICPC World Finals 💻

Бұл айтулы шараның тек кішкентай ғана бөлігі🔥

➖

Астана, участники со всего мира, 2024 ICPC World Finals 💻

И это только малая часть такого грандиозного события 🔥
👍3
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali 예르갈리)
ЕКІНШІ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ І КЕЗЕҢІНЕ 113 307 ОҚУШЫ ТІРКЕЛДІ

25 қыркүйекте ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (бастапқы) кезеңі басталады. Бұл 13 жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін интеллектуалдық жобаға 113 307 оқушы қатысуға тіркелді. Айта кетсек, өткен жылы бұл көрсеткіш 78 404 оқушыны құраған еді, яғни биыл олимпиадаға қатысуға ниет білдіргендердің саны 34 903 оқушыға артып отыр. Бұл білім беру саласында үлкен жетістік ретінде бағалануда, өйткені ауыл мектептерінің оқушыларының олимпиадаларға қызығушылығы мен белсенділігі айтарлықтай өскен.

Олимпиаданың сәтті өтуі үшін ұйымдастырушылар ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізуде. Олимпиаданың І бастапқы кезеңін өткізу бойынша республикалық жиналыс өткізіліп, оған 500-ге жуық маман – өңірлік «Дарын» орталықтарының директорлары мен орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен басқа да жауапты қызметкерлер қатысты.

Жиналыс барысында «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов олимпиадаға дайындық барысын баяндап, тіркелген мектептер саны туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, олимпиаданың І бастапқы кезеңін өткізуге қатысты толық ақпарат ұсынылды және кезеңдердің өту графигі таныстырылды. Сондай-ақ, «Дарын» РҒПО бөлім басшысы Мақсат Әубәкіров онлайн платформада жұмыс істеу бойынша техникалық нұсқаулықты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Олимпиаданың сапалы әрі әділ өтуі үшін барлық қатысушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қадағалау мақсатында нақты нұсқаулар жасалды.

Барлық қосымша ақпаратты және олимпиаданың өту барысына қатысты мәліметтерді https://auyl.daryn.kz сайтынан алуға болады.

Бұл олимпиада ауыл мектептерінің оқушылары үшін үлкен мүмкіндік. Олимпиадаға қатысу арқылы оқушылар өз білімдерін шыңдап, республикалық деңгейде бақ сынай алады.

Ресурс: https://www.facebook.com/share/p/88nYuUogiJjBG23v/?mibextid=WC7FNe
🙏1
⭐️CRM CONF 2024 – Орталық Азиядағы кәсіпкерлерге арналған онлайн форум

Іс-шара 2024 жылдың 11 қазанында «БИЗНЕСТІ ӨЗГЕРТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбымен онлайн режимде өтеді.

🗓️11 қазан, 11: 00 (Астана уақыты бойынша)
📍онлайн
🎫қатысу тегін


✨CRM CONF – бұл жыл сайын әртүрлі саладағы кәсіпкерлер мен сарапшыларды біріктіретін ауқымды іс-шара. Ағымдағы CRM CONF 2024-те кәсіпкерлік, сауда, маркетинг және HR саласындағы инноваторлар мен мамандар сөз сөйлейді.

Спикерлер бизнес-процестерді түрлендіретін озық технологиялар мен шешімдерді талқылайды.

• Адам факторын қалай азайтуға болады және бұған қандай технологиялар көмектеседі;
• HR-бизнес ұрпақтар тоғысында: дәстүрден инновацияға;
• Account Based Marketing: үлкен клиентті қалай табуға болады.
Конференция спикерлері осы мәселелер жайында, сондай-ақ нақты бизнес-кейстер туралы айтады.

🖊 Виртуалды байланыс қазірден қолжетімді

📌Конференцияға тіркелу
❤2🙏2
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
Лайықты жүлде! 👏🏻

UNIST университеті сапында өнер көрсеткен отандық студенттеріміз Илдар Каналиев, Мансұр Мұқымбеков, Әділ Сұлтанов ICPC Challenge от Huawei бәсекесінде қола жүлде жеңіп алды🔥

Отандастарымызды құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!

➖

Заслуженная награда! 👏🏻

Казахстанские студенты из команды университета UNIST в составе Илдар Каналиев, Мансур Мукимбеков и Адиль Султанов стали бронзовыми призерами ICPC Challenge от Huawei 🔥

Поздравляем и желаем успехов в последующих соревнованиях!

#icpc2024 #icpcwfastana48 #icpcwfastana #ICPCfinals
🆒4❤1
Forwarded from Digital Dala (Aigerim Abdulla)
🎶 Frontend және Backend әзірлеу: Интернет домбырасы 🌐

Сәлем, достар 👋

Бүгін біз Frontend және Backend әзірлеу жайында сөз қозғайтын боламыз. Ол үшін веб-сайтты/қосымшаны қазақтың әдемі домбырасы ретінде елестетейік. 🎵 Домбыраның екі маңызды — ішегі мен шанағы(денесі) бар сияқты, интенет те екі тіректің негізінде тұр: frontend және backend.

