IT bilim
2.23K subscribers
570 photos
42 videos
13 files
579 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#motion_design #дизайнер #3D #2D

Моушн дизайн деген не?

Моушн дизайн аты айтып тұрғандай "қозғалатын графика" дегенді білдіреді.

Қазіргі уақытта моушн дизайн барлық салада қолданылады. Жарнама, кино, бағдарламалау, видео, ғылым, презентация және тіпті медицинада.

Қысқасын айтқанда моушн дизайнерлерге жұмыс жетерлік. Сондықтан сіздерге сұранысқа ие, болашағы зор мамандық жайлы айтқым келіп отыр.

Моушн дизайнер немен айналысады?

Бұл сала өкілдері қарапайым камера арқылы түсіре алмайтын видеоларды компьютерде жасап шығады. Моушн дизайн бір жағынан техникалық, ал екінші жағынан шығармашылық мамандық. Бұл мамандықта мықты біліммен бірге мықты фантазия болуы керек.

Жоғарыда айтып өткенімдей моушн дизайн барлық жерде бар. Дегенмен ең көп сұраныс жарнама саласында. Моушн дизайнерлер өнімді/қызметті түсінікті жолмен жеткізе алады. 5 минутта әрең түсіндіретін заттарды моушн дизайнер 15 секундта толық көрсетіп береді. Міне, осы себепті бұл сала өкілдеріне сұраныс жоғары.

@it_bilimkz

Жалғасы 👈
👍1
#motion_design #дизайнер #3D #2D

Басы 👈

Моушн дизайн 2-ге бөлінеді: 2Д және 3Д. 2Д-ні үйрену оңай және тез ақша таба бастауға болады. Бірақ жылдан жылға 2д-ға сұраныс азайып барады. Соңғы жылдары технологияның дамуына байланысты 3Д бәріне қол жетімді бола бастады. Сол себепті барлығы 3д арқылы өз өнімін таныстырғысы келеді. 3Д-ні үйрену, табыс таба бастау ұзақ уақыт алады. Сондықтан оларға өте қомақты ақша төленеді.

Ақша демекші, Қазақстанда моушн дизайнерлер орта есеппен 350-500 мың арасында табады. Бірақ моушн дизайнерлер көп жағдайда тұрақты жұмыс жасамайды. Сол себепті бұл сандар шексіз өсе береді. Ал новичок моушн дизайнерлерге 150-200 мың арасында төленеді. Неге аз десеңіз моушн дизайнға кіру оңай. Бірақ нағыз хас шебер болу бұл әркімнің қолынан келмейді.

Моушн дизайнерлер қолданатын басты софт - After Effects. АЕ өзінің түсінікті интерфейсі және шексіз мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ал 3Д-да көбінесе Cinema 4D қолданылады. Бірақ соңғы кездері оның орнын Блендер басып келеді.

@it_bilimkz
IT bilim
IT маман Тимур ағаның жазбасын (сілтеме) көзім шалды. Жаңа іс бастауға түрткі болатындай әсер қалдырады. Алдымен икигайды (өмірлік іс) анықтап алып, сол бағытта шыңдалып елге қызмет ету керек. Егер өмірлік миссияның IT саласымен байланысқан жері болса тіпті…
Білім алу ешқашан да кеш емес

Біз көбіне мектеп пен универдің білімімен шектеліп, қалған өмірге сол азық болады деп ойлаймыз. Біздің қоғамда 30-жастан кейін оқуға түсу, жаңа мамандық игеру, шет тілдерін меңгеру деген таңсық дүние. “Зейінім жас кездегідей емес, отбасы қамы, уақыт жоқ” деген сылтауларды алға тартады. Жаңа нәрсе үйрену, жаңа салада білім алу ешқашан да кеш емес. IT саласында бар білгенімен қазақша бөлісетін, қазақ IT контентінің жанашыры Тимур ағамыз да оқуға түсіпті. 40-қа келген шағында АҚШтың Бостон университетінде қолданбалы бизнес аналитикасы мамандығын меңгермек. Яғни білім алу ешқашан да кеш емес.
@timurdaninfo

