IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Қайырлы кеш!

Бүгін Түркістан облысында 2-ші рет іріктеу, яғни Мамыр айының іріктеу кезеңі өткен болатын.

Дәл сол контест көпшілікпен бөліседі. Ертең, яғни 21-мамыр сағат 11-00 (күндізгі) басталады.

IOI-форматта 5-есеп 2-сағаттық контест болады.

https://codeforces.com/contestInvitation/78f890a1867c2428122f8b569193323d9fafea93
🔥4
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
👍1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
📢 Құрметті оқырмандар, бүгін біз сіздерге Қазақстанның жоғары оқу орындары ұйымдастыратын спорттық бағдарламалау жарыстары туралы айтқымыз келеді 🎓

🔸Сіз AITU Open, SDU Open, KBTU Open, IITU Open немесе NU Open командалық олимпиадалары туралы естіген шығарсыз?

Олардың мақсаты Қазақстанда олимпиадалық бағдарламалауды дамыту және оқушылар мен студенттердің IT саласына қызығушылығын ынталандыру, сондай-ақ алгоритмдерді, деректер құрылымын және математиканы зерделеу болып табылады.

Жарыс ICPC форматында өткізіледі, қатысуға үш адамға дейінгі командалар жіберіледі. Жеңімпаз атағына таласуға жас мамандар, студенттер, оқушылар және алгоритмдер мен бағдарламалаудың әуесқойлары шақырылады 💻

Бүгінгі таңда Open олимпиадаларын Huawei және Khan Group (zapis.kz, Umag) сияқты ірі IT компанияларының демеушілері қолдайды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі💰

🗓️🏆Келесі олимпиадалар осы жексенбіде (28 мамыр) AITU-да және 4 маусымда IITU-да жоспарланып отыр. Биылғы жылы олимпиадалар 23 сәуірде SDU-да және 14 мамырда KBTU-да сәтті өткен болатын, ал NU Open 2022 жылдың 12 қарашасында өтті.

Ал Сіз бұған дейін бұл жарыстарда қатысып көрдіңіз бе немесе жоспарлап отырсыз ба?✨
👍1
Тіркелу үшін:
http://tiny.cc/algo06
👍6🔥3❤1
Мобильдік бағдарламашы: қалай және неден бастау керек

Спикер — Kolesa Group iOS-бағдарламашысы Гүлназ Каженбаева 👩🏻‍💻

Мақаласында не туралы жазды:

- IT-дегі алғашқы қадамдар;
- Шабыт беретін жұмыс қандай болу керек;
- Мамандығының кереметтігі неде?
- Бастаушы әзірлеушілерге кеңестер

Мақаланы толық түрде сілтеме бойынша оқи аласыздар 🚀
🔥9❤‍🔥1😁1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Барлықтарыңызға сәлем!

Тамыз айынан бастап, жаңа питон 0-ден басталатын курс жүреді.

Бұл курстың басқа курстардан ерекшелігі, егер алдын есептер жинақ платформалары ретінде acmp.ru, не codeforces.com болса, енді тек информатикс (informatics.msk.ru) платформасы бойынша жүріп, бір айда кемі 100-есепті шығарып, талдап шығу.

- Бағасы: 30000 теңге,
- Аптасына 2-рет (сәрсенбі-среда, сенбі-суббота) зум арқылы кешкі уақытта 17:00-де болады.
- Әр сабақ ұзақтылығы 1.5-2 сағат.
- Жалпы курста кемі 8 сабақ, әр сабақта кемі 10-15 есепті қарап талдау болады деп жоспарлануда.
- Курс қазақ тілінде.

1-ші сабақ сәрсенбі/среда (тамыз 2-не) кешкі сағат 17-00 (Алматы), 16:00 (батыс) уақытымен болады.

Курсқа тіркелу:
https://forms.gle/PdS8enmHzXtGRjUK7
🔥7
🎉 Хабарландыру 🎉

Құрметті студенттер!

Грантқа сәтті өтініш бергендердің барлығын құттықтаймыз! Бұл маңызды жетістік және біз сіздің жетістігіңізді мақтан тұтамыз.


📣 Хабарландыру 📣

Сіздерді өте қажет болған сызықтық алгебра бойынша тағы бір тегін семинарға шақырамыз! Семинар 6 тамызда өтеді және матрицалар мен оларға қолданылатын амалдарға арналады. Семинарда сіз ғылым мен техниканың көптеген салаларының іргетасы болып табылатын сызықтық алгебра негіздерімен танысасыз.

Сызықтық алгебра бойынша біліміңіз бен сеніміңізді арттыру үшін тегін семинарымызға қосылыңыз! Бұл білім деңгейіне қарамастан барлық студенттер үшін пайдалы тәжірибе болатынына сенімдіміз.

📅 Күні: 6 тамыз
⏰ Уақыты: 19:00 - 21:00
📍 Орналасқан жері: (Онлайн, сілтеме whatsapp тобына жіберіледі)

https://chat.whatsapp.com/IJwvuSh7n1a4KwbCIqeF41
🔥5❤1👍1🥰1
Forwarded from AIMAGAMBETOV (A)
Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады?

Комменттерде және жекеме де осындай сұрақ көп қойылып жатыр. Сондықтан қысқаша өз ойымды жазайын.
Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге?

Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үйлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады.

Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар.

Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады.

Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады.

Алтыншы, «gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім.

Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады.

Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек.
👍4🔥4😁3
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🚀 Спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан чемпионатының сынақ турының тікелей көрсетілімі бүгін 6 тамызда сағат 18:00-де басталады!

🔗 Трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/-FnJKJc3s_U?feature=share
___

🚀 Прямая трансляция пробного тура Чемпионата Казахстана по спортивному программированию начнётся сегодня 6 августа в 18:00!

🔗 Ссылка на трансляцию: https://youtube.com/live/-FnJKJc3s_U?feature=share
🔥1