IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Python/Django бәкендер боп жұмысқа орналасқыңыз келе ма?
Anonymous Poll
77%
Иә
23%
Жоқ
⚡1❤‍🔥1❤1
IT bilim pinned «Python/Django бәкенд жайлы біліміңіз қандай?»
Программист жұмысына орналаспақ боп қанша уақыт оқып, талпынып жүрсіз?
Anonymous Poll
10%
1 ай
15%
1 - 3 ай
6%
3 - 6 ай
7%
6 - 9 ай
4%
9 ай - 1 жыл
9%
1 - 1.5 жыл
8%
1.5 - 2 жыл
9%
+2 жыл
32%
Жұмысым бар
👨‍💻4
IT bilim
Программист жұмысына орналаспақ боп қанша уақыт оқып, талпынып жүрсіз?
Программист жұмысына қалай кірсе болады?

Python/Django Backend программист жұмысына кей кісілер 6 ай оқып кіріп жатады, кейбіріне 1 жыл кетеді, ал кейбір кісілер 2 жылдан астам уақытын кетіреді. Кейбірі төзе алмай жарты жолда беріліп жатады.

Сондықтан программист ретінде жұмысқа тұру көбіне ұзын марафон көрінеді. Бірақ сол ұзын марафонға айналдырып жататын өзіміз.
Жұмыс іздеу барысында жасайтын нақты қателіктеріміз бар:
— вакансия талаптарын зерттемеу;
— резюмені дұрыс жасамау;
— вакансияға сай резюме, хат жазбау
— нақты керек білімді білмеу;
— қажет проектерді жасап көрмеу;
— сұқбатта өзін жақсы қырдан көрсетіп сата алмау;
— тілдесу қабілетінің төмендігі (тұйықтық);
— нетворк күшіне сүйенбеу, яғни таныс арқылы жұмыс іздемеу;
— әрекеттің аздығы;
және т. б. қателіктер бар.

Көп кісі осы қателіктерге біліп-білмей қайта-қайта ұрынады, жоқ деген жауапты жиі естиді.

Бірақ бұл қалыпты зат. Шыр етіп туа сала ешкім дана болмайды. Сондықтан бұдан барлық программистер өткен. Барлығы мен айтқан қателіктерді жасаған, жасапта келе жатыр.

Бірақ бұным мәселенің дереу шешімі жоқ деген сөз емес. Әр затқа шешім бар.

Ал мәселенің шешімі не?
Бәрімізге біз аса алмай жүрген өтпелден өткен, қыр-сырын білетін адам керек. Білмегенді білгізіп, көрмегенді көргізіп көмектесер адам керек. Жаңашыл әлемде ондай адамдарды ментор дейді.

Ментор сізге мансабыңызды бастауға не өсіруге көмектеседі, қажет қабілеттеріңізді дамытуға атсалысады, қателіктерді жасатқызбайды. Сіз үйрену керек, сіз жүру керек жолды сызып береді, бақылайды. Ментормен нақты нені және қалай үйрену керек екенін білетін боласыз.

Солай ментор ұзын марафоныңызды қысқа спринтке айналдырып береді.

https://t.me/it_bilimkz
https://youtube.com/ITBilim
👨‍💻6❤4👍4
Программист болу жолында сізге ментор қажет деп ойлайсыз ба?
Anonymous Poll
78%
Иә
12%
Жоқ
10%
Жұмысым бар
💯8❤1
Қазақстан нарығының Python 🐍 қолданатын ірі тех компаниялар тізімі.

Тізім бұл кестемен шектелмейді, олардың саны әлдеқайда көп.
Бұлардан бөлек Python қолданатын стартап, ұсақ компания, студиялар жетерлік.

Комментте өзің білетін компаниямен бөлісе кет👇
👍9👨‍💻5🔥3😁2
IT bilim pinned Deleted message
Жасанды интелект қолданатын құралдар 🤖
👍13👨‍💻1
IT bilim
Жасанды интелект қолданатын құралдар 🤖
Жасанды сана (AI) 🤖 келешекте жұмыс орныңызды тартып алады деп қорқасыз ба?
Anonymous Poll
17%
Иә
14%
Жоқ, AI мүлдем ешкімді алмастыра алмайды
69%
Жоқ, бірақ кей жұмыстарды алмастырады
Қыздар мен жігіттер!

Осы сілтеме арқылы мен 2 сұраққа жауап бере кеткім кеп тұр.

1) АҚШ-та жүре бермексің бе, елге қашан қайтасың?

