IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🖥 Спорттық бағдарламалау федерациясы спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстанның алғашқы чемпионаты туралы жариялайды

1 тур 7 мамырда ОНЛАЙН өтеді. Сіз үйден шықпай-ақ қатыса аласыз.

❗Жүлде қоры: 3 миллион теңге❗

✅Чемпионатқа қатысу критерийлері: 14 жастан жоғары.

👨 💻Қатысушылар: студенттер, оқушылар, оқытушылар, компания қызметкерлері және Қазақстанның үздік программисттерінің арасында өз күштерін сынауға ниет білдірген кез келген адам!

🤝Чемпионаттың бас серіктесі: Freedom Broker

📲Сілтеме бойынша тіркеліңіз:
https://contest.cpfed.kz
🔥6🏆2
IT bilim
#backend #frontend #ios #android #grading #aviata #choco Aviata & Chocotravel үшін фронтенд, бәкенд, android, iOS салалары бойынша: — интерн — бастауыш джуниор — орташа джуниор — мықты джуниор — бастауыш мидл — орташа мидл — мықты мидл — сениор осы деңгейлердегі…
#it #grading #kolesagroup #kolesakz #krishakz #marketkz #kaspikz
Кеше Aviata & Choco-ның android, iOS, back-end, front-end салалары бойынша жұмысқа кіруге көмек, деңгей бойынша бағалау жүйесімен таныстырған болатынмын.

Бүгін kolesa.kz, krisha.kz, avtoelon.uz және Kaspi.kz-тегі "Хабарландыру" (кезіндегі market.kz) сервисін жасаушы Kolesa Group-тің мына бағалау жүйелерімен бөлісемін:

1) Back-end
— Kolesa Group-тің бәкенд бөлімі Aviata, Choco-дағы сияқты тек джуниор, мидлдарды үш деңгейге (бастауыш, орташа, мықты деп) бөлмеген. Сонымен қатар бастауыш сениор, орташа сениор, мықты сениор деп сениорларды да бөліп, әрқайсысына талаптарын жазған.
Грейдиңқа сілтеме:
github.com/kolesa-team/backend-department
— Өздерінің Golang, PHP және жалпы бәкенд саласына даму үшін пайдалы мақала, кітап, видео, курс, сілтемелерімен бөліскен:
Бәкендке арналған кеңестеріне сілтеме:
recommend.kolesa.team/backend

2) Android & iOS
— Андроид пен iOS бөлімдеріде тек грейдиң жүйелерімен бөлісіп ғана қоймай, пайдалы деп есептеген ақпарат көздерімен бөліскен.
Грейдиң жүйелері мен даму үшін пайдалы дүниелеріне сілтеме:
recommend.kolesa.team/mobile-android
recommend.kolesa.team/mobile-ios


Басқа салалары бойынша нақты жазылған грейдиң жүйелері жоқ, бірақ жалпылама бұл сала деген не, кім не істейді, не жасайды, не білу керек, не оқу керек деген жақсы-жақсы заттарымен бөліскен:
recommend.kolesa.team/frontend
recommend.kolesa.team/datascience
recommend.kolesa.team/productmanager
recommend.kolesa.team/design
recommend.kolesa.team/qa
recommend.kolesa.team/hr


Таныстарыңмен бөліс 📨✊🏻
youtube.com/@ITBilim
t.me/it_bilimkz
👍6🔥3🤯1
Google іздеуші гигант әрі монополис ретінде тоқырап қалды. Адамдардың іздеу машығы соңғы 20 жылда өзгерген жоқ. AI арқылы іздеуді дамытатын кез келді.

Көбісі бұларға негізгі бәсекелес Microsoft Bing болады деп ойлайды. Меніңше perplexity.ai екеуінен де қатты алда тұр. Соңғы айда ағылшынша сұрақтар үшін гуглға кіруді қойдым, тек осы жерден іздейм. Нәтижелер керемет. UX жағынан да, прогресс жағынан да керемет ойластырылған өнім.

Search evolution-ның келесі сатысы дәл осындай болу керек.

