IT bilim
2.25K subscribers
568 photos
42 videos
13 files
577 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
🇰🇿 fintech-Қазақстан компаниялары бұлтты қызметтерге 50% үнемдейді

ServerCore IT инфрақұрылымының провайдері акцияны іске қосады: Fintech саласының компаниялары кез келген бұлттық қызметтерге 50% жеңілдік ала алады. Жеңілдік алғашқы 6 айда жарамды болады.

Қатысу үшін өтінімді мына сілтеме бойынша қалдыру жеткілікті

📅 Науқан кезеңі: 2025 жылғы 1 ақпаннан 1 мамырға дейін.

ServerCore сізге көмектеседі:
🔹PCI DSS сертификаттауының арқасында төлем деректерін қорғау.
🔹Арнайы жобалар командасының дербес қолдауымен стандартты емес міндеттерді іске асыру.
🔹Алматы мен Ташкенттегі қолжетімділік аймақтарының арқасында деректерді өңдеу жылдамдығын және сервистердің тұрақтылығын арттыру.
🔹Кіріктірілген IAM қызметі арқылы инфрақұрылым мен деректерге қолжетімділікті басқаруды
❤1
2025 жылы кибершабуылға төзімді бұлтты инфрақұрылымды қалай тиімді орналастыруға болады

11 наурыз күні сағат 19:00-де Алматы қаласында IT-инфрақұрылым провайдері Servercore компаниясының бизнес-кешкі асы өтеді. Іс-шарада компания сарапшылары Қазақстандағы клиенттерінің IT-жүйелерін сәтті басқару тәжірибесімен бөлісіп, келесі мәселелерді талқылайды:

🔹 Қорғалған виртуалды машиналарды (ВМ) орналастыру және домендерді автобаптау
🔹 Қауіпсіздікті автоматтандыру мен қатерлерді бақылауға арналған Terraform
🔹 Инфрақұрылымды іске қосар алдында осалдықтарға тексеру

Мына сілтеме бойынша тіркеліңіз: https://srv.cr/nkdmo

Servercore — Алматы, Ташкент және Найроби қалаларында қолжетімділік аймақтары бар халықаралық IT-инфрақұрылым провайдері. Компания бизнеске арналған IT-инфрақұрылымын — бұлтты шешімдер мен жалға берілетін нақты серверлерді ұсынады.
👏2👨‍💻1
📢 Біздің сіздерге керемет жаңалығымыз бар: алтыншы жыл сайынғы codeW2025 байқауына тіркеу ашық!

codeW2025 – Қазақстандық студенттер мен 16 жастан асқан мектеп оқушыларына арналған жеке жарыс форматындағы бағдарламалау байқауы 👩‍💻

Сізді не күтеді?

💫 ACM ICPC командасы әзірлеген алгоритмдік тапсырмаларды шешу
💫 Бір мақсаттағы жандармен танысып, байланыс орнату
💫 Бастауыш деңгейден жоғары деңгейдегі қатысушыларға арналған байқау
💫 Жүлде қоры: 500 000 теңге

📅 Күні: 2025 жылдың 15 наурызы
📍 Өтетін орны: Назарбаев Университеті, Астана
🗣 Тілдер: Қазақ, орыс, ағылшын

❗ 9 наурыз 2025, 23:59-ға дейін codew.kz сілтемесі арқылы тіркеліңіз ❗

Егер сіз алгоритмдік бағдарламалау жолын енді бастасаңыз немесе жаңа сынақ іздесеңіз, codeW2025 сізге үйренуге және дамуға жол ашады. Сұрақтарыңыз болса, пікір қалдырыңыз!

🚀 Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз – қазір тіркеліңіз! 💗

🔗 Толығырақ ақпарат: https://t.me/nu_acm_w/810

📢 Сондай-ақ, келесі аптада, 11 және 13 наурыз күндері, сіздерді осы контестке дайындау үшін сабақтар өтеді. Қатысыңыздар! 🎉
https://t.me/nu_acm_w/813
❤1
📢 8 НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🌸💻

Құрметті ІТ саласындағы арулар, талантты код жазушылар, болашақ технологияларды қалыптастырушылар!

Сіздер – инновацияның қозғаушы күші, цифрлық әлемнің шабыттандырушы жандарысыз! Бүгінде ІТ индустриясында әйелдердің рөлі артып, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

💖 Сіздердің әрбір еңбектеріңіз – технология әлеміндегі үлкен қадам!