Мүмкін сіз IT маман болуды армандаған шығарсыз, бірақ белгілі бір себептермен басқа салада білім алдыңыз. Әлі де кеш емес. IT саласындағы ғылыми әдебиетті оқи бастаңыз, бағдарламаны қалай құру керек жайлы видеолар қарай бастаңыз. Кішкентай болса да, алға қадам жасай беру керек. Бастысы білімге деген құштарлығыңыз сөнбесін.

P.S Егер сіз өзіңізге лайықты мамандықты таппаған болсаңыз, Тұлғалық сипаттау тестін (edunavigator.kz) өту арқылы анықтасаңыз болады.

@it_bilimkz
@it_bilim_code
Forwarded from KazTech
2021 жылдың программисттер күні құтты болсын! 🥳👨‍💻
Django Developer арнасы сіздерді осы жылдың 256 күні, программисттер күнімен құттықтайды!
Осы пост астында сіз осы арнада тағы қандай материал көргіңіз келеді, немесе өміріңізде IT-мен байланысты болған қызық оқиғаларыңызды жазып кете аласыз!
———
@django_resources
@django_kz
#motion_design #дизайн #дизайнер

Неге дизайнерлерде тапсырыс [заказ] жоқ?

Соңғы уақыттағы дизайнерлердің үлкен мәселелерінің бірі осы болып отыр. Бірақ бұл мәселелені бірден шеше салу қиын. Сондықтан бүгін сіздерге 5 түрлі шешім ұсынып көрейін деп отырмын.

1. Жақсы портфолио.
Портфолио бұл ең маңызды құрал. Портфолиоңыз жоқ немесе нашар болса сізге тапсырыс беру мүмкіндігі біршама төмендейді. Сондықтан портфолионы жақсы толтыруға кеңес беремін. Кемінде 20+ жақсы жұмыстарыңызды салуға кеңес беремін. Егер өз жұмыстарыңызға көңіліңіз толмаса - референстерді қайталап, Қазақстанға адаптация жасаса болады. Өз басым алғашқы толық портфолионы солай жинаған болатынмын.

2. Клиентпен дұрыс сөйлесу.
Бұл жерде де шешім оңай емес. Психология және коммуникация негіздерін үйрену керек болады. Клиент бұл бизнес болғандықтан қарапайым сөйлесу дұрыс болмайды. Клиентпен максималды сыпайы, бірақ өз есеңіз кетіп қалмайтындай сөйлесу керек.

@it_bilimkz
@it_bilim_code
instagram.com/it_bilim.kz/

Жалғасын оқу үшін мені басыңыз 👈
👍1
#motion_design #дизайн #дизайнер

Басын оқу үшін мені басыңыз 👈

Неге дизайнерлерде тапсырыс [заказ] жоқ?

3. Белсенділік.
Әр түрлі әлеуметтік желілерде белсенді болуыңыз керек. Чаттарда үнемі жазып өзіңізді көрсетуіңіз керек. Әр түрлі пайдалы ақпараттармен бөліскен жөн. Сол кезде клиент сіздің өз ісінің маманы екеніңізге көзі жетеді. (Мен бұның бәрі не үшін жазады дейсіз? ©@ethandesignfx)

4. Әр түрлі клиенттер келетін жерлерде болу.
Бұл жақсы нетворкинг, әр түрлі сайттар, әлеуметтік желілердегі пабликтер. Өз басым телеграмдағы арналарға тіркеліп қоюға кеңес беремін.

5. Клиентпен жақсы жұмыс істеу.
Сіз клиенттің көңілінен шыққан соң ол сізді әр түрлі жерлерде тегін жарнамалайтын болады. Радионы жақсы қолдана білген дұрыс. Тұрақты клиенттерге жеңілдік жасап, сыйлық жасап тұрған дұрыс.

