IT bilim
2.25K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
IOI форматындағы кезекті 4-ші контест

Бүгін кешкі сағат Алматы уақытымен 19:00-де басталып, ұзақтығы 3-сағат болады.

Контест барлығына ашық, және Codeforces платформасында қазақ тілінде жасалған.

Өте қызықты, әрі сіздерге ұнайды деп ойлаймыз.

Тіркеліп контестке қатысу үшін:
https://codeforces.com/contestInvitation/c3fcf45363249bd22c86d059ed3a5ca2940f386a
👍3🔥2❤1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Сонымен, 3-сағатқа созылған
IOI форматындағы 4-ші жарысымыз да аяқталып, толық 5-есепті де шығарған 2-абсолютті чемпиондарымыз анықталды.

Олар Айдос пен Оразбек. Құттықтаймыз!

Толық нәтиже мына сілтеме де,
ал виртуальды қатысу үшін мына сілтемеге басып кіре аласыздар.

PS. Енді алда, келесі жұма 5-ші жарысымызға да қатысуды ұмытпаймыз.
👍5🔥4❤1
БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
10 ТАМЫЗДА ЖАРИЯЛАНАДЫ


Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады.


Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады.


Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ, ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген.


Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді. Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды.


Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegram каналында және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады.
👍13
Forwarded from Я Дончик! (Kazakh-ioi-team-2022-official) (Temirlan Satylkhanov)
Қайырлы күн!
Дәл казір Джокьякарта қаласында Халықаралық информатика олимпиадасы IOI-дың бірінші туры өтіп жатыр. Өкінішке қарай бірнеше команда арақашықтықтан қатысып жатқандықтан, онлайн нәтижелер кестесі болмайды.

Сіздерді Қазақстан құрама командасының мүшелерімен таныстырып өтейін:
👍22❤2🎉1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Мына жаңалықты естіп, мәз болып отырмын.

Бұл күндері Индонезияда Информатикадан Әлемдік Олимпиада болып жатыр, сол жерде контест тапсырмаларын қазақшасын да табуға болады.
Ғажап емес пе?!)))

https://d2j2k8gtfu11sn.cloudfront.net/ioi-2022-d1-tasks/fish-kk_KZ.pdf
🤩13👍3😁1
Грантқа түскен оқушылардың эмоциясы😍

P.S Егер грант ұтып алмаған болсаңыз, еш мойымаңыз. Өмір мұнымен бітпейді. Әлі талай биіктерді бағындырасыз. Негізі гранттың 5-6 түрі бар (жалпы грант, шетел гранты, атаулы грант, серпін 2050, әкім гранты, ректор гранты, ішкі грант және басқа да игерілмей қалған гранттар). Әлі де мүмкіндіктер жетерлік.
👍15❤5🤩4🎉3🤔2🙏2👏1😢1
ҰБТ-да "Алтын белгі" алуыма 1-ақ балл жетпеген еді. Шешуші сұрақ күмәнді болды. Бірақ оған бола күйінбедім, ешкімді кінәламадым. Себебі одан жақсырақ дайындалуым керек еді дедім. Кінәні басқа біреуге арту – өмірің үшін жауапкершілікті соған беріп қою деген сөз. Бізде өзінің жолы болмағанын мемлекеттен, мектебінен, белгілі бір адамдардан көретіндер, сол үшін шағымданатындар көп. Ол дұрыс емес дер едім. Өз өмірің үшін өзің жауаптысың.

Данияр Жігітбек "Лайфхактар"
👍21
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Бүгін жұма!

Ал, әр жұма сайын бізде IOI форматындағы кезекті контест болады!

Басталу уақыты:
19:00 (Алматы уақытымен)
Ұзақтығы 3-сағат.
Codeforces платформасында болады.

Ұйымдастырушылар:
Ерғали ағай мен Едіге ағай.

5-ші контестте қазақша болады, мына сілтеме арқылы тіркеліп, қатыса аласыздар:

https://codeforces.com/contestInvitation/235c5ec64e86009b7e8c2fae7a096abbb036d625
👍6❤2
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Сонымен жұма күнгі қазақша 5-ші контестіміз де өз мәресіне жетіп, нәтижелері жоғарғыдай болды.

Бұл жолы толық 5-есепті шығарған 6-абсолютті чемпиондарымыз да бар! Құттықтаймыз!

Енді алда, келесі аптада 6-шы контестіміз де болатынын хабарлаймыз.
🔥11👍3
Адами ресурс өте құнды, ал оның ішінде әрдайым ізденісте, қозғалыста болған жөн. Біліміңді жетілдіріп, жаңа трендтерді үйреніп, біліп отыру керек.