🔹 Армандарыңыз орындалсын!
🔹 Жаңа идеялар мен жобалар жүзеге ассын!
🔹 Жетістіктеріңіз еселеніп, кәсіби дамуларыңыз арта берсін!

Көктемнің нұры сіздерге қуаныш пен шабыт сыйласын! Біз сіздерді мақтан тұтамыз! 🚀✨

#8Наурыз #ITBilim #WomenInTech #ITGirls #HappyWomensDay
❤10
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Күн мен түн теңеліп, табиғат түлеген осы Наурыз мерекесі әр отбасыға шаттық пен шуақ, бірлік пен береке әкелсін!

Жаңару мен үміттің символына айналған бұл мейрам барша игі істердің бастауы болғай!
Ақ мол, көңіл тоқ, жан тыныш болсын!
Жаңа жобалар мен тың идеяларға толы, табысты жыл тілейміз!

Білім мен технология тоғысқан жолда бірге өрлейік!
❤6🙏5
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
30-күндік Кодинг-челлендж бастаймыз!

Қатысу - ТЕГІН!

Бұл бастаманың мақсаты:
- Жастар арасында программалауды насихаттап, елдің бетке ұстар, әлем танитын IT мамандарды көптеп шығару!
- 100-естігеннен 1-көрген жақсы, 100-сабақты көргеннен 1-есепті шығарған жақсы!

Кез келген программалаға қызығатын адам қатыса алады.

Осы кодинг-челлендж негізінде кодфорстың мұрағат/архив тапсырмаларынан кездейсоқ әр деңгей үшін 3-есепті ұсынып отырады.

Жалпы 4-деңгейге бөлінген:
1) Бастапқы деңгей: 800-100
2) Негізгі деңгей: 1100-1300
3) Орта деңгей: 1400-1600
4) Күрделі деңгей: 1700-1900

Өзіңге ұнаған деңгейді таңдап, күнде сол деңгей есептерін шығарып, рейтинг басынан көрініңіз!

Тіркелу үшін:
https://forms.gle/4qD15jC3tNJCSBAp7

Жоба авторлары:
Ерғали (@yergalife) мен Едіге (@edigerad)

#olymp #coding #30daychallenge
🔥4❤1👨‍💻1
🧠🤖 Жасанды интеллект енді (дерлік) бәрін меңгерді: соңғы жаңалықтардың қысқаша шолуы

🧪💬 Калифорния университетінің (Сан-Диего) зерттеуі жаңа OpenAI GPT-4.5 моделінің Тьюринг тестінен сәтті өткенін көрсетті. Жеке рөл берілгенде, қатысушылардың 73%-ы оны адам деп қабылдаған! Бұл – барлық сынақтан өткен модельдердің арасындағы ең үздік нәтиже. Демек, ЖИ енді адамның мінез-құлқын дәлме-дәл бейнелей бастады.

💻 Microsoft компаниясының техникалық директорының айтуынша, 5 жылдан кейін ЖИ бағдарламалық кодтың 95%-ын жаза алатын болады. Бірақ бұл бағдарламашылардың қажетсіз болатынын білдірмейді. Керісінше, олардың рөлі өзгереді – енді олар ЖИ-дің жетекшісі, бағыттаушысы ретінде жұмыс істейді. Қазіргі басты мәселе – ЖИ-дің есте сақтау мүмкіндігі шектеулі, бірақ бұл алдағы уақытта айтарлықтай жақсарады.

📚⚠️ ЖИ-боттар Уикипедияны ауырлатуда. 2024 жылдың басынан бастап боттардың Wikipedia-ға жасаған сұраныстары күрт өсіп, инфрақұрылым шығындары артты. Wikimedia қоры өткізу қабілетінің 50%-ға өскенін хабарлады. Боттар мәтіндер мен мультимедианы жаппай жүктеп алып, ЖИ модельдерін үйретуде қолданып жатыр.

🗣️ ЖИ ойды сөзге айналдыра алды! Америкалық ғалымдар сал болып қалған әйелдің ми белсенділігін нақты сөзге айналдыратын нейропротез жасады. 1000+ сөзді «ойша айту» арқылы үйретілген жүйе мидың сенсомоторлы бөлігінен сигналдарды қабылдап, небәрі 80 мс кешігіп сөйлеуді іске асырады. Бұл — алдыңғы технологияларға қарағанда 8 есе жылдам!

