IT bilim
2.25K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
"Олимпиадаға дайындық" курсының алғашқы сабағын ұсынамыз.

Сабақта болған талқылаулар:

1. Аудан/облыс/республикалық олимпиада есептерін шығаруға арналған кодфорсес группалар.
2. Математикалық формулалар, Арифметика, Паскаль үшбұрышы
3. Питон/С++ кодтарын жылдамдататын функциялар.
4. Контест есептерін есептерін C++ пен Питонда шығару.

Сабақта айтылған сілтемелер видеоның астында.

https://www.youtube.com/watch?v=tRb0jGUKdEc&ab_channel=ITbilim

Олимпиадаға дайындық курсы [Контест-0]:
https://contest.yandex.ru/contest/46069/enter
🔥8👍2
Мектепте бір баланы озам деп Google-ға жұмысқа тұрып кеткен Асқардан сұқбат

Жақында Ерсін деген программист жігіт қазақша IT бойынша ютуб арна ашыпты. Бұйырса алдағы уақытта IT әлеміндегі дарындармен сұхбаттар алмақшы. Одан бөлек литкод контест есептерін (@leetcode_kz арнасында) талқылап салып тұрады. Қысқасы, ютуб арнасына жазылып кетіңіздер!
Басқа да сұрақтар/идеялар болса, төменге жазыңыз.

Видеода не айтылды?
- Таныстыру.
- Программист карьерасын қалай бастадың?
- Олимпиада жолы.
- Ағылшын тілін қалай үйрендің?
- Google-ға тапсыруы.
- Америкаға google ішінде ауысуы жайлы.
- Google-да жұмыс жасаған қалай?
- Қазақстандық мекемелердің жұмысқа алу талаптары.
- Инвестор Асқар.
- Осы жетістіктерге ненің арқасында жеттің?
- Шабыт берер орта жайлы

Қазақша IT контентті өзіміз қолдамасақ, кім қолдайды?)

https://www.youtube.com/watch?v=D-iDDklT6rs&ab_channel=YersinMukay
👍17🔥2❤1❤‍🔥1
Контест құру [Яндекс контестті қалай құрып өткізуге болады?]

Видеода "Олимпиадаға дайындық" курсының екінші контестін құруды көрсетемін.
Видео ұнап жатса, лайк басып пікір қалдырыңыздар!

Алдағы видео үшін сұрақтар/идеялар болса жаза кетіңіздер!

https://www.youtube.com/watch?v=PCAHqkuH02Q&ab_channel=ITbilim
👍5
Сілтеме👇🏼
instagram.com/p/CoZSvsKNS4-

instagram аккаунт:
instagram.com/mukhammedali_muratkhan
👍6🔥2❤‍🔥1💯1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Uzdikterdin bir okushysy - respaga otti))
👍13
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Regional_results.pdf
4.7 MB
TOP30 - Облыстық олимпиаданың әр облыс бойынша нәтиже!
👍2
Уа, халайық!

Үздіктер жобасынан Облыстық кезеңге 5-оқушымыз қатысып, бәрі жүлделі орынға ілікті!

9-сынып:
1) Әлдибек Нұрдәулет (1-орын)
2) Зайниев Құдайберді (2-орын)

10-сынып:
3) Амангелді Ертай (1-орын)
4) Керімше Әділхан (3-орын)

11-сынып:
5) Рахманбердиева Нұрбибі (3-орын)

Енді біздерді құттықтай берсеңіздер болады!

PS. Жай ақпарат үшін 2-оқушы келесі кезең (1-орындар) респаға өтеді!
👍34🔥6❤‍🔥1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Үздіктер 2.0 жобасына бүгінгі статистикасы

Жалпы 600+ қатысушы, оның 54% ұстаздар қауымы (бұл өте қуанышты жайт), және 50% оңтүстік өңірлерден.

Сіздерден өтініш, басқа өңір, ауыл, аудан, облыстарға жеткізіңіздер!

Мұндай мүмкіндікті өткізіп алмасын, толықтай олимпиадаға дайындық 2-курстың 40 сабаққа тегін көруге мүмкіндігі бар ғой, қалып қоймасыншы.

Айта жүріңіздер, әсіресе мына аз қатысушы бар облыстар. Ол жақта да қазақ тілді қазақтар бар ғой. Рахмет.

Толық ақпарат үшін:
https://t.me/Uzdik_BILIM/838

Үздіктер 2.0 жобасына тіркелу үшін:
https://forms.gle/VDD7YFuXqgBAFY626

Егер алдын тіркеліп қойсаңыздар, сіздерге почталарыңызға телеграм-группаға өтетін сілтеме келу керек. СПАМ-ға түсіп қалуы да мүмкін.