Қысқасы осы. Бірақ не дегенменде клиенттің пассивті түрде келуі скилл мен танымалдылыққа байланысты. Ал оны ұстап қалу тек өзіңізге байланысты.

@it_bilimkz
@it_bilim_code
instagram.com/it_bilim.kz/
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#жасанды_интеллект #ai
#сурет #сапа

Жалпы бәріміз жасанды интеллект дегенді естіп жатамыз.

Бүгін сол жасанды интеллекттің істей алатын мүмкіндіктерінің біреуін мысал ретінде көрсетсек.

Жасанды интеллект арқылы жасалған Topaz Gigapixel AI бағдарламасы арқылы суреттің сапасын көтеретін боламыз 🔮

Бұл посттан кейін сізде суреттің сапасымен мәселе болмайды деп ойлаймыз 😉

@it_bilimkz
@it_bilim_code
@it_bilim_chat
instagram.com/it_bilim.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
daily.dev

Бұл браузерге қосымша #extension, браузерді ашып қалғанда бірден әртүрлі сайттарда шыққан IT жаңалықтар, мақалалар бір жерде шоғырланып атып шығады.

Оны рет-ретімен, уақыты бойынша сұрыптап немесе танымалдылығы бойынша сұрыптап қараса болады.
Тақырып бойынша да сұрыптауға болады.

Мысалы, #backend #django деген тег қою арқылы, тек сол тақырыпқа қатысты соңғы жаңалықтарды көріп отырасыз.

@it_bilimkz
@it_bilim_code
instagram.com/it_bilim.kz
Forwarded from Қазақша webdev.
Мықты қазақ тілін қолдайтын әдемі қәріптер іздеп жүрсіз бе? Төмендегі тізімге назар аударып көріңіз!

(sans-serif, serif, grotesque)
Roboto, Segoe UI, Gilroy, Gotham, Times New Roman, Montserrat, SF UI, Fira Sans, Roboto Condensed, Fira Sans Condensed, Exo 2, DIN Pro, Inter, Open Sans, Ubuntu, Segoe UI Variable, Arial, Helvetica, Bebas Neue, PT Sans, PT Serif, PT Sans Display, Rubik, Intro, Lobster, Myriad Pro, Liberation Sans, Pragmatica, Roboto Slab, Museo Sans, Museo Slab, Noto Sans, Microsoft Sans Serif, Reference Sans Serif, Verdana, Tahoma, Source Sans Pro, Bitstream Vera Sans, Futura, Calibri, Raleway, Nunito Sans, Bahnschrift ... т.б.

(mono)
Roboto Mono, Consolas, Cascadia Mono, Cascadia Code, Fira Code, Fira Sans Mono,  SF UI Mono,  Menlo, Bitstream Vera Mono, Ubuntu Mono, Noto Mono, Source Sans Mono, Anonymous Pro,  ... т.б.
JetBrains Mono қәріпі әлі қазақ тілін қолдамайтын секілді сірә...

Қәріптерді тегін және ақылы түрде беретін сайттар тізімі:
bestfonts.pro, fonts.google.com, dafont.com, fonts.adobe.com, paratype.com, 1001fonts.com, fontspace.com, fontsquirell.com, cufonfonts.com, т.б

PS. Осы постты избранное-ңізге сақтап ала аласыз. Өйткені осы посттағы қәріптер тізімі уақыт өте келе толықтырылып отырады ⏱

#дизайн / #қазақша / #қәріптер
———
@frontend_with_backend
@frontender_kz
Forwarded from Қазақша webdev.
JetBrains компаниясы (PyCharm, RubyMine, PHPStorm, WebStorm, т.б мықты IDE-лер мен продукттерді шығарған) толықтай тегін 53 сағаттық фронтенд веб-разработканы үйрететін курс шығарды.

