IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Мобильдік бағдарламашы: қалай және неден бастау керек

Спикер — Kolesa Group iOS-бағдарламашысы Гүлназ Каженбаева 👩🏻‍💻

Мақаласында не туралы жазды:

- IT-дегі алғашқы қадамдар;
- Шабыт беретін жұмыс қандай болу керек;
- Мамандығының кереметтігі неде?
- Бастаушы әзірлеушілерге кеңестер

Мақаланы толық түрде сілтеме бойынша оқи аласыздар 🚀
🔥9❤‍🔥1😁1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Барлықтарыңызға сәлем!

Тамыз айынан бастап, жаңа питон 0-ден басталатын курс жүреді.

Бұл курстың басқа курстардан ерекшелігі, егер алдын есептер жинақ платформалары ретінде acmp.ru, не codeforces.com болса, енді тек информатикс (informatics.msk.ru) платформасы бойынша жүріп, бір айда кемі 100-есепті шығарып, талдап шығу.

- Бағасы: 30000 теңге,
- Аптасына 2-рет (сәрсенбі-среда, сенбі-суббота) зум арқылы кешкі уақытта 17:00-де болады.
- Әр сабақ ұзақтылығы 1.5-2 сағат.
- Жалпы курста кемі 8 сабақ, әр сабақта кемі 10-15 есепті қарап талдау болады деп жоспарлануда.
- Курс қазақ тілінде.

1-ші сабақ сәрсенбі/среда (тамыз 2-не) кешкі сағат 17-00 (Алматы), 16:00 (батыс) уақытымен болады.

Курсқа тіркелу:
https://forms.gle/PdS8enmHzXtGRjUK7
🔥7
🎉 Хабарландыру 🎉

Құрметті студенттер!

Грантқа сәтті өтініш бергендердің барлығын құттықтаймыз! Бұл маңызды жетістік және біз сіздің жетістігіңізді мақтан тұтамыз.


📣 Хабарландыру 📣

Сіздерді өте қажет болған сызықтық алгебра бойынша тағы бір тегін семинарға шақырамыз! Семинар 6 тамызда өтеді және матрицалар мен оларға қолданылатын амалдарға арналады. Семинарда сіз ғылым мен техниканың көптеген салаларының іргетасы болып табылатын сызықтық алгебра негіздерімен танысасыз.

Сызықтық алгебра бойынша біліміңіз бен сеніміңізді арттыру үшін тегін семинарымызға қосылыңыз! Бұл білім деңгейіне қарамастан барлық студенттер үшін пайдалы тәжірибе болатынына сенімдіміз.

📅 Күні: 6 тамыз
⏰ Уақыты: 19:00 - 21:00
📍 Орналасқан жері: (Онлайн, сілтеме whatsapp тобына жіберіледі)

https://chat.whatsapp.com/IJwvuSh7n1a4KwbCIqeF41
🔥5❤1👍1🥰1
Forwarded from AIMAGAMBETOV (A)
Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады?

Комменттерде және жекеме де осындай сұрақ көп қойылып жатыр. Сондықтан қысқаша өз ойымды жазайын.
Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге?

Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үйлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады.

Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар.

Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады.

Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады.

Алтыншы, «gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім.

Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады.

Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек.
👍4🔥4😁3
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🚀 Спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан чемпионатының сынақ турының тікелей көрсетілімі бүгін 6 тамызда сағат 18:00-де басталады!

🔗 Трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/-FnJKJc3s_U?feature=share
___

🚀 Прямая трансляция пробного тура Чемпионата Казахстана по спортивному программированию начнётся сегодня 6 августа в 18:00!

🔗 Ссылка на трансляцию: https://youtube.com/live/-FnJKJc3s_U?feature=share
🔥1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🌐 Қайырлы таң! Спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан Чемпионаты финалының негізгі турының тікелей көрсетілімі бүгін 7 тамызда сағат 9:55-14:00-де өтеді!

🔗 Трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/M2lOdPbx5pM?feature=share

______

🌐 Доброе утро! Прямая трансляция основного тура финала Чемпионата Казахстана по спортивному программированию состоится сегодня с 9:55 до 14:00!