Егер сонда да келмесе, онда форманы қайта толтырып жібергеннен кейін сәйкесінше екі сілтеме болады. Өзіңізге лайықтысын таңдап, кіре аласыздар.

Біздің мақсат - қазақтың мықты болашақ ИТ мамандарын көптеп шығару, ал мына жоба зор мүмкіндік!


Қалып қоймаңыздар!
Бәрі ТЕГІН!!!
👍3🔥2
Көптеген әйелдер STEM саласының ғасырлық дамуына өз үлесін қосты! Олардың қатарына қосылғыңыз келе ме?🪄

Егер сізді бағдарламалау мен алгоритм есептерін шығару қызықтырса, сіз үшін керемет жаңалағымыз бар🤩.

NU ACM-W SC @nuacmsc сізді жылдық codeW-2023 бағдарламалау жарысына шақырады! 👩🏻💻💃🏻

codeW – ол қыздарға арналған төртінші жыл сайынғы сайыс, және де бұл іс-шара:
✅ алгоритмдік есептерді шешу арқылы қыздарға өз икемдері мен білімдерін тексеруге
✅ IT саласындағы жетекті компаниялардың мамандарының воркшоптарына қатысуға
✅ өз саласындағы басқа қыздармен танысуға
мүмкіндік береді.

Біздің демеушілеріміз – EPAM, Zapis, Umag және Tassay – арқасында биылғы жылы codeW-тің жүлде қоры 300 мың тенгеден асып, хакатонның өз мерчі жасалынды! 🤭

Ұмытылмас әсер мен жаңа достар сыйлайтын codeW-ға тіркелуге асығыңыз!

📆 4 Наурыз, 2023
📍Назарбаев Университет
💻 Өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
🏃‍♀️Деңгейлері: Бастауыш, Орта, Жоғары
❗️Тіркелу мерзімі: 25 ақпан, 23:59

Тіркеу сілтемесі: www.codew.kz
👍5❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
OpenAI ChatGPT неге соншалықты үлкен мәміле

Видеоны қазақшаға аударып дыбыстаған Тілек (Qazaqsha jaz чатының белсендісі). Оның айтуынша текстті қазақшаға аударуға ChatGPT-дің өзін қолданған және дыбыстау үшін AI tool-дың көмегіне жүгінген.

https://www.youtube.com/watch?v=LqgKHO32IfQ&ab_channel=ITbilim
👍10🤩1
✓ Программалауды бізбен бірге үйрен!

✓ Қазіргі таңда Stepik сайтында Python тілін жаңадан үйренушілер үшін онлайн курс дайын, онда тек қана теория емес әр тақырыпқа арналған видео және есептер жинағы бар!

✓ Біздің алғашқы курс:

Python тілі. Қазақ тіліндегі алғашқы интерактивті курс QCODE KZ
https://stepik.org/125421

✓ Курста келесі тақырыптарды қамтимыз:
1.1 Орнату Python және PyCharm
1.2 Енгізу, шығару және сандар
1.3 Бүтін сандар арифметикасы
1.4 Шартты операторлар
1.5 For циклі
1.6 Жолдар (str)
1.7 While циклі
1.8 Тізбектер (Lists)
1.9 Функция және рекурсия
1.10 Кірістірілген тізбектер (2D Lists)
1.11 Жиындар (Sets)
1.12 Сөздіктер (Dictionaries)
👍14
Филологтар мен тіл мамандары не үшін керек?

Қазір жасанды интеллект пен машинаны үйрету бойынша сабақ алғандықтан, сол туралы тереңірек ізденіп жатырмын.

Жасанды интеллект пен машинаны үйрету саласының пайдаға асу саласы - шексіз.

Дәл қазіргі таңда ол:

- қаржы саласында (алаяқтық транзакцияларды бақылау үшін),
- медицинада (рентген түсірілімдерін скриндеп, автодиагноз қою үшін),
- машинақұрылыс саласында (өзі жүретін автомобиль, дрондар, роботтар, т.с.с құрылғылардың сенсорлары мен датчиктері арқылы оларға “көз беру” үшін),
- Білім саласында (Айталық, белгілі бір студентке дара оқу траекториясын жасау үшін)
- Бағдарламалар мен интернет ресурстарда (мәселен, әлеуметтік желілердің алгоритмдерін құру үшін)

және тағы сол сияқты.

Қызық осы жерден басталады.

