Қазақша IT контентті дамыту мақсатында видеосабақтар мен стримдарды ютуб каналымызға салып жатырмыз.
Ютубта төмендегі тақырыптар бойынша видеолар бар:
🐍 питон тілі
🪄 алгоритм және деректер құрылымы
⌨️ линукс терминалы
Алдағы жылда жаңа тақырыптарды қамту жоспарда бар:
💻 flask арқылы веб қосымша жасау
🚀 веб қосымшаны серверге салу
🧮 литкодта есептер шығару
Ютуб каналымызға жазылып қолдау білдіріп жатқан барша жанға алғысымыз шексіз ❤️
Енді сіздерге бір өтініш: ютубта жазылушылар саны (подписчик) 1000-ға жетудің аз ақ алдында тұр, соны бірге 1000-ға жеткізіп тастасақ🙌🏻
Ютуб каналға сілтеме👇🏻👇🏻👇🏻
https://www.youtube.com/c/ITBilim
Жақындарыңызға таратып жіберіңіздер 🙏🏻
Сіздердің қолдауларыңыз бізге шабыт береді✊🏻
P.S Бұйырса ертең жыл қорытындысы бойынша пост саламыз.

👍2
2021. Сандар сөйлесін 😁
IT bilim арнасы 1 жыл ішінде қазақы IT контент дамыту мақсатында:
📍IT, web, coding, алгоритм тақырыптарында қызықты 83 танымдық пост жасадық.
📍IT, питон туралы 4 мақала жаздық.
📍IT мақала, кітаптардағы ең жиі кездесетін ағылшынша терминдердің сөздігін жасадық.
📍Jaiq подкаст қонағы болдық.
📍Ютуб арнамызға жалпы көлемі 965 минуттық 30 видео салдық:
⬥ Линукс терминалы туралы 2 видео.
⬥ Питон туралы 19 видео.
⬥ Алгоритм мен деректер құрылымы туралы 9 видео.
📍Тегін 36 онлайн сабақ өткіздік:
⬥ Питон туралы 27 сабақ.
⬥ Алгоритм мен деректер құрылымы туралы 9 сабақ.
📍Вебинарлар жасадық:
⬥ Мұғалім, оқушыларға алгоритмдік есептер шешу әдістері жайлы 2 вебинар өткіздік.
⬥ Абитуриент, оқушы, ата аналарға IT мамандық таңдау, грантқа өтініш қалдыру туралы тегін вебинар, консультация жасадық.
📍IT Bilim Code арнасында:
⬥ 50+ контесттерге қатысып, есептерді талқыладық.
⬥ Тәжірибе алмасып жұмысқа интервьюге дайындық жасадық.
Ең бастысы ☝️😏
IT-ға ынталы кісілердің басын қосып қазақы IT қауымдастық қалыптастырдық.
Телеграм арнамызда 2300+, ютуб арнамызда 1000+ адам болдық.
Жаңа жылда сапалы контенттер мен контент жасаушылар көбейсін!
Жаңа жыл бәрімізге құтты әрі берекелі болсын!
YouTube арна: youtube.com/ITBilim
Телеграм арна: t.me/it_bilimkz
Есеп шығаратын арна: t.me/it_bilim_code
Инстаграм парақша: instagram.com/it_bilim.kz

Telegram
IT bilim
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал
✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру
👨🏻💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad

👍6🔥4🤩4🎉3
2021 жылдың қорытындысы
(Телеграм статистикасы)
Алдағы жылға қандай мақсат қойып жатырсыздар?)
- Сабақты жақсы оқимын 😅
- Питон тілін үйренемін 🐍
- Сайт жасауды үйренемін 🕸
- Стажировка өтемін 📇
- 30 кітапты оқумен қоса тоқимын 👨🏫
- 10 шет елге саяхат ✈️
- Литкодта 1000 есеп шығарамын 📙
- Гугл, Фейсбук, Амазонға жұмысқа тұрамын 👨🏻💻
Тағы қандай көп кездесетін варианттар бар? 😄

