IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Бизнеске арналған бұлт: деректермен жұмыс істеу, заңдарды ұстану, клиенттерді сақтап қалу.

Вебинарда Servercore техникалық директоры Иван Романько Servercore бұлт платформасының құрылысын және оның Қазақстандағы бизнестің қандай тапсырмаларын шешуге көмектесе алатынын көрсетеді.

Бағдарлама құрамы:

— Деректер орталығының инфрақұрылымы қалай ұйымдастырылған? Резервтелген байланыс арналары, DDoS шабуылдарынан қорғау және нақты уақыт режимінде бақылау не үшін қажет.

— Инфрақұрылымды орналастыру үшін үздік деректер орталығын қалай таңдау керек?

— Servercore бұлтының функционалдығы мен тапсырмаларын таныстыру.

— Servercore провайдерінің қызметтері сіздің бизнесіңізге несімен көмектеседі.

🔺 Вебинарға қатысушылар сервистерді сынау үшін my.servercore панелінде 15 000 теңге алады.

Вебинарға мына сілтеме арқылы тіркеліңіз.


Облако для бизнеса: работа с данными, соблюдение законов, сохранение клиентов.

На вебинаре технический директор Servercore Иван Романько покажет, как устроена облачная платформа Servercore и какие задачи бизнеса в Казахстане она помогает решать.

В программе:

— Как устроена инфраструктура дата-центров? Для чего нужны резервированные каналы связи, защита от DDoS-атак и мониторинг в режиме реального времени.

— Как выбрать лучший дата-центр для размещения инфраструктуры?

— Демонстрация функциональности и задач облака Servercore.

— Чем услуги провайдера Servercore помогут вашему бизнесу.

🔺 Участники вебинара получат 15 000 тенге в панели my.servercore для тестирования сервисов.

Регистрируйтесь на вебинар по ссылке.
🔥3❤1
Қарағандылық мектеп оқушысы жолдардағы шұңқырларды табуға арналған қосымша әзірлеп жатыр.

«Жолқалай» жол жамылғысының қалалық мониторингі жүйесін НЗМ оқушысы Бақыт Мұмынов Қарағанды ​​облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасымен бірлесіп әзірлеуде, деп жазады Kazinform агенттігі.

Мұндай бағдарламалық қамтамасыз ету жолдардағы шұңқырларды автоматты түрде анықтауға көмектеседі.

– Біз компьютерлік көру (computer vision) технологияларын қолданамыз және жолдардағы шұңқырларды анықтау үшін видеорегистратор пайдаланамыз. Біз патрульдік қызметтер мен жедел жәрдем көліктерінен бейне деректер ағынын аламыз. Содан кейін ақпарат картада көрсетіледі, бұл коммуналдық қызметтерге нақты уақытта жолдарды бақылауға мүмкіндік береді. Біз әлі де деректерді жинап жатырмыз, бірақ өнім Қарағандыда сынақтан өткізуге дайын, - дейді Бақыт Мұмынов.
👍10🔥4
Қазақстан Информатика Ассоциациясы
Қазақстан Информатика пәні мұғалімдері қауымдастығы


Мақсат:
• Қазақстан Информатика пәні мұғалімдерінің басқа талантты әріптестерімен өзара тәжірибе алмасуын оңтайландыру.
• Біліктілікті арттыру мақсатында жабық вебинар, конференция, іс-шаралар ұйымдастыру.
• Портфолионы жаңа жетістектермен жаңарту.
• Оқушылардан келешек IT-маман, программист, инженерлер даярлау.

Қауымдастыққа қосылуға сілтеме:
https://t.me/informatika_qazaqstan


https://t.me/informatika_qazaqstan
👍10👨‍💻7👏1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
📢 YouTube платформасында спорттық бағдарламалау бойынша қазақ тіліндегі контентті кеңейту байқауының ережелеріндегі маңызды өзгерістер! 🚀

Біз сізге көбірек қатысу мүмкіндігін беру мақсатында тақырыптар тізімін кеңейттік:

1️⃣ Codeforces, ACMP және түрлі олимпиадалардың тапсырмаларын талдау:

Енді сіз тапсырмаларды тек codeforces.com платформасынан ғана емес, сонымен бірге acmp.ru немесе соңғы ресми Қазақстан Чемпионатында, Республикалық оқушыларға арналған олимпиадаларында, Қазақстандық ашық (OPEN) жарыстарында болған есептерді қазақ тілінде талдап, бейнеролик жасау мүмкіндігіңіз бар.