Мәтін иесі, дерек көзі:
t.me/qazcard

Таныстарыңмен бөліс 📨✊🏻
youtube.com/@ITBilim
t.me/it_bilimkz
👍8❤4🔥3🤩1👨‍💻1
IT-да жұмыстайтындарға сауал:

Апталық, күндік, жалпы жиналыстарда көбіне қай тілде сөйлейсіз?
Final Results
44%
Қазақ тілімде
10%
Ағылшын тілінде
24%
Орыс тілінде
1%
Басқа тілде
20%
IT-да жұмыстамаймын, жәй нәтиже қызық
👍5❤2😢2🤔1
Үздіктер жобасының басталғанына 1 жарым ай болды.

Кезекті кодинг интервьюді көріп, берілген есептерге баға беріңіз.
Бұл жолғы оқушымыз Қырғызстанның 🇰🇬 орта мектебінен.


https://www.youtube.com/watch?v=YhSzJX2rprY&ab_channel=ITbilim
👍4👨‍💻1
Түркістан облысының
«ҮЗДІК IT ҰСТАЗ» турнирі

Турнир мақсаты:
- IT білім мен цифрлық сауаттылықты дәріптеуге, мектеп/колледж деңгейінен бағдарламалауды үйрететін, пәндік олимпиадалық есептерді шығаруға арналған үздік IT ұстаздарды анықтау.

Турнирді - Түркістан облысының Білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырады.

Турнир - сәуір-желтоқсан аралығында жыл бойы өтеді.
Турнир - әр ай сайын 2-кезеңнен және соңғы қорытынды кезеңнен тұрады.

Кезеңдері:
1-кезең - айлық іріктеу;
2-кезең - айлық корытынды;
3-кезең - жылдық қорытынды (желтоқсан 2023).

Іріктеу кезеңі туралы:
- Әр айдың 20-жұлдызы
- онлайн форматта
- Астана уақыты сағ. 14:00-де
- 2-сағаттық контест
- codeforces.com платформасы
- 5 есеп мемлекеттік тілде беріледі.

Ең алғашқы контест:
20-сәуір сағат 14:00-де болады.

Тіркелу формасы:
https://forms.gle/A65uEjdtZeXrErT88

PS. Әр ай сайын қайта тіркелудің қажеттілігі жоқ, егер codeforces логиніңізді дұрыс жазсаңыз, сонда сілтеме келіп отырады.

PSS. Ресми тек Түркістан облысы үшін, бейресми барлығына.
❤2🔥2🤩1
Үздіктер жобасында кезекті кодинг интервью.

Бұл жолы асмп сайтында 150+ есеп шығарған оқушымыз Медеу біз беретін алгоритм есептерін шығарып көреді.

https://www.youtube.com/watch?v=i823hPufQx0&ab_channel=ITbilim
👍3
IT bilim
#it #grading #kolesagroup #kolesakz #krishakz #marketkz #kaspikz Кеше Aviata & Choco-ның android, iOS, back-end, front-end салалары бойынша жұмысқа кіруге көмек, деңгей бойынша бағалау жүйесімен таныстырған болатынмын. Бүгін kolesa.kz, krisha.kz, avtoelon.uz…
#it #grading #avito #dataanalyst
Алдыңғы постарда Aviata, Choco, Kolesa Group тех компаниялары өз IT мамандарына деңгей бойынша қоятын талаптарымен (бағалау жүйесімен) бөліскен едік.

Бүгін Avito-ның "деректер талдаушыларына (data analyst)" арналған бағалау жүйесімен бөлісемін.

Avito - ресейлік хабарландыру ілу сервисі.
Ресей Федерациясының әр үшінші адамы қолданады, яғни 50 млн қолданушысы бар үлкен тех компания. Сәйкесінше деректерде көп, "деректер талдаушыларына" қойылатын талаптарда жақсы жасалған.

"Деректер талдаушылар" немен айналысады:
avito.tech/analytics

"Деректер талдаушыларына" арналған бағалау жүйесі (толығырақ):
github.com/avito-tech/playbook/blob/master/analytics-levels.md


Таныстарыңмен бөліс 📨✊🏻
youtube.com/@ITBilim
t.me/it_bilimkz
👨‍💻3🔥2❤1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
👩🏻‍💻 Федерация ұйымдастыратын спорттық бағдарламалау жарыстарына қатысу студенттер мен IT мамандары үшін шеберліктерін шыңдап, ой-өрісін кеңейтуге тамаша мүмкіндік.