👍12🔥4🎉4🤩2
Бүгін таңертең 8:30 да болған литкод контесттің алғашқы 3 есебін шығарып көріңіздер.
Есептердің берілуін қазақ тіліне аударып pdf файл салып қойдық.
Есептердің шешімін ютуб арнамыздан сағат 15:00 - те көре аласыздар.
Стримда бірнеше шешу әдістерін қарастырамыз.
https://youtu.be/Z5s8_9D7cTE
Есептің қазақша берілуі: сілтеме
1-есеп: сілтеме
2-есеп: сілтеме
3-есеп: сілтеме

YouTube
Weekly Leetcode Contest 274 есептерінің шешімін түсіндіру

💳 Каналды қолдағыңыз келсе👇🏻
Kaspi Gold: 4400 4301 1620 9583
Kaspi нөмірі: 87025975778 (Едіге Р.)
"Алгоритмді есептерді талқылау" сериясы.
Келесі видеоларға тікелей эфирде қатысқыңыз келсе, http…

👍7🤩3🔥2
Ерғали аға су жаңа “Информатика олимпиадасын 0-ден бастап үйрену” курсын бастап жатыр.
Алғашқы сабақтарына тегін қатысуға болады.
Бірінші сабақ: ертең 19:30
Зум сілтеме: https://zoom.us/j/97948942045?pwd=YzBxSDdZWFd3a01IMFBkayt3UXU5dz09
Курс жайлы толығырақ “Үздік Білім” арнасында @uzdik_bilim

Forwarded from Үздік БІЛІМ
Python программалау тілін білу/ не меңгерген деңгейіңізді көрсетсеңіз? (Шын жауап болса, себебі бұл анонимді шынайы сауалнама ретінде болғандықтан)
Anonymous Poll
48%
0 - Мүлдем білмеймін. Python тілін қалай бастауға болады?!
21%
1 - матем өрнектерді жаза алам, IF-ELSE шарттармен жұмыс істей алам.
13%
2 - қарапайым бір өлшемді массивтермен жұмыс істей алам, FOR-WHILE циклдерді қолдана алам.
5%
3 - файлдарды оқып, жаза алам, екі өлшемді массивтермен жұмыс істей аламын, палиндрома тексере алам.
3%
4 - сөздік (dict), жиын (set), кортеж (tuple) жақсы білемін, олардың қолдану мақсаттарымен таныспын.
2%
5 - Қарапайым функция (ламбда), процедура құра алам. Рекурсия қолданып көргенмін.
3%
6 - Python пакеттерімен (itertools, collections, re) және қарапайым ООП-мен класс құра алам.
1%
7 - Жоғарғының барлығын жасап көргенмін, тапсырманы оқып, маған не керек екенін білемін.
1%
8 - Күрделі ООП қолданып, үлкен python жобада қатысқанмын.
4%
9 - Python тілімен 5-10 жыл жұмыс жасасам да, әлі python түбіне жете алмай келем.
🔥4👍3
Forwarded from Yergali
Информатика олимпиада есептерін шығару деңгейіңіз? (қай программалау тілде жазып шығару маңызды емес, мейлі ол c++, pascal, python не js, java, php)
Anonymous Poll
50%
0 - Шын айтсам мүлдем білмеймін, Бірақ үйренуге ниеттімін
19%
1 - оңай есептерді (A+B, max, қалдығын табу) шығара аламын
16%
2 - қарапайым есептерді шығара алам (массивтерді қолдану не математикалық жолмен шығатын)
4%
3 - Big O дегенді түсінемін, бірақ есепке қарап қайсымен шығаруды білмеймін.
6%
4 - acmp.ru 30-50 есеп шығарғанмын, Codeforces пен Hackerrank платформасындағы есептерді қарағанмын
4%
5 - Codeforces 2-4 деңгей контест уақытында 1-3 есептерін шығара алам.
2%
6 - Codeforces рейтингі бойынша деңгейім специалист (1500) не одан жоғары
👍6🔥3🤩1
Баршаңызға сәлем!
Еліміздегі жағдайға байланысты кей уақыттарда интернет қолжетімсіз боп жатыр. Төтенше жағдайға байланысты баршаңызды үйлеріңізде отбасыларыңызбен болуға шақырамын.
Үйде интернет жоқ кезде өздеріңізді дамыту үшін кітап оқыңыздар, есеп шығарыңыздар, жаңалықтарды тек ресми дереккөздерден ғана тыңдаңыздар!
Жағдай жақын уақытта тұрақталар. Еліміз, жеріміз аман болсын!
IT саласына керекті бірнеше кітапты бөлісіп қояйын. Үйде оқып, білімдеріңізді арттырыңыздар! Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында.
Грокаем алгоритмы [сілтеме]
Computer Science (A level) [сілтеме]
Cracking the Coding Interview [сілтеме]
Тағы да мықты кітаптарды білсеңіздер, төменде бөлісіп қойыңыздар.

