IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Міне бүгін “Үздік IT Білім” контестітің 23-күні аяқталып, осы күнге дейін нәтижелерді жоғарыдай.

Алда енді 7-күн қалды, қатысып көріңіздер!

PS. Жалпы қатысушылар саны 124 болды (тек контест уақытында есеп жібергендер)
👍2
Үздік IT Bilim контесті (24-күн)

https://codeforces.com/contestInvitation/eec7ca0478a8c1442b7a8d20ab057dc770050b47

10:00-22:00
👍3🔥2
Forwarded from TECHOZIMIZ
👩‍💻🧑‍💻Біз алдыңғы жазбамыз "программалау машығын дамыту" жалғастыра отырып, тағы бірнеше нұсқаларды ұсынайық.

Программалаушы коммерциялық тәжірибені қайдан алады?

1️⃣Стартап жасау арқылы. Қазақстанда стартаптарды қолдайтын бірнеше инкубатор бар:
Мысалы, Nuris Incubator, Astana hub, Terricon Valley және т.б.

2️⃣Фриланс сайттарда . Өзіңіздің профиліңізді толтырып, тұтынушыларға өтінімдерді жібере аласыздар.

3️⃣Хакатондарға қатысу. Кейбір хакатондарда компаниялар өздеріне қажет жобаларды кейс ретінде ұсынады, егер ол кейсті командаңызбен шеше білсеңіз, ақшалай сыйақы немесе сол жобаны ары қарай дамытуға стажировка немесе оффер алуға болады.

4️⃣OpenSource жобаларына қатысу. Бұл ынталы мамандар тегін әзірлейтін ашық коды берілген жобалар. Яғни код ашық түрде сақталады. Бағдарламаны жазуға, әдетте мамандар жетіспейді. Сондықтан, бұл өте ыңғайлы шешім. Әрине, ол үшін жеткілікті білім керек. Сіз топтық жұмысты үйрену арқылы көптеген кеңес пен көмек ала аласыз, сонымен қатар жобаны CV-де көрсете аласыз, өйткені оның беделі кәдімгідей.

#career
❤6🔥1
Сәлем Әлем!

Міне 3-күннен кейін “Қыркүйек 30-күндік” челленджіміз аяқталады. Бірақ біз жалғастыруға бел будық!

Яғни күнде контесттер болатын “Қазан” контесттері келе жатыр. Бірақ енді қайта-қайта осы каналда мазаларыңызды алмас үшін, жаңа бір канал аштық.

Жаңа канал:
https://t.me/codeforceskz

Кіріп тіркеліп қойыңыздар!
👍6🔥3❤1😁1
Forwarded from Codeforces KZ
Барлықтарыңызға сәлем!

Жалпы көптеп контесттерге қатысып, тұрақты түрде есеп шығаруға дағдылану үшін сіздер үшін арнайы конкурс ұйымдастырмақшымыз!

Екі түрлі конкурс жариялаймыз!

1-конкурс түрі:
Мүмкіндігінше Қазан айындағы күнделікті Үздік IT Білім контесттеріне қатысып, мүмкіндігінше көп есеп шығарып қана қоймай, арасында ресми codeforces контесттерге де қатысып есептер шығару. Конкурс нәтижесі 50:50 пайыздық қатынаспен есептейтін болады. Яғни ресми және күнделікті контесттердің жалпы саны, және шығарған есептерімен есептеледі.

2-конкурс түрі:
Қазақша контентті көтеру мақсатында күнделікті контест есептеріне қазақша талқылау/разборларын өз ютуб арнасына іліп отыру.
Мейлі ол 1-ғана есеп болсын оны да ескереміз. Өз ютуб каналдарыңызды көтеруге тамаша мүмкіндік, себебі біз ол бөліскен разборларды осы арнада көпшілікпен бөлісетін боламыз.

Нәтижесін 1-қарашада хабарлап, өз сыйлығымызды да беретін боламыз.

PS. Сұрақтарыңыз болса осы постта коммент қалдырсаңыз болады.
👍9🔥4
Forwarded from TECHOZIMIZ
🐍Бүгінгі айдарымызда Python тілінің қолдану аясы туралы жазамыз.

🟢Web-программалау. Уэб-сайттың бүкіл серверін "питонда" жазуға болады. Бірақ таза Python-да емес, танымал фреймворктарда (Django, Flask), олар өз кезегінде python-да жазылған. Бұл фреймворктар пайдаланушыға өз браузерінде көретін html беттерін құру процестерін, дерекқор сұрауларын, мекен-жайларды өңдеуді жеңілдетеді. Бүгінгі күнге дейін уэб-қосымшаларды іске асыруға арналған көптеген қосымша құралдар жазылған.