🔗 Ссылка на трансляцию: https://youtube.com/live/M2lOdPbx5pM?feature=share
🔥2
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
6-7 тамызда Astana IT University қабырғасында өткен спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан чемпионатының көптен күткен финалы аяқталды!🏆

🥇 Таймас Қорғанбаев чемпион атанды, ол 600 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды
🥈 Екінші орынды және 400 000 теңге сомасында сертификатты Айбар Қуанышбай жеңіп алды
🥉 Үшінші орын Назарбек Алтыбайға бұйырды, ол 210 000 теңге сомасында сертификатпен марапатталды

Чемпионаттың жүлдегерлері:

4 орын (160 000тг) - Алихан Зиманов
5 орын (130 000тг) - Дінмұхамед Шорманхан
6 орын (130 000тг) - Парасат Қызырканов
7 орын (110 000тг) - Диас Аспандияров
8 орын (110 000тг) - Мансур Мукимбеков
9 орын (110 000тг) - Adilkhan Muratov
10 орын (110 000тг) - Максим Цой
11 орын (90 000тг) - Рамазан Пердебай
12 орын (90 000тг) - Нархан Қамзабек
13 орын (90 000тг) - Абай Баймуканов
14 орын (90 000тг) - Алишер Казтаев
15 орын (90 000тг) - Владислав Посин

🌟Тағы 8 қатысушы аймақтық квота бойынша 1-2 орынды иеленді:

Орталық-Шығыс аймақ:
1 орын (70 000тг) - Мұхаммедариф Сахмолдин
2 орын (50 000тг) -Абзал Бекежан

Батыс аймақ:
1 орын (70 000тг) -Мансур Таймас
2 орын (50 000тг) - Александр Ершов

Оңтүстік аймақ:
1 орын (70 000тг) - Нұрислам Сырғабаев
2 орын (50 000тг) -Nuraly Serikbay

Солтүстік аймақ:
1 орын (70 000тг) -Жасын Егнай
2 орын (50 000тг) -Асанәлі Серікбек

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! 🚀
❤6👍3
Ең қатты күткен Опенхаймер мен Барбиді қазақша көре алмадық қой, сол мәселені шешу үшін мемлекетке хат жолдайық. eGov қосымшасында бес-ақ минут уақыт алады. Хатты қалай жолдау туралы мында толық нұсқаулық бар. Үкімет тез қарастыруы үшін 1000 хат бару керек екен. Соны толтырып жіберейік.

Жіберіп болған соң, осы пост астына "жібердім" деп коммент жаза салыңызшы, санақ үшін керек
👍9😱2
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🚀 Жақсы жаңалық! Арнайы өңірлік жоғары оқу орындарында экожүйе жобасының студенттері үшін біз "Сracking the coding interview" сабақтарын бастаймыз

📌 Қатысушыларды не күтеді?

• Алгоритмдік есептерді терең меңгеру.
• Google, Amazon, Apple сияқты BigTech компанияларындағы сұхбаттардың тапсырмаларын талдау.

Сабақты Google – да тәжірибесі бар жаттықтырушы Нұрдәулет Аханов жүргізеді.

Студенттерімізге шетелдік топ компанияларға сұхбатқа дайындалуда сәттілік тілейміз 🙌🏻
❤‍🔥11👍3🔥1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
28 тамыздан 4 қыркүйекке дейін Сегед қаласында (Венгрия) информатика бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада өтеді (IOI 2023). Бұл әлемдегі мектеп оқушылары үшін ең беделді информатика олимпиадасы! 2023 жылы жарысқа 90 түрлі елден әлемнің 400-ге жуық мықты бағдарламашылары қатысады.

🌟Қазақстан құрамасында Таймас Қорғанбаев, Ли Ван, Мансур Мамадахунов және Назар Серазитдинов.
Құрама жетекшілері: Темірлан Сатылханов және Батыр Сардарбеков.

IOI-ге қатысу - бірнеше жыл бойы дайындық кезінде қиын жұмыстың нәтижесі. Қазақстан құрамасына қолдау көрсетіп, сәттілік, зор сенімділік, ұмытылмас әсерлер мен жарқын эмоциялар тілейміз! 💪
🔥15👍5
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Екінші үлкен бастама!