👍8🔥2
Forwarded from Бірге тексерейік!
10 қаңтар — Жалпыұлттық аза тұту күні
Factcheck.kz және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен Отан алдындағы борышын өтеу кезінде қайтыс болған азаматтардың отбасыларына, жақындарына, барша Отандастарымызға қайғырып, көңіл айтамыз.
Біз еліміздің осынау аласапыран кезеңді тез еңсеріп, болған оқиғаларға қатысты ашық әрі әділ тергеу жүрізетініне сенеміз.

Жеке прокси жасау
Интернет бар кезде өзіңізге жеке прокси жасағыңыз келсе:
1). сервер сатып алыңыз
Серверді әр түрлі провайдерлерден сатып алуға болады. Нұсқалар: AWS, DigitalOcean, GCP, Linode, Vultr, Hetzner, PulseHeberg
Толығырақ:
https://telegra.ph/VPN-CHast-1--Pokupaem-zhelezku-01-09
2). серверде проксидің баптауларын жасаңыз
Проксиді настройка жасаудың бірнеше жолы бар:
2.1 Dante арқылы нұсқаулық
Толығырақ:
https://telegra.ph/Podnimaem-SOCKS5-Proxy-01-09
2.2 MTPromoProxy арқылы
Толығырақ:
https://github.com/HirbodBehnam/MTProtoProxyInstaller/
2.3 Squid Proxy арқылы (тек http/https үшін)
Толығырырақ:
https://t.me/narikbi_live/1356
Интернет бар кезде devops білімдеріңізді арттырыңыздар😄
@it_bilimkz

👍4🔥4😁1
IT Bilim-нен су жаңа екі прокси
Прокси қолданатын жанға өтініш:
1. Кино сияқты ауқымды файлдар жүктемеңіз. Біреулер туысқанына хабарласа алмай жатқанда, енді біреулер кино жүктеп отырмасын. Қазір амандық сұрасып хабар алмасатын уақыт, киноны кейін көріп үлгересіз.
2. Телеграмда автозагрузка деген галочканы алып тастаңыз. Автозагрузка қосылып тұрса, телефон автоматты түрде фото, видеоларды көшіре береді.
Толығырақ:
https://t.me/narikbi_live/1273
tg://proxy?server=206.189.63.162&port=3785&secret=ee9842d9d3c47f00f0b9f563dc24b2f1f4742e6d652f69745f62696c696d
tg://proxy?server=206.189.63.162&port=3785&secret=eef5816b85be2afac918658f4e8868f235742e6d652f69745f62696c696d

🔥11👍8
IT bilim
IT Bilim-нен су жаңа екі прокси Прокси қолданатын жанға өтініш: 1. Кино сияқты ауқымды файлдар жүктемеңіз. Біреулер туысқанына хабарласа алмай жатқанда, енді біреулер кино жүктеп отырмасын. Қазір амандық сұрасып хабар алмасатын уақыт, киноны кейін көріп үлгересіз.…
Проксиға түскен күш
Интернет өшкенге дейін VS өшкеннен кейін 😄
немесе
Нәрікби репостына дейін VS репосттан кейін 😄