🧠 ЖИ бізді сыни ойлаудан алыстатып жатыр. Microsoft пен Карнеги-Меллон университетінің зерттеуі көрсеткендей, ЖИ-ге тым сену адамның сыни ойлау қабілетін төмендетеді. Сарапшылардың 40%-ы тапсырмаларды талдаусыз орындайды екен. ChatGPT-ті жиі пайдаланатындар онсыз жұмыс істей алмай қалатын «тәуелділік синдромын» көрсеткен.

🖼️ 25 наурыздан бастап ChatGPT қолданушылары 700 миллионнан астам сурет жасап үлгерді – жаңартылған бейнелеу құралы арқылы.

Жаңалықтар орыстілді @bluescreenkz арнасынан алынды.
🔥3❤1🎉1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
“Үздіктер” жобасы тек оқушыларды ғана дайындап қоймай, қарапайым мектеп ұстаздарын да дайындаған еді.

Жалпы 500-ден аса ұстаздар қатысып, соңына дейін жеткен 40-ұстазымыз болды.

Көріп отырғаныңыздай, әр өңірден өз чемпиондарымыз бар! Ол үшін өте қуаныштымыз!!!

Енді алда өте үлкен белес, соңғы мәре Астанада өтетін - ұстаздар арасында республикалық “Үздік IT ұстаз” ГРАНД-ФИНАЛЫ болады!

Үздік Ұстаздарымызға финалда сәттіліктер!🤲🏻🤩
❤3
Қазақстандағы компаниялар үшін бұлтты қызметтерге 50% жеңілдік

2025 жылдың 1 мамырына дейін Servercore-дың кез келген бұлтты қызметіне, алғашқы 6 айға 50% жеңілдік алуға мүмкіндігіңіз бар. Servercore жалпыға қолжетімді, жеке және гибридті бұлттар үшін OpenStack негізіндегі бұлтты шешімдерді ұсынады.

🔹 Кім қатыса алады?
Қазақстанда тіркелген Fintech-компаниялар.

🔹 Жеңілдікті қалай алуға болады?
Өтінім қалдырыңыз: https://srv.cr/0zg0o

Қазір Servercore-мен жұмыс істейтін Fintech-компаниялардың кейстері:

— Uzum Nasiya: бизнес-міндеттерге сай жатық миграция және кастомизация;

— Alif Tech: FinTech-қызметтердің іркіліс уақытын 80% қысқарту;

— HWG Sababa: Өзбекстандағы IT-инфрақұрылымды 7 күн ішінде жергіліктендіру.
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Жуырда!
Жаңа әлеуметті жоба!

“Үздік AI-шы” жобасын бастаймыз!!!

https://www.instagram.com/reel/DIks0ERxDbY
❤‍🔥3🔥2
IT әлемінің ең ауқымды жиыны жақындап қалды!
🚀 beetech conf by QazCode — биылғы ең күтілетін тех шаралардың бірі!
🗓 31 мамыр, 📍 Алматы, NARXOZ университеті

🔊 Жаңа форматтар, жаңа стримдер:
• AI and beyond — жай ғана LLM емес, болашақтағы жасанды интеллект әлеміне саяхат жасаймыз.
• General — инженерлік һәм менеджменттік тақырыптардың керемет коктейлі.

🎯 Не көреміз, не үйренеміз?
• Квартирниктер — IT халқы бас қосып, "әттеген-ай" дейтін тақырыптарды қызу талқылайды
• Speed-менторинг — сұрағың бар ма? Сарапшыдан 15 минутта нақты жауап ал
• Воркшоптар — "қалай істеледі?" деген сұрақтың жауабы тікелей әрекетте
• 20+ спикер — Apple, Авито, Yandex Kazakhstan, Kolesa Group, QazCode және тағы да біраз алпауыттардан нақты кейстер, нақты тәжірибе

💸 Билет құны:
• Early bird – 15 000 ₸ (20 сәуірге дейін үлгер!)
• Кейін – 20 000 ₸

🎟 Тіркелу: beetech.kz

Бұл — жай конференция емес, бұл — сенің кәсіби жаңа деңгейге шығуыңа мүмкіндік.
Қатыспасаң — көп нәрсені өткізіп аласың 😉
🔥2
IT bilim pinned a photo
Тикетон әпсанасы