Сайт пайдаланушысын аспапшы деп елестетсек, домбыра дайындайтын шеберлер - әзірлеушілер. Frontend домбыраның ішектеріне ұқсайды. Аспапшы ішектермен ойнаған кезде дыбыс шығады - бұл пайдаланушының сайтты қолданып жатқаны. Frontend - бұл сіз интернетте көрген, түрткен және сезетін барлық нәрселер. Бұл веб-сайтты әдемі қылатын және қолданыстың ыңғайын салатын түймелер, түстер, макеттер және анимациялар. Егер ішектер үндеспесе немесе әлсіз болса, әуен құлаққа жағымсыз болады — нашар жасалған интерфейс те пайдаланушы тәжірибесін бұзады.

Бірақ сиқыр мұнымен тоқтамайды 👨‍🎓

Backend - домбыраның шанағы (денесі). Шанақ дыбысты күшейтіп, жаңғыртып, әуенді жандандырады. Қолданбаңыздың функционалдық негізін құрайтын да backend. Бұл жерде деректер өңделеді, сақталады және басқарылады, пайдаланушыларға көрінбейді, бірақ домбыра әсем ән беруі үшін маңызды. Ішектен шыққан дыбыс ойықтан кіріп (API), домбыра денесінің түрлі бұрыштарына соғылып, өзгеріп, еселіп қайта жандана шығады. Front пен back те тура солай, тек дыбыс орнына ақпаратпен сөйлеседі. Денесіз шектерден шыққан дыбыс әлсіз болар еді, backend болмаса, front та дәрменсіз. 🤝

Домбыраның денесі дауысының қоңырлығы мен жуандығын анықтайды. Дауысы неғұрлым қатты шықса, соғұрлым көп адам естігені секілді, backend те көп пайдаланушыны қабылдауға дайын болып жазылса, сайтты да соншалықты көп адам қолдана алады. 🤙

Домбыраның ішегі мен шанағы бірге үйлесімділік құратыны сияқты, тамаша веб-бағдарлама frontend және backend арасындағы тамаша тепе-теңдікті қажет етеді. 🤓

Осы екі бөлік қосылса, тамаша цифрлық симфония 🎵 жасайсыз. 📈

Сонымен, келесі жолы веб-сайтқа кіргенде, оны домбыра деп елестетіңіз — фронтенд пен бэкэнд тамаша үйлесіммен бірге жұмыс істеп, үздіксіз цифрлық тәжірибені жасап тұрғанын сезініңіз. 🤝 Екі бөлікті неғұрлым жақсы баптасаңыз, нәтиже соғұрлым әдемі болады. ✍️

➖➖➖➖➖➖➖➖

Қалай ойлайсыз, домбыраның басқа бөліктері әзірлеудің қай үрдістеріне сай келеді ❓
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤2🆒1
Сіздің бұлтты инфрақұрылымды дамытуға арналған грант
100 000 теңге және бірінші толықтыруға 100% кэшбек алыңыз

Servercore IT-инфрақұрылым провайдері Қазақстаннан E-commerce саласында жұмыс істейтін жаңа клиенттер үшін арнайы бағдарламаны іске қосады.

Бонустармен ServerCore басқару панеліндегі кез келген сервистің ақысын толығымен төлеуге болады: бұлтты және арнайы сервер, сондай-ақ PaaS шешімдері: Managed Kubernetes және Бұлтты дерекқорлар.

Барлық сервистер қолжетімділіктің үш аймағында — Алматы, Ташкент және Найроби қалаларында қолжетімді.

Мына сілтеме бойынша толығырақ біліп, өтінімді қалдыруға болады
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali 예르갈리)
Сіздерге тек қазақ тіліндегі жауап беретін жасанды интеллект (AI) -
“Қазақи ЖИ” телеграм ботын ұстынамын, оның мүмкіндіктері шектеулі болса да, біраз нәрседен көмек бере алады.

Тексеріп көріңіздер:
t.me/kazrobot
👏5❤2
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🎬 nFactorial Originals және AstanaHub спорттық бағдарламалау туралы деректі фильмді ұсынады!

«Задача D. Как спортивное программирование меняет мир?» фильмі бізді Астанада өткен ICPC Worls Finals 2024 Халықаралық бағдарламалау олимпиадасының оқиғаларын еске салады. Фильмде ICPC қатысу қатысушылардың өмірін, олардың мансап жолдарын қалай өзгерткенін және біздің болашағымызды қалыптастыратын инновацияларға қалай шабыт бергенін білесіз.
🔗 Фильмге сілтеме

Тамашалаңыз!
——

🎬 nFactorial Originals и AstanaHub представляеют документальный фильм о спортивном программировании!