Курс барысында сіз HTML5, CSS3 мен JavaScript-ті биік деңгейде ғана оқып қоймай, React, Angular, Vue секілді фреймворктарды да меңегеретін боласыз. Курс толықтай тегін, 53 сағатқа созылған, және толығымен ағылшын тілінде өткізіледі.

Курсқа жазылу »

#course / #free / #frontend / #pro
———
@frontend_with_backend
@frontender_kz
Telegram-ыңыздың тілін қазақшаға ауыстырып алыңыз. Ештеңе орнатып қажет емес, Telegram тілді өзі бірден ауыстырып береді. Мына сілтемеге бассаңыз жеткілікті:

https://t.me/setlanguage/kk-beta

❗️Осы хатты ары қарай таратсаңыз, қазақша Telegram жылдамырақ дамиды.

Аударма авторы: @QazaqshaJaz
👏1
Forwarded from Qazaqstan.tv
1 сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі

2022 жылдың қаңтар айынан бастап 1 сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.

«Қазір смартфондар мен компьютерлерді мектепке дейінгі кіші жастағы балалар пайдаланып жатады. Цифрлық сауаттылық – оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Әлбетте, жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктері де ескерілетін болады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Сонымен қатар 4-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және 5-11 сыныптарға арналған «Информатика» пәндері бойынша оқу бағдарламалары қайта қаралды.
Мамандық таңдап үлгердің бе?

"Жыл енді басталды. Мамыр қайда, біреу қайда?" деп жүрсіңдер әлі, иә?:))

Білеміз сіздердің "Әлі талай уақыт бар ғой?.." деген сөздеріңді. Көзімізді ашып-жұмғанда мектеп бітіргенімізге 21 жыл, университет бітіргенімізге 15 жыл өте шықты:))

Сондықтан, бүгінгі істі ертеңге қалдырмай, осы бастан мамандық таңдап, кәсіби бағдарыңды анықтаудың қамына кіріс. Өйткені, өзіңнің көңіліңдегі мамандық үшін физика мен матемнен тест тапсыру қажет болса, осы бастан дайындалу қажет болады.

Мен сендерге өзімнің жасап жатқан @edunavigator.kz платформасы арқылы өзіңнің жеке бас қабілетіңді, тұлғалық сипатыңды анықтап, соған сай ұсынылған мамандықтармен танысуды қаперіңе беремін.

Айтпақшы, бұл тек оқушыларға не түлектерге ғана емес, сонымен бірге ата-аналар мен профориентаторлар, өзінің любимчик оқушысын грантқа дайындап жүрген сынып жетекшілері үшін де маңызды құрал.

https://EduNavigator.kz
Google толықтай Kotlin for Android App Development курсының тегін оқу мүмкіндігін ашты.

Оқу ағылшын тілінде.

Бірақ бұл мәселе емес.

Бейне сабақтары YouTube-та.
Ол жерде "ағылшын субтитрын қазақ тіліне аудару" деген батырма бар.
Ал мәтіндерді браузерде тінтуірдің оң батырмасын бассаңыз "Translate to қазақ тілі" деген мүмкіндік шығады.
Сол арқылы оңай шешесіз.

Оқуға сілтеме »

@it_bilimkz
@it_bilim_code
@it_bilim_chat
instagram.com/it_bilim.kz
JavaScript бойынша әлемдегі сапалы туториалдардың бірін қазақ тіліне 🇰🇿 аудара бастадық.

Репозиторий сілтемесі »

Егер ⤵️
📌 Open-source жобаға қатысқың келсе;
📌 JavaScript меңгергің келсе;
📌 Қазақ және ағылшын тілі деңгейіңді көтергің келсе;
📌 IT қазақ тілін дамытуға үлес қосқың келсе;

Қатарымызға қосыл!
Git-пен жұмыс істеп дағдылануға да таптырмас мүмкіндік.