JLo келеді деп тикетон құлап қалған өткенде. Мына жерде Алексей Ли сол қателікті техникалық жағынан жіліктеп жатыр. Бұл ұзақ подкастың тек тикетон туралы үзіндісі ғана, толық подкаст енді шығады. https://youtu.be/r998MQ4MJZI

Жалпы үлкен сұраныс кезінде, жүйенің көтере алмай құлап қалуы тек бізде ғана бола беретін "позорный" феномен емес, әлемде жиі боп тұратын құбылыс. Билет сатудан әлемдік көшбасшы боп саналатын тикетмастердің өзі қайбір жылы Тейлор Суифттің концертін көтере алмай құлап қалған. PS5 шыққанда Walmart, BestBuy сияқты гиганттардың сайты жер сипап қалды. Тіпті хайлоадтың чемпионы амазонның өзі алғашқы жылдары Amazon Prime күнінде қатып қала беретін. Кейін тура осы жағдай Каспи Жұмаға да келді.(Каспи дүкенге кіру үшін кезекте тұрғандарыңыз есте ма?)

Айтайын дегенім ондай-ондай ханның ұл-қызында да боп тұрады, көп жазғыра бермеңіздер 🙂
❤7😱1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Жасанды интеллекті қарапайым түсіндіру инста-сабақтарын бастадым.

Әр сабақ 1-1.5 минуттық қысқа видеолардан болады.

1-сабақ. NLP, LLM, GPT дегендер не?
2-сабақ. Трансформер моделі қалай жасалады?

Осы сабақтарды @yergali.expert инстаграмға жүктеп қойдым.

Ұнады ма? Жалғассын ба?
🔥9
inVision U by inDrive өтінімдерді қабылдауды бастады!

inVision U by inDrive университеті, Satbayev University серіктестігімен бірге, ауылдық және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан Қазақстандық оқушылар үшін Foundation 2025–2026 бағдарламасына өтінімдерді қабылдауды ашты.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушыларды 4 жылдық бакалавриат бағдарламасына дайындау, оның үлкен бөлігі ағылшын тілінде оқытылады.

ЕНТ талап етілмейді.
Өтінім беру мерзімі – 2025 жылдың 30 маусымына дейін ресми сайтта.

Бағдарламада:
• Тегін оқу
• Тегін тұру және тамақтану
• Қазақстан ішіндегі Алматыға жол шығынын өтеу
• Ай сайынғы шәкіртақы

Дайындық жылынан кейін қатысушылар inVision U бакалавриатына түседі, мұндағы оқу ақысы inDrive компаниясы мен менің жеке қолдауыммен толықтай жабылады.

inVision U мақсаты – әлемдік деңгейдегі тегін, пәнаралық білім беруді әртүрлі аймақтар мен әлеуметтік топтардан шыққан студенттерге қолжетімді ету.
Университет болашақ жас көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған, олар өз қауымдастығын дамытуға және басқаларға шабыт беруге дайын болады.
Оқу барысында студенттер әлемге ауқымды оң өзгеріс әкелуге қажетті білім мен дағдыларды меңгереді.

Толық ақпарат пен өтінім беру: www.invisionu.education
❤5🔥2
Beetech Conf 2025 – Технология төрінде, сен де бол!

Неге бару керек?

1.
Бүгінгі болашақ
Жасанды интеллект, LLM, deepfake, киберқауіпсіздік, қазақстандық ІТ өнімдерін экспорттау – осы және басқа да маңызды тақырыптар.
Сахнада – Apple, Yandex Qazaqstan, QazCode, Beeline секілді компаниялардың мықты мамандары. Олар нақты жобалармен бөліседі.

2. Бұрын-соңды болмаған форматтар
📌 Квартирник – ашық пікірталас
📌 Speed-менторинг – қысқа жеке кеңес
📌 Воркшоп – бірден іс жүзінде үйрену

3. Барша ІТ мамандарына пайдалы
Тек бағдарламашылар емес, продакт, аналитик, QA, скрам-мастер, agile-коучтарға да арналған.

4. Таныстық пен шабыт
Жүздеген қатысушы, жаңа байланыс, идеялар мен даму мүмкіндіктері.