Қыркүйектен бастап, бізде жаңа толқын - Қазақ кодтау толқынын (Kazakh Coding Wave) бастаймыз! Бәрі ТЕГІН!!!

Аптасына 5 рет (дүйсенбі-жұма) таң азаннан түнге дейін (06:00-00:00) күнде қазақша 3-есептен тұратын контесттерге қатысып, 0-ден бастап бағдарламалауды үйреніп, әр ауданда өз спорттық бағдарламашылар рейтингін жасап, көпшілікпен бөлісіп отырамыз!

Негізінен бұл Түркістан облыс ұстаздарына ғана деп бастап едім, бірақ кейін көпшілікпен, яғни бүкіл ҚАЗАҚСТАН-мен бөлісуді жөн көрдім.

Жалпы есептер деңгейі - өте жеңілден басталып, уақыт келе күрделене бастайды. Әр контест соңында мүмкіндігімізше қысқа видео талдаулар жасауға тырысамыз.

Негізгі мақсат - бүкіл қазақ қоғамына бағдарламалауды дәріптеп, жастар арасында спорттық бағдарламалаушыларды көптеп шығару!

Сол үшін ең алдымен оқытушы, ұстаз, мұғалімдерден бастауды жөн көріп, солардың бағдарламалау/кодтау деңгейін көтеріп, сол арқылы өз шәкірттерінің біліміне көтереді деп нық сенімдіміз!

Kazakh Coding Wave форматы:
- IOI форматтағы тек қазақша есептер;
- Максималды ұпай саны әр есеп үшін 100 балл;
- Әр күнгі контест ұзақтығы 18-сағат;
- Және бүкілі сол codeforces.com платформасында болады.

Түркістан облыс ұстаздары үшін тек домендік user аккаунтпен қатысуы керек болғандықтан, алдын ала “Үздік IT ұстаз” турнирінің логин-паролімен жүреді. Сол тіркелген ақпараттарға сәйкес сіздерде аудан-ауданға бөліп, әр аудан рейтингісін шығарып отырамыз.

Ал басқа қатысушылар үшін CODEFORCES аккаунтпен кіре беруге болады.

Қыркүйек айы үшін күнтізбе:
Day 1. - 04.09.2023
Day 2. - 05.09.2023
Day 3. - 06.09.2023
Day 4. - 07.09.2023
Day 5. - 08.09.2023
———
Day 6. - 11.09.2023
Day 7. - 12.09.2023
Day 8. - 13.09.2023
Day 9. - 14.09.2023
Day 10. - 15.09.2023
———
Day 11. - 18.09.2023
Day 12. - 19.09.2023
Day 13. - 20.09.2023
Day 14. - 21.09.2023
Day 15. - 22.09.2023
———
Day 16. - 25.09.2023
Day 17. - 26.09.2023
Day 18. - 27.09.2023
Day 19. - 28.09.2023
Day 20. - 29.09.2023

Облыс аудан сілтемелері:
1) Арыс - arys.contest.codeforces.com
2) Бәйдібек - baidybek.contest.codeforces.com
3) Жетісай - jetisai.contest.codeforces.com
4) Келес - keles.contest.codeforces.com
5) Кентау - kentau.contest.codeforces.com
6) Қазығұрт - kazygurt.contest.codeforces.com
7) Мақтаарал - maktaaral.contest.codeforces.com
8) Ордабасы - ordabasy.contest.codeforces.com
9) Отырар - otyrar.contest.codeforces.com
10) Сайрам - sairam.contest.codeforces.com
11) Сарыағаш - saryagash.contest.codeforces.com
12) Сауран - sauran.contest.codeforces.com
13) Созақ - sozak.contest.codeforces.com
14) Төлеби - tolebi.contest.codeforces.com
15) Түлкібас - tulkibas.contest.codeforces.com
16) Түркістан - turkistan.contest.codeforces.com
17) Шардара - shardara.contest.codeforces.com
Бүкіл Қазақстан - kazakh.contest.codeforces.com

Түркістан облыс ұстаздары үшін көмекші бот көмегімен өз логиндеріңізде де іздей аласыздар: https://t.me/UzdikITbot

PS. Ары қарай таратылса, керемет болар еді. Себебі бастама бәрі ТЕГІН!
👍4🎉2
👍5