IT bilim
2.25K subscribers
568 photos
42 videos
13 files
577 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
IT bilim pinned «🔥 Tottenham Hotspur Full-Stack Engineer іздеп жатыр Иә, дәл сол Tottenham Hotspur — Англияның Премьер-Лигасында (EPL) ойнайтын, әлемге әйгілі футбол клубы. 1882 жылы құрылған, Лондонның солтүстігіндегі алып клуб өзінің Football Insights бөліміне Full-Stack…»
🎓 2026 ГРАНТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: IT пен КИБЕРҚАУІПСІЗДІК қай университеттерге кетті?

ҰБТ орталығы бакалавриат гранттарының тізімін жариялады. Біз екі негізгі бағыт бойынша — B057 «Ақпараттық технологиялар» және B058 «Ақпараттық қауіпсіздік» — барлық ресми тізімдерді өңдеп, толық статистиканы дайындадық. Сандар қызық 👇

━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━
💻 B057 — АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━
Барлығы: 5 923 грант
• Жалпы конкурс — 4 508
• Батыс өңірлер квотасы — 280
• Колледжден кейінгі (қысқартылған) — 512
• Шетелдік филиал / қос диплом — 623

🏆 Грант саны бойынша ТОП-5 (жалпы конкурс + квота):
1️⃣ Astana IT University — 1052 (орт. 112)
2️⃣ Қазақстан-Британ ТУ — 756 (орт. 119)
3️⃣ Халықаралық АТУ / IITU — 459 (орт. 97)
4️⃣ Сәтбаев университеті — 258 (орт. 92)
5️⃣ Qazaq AI Research Uni — 242 (орт. 110)

📌 Әр бесінші IT-гранттың бірінен астамы (≈22%) — жалғыз Astana IT University-де.
📌 Сапа бойынша көш бастаған — SDU University: орташа балл 126.6, ең төменгі өткен балл да 120.

━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━
🔐 B058 — АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━
Барлығы: 2 375 грант
• Жалпы конкурс — 1 935
• Арнайы квота — 33
• Колледжден кейінгі — 206
• Шетелдік филиал / қос диплом — 201

🏆 Грант саны бойынша ТОП-5:
1️⃣ Халықаралық АТУ / МУИТ — 724 (орт. 89)
2️⃣ Astana IT University — 585 (орт. 100)
3️⃣ Алматы энергетика ун-ті (АЭБУ) — 270 (орт. 87)
4️⃣ ALT University — 121 (орт. 87)
5️⃣ Қарағанды техникалық ун-ті — 116 (орт. 86)

⭐ Ал САПА (орташа балл) бойынша сурет мүлде басқа:
1️⃣ Л.Н. Гумилев ЕҰУ — 116.3
2️⃣ Әл-Фараби ҚазҰУ — 105.7
3️⃣ Сәтбаев университеті — 104.7

📌 Киберқауіпсіздік — тар әрі шоғырланған нарық: жалпы конкурс гранттарының ~80%-ы небәрі 3 университетте (МУИТ, Astana IT, АЭБУ). Салыстыру үшін IT-да 61 университет грант бөлісті, ал киберқауіпсіздікте — небәрі 11.

━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━
💡 ЕКІ БАҒЫТТЫҢ БАСТЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━
• «Көп грант» ≠ «жоғары балл». Мысалы, МУИТ киберқауіпсіздікте сан бойынша №1 (724), бірақ орташа балл бойынша тек 6-орында (89) — массамен алды. Ал ЕҰУ, ҚазҰУ, Сәтбаев аз орынға ең жоғары балдықтарды жинады.
• Астана IT-нің шынайы астанасына айналуда: екі бағытта да Astana IT University ең ірі ойыншылардың бірі.
• Ең жоғары балл: IT-да 139, киберқауіпсіздікте 134.

📊 Толық рейтингтер (барлық университеттер), колледжден кейінгіні қосқандағы/қоспағандағы кестелер мен сурет-инфографика — постқа тіркелген (альбомда / комментарийде).

Бұл талдау сендерге пайдалы болса — 👍 басып, досыңмен бөліс! Қай университетке түстің? Комментарийде жаз 👇

#грант2026 #ҰБТ #IT #киберқауіпсіздік #B057 #B058 #студент2026 #itbilim #Қазақстан #университет
👍3❤2🔥2🙏1
IT bilim pinned a photo
Айтпақшы, ертең бір конкурс жариялаймын. Жеңімпаздарға өте қызық жүлде бар. Сондықтан, менің каналымнан алыстамаңыздар. Сондай-ақ, тамыр-таныстарыңызға менің каналыма қосылуға @timurdaninfo шақырып қойсаңыздар болады ✊
❤6
Астанадағы Servercore-дан IT-беш | 1 қазан, сағат 19:00

Қазақстанда бизнес үшін AI енгізу тәжірибесі

Servercore компаниясы әзірлеушілерді, IT-мамандарды және бизнес басшыларын жабық бизнес-кешкі асқа шақырады. Сарапшылар бизнестің машиналық оқыту міндеттерін қазірдің өзінде қалай шешіп, ЖИ-сервистерін қалай қолданысқа енгізіп жатқаны туралы айтып береді.

➡️ Сілтеме арқылы тіркеліңіз: https://srv.cr/y6y5m

Қатысушылар мына тақырыптарды талқылай алады:

▪️ Servercore қуаттылықтарында Қазақстан компанияларында AI-сервистерді енгізу кейстері

▪️ Жергілікті нарық жағдайына бейімделген IT-архитектураны таңдау және ресурстарды оңтайландыру тәсілдері

▪️ AI-жобаларды масштабтау кезіндегі кедергілер мен жиі кездесетін қателіктер

Ресми бөлімнен кейін — IT-нетворкинг және кешкі ас. Сізді Servercore-дың ML-мамандарымен QA-сессия, кәсіби тақырыптарда бейресми сұхбаттасу және тәжірибе алмасу күтеді.

⚠️ Орындар саны шектеулі болғандықтан, алдын ала тіркелуді ұмытпаңыз. Қатысуды Servercore менеджері қоңырау шалғаннан кейін растайды — ол мәліметтерді нақтылап, нақты мекенжайды жібереді.
❤1🔥1🎉1