IT bilim
2.23K subscribers
570 photos
42 videos
13 files
579 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Channel created
IT маман Тимур ағаның жазбасын (сілтеме) көзім шалды. Жаңа іс бастауға түрткі болатындай әсер қалдырады.

Алдымен икигайды (өмірлік іс) анықтап алып, сол бағытта шыңдалып елге қызмет ету керек. Егер өмірлік миссияның IT саласымен байланысқан жері болса тіпті жақсы 🙂

Егерде мал керек болса, программалауды үйренбек керек. Мал жұтайды, Python мен Django жұтамайды. Алдау қоспай адал программалау - болашақтың әулиесі. (заманауи қара сөз)


@it_bilimkz
@it_bilim_code
instagram.com/it_bilim.kz
youtube.com/ITbilim
Консольды бағдарламалау

Неліктен қазіргі заманғы программисттерге консольді бағдарламалау дағдылары қажет?

Жұмыста ыңғайлылық. Серверде жобаны көтеру және оны басқарудың түрлі жолдары бар. Уақыт және ыңғайлылық жағынан ең тиімдісі терминал арқылы SSH немесе басқа әдіспен қосылу. Жұмыс барысында бірнеше сервермен жұмыс істер кезде консольді бағдарламалау таптырмас бір қабілет дер едім :)

Ұзақ мерзімді перспектива. Жоба тағдыры IDE-мен байланысты болмауы керек. Open source жобалардың көбісі белгілі бір IDE-ге, әсіресе меншікке тәуелді болмауға тырысады.

Open source жобалар. IDE-дің көмегінсіз жоба жасай алатындар open source проектті қолданарда қиындыққа тап болмайды. Бұндай қабілетті дамытпағандар форумдарға «жігіттер, маған көмектесіңдер, Kitap деген библиотеканы ProgramStudio-ға қалай импорт жасаймын?!» деп жазады.

Әлсіз комппен жұмыс істеу. Заманауи IDE-лер жоғары жад пен процессорды жейді, ыңғайлы жұмыс үшін үлкен мониторды қажет етеді. Ыңғайлы кеңседе, жұмсақ креслода үлкен және таза үстелдің басында отырсаңыз, бұл проблема емес. Бұл сіз шалғай жерге іссапармен жүргенде, жол талғамайтын көлікте немесе ұшақ салонында немесе тізеңізде 10 дюймдік ноутбукпен пойыз вагонында жұмыс істегенде қиындық тудырады.

Жоба бойынша қашықтықтан жұмыс жасау. Ия, мұнда балама нұсқалар бар: TeamViewer, TigerVNC. Әрине, өз проблемаларымен.

Психологиялық аспект. Өзіңе деген сенімділік артады, тінтуірдің(мышка) көмегінсіз көп шаруаны тындыра аласың. Хакер тәріздес :)

Программистердің басым көпшілігі Windows және Linux/Ubuntu ОС-пен жұмыс істейді. Консольді бағдарламалауға керекті командалар тізімі сілтемеде көрсетілген. Windows және Linux консоль командаларының сәйкестігі.