📍 Алматы, NARXOZ
🕘 Тіркеу 9:00
🎟 beetech.kz сайтында
🔥5
Sell Then Build. A Founderʼs Guide.pdf
1.9 MB
🔥🔥🔥

Жігіттер, кім стартап бастағысы кеп жүр?

Кәдімгідей қиылып, өтініп, соңғы сөзімді айтып жалынып сұраймын. Мына гайдты оқыңыздаршы.

Стартап бастауда көп жылдық тәжірибесі бар, 2 жылда 0-ден $2 млн долларға стартап жасаған жігіттің фаундерлерге арналған нұсқаулығы.

Мұны интернеттің бір жерінен қазып алып, өзім оқып, осыған дейін стартаптар туралы оқыған миллион кітаптан да пайдалы нұсқаулық екенін сезініп жіберіп отырған мен үшін оқи салыңыздар.

Бұл нұсқаулық сіздердің кемінде 10 жыл өміріңізді, 20 жылдық жүйкеңізді, миллиондаған теңге қаражатыңызды сақтайды. Сақтап қана қоймайды, миллиондаған доллар табуға көмектеседі.

Мысалы, осында жазылған сөздерді осыдан 10 жыл бұрын оқығанымда, көп дүниеден кешігіп қалмас едім.
❤‍🔥9
📢 Google I/O 2025: Жасанды интеллект пен кеңейтілген шындықтың жаңа дәуірі!

📅 20 мамырда Mountain View қаласында өткен Google I/O 2025 конференциясында Google компаниясы жасанды интеллект (AI) және кеңейтілген шындық (XR) салаларындағы соңғы жетістіктерін таныстырды.

🔹 Gemini 2.5 Pro – жаңа буын AI моделі, енді “Deep Think” режимімен күрделі тапсырмаларды тиімді орындайды. Сонымен қатар, 24 тілде табиғи дыбыстық жауаптар беру мүмкіндігі қосылды.

🔹 AI Mode – Google Search енді чат-бот тәрізді жауап беріп, терең іздеу және виртуалды сатып алу мүмкіндіктерін ұсынады.

🔹 Gemini Live – камера, микрофон және экранмен өзара әрекеттесіп, нақты уақытта тапсырмаларды орындайтын AI көмекші.

🔹 Android XR – Samsung және Xreal серіктестігімен жасалған жаңа буын смарт көзілдіріктер, нақты уақытта навигация, аударма және камера ағынын қамтамасыз етеді.

🔹 Veo 3 және Imagen 4 – AI көмегімен бейне және сурет генерациялау құралдары, креативті жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

🔹 Google Beam – бұрынғы Project Starline, енді 3D бейнеқоңырауларды қолдайтын платформа ретінде қайта таныстырылды.

🔹 AI Ultra – айына $250 тұратын премиум жазылым, Gemini 2.5 Pro Deep Think режимі және Flow бейнеөңдеу құралына қол жеткізу мүмкіндігін береді.

📺 Толық негізгі баяндаманы мына сілтеме арқылы көре аласыз: YouTube-тегі тікелей эфир

#GoogleIO2025 #Gemini #AndroidXR #AI #GoogleBeam
🆒3🔥1
🎉DataBoom Туған күні — талдау және IT саласындағы барлығына арналған басты оқиға!

28 маусымда Алматыда DataBoom Туған күні өтеді — 500-ден астам қатысушыларды біріктіретін ауқымды іс-шара: талдаушылар, әзірлеушілер, дерек мамандары және IT саласындағы мансабын енді бастағандар.

Сізді күтеді:
— Kolesa Group, Kaspi, Freedom, PS Cloud және т.б. сарапшылармен конференция.
— Қазақстанның жетекші компанияларының бос жұмыс орындар жәрмеңкесі: Kolesa Group, Head Hunter, Freedom, Kcell және т.б.
— Сала өкілдерімен байланыс орнату
— Сыйлықтар, іс-шаралар және сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес атмосфера

⏳Қашан: 28 маусым, 13:00-19:00
📍Мекенжайы: Алматы, Қазақстан қонақ үйі
🎟️ Билет сатып алу үшін: https://rekhert.com/databoom_bday/

💥Біздің тіркелушілерге арналған промокод: itbilim — 15% ЖЕҢІЛДІК
❤4👏1
IT bilim pinned a photo