IT bilim
2.25K subscribers
568 photos
42 videos
13 files
577 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
🌟 ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТУДА!
Серғазы Нұрбавлиев – жасанды интеллект пен ғылымның биігінде жүрген отандасымыз!

🏆 Жақында ол Google Cloud ұйымдастырған халықаралық Multi-Agent Hackathon байқауында командасымен бірге SalesShortcut жобасын ұсынып, GRAND PRIZE – $15 000 ұтып алды!
дереккөз

🤖 SalesShortcut — сату процесін толық автоматтандыратын көп агентті AI жүйесі. Жоба SDR циклін толығымен жабады: 34 агент, 5 микросервис, ElevenLabs дауыстық боттар және басқа заманауи шешімдер қолданылған.
🇺🇸 Сонымен қатар, Серғазы АҚШ-тағы Overstock.com компаниясында Machine Learning Researcher/Scientist болып жұмыс істейді.
🎓 Ол University of Utah-та Ph.D. in Mathematics дәрежесін алған.
💬 Серғазыны шын жүректен құттықтаймыз!
Ол – табандылық пен білімнің жарқын үлгісі! 🇰🇿

#KazakhPride #GoogleCloud #SalesShortcut #AIHackathon #Overstock
#PhDKazakhstan #KazakhTalent #ЖасандыИнтеллект #Технология #Жеңіс
🔥18❤1👨‍💻1
IT bilim pinned a photo
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Бүгін Боливияда🇧🇴 (Бразилия жақта) - IOI2025 - Халықаралық Информатика Олимпиадасында біздің 4 оқушымыз қатысуда!
Оларға жанкүйер болып, сәттіліктер тілеп отырайық!

https://ranking.ioi2025.bo/
🔥10
Алматы уақытымен сағат 19:00де екінші тур басталады. Бұйырса тікелей эфир жүргіземіз.

Оқушыларымызға сәттілік✊
❤4🔥1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Алғаш рет Қазақстан оқушылары
IOAI - Халықаралық Жасанды Интеллект Олимпиадасында бақ сынайды!

Биыл 2-9 тамыз аралығында Қытайдың Пекин қаласында өтеді. Ол жарысқа Қазақстанның бірден екі тобы (8-оқушысы) қатысады.

Сәттіліктер тілеп қойыңыздар!!!

Бүкіл ақпараттандан хабардар болу үшін, ресми телеграм арнасына жазылып қойыңыздар:
https://t.me/ioaikaz
🔥6❤‍🔥2
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Барша грант иелерін құттықтаймын!

Ал енді түспей қалғандар да бар ғой, өмір тоқтады деп отыра бермей, Woosong University әлі қабылдап жатыр!

Кім білсін, мүмкін саған сол жақтан грант бұйырар!

Бірақ өте тез қимылда, себебі 10-тамызда қабылдау жабылып, үлгермей қалуың мүмкін!

Құжаттар бәрін онлайн тапсырылады:
https://apply.wsu.ac.kr/apply/

Қажетті ақпарат алу үшін:
+7 776 046 68 51;
+7 776 046 68 53;
+7 776 096 97 52;
+7 776 170 82 42

PS. Мүмкін саған 2-ші мүмкіндікті мен арқылы хабарлап тұрған шығар?
😁1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Алақай! Сүйінші!!!

Біздің оқушыларымын Пекинде өтіп жатқан IOAI - Жасанды Интеллект Халықаралық жарыста Әлемдік орында өз орын ойып көрсеттіп, жарады!

Бірден 3-алтын🥇, 1-күміс🥈, 3-қола🥉мен 1-Мақтау қағазымен 📜қайтты!!!

Жалпы 55-елден 293 оқушы барған, ал Қазақстаннан 2-команда барып, оның 8-дің 7-еуі жүлделі орынға ие болды!

Ал бұл жарыс 2-ші рет ұйымдастырылып, Қазақстан алғаш рет қатысуда!!!!

Спорттық программалау федерациясы @cpfed өз жемісін беруде!!!🎯🔥🔥🔥
🔥20❤2👏2
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
IOAI 2025 нәтижесі
Қазақстан 🇰🇿 - жалпы есепте 4-ші ел болып тұр!
Тіпті Қытай🇨🇳, Корея🇰🇷 елдерінде алтын жоқ, ал бізде бірден 3-алтын!!!🥇🥇🥇
@cpfed өз жемісін көрсетіп жатыр🔥
👏20🎉4🔥2
🚀 SourceCraft-та жаңа мүмкіндіктер: рейтингтер, марапаттар, гранттар

Алматы, 14 тамыз 2025 — Yandex Qazaqstan SourceCraft-ты опенсорс-әзірлеушілер үшін жаңартты.

