IT bilim
2.25K subscribers
568 photos
42 videos
13 files
577 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Forwarded from Akzholtay myrza (Akzholtay)
Бәріне сәлем!

Фронтенд саласына қызығасыз, бірақ жұмыс таба алмай жүрсіз бе?

Онда, сізге керемет жаңалығым бар. Осы жылдың 1-маусымынан бастап, стажировка басталайын деп жатыр.


⏱ Стажировка 3 айға жалғасады.
💵 1 айдан соң, минималды айлық төленеді.
📈 Ал 3 айдан кейін джуниор фронтенд болып жұмысқа орналасуға толық мүмкіндіктеріңіз бар.

Стажировканың шартары мынадай:

💼 Офлайн түрде болады, компанияның офисына шығу;
📍 Алматы немесе Астана қаласында тұру;
🎓 Программалау мамандығын бітірген/оқып жатқан студент болу
💡 Келесі технологиялармен жұмыс істеп көрген болу: HTML/CSS, JS, TS, React, Next, git



Жалпы 8 ғана стажер алатындықтан, біз конкурс өткізетін боламыз.

📌Конкурс 3 этаптан тұрады.
📝Қатысу үшін мына сілтемемен өтіп , анкетаңызды толтырып қойыңыз.
❗️Анкеталарды 20-мамырға дейін қабылдаймыз.
🔥4👍2
Абай ТВ-дегі Сана бағдарламасына қатысып, керемет IT мамандармен бірге керемет талқыға қатысу мәртебесіне ие болдық 🙌

GOOGLE-дың монополиясы бітейін деп жатыр ма?
https://www.youtube.com/watch?v=fQFCIg20390
❤7🔥4
30 мамыр, бс
«Servercore серіктестік бағдарламасымен ақша табу жолы» вебинары

Servercore серіктестік бағдарламасымен бірлесіп ақша таба бастау жөнінде айтылатын тегін вебинарға шақырамыз.

Мынадай мәлімет аласыз:

— Провайдер, серіктес және рефералдар арасында өзара әрекеттестік қалай жүзеге асады.
— Бағдарламаға қосылу жолы.
— Серіктестерге ұсынылатын құралдар мен мүмкіндіктер.
— Сыйақы төлеу жолы: қаражатты Servercore басқару панеліне қосып қоюға немесе банк шотына алып шығаруға болады.

Қанша ақша табасыз?

10% — бастапқы пайыз. Оны Servercore өнімдеріне немесе қызметтеріне айына 2 500 000 KZT дейін жұмсаған әр реферал үшін аласыз. Реферал айына 2 500 000 KZT шамасынан көбірек жұмсаса, бұл соманың 15%-ын аласыз. Белгілі бір сәтте шығындар 2 500 000 KZT шамасынан аз болса, сіз алатын сыйақы мөлшері 10%-ға қайтарылады. Пайыз автоматты түрде өзгереді.

Вебинарға сілтеме арқылы тіркеліңіз.
🔥2❤1👌1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
#UzdikITUstaz

📢 "ҮЗДІК IT ҰСТАЗ" ТУРНИРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ! 🎉
⠀
🏆 Біз сіздермен "ҮЗДІК IT ҰСТАЗ" турнирінің нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымыз! Биылғы жылдың қорытынды кезеңіне Қазақстанның 10 өңірінен 145 ұстаз қатысты! Олардың әрқайсысы спорттық бағдарламалауда керемет білімдері мен қабілетін көрсетті.
⠀
👏🏻 Жүлдегерлер мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз. Біз сондай-ақ турнирді ұйымдастыруға қатысқан Білім басқармаларына, Федерация өкілдіктеріне, мектептер мен университеттерге, еріктілерге алғысымызды білдіреміз.
⠀
Біздің жаңалықтарымызды жіберіп алмай, барлық іс-шаралар мен турнирлерден хабардар болыңыздар. Сіздердің жетістіктеріңіз - біздің мақтанышымыз!
👍1
11 маусым

«Орталық Азия нарығындағы ІТ инфрақұрылымын 7 күн ішінде қалай жергілікті деңгейде орналастыруға болады: HWG Sababa кейсі» вебинары

IT инфрақұрылымын жіксіз тасымалдап, деректерді жергілікті деңгейде орналастыру тәсілдері туралы айтылатын тегін вебинарға шақырамыз.

Іс-шарада бір апта ішінде шетелдік вендордан Servercore бұлтына айналып үлгерген HWG Sababa компаниясының кейсі қаралатын болады.

Сіз алатын тың ақпарат:

– Орталық Азияда деректерді сақтауға және өңдеуге қойылатын қандай талаптарды сақтау керек.
– Бір провайдерден екіншісіне көшу қандай кезеңдерден құралған.
– HWG Sababa компаниясы Өзбекстан нарығында IT инфрақұрылымын Servercore көмегімен қалай 7 күн ішінде жергілікті деңгейде орналастыра алды.

Вебинарға келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз.
👍2❤1🤔1
🇰🇿Сәлем достар! Алғашқы видео арнада!