2️⃣ Алгоритмдік тақырыптар мен бағдарламалау тілдері туралы бейнеролик:

Енді сізге алгоритмдер теориясы мен деректер құрылымынан басқа, C++/Python тілдерінің синтаксисінің негіздеріне бағытталған түсіндірме-сабақтарына бейнеролик түсіруіңізге де болады.

Бұл өзгерістер сіздің қатысуыңыз үшін тақырыптарды таңдауға көбірек еркіндік беруге арналған. Өз тәжірибеңізбен және біліміңізбен бөлісу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! 🎥💡

Байқау ережелері
Бейне жіберуге арналған формаға сілтеме
❤6👍1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
#icpcsemifinals #results

📆 12-13 желтоқсанда Астана қаласында өткен ICPC (Northern Eurasia Finals) бағдарламалау бойынша халықаралық жарыстың жартылай финалын қорытындылайық.

Біз сіздерге осы алаңда өз елдерін лайықты танытқан чемпиондарды мақтанышпен ұсынамыз.

🏆Қазақстан чемпиондары және алаңдағы чемпиондар: Astana IT University - jaujurek 3 bala:
Narkhan Kamzabek
Dinmukhamed Oralkhanov
Daulet Biakhmet
Temirlan Satylkhanov, Coach

🏆Өзбекстан чемпиондары: Tashkent University of Information Technologies - Code of Duty:
Jamshidxon Qodirov
Mirakilov Davlatbek
Quvonchbek Umurzoqov
Sirojiddin Abdukarimov, Coach

🏆Тәжікстан чемпиондары: Tajik Technical University named after academic M. S. Osimi-Evil Morty:
Jamshed Rahimov
Sino Komilov
Amid Davlatshoev
Jamshed Rahimov, Coach

🏆Қырғызстан чемпиондары: Kyrgyz Russian Slavic University-uRAE:
Erzhan Ulukbekov
Anvar Garov
Ruslan Gimaldinov
Artem Beliaev, Coach

Жоғарыдағы суреттерде 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталған 28 команданың тізімі орналасқан. Нәтижелер алаңда сәтті шешілген міндеттер санына сәйкес анықталды. ️ ️
Чемпиондарды және жартылай финалдың барлық қатысушыларын құттықтаймыз, одан әрі жеңістер тілейміз!

Іс-шараны құрудағы маңызды рөлі үшін Freedom Holding Corp бас серіктесіне және "Freedom Шапағат" корпоративтік қорына ерекше рахмет! 🌐 💻
🎉6👍2
Жаңа жыл құтты болсын!
🎉8❤4👍2
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Барлықтарыңызға сәлем!

YouTube платформасында қазақи контенттерді көбейту мақсатында Спорттық бағдарламалау федерациясының байқауына ұстаздарымызда қатысып жатыр екен. Қолдау білдіріп, сәттіліктер тілеп қойыңыздар!

Талдау python тілінде жасалған екен.

Азизхан ағай, сәттіліктер!

#KazCodeYouTubeChallenge

https://youtu.be/U5QDGpRtd4E
👍4🔥3
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Кешегі өткен Облыстық 3-кезең олимпиадасының жалпы көрсеткіші.

Соңғы 2-жылды қарасаңыздар, Түркістан облысы жалпы орта баллы өсіп жатыр, меніңше ол Үздіктер жоба оқушыларының арқасы деп білемін. Себебі соңына дейін жеткендердің көбі Түркістан облысынан еді.

Егер 2020-21 жж қарасаңыздар, Түркістан облысынан 0-балл алғандар 63% құраса, ал соңғы 2-жылда қатысушылардың 25-30% алған, әрине ол да көп, бірақ 0-балл алуышар азайып отыр.

Енді “Үздіктер” бойынша жеке есеп:

Егер 2022-23 жж жалпы 5-оқушы облыстық кезеңнен жүлделі орын алса:
1-орын = 2 (1-еу респа)
2-орын = 1
3-орын = 2.

Ал биыл 2023-24 жж бойынша облыстық кезеңнен (+ ауыл обл. олимп) 15-оқушыда жүлделі орын мен 2-оқушыда мақтау қағазын алды:

Жалпы кезең бойынша:
1-орын = 4 (4-еуі де респа)
2-орын = 3
3-орын = 4
Мақтау қ. = 2

Ауыл бойынша - обл кезең:
1-орын = 6 (оның 5-еуі респа)

PS. Алдағы уақытта сол Үздіктердің аты-жөні, сыныбы мен облысын көрсеткен пост саламын
🎉7
Forwarded from NU OPEN