❤7👍4🤩1
Бір екі проксиға топтасып күш түсіргенше әркім әртүрлі прокси қолдансын 🙂
👍13😁4
Жеке ВПН орнату
Жұмыс істеу үшін өз компьютеріңізге/телефоныңызға жеке впн орнатқыңыз келсе:
1. Сервер сатып алыңыз
Бұл жайлы жоғарғы постта жазылған
Толығырақ:
https://t.me/it_bilimkz/328
2. Серверде ВПН-нің баптауларын жасаңыз.
2.1 WireGuard installer орнату
Толығырақ:
https://github.com/angristan/wireguard-install/
2.2 WireGuard ВПН-ге қосылатын conf файл құру
https://t.me/adi_talks/372
3. Wireguard қосымшасын компьютер/телефонға орнату
қосымшаға conf файлды импорт жасау немесе QR код арқылы қосылу
ЕСКЕРТУ:
Бұлай жасай алу үшін сізде алдымен terminal-мен жұмыс істей алатын қабілетіңіз болуы керек.

sudo ./wireguard-install.shТолығырақ:
https://t.me/adi_talks/372
3. Wireguard қосымшасын компьютер/телефонға орнату
қосымшаға conf файлды импорт жасау немесе QR код арқылы қосылу
ЕСКЕРТУ:
Бұлай жасай алу үшін сізде алдымен terminal-мен жұмыс істей алатын қабілетіңіз болуы керек.
@it_bilimkz
👍5🔥3🎉2🤩1
DevOps инженер
Соңғы кездері көп көңіл бөліне бастаған мамандықтардың бірі. Көптеген IT компанияларда софт жасаушылардан бөлек девопс инженерлерге де сұраныс артып жатыр. Сайттардың құламауы мен интернеттің бірқалыпты жұмыс істеуі осы мамандарға байланысты.
Бүгін жазылған соңғы посттармен практика жасау арқылы devops қабілеттеріңізді арттырсаңыз болады.
https://t.me/it_bilimkz/328 - Жеке Прокси Орнату
https://t.me/it_bilimkz/333 - Жеке ВПН Орнату
ДевОпс-қа қажет тағы бір қабілет - консольды бағдарламалау. Ол жайлы мына посттан оқи аласыздар.
https://t.me/it_bilimkz/6 - Консольды бағдарламалау

👍10🤩3🎉2❤1
IT bilim
Бір екі проксиға топтасып күш түсіргенше әркім әртүрлі прокси қолдансын 🙂
Интернет қосылды. Проксилар мен впндерді өшіріп қойса болады. Біреудің серверіне нагрузка түспесін.
👍4🎉2🤩1
IT bilim
Leetcode Contest 277.pdf
Weekly Contest 277
Өткен жексенбі таңертең 8:30 да болған литкод контесттің алғашқы 3 есебін шығарып көріңіздер.
📝 Есептер қазақ тіліне аударылған.
📕 Шешімін ютуб стримда көрсетеміз.
🧮 Стримда бірнеше шешу әдістерін қарастырамыз.
📅 Интернет тұрақты болған кезде стрим уақытын хабарлаймыз.
Әзірге ютуб арнамызға жазылып қойыңыздар 🙌🏻
https://www.youtube.com/ITBilim