Осыған дейін өз логикам бойынша жауап беріп жүргем. Яғни, шетелге нақты бір мақсатпен кеткен адам түбінде жетістікке жететінін, ал жетістікке жеткен соң, өзінің қандастарын да тарта бастайтынын. Бұл өз кезегінде нарықтың кеңеюіне, халықаралық тәжірибенің елге келуіне, қазақтың өзін-өзі тануына әкелетінін. Мәселен, қытай мен кәріс, үндіс пен тайван неге көп АҚШ-та? Олардың барлығы бізден ақылды ма? Олар бізден бір аяқ, бір қол, тәулігіне бір сағат артық беріп жаратылған ба? Жоқ! Олар АҚШ-қа бізден бұрын бара бастағаннан және орнығып алған соң артынан қандастарын тарта бастағаннан. Мысалы, бір компанияға бастық болған үндіс өзіне сенімді қызметкер іздегенде өзі танымайтын, түсінбейтін, айдаладағы қазақты, мексты, армянды не кәрісті не үшін шақыруы керек? Әрине, ол өз үндісін тартады.

Дәлел керек пе? Мысалы, мына подкастағы қонақ спикер АҚШ-тың Стэнфордынан PHD дәрежесін алған соң, жасанды интеллект һәм дата сайнс бағытында халықаралық деңгейдегі стартап ашқан. компанияға қызметкерлер керек болғанда барлығын қайдан тартқан? Дұрыс айтасың, Қазақстаннан! Естеріңізде болсын, АҚШ-ты жаулап алу осылай жүреді. Халықаралық тәжірибе осылай жинақталады.

2) Ең күшті, пайдалы, мықты контентті қайдан аласың?

Индустрия эксперттерінен! Нүкте!

Әрине, wired, techcrunch, vizmodo, theverge сияқты тағысын тағы салалық жаңалықтар ресурстары мен reddit, twitter, linkedin сияқты әлеуметтік желідегі салалық парақшаларды да оқимын. Алайда, нарықтың қозғаушы күштері - эксперттердің блогтары мен влогтарын да оқу керек. Мәселен, Билл Гейстің қыстырмалары мен Андерсен Хоровицтің шимайлары деген секілді. Сондай-ақ, Арман Сүлейменов сияқты досымның подкастарын да тыңдау керек. Біздің қазақтың бір жаман жері бар. Мен оны "Димаш синдромы" деп атаймын. "Димаш синдромы" деген ауру ол - әлемнің басқа нүктесіндегі бір ел мойындамағанша өзінің мықтысын мойындамау. Димаш - ол Қытайға барып ән айтқанға дейін де Димаш еді. Алайда, қазақ "Димаш синдромына" шалдыққан науқас болғандықтан, оны тек қытайлардан кейін ғана мойындады. Сол сияқты, біздің Арман Сүлейменов те сондай бір мықты қазақтың бірі. Міне, мықты подкаст, мықты контент. Тыңдаңыздар және таратыңыздар!

@timurdaninfo

https://www.youtube.com/watch?v=eZZk57LOB28&t=2282s
👍12❤1
#python #backend #roadmap #жұмыс

Python Backend Программист👩🏻‍💻 жұмысына тұрғысы келетіндерге көмек ретінде жасалған оқу картасы 🔥

[жақсы сападағы суретке сілтеме]

Таныстарыңмен бөліс 📨✊🏻

youtube.com/@ITBilim
t.me/it_bilimkz
🔥7👍3👨‍💻1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🚀 "Спорттық бағдарламалау федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметін жариялау бойынша жұмысты бастаймыз!

Сіздермен спорттық бағдарламалау әлеміндегі жобаларымызбен, жаңалықтарымызбен, нәтижелерімізбен және оқиғаларымызбен бөлісеміз.

Қазақстандағы спорттық бағдарламалау саласындағы жаңалықтарды жіберіп алмау үшін біздің парақшамызға жазылыңыз ✅
———
🚀 Мы начинаем работу по освещению деятельности Республиканского общественного объединения "Федерации по спортивному программированию"!

Будем делиться с вами нашими проектами, новостями, результатами и событиями из мира спортивного программирования.

Подписывайтесь на нашу страницу, чтобы не пропустить новости в сфере спортивного программирования в Казахстане ✅

Instagram: https://instagram.com/cpfed.kz
👍6🤯2👨‍💻1
#backend #frontend #ios #android #grading #aviata #choco
Aviata & Chocotravel үшін фронтенд, бәкенд, android, iOS салалары бойынша:
— интерн
— бастауыш джуниор
— орташа джуниор
— мықты джуниор
— бастауыш мидл
— орташа мидл
— мықты мидл
— сениор
осы деңгейлердегі мамандар не білу қажет екенін көрсететін жақсы бағалау кестесін ұсынамын.

интерн - үйренуші
джуниор - кіші маман
мидл - орта маман
сениор - аға маман

Сілтеме:
https://wide-afternoon-ca7.notion.site/Aviata-Chocotravel-62a81371cd534d5ab4b35fceee1b74ac

Таныстарыңмен бөліс 📨✊🏻
youtube.com/@ITBilim
t.me/it_bilimkz
👍10👨‍💻1