🏅 Рейтинг: репозиторийлерді 3 балдық жүйемен бағалау, алгоритм мақұлдау деңгейін де ескереді.

🎖 Марапаттар: белсенділікке автоматты бэдждер (код, қауымдастық, құралдар, тәжірибе). Визуализация — YandexART.

💸 Гранттар: маңызды жобаларға Yandex Cloud ресурстары (белсенді репо, өзектілік, пайда, айқын даму бағыты).

🧠 Қауымдастық: ашық қабылдау, зерттеулер және сценарий талдауы арқылы платформа тұрақты жетілдіріледі.

👉 Қатысыңыз, реполарға баға беріңіз, талқылауға қосылыңыз, грантқа өтініңіз.
🔗 Толығырақ — ресми сайтта
🔥4
🔥 DevOps оқуы үшін грант ұтып алыңыз!

Core 24/7, Tech Orda және Astana Hub бірлесіп 1 грант ойнатады — жеңімпазға DevOps Upgrade курсына 100% тегін оқу мүмкіндігі беріледі.

DevOps Upgrade — жоғары қарқынды, нәтижесі жоғары курс. IT-мамандар үшін, егер сіз өзіңіздің hard skills дағдыларыңызды дамытып, еңбек нарығындағы құныңызды арттырып, кәсіби DevOps-инженер ретінде мансап құруды қаласаңыз — бұл курс сізге арналған.

Қатысу үшін не істеу керек:
⚪️ Tech Orda грантына өтінім қалдыру
⚪️ KazDevOps каналына жазылу
⚪️ https://t.me/DevOpsKaz/1589 сілтемедегі жазбаның астына «+» қою
⚪️ 2-3 қыркүйекте өтетін ұтысты күту

❗️ Қатысуға тек жоғары немесе орта-арнайы білімі бар Қазақстан азаматтары ғана жіберіледі. Бір қолданушыдан тек бір рет дауыс қабылданады.

❗️ Егер сіз бұрын Tech Orda грантын жеңіп алған болсаңыз, қайтадан өтінім бере алмайсыз.

@DevOpsKaz
🔥2
Қазақстанда IT-инфрақұрылымға бәс тігетіндер көбейді 🚀
Servercore зерттеуіне сәйкес, еліміздегі компаниялардың 97%-ы алдағы уақытта IT-инфрақұрылымға инвестицияны арттырмақ.
Оның ішінде 18%-ы – шығынды екі есе көбейтуді, ал 20%-ы – бюджетінің жартысынан көбін қосымша құюды жоспарлап отыр.
Мұның басты себебі – бұлтты сервистер мен жасанды интеллектке деген сұраныстың артуы, деректер орталықтарының жүктемесінің көбеюі және киберқауіпсіздік талаптарының күшеюі.
Бұған қоса, енді .kz доменіндегі сайттар тек елімізде ғана хостингте болуы тиіс деген заңнамалық талап та ішкі инфрақұрылымның дамуына серпін беріп отыр.
Зерттеуге MedTech, EdTech, ритейл, қаржы және өнеркәсіп салаларынан 130 бизнес өкілі қатысқан.
Цифрландыру дәуірі қыза түсті — бұл бастамасы ғана! 💡

Толығырақ: forbes.kz
🔥3🙏2
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
ICPC World Finals 2025 Бакуда!🏆

31 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Әзербайжанның астанасы Баку қаласында студенттер арасындағы әлем чемпионатының финалы - ICPC World Finals 2025 өтуде.

Бұл әлемдегі ең ірі студенттік сайыс: іріктеу кезеңдеріне жыл сайын 100-ден астам елден 70 000-нан аса студент қатысады. Ал финалда тек үздіктердің үздіктері 140 команда бақ сынайды.

ICPC - ең күрделі алгоритмдік есептер шешілетін дода. Мұнда әлемдік IT элитасы қалыптасады, ал жеңіс - тек бедел ғана емес, индустрия тарихына ену мүмкіндігі.

🇰🇿 Биыл Солтүстік Еуразия өңірін Қазақстанның екі командасы таныстырады:
Astana IT University
International IT University

🔥 Жігіттерімізге сәттілік тілейміз! Қазақ бағдарламалау мектебінің қуаты мен интеллектін көрсетсін!
❤6