Әлгі біздер адам баласына қажет емес қылып тастаған филологтар мен лингвистердің құдіреті осы жерде көрінеді. Яғни, сөз һәм сөздіктермен (кітап сөздік емес, мәліметтер қорына тізілетін жоба аясында жұмыс істеу үшін қажет сөздер легі) жұмысты олардан артық ешкім істей алмайды деген ойдамын.

Себебі, әңгіме сол жерге келгенде тақырып жасанды интеллект, компьютер, программалау аясынан шығып сөзді сұрыптау, іріктеу, семантикаға ойыса бастайды.

Ол жұмысты домен бойынша сауатты маман жасайды. Домен дегеніміз, тоғысу нүктесінде тұрған мамандық саласы.

Айталық, банкке жасанды интеллект жасағанда ол тек құр ІТ маман болса, оның пайдасы шамалы. Өйткені, оған қаржы домені бойынша сауатын ашу керек немесе ІТ-ден, программалаудан түк сауаты жоқ қаржы маманы көмекке келеді. Себебі, қаржы саласындағы контексті, аномалияны, процестерді сол маман ғана біледі. Ал ІТ маман барлық шаруасын тастап, Coursera немесе кәдімгі университеттен қаржы бойынша мамандық игергені дұрыс па, әлде ол қашан қаржы туралы біліп шығады деп күткенше, қаржы маманын жобаға тартқан дұрыс па?

Дәл сол сияқты, біздің қазақ филологтар мен лингвистер де “Қап, ІТ саласын оқуым керек ед, тіл мамандығын не үшін таңдадым екен?” деп қайғыра бермей, кішкене тіріліп, жан-жағына қарап, оқып, ізденіп, заман ағысымен жүруге ұмтылу керек.

Олай дейтінім, филолог жолдастар (сәветский шалдардың мақамы) компьютерлік терминологияны меңгеріп алуға күші жетеді. Оған ешқандай математика немесе программалауды игеру қажет емес. Есесіне, әлгі жоба аясындағы ІТ мамандармен бір деңгейде сөйлесіп, тақырыпты жедел түсінер еді. Өйткені, ІТ мамандар балабақша күтушісі емес, әрбір филологқа “Пиксель дегеніміз… Токен дегеніміз…” деп әліппені ежіктеп отыратын. Осы жерде “Филологтар кішкене тірілсе жақсы болар еді” дегенім сол. Қарапайым ғана іздену, қосымша білім алу.

ІТ маманы қаржыны игерсе, игеріп қалар, бірақ лингвистика мен филологияны мыжып отыруға жүйкесі жетпейді деген ойдамын. (Әрине, субъектив пікірім, дегенмен, психотип бойынша сәйкес келмеуі мүмкін деген мағынада айтып отырмын).

Нәтижесінде?

Нәтижесінде, біздің архивте шаң басып жатқан, бүгін-ертең мұрағаттың топас бастығының госзакуп жүргізуді кешіктіріп, нәтижесінде өрт сигнализациясы істемей, қысқа тұйықталудан күлі көкке ұшуы (біздің елдің жағдайында 99%) ықтимал ескі жазабаларымыз мына ХХІ ғасырда тың өмірге ие болар еді.

Естеріңізде болсын, “ІТ мамандар не істеп отыр?” демеңіздер. ІТ маман деген роботтың ар жақ, бер жағындағы, алгоритм деңгейінде ғана ойлайтын маман. Ол педагог, филолог, лингвист, тарихшы, мұрағат зерттеуші, қаржыгер, дәрігер, педагог емес. ІТ мамандығы - көмекке келуші мамандық. Ал шаруаны атқаратын - негізгі домен мамандары.

Мәтін Тимур Бектұрдың фейсбук парақшасынан алынды
❤‍🔥9👍2
Сілтеме ⤵️
instagram.com/p/Co4ntSjMt3c
👍4
Кремний алқабынан қазақша видео контенттер😍

Google офисіне шолу | Silicon Valley | Zharyq
https://www.youtube.com/watch?v=mCv7eTXDB0g&ab_channel=zharyq

Ауылдан Google-ға жеткен | Батырхан Орынқұл | Zharyq
https://www.youtube.com/watch?v=SKL52fmm2IY&ab_channel=zharyq

AbylTravel #14: Кремниевая долина. Apple, HP, Google компанияларының пайда болған жері.
https://www.youtube.com/watch?v=KiQo8kYtAMs&ab_channel=AbylTravel

Қазақша IT контентті қолдайық 🙌
👍15❤7❤‍🔥1