Мысалы, үшінші тарап программалаушы авторлардың HTMLGen көмегімен Python-да html парағына дайын класстарды қосуға болады; mod_python пакеті Apache сценарийлерін іске қосуға көмектеседі және Python Server Pages шаблондарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

🟢Визуалды интерфейс. Графикада көптеген тапсырмалар Python тілі арқылы да шешіледі. Егер сізге жасалып жатқан графикалық интерфейсті бағдарлама іске қосылатын амалдық жүйенің стилистикасына бейімдеу қажет болса, онда сіз Python-ның қосымшалары Dabo және pythoncard графикалық кітапханаларын қолдана аласыз, бұл программалау процесін едәуір жеңілдетеді.

🟢Мәліметтер базасы - "Питонның" заманауи нұсқасы кез келген мәліметтер базасымен мүмкіндігінше қарапайым және нақты өзара әрекеттесетін етіп жасалған. Атап айтқанда, тілдің жұмыс ортасы SQL сұраулары арқылы сценарийде негіздермен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық интерфейсті қамтиды. Python-дағы код тек Oracle және MySQL дерекқорлары үшін пайдалану керек болса, түзетулер аз болмақ.

🟢Жүйелік бағдарламалау және басқару. Python-да жұмыс істейтін әртүрлі ОЖ қызметтерін басқаруға арналған интерфейстер бар, олар - Linux, Windows және т.б. Сондықтан портативті компьютерлік қосымшаларды "питонда" жазу ыңғайлы. Көптен бері Python программалау тілін жүйелік әкімшілер өз бағдарламаларын жазу үшін қолданып келеді. Python арқылы папкалардағы файлдарды ашу мен іздеуді, бағдарламаларды іске қосуды, есептеулерді және басқа да типтік тапсырмаларды жылдамдатуға болады.

🟢Қиын есептеулер. Есептеу саласында Python бағдарламалау тілі C++ және FORTRAN сияқты жетілдірілген. Математикалық есептеулерді жүзеге асыру үшін теңдеулермен, мәліметтер массивтерімен және олардың басқа форматтарымен жұмыс істейтін NumPy кеңейтімі жасалды. Бұл кеңейтімді компьютерге орнатқаннан бері "питон" формула кітапханаларымен бірден біріктіріледі.

🟢Машинаны оқыту. Машинаны оқытуда Python тілінің негізгі құралдары ғана емес, сонымен қатар құрылымдар, арнайы ML астында "қайралған" қосымша кітапханалар белсенді қолданылады. Олардың ішіндегі ең танымалдары - TensorFlow (пайдаланушыға алгоритмдерді өзі жасауға мүмкіндік беретін төмен деңгейлі кітапхана) және scikit-learn (ең жиі кездесетін оқыту алгоритмдері бар).

🟢Бизнес процестерді автоматтандыру (RPA). Python қолданылатын IT-де ең көп сұранысқа ие тауашалардың бірі - жұмыс процестері мен стандартты үдерістерді автоматтандыру үшін қысқа сценарийлер жазу. Мысалы, бұл кіріс хаттарды автоматты түрде өңдейтін шағын код: ол оларды берілген кілт сөз тіркестерінің болуына қарай сұрыптайды, бұл пайдаланушының өмірін едәуір жеңілдетеді (қолмен жасау қиын әрі ұзақ болар еді).

Мұндай сценарийлерді бірнеше жолмен программалау үшін Python тілі тиімділігінің құпиясы неде?

1️⃣ Бұл, ең алдымен, қарапайым және түсінікті синтаксис, Python-да сценарийлер жасау өте қызықты.
2️⃣ Екіншіден, компиляция кезеңінің болмауы және кодты бірден іске қосу және күйін келтіру мүмкіндігі.

#saveit
👍15❤3
Forwarded from Codeforces KZ
Сонымен қыркүйек айындағы “30-күнде 30 контест” бойынша TOP10-дықты ұсынамыз.

1) Қатысқан контесттер саны бойынша
2) Жалпы есептер саны бойынша
3) Орташа әр контестке шаққанда есеп саны бойынша

Енді алда қазан айында 31-күн 31-контестке қатысуға шақырамыз!!!
👍4🔥2
IT Bilim Webinar - Robotics 🤖

Домбыра мен роботтың құлағында ойнайтын, Чикагоның Иллинойс Университетінде роботикс бойынша докторантурада оқып жүрген Жәнібек Рысбектің вебинарын өткізіп алмаңыздар.

Вебинарда төмендегі тақырыптар талқыланады:
- Робототехника
- Жасанды интеллект
- Машиналық оқыту
- Робот компоненттері
- Математикалық модель
- Роботтарды басқару жүйесі
- Роботтардың қолданыс ауқымы
- Америкадағы докторлық оқу

🕰 Уақыты: 6-Қазан 20:00 (Астана уақыты)

🎤 Өтетін орны: t.me/it_bilimkz телеграм арнасы (видео чат)

Вебинар IT Bilim телеграм арнасында (видео чат) болады.

Вебинар жайлы жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ❤️
👍13🔥7❤2
🔥Python бағдарламалау тілі курсына тіркелу басталды!🔥

толығырақ👇
🔥9👍1