Фильм «Задача D. Как спортивное программирование меняет мир?» погружает нас в события Международной олимпиады по программированию ICPC Worls Finals 2024, которая прошла в Астане. В фильме вы узнаете, как участие в ICPC изменило жизни участников, их карьерные пути и вдохновило на инновации, формирующие наше будущее.
🔗 Ссылка на фильм

Приятного просмотра!
❤3
Kolesa Conf 2024: Алматыда ірі IT-конференция өтті

Бір күнде IT-бағыттар бойынша төрт ағын болды: Management, Web, Datа және Mobile. Биыл Kolesa Conf офлайн форматта өтті, ивент 1600 адамды жинады.

Биылғы ивентте жаңа нәрседен сарапшылардың аудиториямен — QA, Design, HR бойынша шағын жанды тілдесу өткізіп көрдік, сондай-ақ C-level Sergek Group, Beeline Қазақстан, Kolesa Group және Drinkit Kazakhstan сөз сөйлеген Management ағынында панельдік сессия жасап көрдік.

«Біз конференция қатысушыларының жайлылығына ерекше көңіл бөлдік. Дизайнерлермен бірге customer experience пен ғимараттың іші мен сыртына қатысушыларға навигация ретінде туларды, баннерлерді, нұсқағыштарды жақсылап әзірлеп қойдық», — деді Арайлым Қожанова, Kolesa Group event-менеджері .

Бір жыл бұрынғыдай конференция екі тілде өтті: қазақ және орыс. Ұйымдастырушылар көрермендер контентті өздеріне үйреншікті тілде қабылдауы үшін синхронды аударманы қарастырды.

Белсенді көрермендер Kolesa Conf’24 брендтелген мерчімен, сондай-ақ конференция серіктестері мен спикерлерінің жүлделерімен марапатталды.
❤5🔥1
Tech Book Reading Club 🚀

💡 Аман Утемуратов — Google компаниясында жұмыс істейтін қазақстандық программист және жас IT мамандарын шабыттандыратын тұлға. Ол жақында "Start With Why" кітабын оқып бітіріп, енді Sam Newman-ның "Building Microservices" атты кітабын оқуды бастауға дайын. Осыған орай, Аман өз оқырмандарына арнайы Tech Book Reading Club құруды ұсынуда!

Бұл клуб арқылы сізге не ұсынылады:

🧠 Техникалық білімді тереңдету: Біз әр 1-2 апта сайын онлайн кездесулер өткізіп, күрделі техникалық кітаптарды бірге талқылаймыз.
🌍 Кәсіби орта: Техникалық кітаптарды оқып, идеялармен бөлісетін тәжірибелі мамандармен байланыс орнату мүмкіндігі.
📚 Білім мен тәжірибе алмасу: Бірге кітап оқып, талқылау арқылы кәсіби біліктілікті дамыту.

Толығырақ ақпарат алу үшін Аманның телеграм арнасына жазылыңыз @amanutemuratov
🤝4❤2
Қазақстан Республика күні құтты болсын!

Туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілік жүрегімізде мәңгілік сақталып, еліміздің дамуы мен гүлденуіне жаңа белестерге жетуге күш-жігер берсін! Әрқайсымыз осы мерекеде бірлігімізді нығайтып, елімізді жарқын болашаққа жетелейтін ұлы істерге үлес қоса берейік!
🎉3🙏1
Үздік Білім арнасының жетекшісі Ерғали ағайдың ұйымдастыруымен Ауыл Олимпиадасының Облыстық кезеңіне дайындыққа арналған күндік контесттер өтуде! Алғашқы 14 күннің нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз:

https://codeforces.com/spectator/ranklist/289af43e3e0af7fb1652565da5d6dc83

Бұл тек оқушылар үшін ғана емес, кез келген қызығушылық танытқан адамға қатысуға мүмкіндік бар! Қатысу тегін, және бұл білім мен дағдыларды дамытуға таптырмас мүмкіндік.

Тегін қатысу үшін тіркеліңіз: https://kunde.contest.codeforces.com/groupRegister

Бұл жарыс – жаңа белестерге жетелейтін маңызды қадам!
❤2👨‍💻1
Python курсы (кіріспе)

Оқушылар мен мұғалімдерге, сондай-ақ есеп шығаруды үйренгісі келетіндерге арналған Python курсы – бағдарламалауға алғашқы қадамыңыз!

Курс ерекшеліктері:

• Бағасы: 18 000 тг
• Тіл: Қазақша
• Формат: Аптасына 3 рет Zoom арқылы
• Практика: 3 лекция, 3 контест
• 1-ші сабақ тегін!
• Ұзақтығы: 1-1,5 сағат
• Курс: 12 сабақ (1 ай)
• Қолжетімділік: Сабақтар YouTube-та жабық сілтемемен сақталады.

Тақырыптар:

• Python негіздері
• Шартты операторлар (if, else)
• Циклдар (for, while)
• Массивтер
• Сөздік

Курс сізге есептерді шешуді үйретіп, Python дағдыларыңызды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Толық ақпарат: @Umeke1 @prime_code1
🔥7❤2