🖥 Дata Science Бастау | Intro

👉 https://youtu.be/GDt9FFJ9hgM

Дata Science деген не, оның маңыздылығы және өмірде қолданысы, қандай мамандықтар бар және айлықтары қандай, курс туралы.

Бөлісе жүріңіздер!🙏

@ds_bastau
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍2
Forwarded from Жигер Шуданбеков
Қазақстан IT-саласының ең
тартымды жұмыс берушілері
анықталды


Алғаш рет Қазақстанның IT-қауымдастығының өкілдері арасында Top of mind зерттеуін өткізді.

Басты 2 сұрақ болды:
«Қазақстандағы қандай IT-компанияларды білесіз?» және «Қазақстандағы қандай IT-компанияларда жұмыс істегіңіз келеді?».

Top of mind — респонденттер жауап бергенде ойларына бірден келетін алғашқы бренд.

Сауалнамаға 22 қаладан 700 астам маман қатысты, ал біржақты пікір тудырмас үшін деректер телефон сұхбаты арқылы жасырын түрде жиналды. Нәтижесінде:

1. Қазақстан нарығындағы ең танымал IT-компаниялар — Kolesa Group (34%) пен Kaspi kz (20%).

2. Жұмыс берушіні таңдаудағы үш шешуші фактор: еңбек ақы, компанияның мәдениеті, беделі мен брендтің танымалдылығы.

Зерттеу әдіснамасымен және нәтижелерімен профильдегі сілтеме бойынша танысуға болады.
👍5❤1🔥1
6 тамыз, сейсенбі
«Бұлтты пайдаланып, FinTech қызметтерінің іркілісін 80% қалай қысқартуға болады: Alif Tech тәжірибесі» вебинары

FinTech жобалары үшін IT-инфрақұрылымды таңдау тақырыбына арналған @servercorenews ұсынған тегін вебинарға шақырамыз. Шақырылған спикер, Alif Tech компаниясының бөліп төлеу сервисінің басшысы, Искандар Рахимов IT-инфрақұрылымды Servercore бұлтына көшіру тәжірибесін бөліседі.

Бағдарламада:


— Орталық Азиядағы FinTech-индустриясының даму ерекшеліктері.
— IT инфрақұрылымы бизнес көрсеткіштерін жақсартуға қалай көмектеседі.
— FinTech компанияларына арналған бұлтты инфрақұрылыммен жұмыс істеу бойынша кеңестер.
— Alif Tech компаниясының кейсі: компанияның ServerCore бұлтына көшіп, цифрлық қызметтердің даунтаймын 80% қысқартқаны жөнінде.

Жаңа қатысушылар my.servercore.com панелінде сервистерді тестілеу үшін 100 000 теңге алады.

Вебинарға келесі сілтеме арқылы тіркеліңіз:
❤1👍1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali 예르갈리)
Барлығына сәлем!

Cisco Networking Academy 2-айлық ТЕГІН онлайн курс (Тамыз-Қыркүйек) бастап жатыр, қатысып көремін десеңіздер мына формамен тіркелу керек.

Ол жерде 2-бағыт бойынша жүреді:
- Киберқауіпсіздік (cyber track)
- ЖИ мен автоматизация (AI & Automation)

Аяқталғаннан кейін Cisco NetAcad СЕРТИФИКАТЫ беріледі
.

Форманы толтырғанда Academy/institutions дегенге Uzdik Bilim деп толтырсаңыздар. Себебі жинақталған топқа Uzdik Bilim қарайтын болады.

PS. Курс тілі ағылшынша секілді, бірақ программасы ТМД елдері деп көрсетіліпті, мүмкін орысша да болып қалуы мүмкін.

Тіркелу үшін сілтеме
❤4🆒4👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматылықтар жасанды интеллектке қарсы жекпе-жекте өнер көрсетеді!

Ертең 22 тамызда командалар үлкен эксперименттік Го ойынына роботтарға қарсы қатыса алады ! Себебі екі бас бірігіп тіпті ЖИ-ді (жасанды интеллект) жеңе алады - біз мұны әділ ойында дәлелдейміз! 🧠

Тарихи шайқасқа қатысу үшін Сіз роботқа қарсы бірлескен ойынға серіктес тауып, команданы ыңғайлы уақытқа сілтеме арқылы тіркеуіңіз қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScVYdsQtAanqyEsSZCWW0HFeQzxGYtSrly0PMJ8iJqUjzhKeA/viewform
Ойын уақыты: 16:00-22:00

#серіктестік_жазба
👍1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🎉 EJOI 2024 информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы аяқталды! Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, тамаша нәтижеге қол жеткізді! Жеңімпаздарымызды және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!
🌟 Чемпиондарымыздың есімдері мен олардың жетістіктері туралы біздің сайтымыздан біліңіз.
—
🎉 Завершилась Европейская юниорская олимпиада по информатике EJOI 2024! Казахстанская сборная добилась выдающегося результата, завоевав 2 золотых, 1 серебряную и 1 бронзовую медаль! Поздравляем наших победителей и их тренеров!
🌟 Узнайте имена наших чемпионов и подробности их достижений на нашем сайте.
👍6👏1