Қарапайым бір мысал, менің стартап компаниямның басшысы жасы 65-тен асқан зейнеткер. Солай болса да ол  бір жерде қозғалыссыз отырмайды. Әрдайым ізденісті, жаңа нәрсені көріп, біліп жүреді. Соған таң қаласың, біздің елде 50-60-тан асса болды, өздерін үйде отыру керек, қартайып қалған қарт кісі ретінде сезінеді. Ал мұнда өмір енді басталғандай екінші тынысы ашылып, жаңа компания құрып, жаңа бағыттармен жүре бастайды. Сол үшін өзімнің қазақ бауырларыма, замандастарыма айтарым нені қолға алсаңыз да ешқашан кеш емес. Көріңіз, біліңіз, не болмаса жастарға өз білгендеріңізді үйретіңіздер.

Тағы бір айтарым - қай дамыған ел болмасын бір рет болсын сонда болуға тырысыңыз.  Себебі шетелде жүргенде ғана таным көкжиегің артып, көзің ашыла бастайды. Басқа жердегі өмірді көргенде өз еліңмен салыстырмай, сын көзбен қарамай тұра алмайсың.  

Толығырақ⤵️⤵️⤵️ https://malim.kz/article/society/koreyada-turatyn-qazaq-munda-eskim-zetiskennen-kelmeidi-18419
👍12🔥5❤1😁1
Біз олимпиадалық бағдарламалау бойынша алты күндік камп өткіземіз! ⭐️ 💻

Камп ұйымдастырушылары: республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері: Рамазан Пердебай мен Әділ Сұлтанов.
Ұйымдастырушылардың атымен тұрған сілтеме арқылы олардың кодфорс 🟡🔵🔴 аккаунтын көре аласыз.

Бұл камп арқылы алдағы оқу жылында болатын олимпиадаларға дайындаласыз, біліміңізді нығайтасыз. 📚 ✨

Бұл камп арқылы алдағы интервьюда келетін есептерді шығаратын қабілетіңізді арттырасыз. 💡 ✨

Кампаға қатысу үшін форманы толтырып, Алматы уақытымен 13-ші тамыз күні сағат 13:00-де өтетін іріктеу сайысынан (форманы толтырғаннан кейін контест сілтемесі беріледі) өту керек.

Басталу күні: 14 тамыз.
Бағасы: 24 900 тг


P.S.
24 900 тг/ 6 күн = 4 150 тг
Әр күні 4 150 тг-ге халықаралық олимпиада жеңімпаздарынан дәріс (лекция) аласыз + менторлар ұйымдастыратын жабық контестке қатысасыз + контест талқылауы мен қайта шығару мүмкіндіктері де қарастырылған.
Еліміздің болашағы, жас менторларды қолдап 1 апталық кампқа бірге қатысайық🙂


Іріктеу контестке тіркелу👇👇👇
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdjgwt6vQgiQLvL3kvQaVAuDD8otNADdjPa8G6iNZo4-_Avew/viewform
👍6🔥2❤1
Қазақстан құрамасы Информатика пәні бойынша дүниежүзілік олимпиададан (IOI) екі күміс 🥈🥈және екі қола 🥉🥉жүлдеге ие болды.
Оқушылар мен олардың тәлімгерлерін шын жүректен құттықтаймыз🥳

Толығырақ⤵️⤵️
https://stats.ioinformatics.org/results/2022

@it_bilimkz
instagram.com/it_bilim.kz
youtube.com/ITBilim
🔥18👍10❤4👏3
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Бүгінгі күндегі Codeforces платформасындағы Қазақстанның ішкі үлесі қандай дегенге кішігірім анализ жасаған едім.

Сонда 3-тен 1 бөлігін тек жаңадан келгендер құраса, 4-тен 1 бөлігін шәкірттер екен.

Жалпы 5% мастер мен оданда жоғары деңгейлерді құрайды екен.

Бір қызығы мүлдем ресми рейтингтік жарыстарға қатыспағандар да көп екен, яғни Қазақстан деп көрсеткеннің әрбір 7-сі көрермен деген статусқа ие.

PS. Жалпы сіздерді жиі қатысуға шақырамын!
👍14
Алгоритмдерді білу бағдарламашыға тиімділігін арттыруға, аналитикалық қабілеттерін дамытуға және жұмысқа орналасуда тех сұқбатты сәтті өтуге көмектеседі.

Алгоритмдердің түрлері және олардың артықшылықтары туралы ІТ Bilim бағдарламалау мектебінің менторы Едіге Радолда митапта айтатын болады.

Күні және уақыты: 18 тамыз, 19:00
Кім үшін: студенттерге, әзірлеушілерге, информатика мұғалімдеріне, оқушыларға
Форматы: онлайн және офлайн
Мекенжайымыз: Қарағанды қ., Алалыкин көш., 12 үй

Митапқа сілтеме арқылы өтіп, тіркеле аласыз 🚀

@it_bilimkz
instagram.com/it_bilim.kz
youtube.com/ITBilim
🔥12👍3❤1🤯1