Көмектесудің бірнеше жолы бар:
📌 Беттерді қазақшаға аудару.
Нұсқаулық:
https://github.com/javascript-tutorial/kk.javascript.info/issues/1
📌 Басқалардың аудармаларына ревью жасау.
PR мысал:
https://github.com/javascript-tutorial/kk.javascript.info/pull/2
📌 Аударылып қойған беттерді оқу, қателерді жөндеу (барлық мәтіннің 50% аударғанда осы жұмысты жасауға ыңғайлы домен, веб-сайтымыз болады).
📌 Мейнтейнер болу, аудармаларды мақұлдау
(қазақ тілін жетік білгені абзал).

Сұрақ болса телеграмда жекеге жазсаңыздар болады @kenzhemir немесе GitHub-та Issue жасай аласыздар.

@it_bilimkz
@it_bilim_code
@it_bilim_chat
instagram.com/it_bilim.kz
13 қарашада Kolesa Conf 2021 тегін IT-конференциясы онлайн режимінде өтеді

Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 5 бағыт: Data Science, Management, Web, Mobile және Administration & Infrastructure. Әрбір бағытта Kolesa Group, Tinkoff Business, Avito, Циан, Yandex Cloud, Kcell, Beeline, Tele2, Kaspi, Halyk, Top Secret Inc, ЦАРКА, Sergek Development және т.б. компаниялардың сарапшылары 8-13 қызықты және пайдалы баяндама жасайды.

Әрбір бағыттың жеке онлайн бөлмесі болады, сол бөлмелерді еркін ауыстырып қарауға болады. Кез келген қызықтырған бағытты, спикерді, баяндаманы емін-еркін тыңдауға болады. Және де әрбір баяндаманың соңында спикерге сұрақтар қоюға болады.

Былтырғы Kolesa Conf-ті Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь және басқа да ТМД елдерінен 5 911 қатысушы тамашалады.

Онлайн-конференцияға қатысу үшін тіркеліп, ұнаған бағытты таңдаңыз.

Маңызды: конференция толығымен орыс тілінде өтеді.
🔥1
📣📣📣
Кім программист болғысы келеді ?

🗓 31 қазан
⏰ 12:00 (жарты сағаттан кейін)

Тақырып: WEB және JavaScript 💻

Енді бастағысы келетіндерге арналады.
Сұрақтарыңызды дайындап келіңіздер.

Толығырақ ⤵️
https://t.me/jalagash_it

Гугл мит сілтеме:
https://meet.google.com/rhr-uegy-rbe
Тех компанияда кальмар ойыны ойнатылса =)

Бөлек-бөлек карталар төменде пікір қалдыру бөлімінде👇🏼

P. S. карталар Appinventiv-тан алынды.

@it_bilimkz
@it_bilim_code
@it_bilim_chat
instagram.com/it_bilim.kz
IT bilim
13 қарашада Kolesa Conf 2021 тегін IT-конференциясы онлайн режимінде өтеді Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 5 бағыт: Data Science, Management, Web, Mobile және Administration & Infrastructure. Әрбір бағытта Kolesa Group, Tinkoff Business, Avito…
Kolesa Conf’21 конференциясы жайлы толық ақпаратты https://t.me/KolesaConfChannel ресми телеграм арнасынан бақылай аласыздар.

Қазір төмендегі бағыттар бойынша эскперттер есеп беру (доклад) шараларын бастап кетті.

- Management
- Mobile
- Data Science
- Web
- Administration&Infrastrucure


@it_bilimkz
@it_bilim_code
@it_bilim_chat
instagram.com/it_bilim.kz
🔥1
Таныс арқылы фейсбукке, (то есть метаға) жұмысқа тұруға бола ма?

Әрине болады. Ол үшін тек hackerrank/leetcode сияқты сайттарда 200 есеп шығару керек. Одан кейін мына канал авторына жазыңыз. Болды, әрі қарай бәрі оңай.

https://t.me/hiremegoogle/145