👍3🔥3🤩1
Forwarded from Тимурдан Инфо | it&tech
Кеше бір таныс ағай уатсабыма хабарласты. Қызы оқуға түскелі жатыр екен. Соған "Ақпараттық технология" дұрыс па әлде "Ақпараттық қауіпсіздікті" таңдағаны жөн бе?" дейді. Сондай-ақ, "Қыз балаға қайсысы дұрыс?" деп уайымдап отыр екен.
Әрине, мамандық таңдауға келгенде біреуге жауап беру өте қиын. Себебі, қысқаша айтқанда:
1) Профориентатор талапкермен бетпе-бет жұмыс істегені дұрыс
2) Менің жасап жатқан Edunavigator.kz сияқты кәсіби бағдар және мамандық таңдау тестінен өтіп, өзінің қабілеті мен қызығушылығын анықтап алғаны дұрыс.
3) Отбасылық, әлеуметтік, мамандық таңдағаннан кейінгі кәсіби өміріне мән беру қажет.
Әрине, мен ол кісіге пәлен-түген деп лекция оқып отыра алмаймын. Сондықтан, қысқа да нұсқа былай деп жауап бердім:
1) Баланың қызығушылығына байланысты. Өзі қайсысына ұмтылып тұр? Себебі, егер өзі жақсы маман болса, жұмыс бәріне табылады. АТ бітірсе де, АҚ бітірсе де.
2) Кейбір жігіттер менімен келіспейді, бірақ менің ойымша, ІТ деген нағыз қыздарға өте қолайлы мамандық. Далада жүрмейді. Ыстыққа күймейді, салқынға тоңбайды. Өзіне бөтен ер адамдармен жиі араласпайды. Күйеуі қызғаншақ болса, үйден де отырып жұмыс істей береді. Әрине, бұл ойым тым патриархалдық және антифеминистік боп көрінуі мүмкін. Алайда, біздің реалдың шындығы осы.
3) "Ақпараттық технология" деген мамандықты таңдаса, ол өте дөрекі түрде салыстырып қарасақ, медицинадағы "Врач общей практики" немесе терапевт сияқты болады. Яғни, ІТ саласын жалпы оқиды. Барлық бағытты қамтып оқытады. Дегенмен, нақты бір салаға індемейді. Бұл мамандық бітіргендер мұғалімдікке жақсы келеді, ІТ техник бола алады. Сосын ары қарай өзінің ыңғайы мен икеміне қарай сисадмин бола ма, басқа бола ма, қарайды.
4) "Ақпараттық қауіпсіздік" бітіргендер өте дөрекі түрде салыстырғанда, медицинадағы "Кардиолог", "Окулист", "Эндокринолог" деген сияқты салалық маман иесі болады.
5) "Ақпараттық қауіпсіздікті" бітіргендер ақпараттық технология бойынша жұмысты, "ақпараттық технологияны" бітіргендер ақпараттық қауіпсіздік бойынша жұмыс істей алмайды деген сөз емес. Мамандығы мүлдем бөлек адамдар да ІТ саласына келе береді.
6) Оқуға баратын университетке де байланысты. Біздің елдегі өте көп университет "Ақпараттық технология", "Ақпараттық қауіпсіздік" деген сияқты бірнеше мамандықтарға бөліп көрсетіп, қызықтырып шақырғанымен, сабақ мазмұнын қарасақ, әдетте, барлығы бірдей сабақтарды оқып шығады.
7) Баланың қабілеті мен икеміне қарау керек, себебі, АТ таңдаса, әдетте жеңілдеу болады. Ал АҚ саласында криптография, шифрование, тағы сол сияқты біраз күрделі тақырыптарға дендеп енуі қажет болады. Егер өзін ондай тақырыптарға қинағысы келмесе, онда "Ақпараттық технологияны" таңдай салғаны дұрыс. Себебі, нашар қауіпсіздік маманы болғаннан, тәуір ақпараттық технология маманы болғаны жақсы.
8 ) Дегенмен, ақпараттық қауіпсіздік саласы өте өзекті, жұмыс табылады, айлығы да АТ-ға қарағанда жақсырақ және жұмысы нақтырақ болады. Ананы да жасайтын, мынаны да жасайтын әртүрлі жұмысшы болмайды.
9) Қайталап айтамын, мамандық атауы - шарттылық. Өмірде дипломдағы жазуға қадалып тұрған ештеңе жоқ. Адамдар арлы-берлі ауыса береді, жүре береді.

👍34❤4🔥4🎉1🤩1