Бұл постта біз жарысқа қатысудың бірнеше артықшылықтарын қарастырамыз🔻

1. Сыйлықтар. Жарыста үздік болған қатысушыларға жүлделі орындар мен ақшалай сыйақылар табысталады, ал жеңімпаз чемпионат кубогымен марапатталады.
2. Бағдарламалау дағдыларын дамыту. Чемпионат - алгоритмдер мен деректер құрылымдарын бағдарламалау мен тапсырмаларды шешуде дағдыларды жетілдіруге және тәжірибе жинауға көмек береді
3. Коммьюнитимен танысу. Қазақстанның түрлі өңірлерінен жиналған болашақ IT мамандардың бас қосуы - жаңа таныс пен кәсіби ортаның қалыптасуына септігін тигізері анық
4. Жаңа мүмкіндіктер. Көптеген IT компаниялары техникалық сұxбаттарда алгоритмдер мен деректер құрылымына сай сұрақтар қояды, яғни бұл қатысушыларға алдын ала дайындық пен жақсы тәжірибе жинауға көмек берері сөзсіз

Қосылыңыз және Қазақстанның ең үздік бағдарламашысы болыңыз! ✅
👍2🏆1
"Google Developers көмегімен Cloud / машиналық оқытуды үйренгеннен кейін Орталық Азиядағы IT компанияларында тағылымдамадан өте аласыз!»

Google Developers қауымдастығының мүшелері батыс компанияларындағы мамандардың нақты тапсырмаларын имитациялайтын зертханалық жұмыстар мен кейстерді тегін оқу мүмкіндігіне ие. Әрбір оқу квестінен (немесе зертханалық жұмыстан) кейін дағдыларды растайтын белгі беріледі. Сертификат алу үшін 5 белгіні жинау керек. Үздік 20 қатысушы Орталық Азиядағы IT-компанияларында тағылымдамадан өтеді. Белгі иегерлерінің тізімі екі апта сайын бағдарламаның веб-сайтында жаңартылып отырады.
Шілде және қараша айларында ең көп төсбелгі жинаған қалада Google сарапшыларының техникалық семинарларымен екі марапаттау рәсімі өтеді. Бағдарлама тек Орталық Азия мен Моңғолияда 2023 жылға дейін жарамды.


Асқар Айтуов @AskarAi, Орталық Азия мен Моңғолиядағы Google әзірлеушілерінің үйлестірушісі: "Cloud атауы мүмкіндіктердің толық спектрін бере алмауы мүмкін. Бағдарлама деректер инженерлері мен деректер ғалымдары үшін ғана емес, сонымен қатар деректер/өнім талдаушылары үшін де пайдалы болады. , ақпараттық қауіпсіздік, серверлік әзірлеушілер». Сондай-ақ Android әзірлеушілеріне арналған әпкелік бағдарлама бар. Орталық Азия елдерінің технопарктері мен IT-ассоциацияларына қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет!
👍5👨‍💻1
Кодтың нәтижесі қандай?
❤3🔥1😁1🤔1
IT bilim
Кодтың нәтижесі қандай?
Шешім:
sandar = [1, 2, 3, 4] деген кезде жадыда [1, 2, 3, 4] деген мәні және 'sandar' деген сілтемесі бар объект жасалады.

sandar2 = sandar дегенде көбісі ойлайтындай көшірмесі жасалмайды, яғни тура сондай жаңа объект жасалынбайды. Алдында жасалған объектке 'sandar2' тағы бір сілтеме боп тіркеле салады.
Яғни оларда ортақ объект және сол ортақ объектке тиесілі жалғыз ғана мән бар.

Сондықтан екеуінің кез-келгені арқылы мәнді өзгертсеңіз, мән екеуінде де өзгереді.
Жауап:
[1, 2, 3, 4, 5]
[1, 2, 3, 4, 5]
🤯2
Кодтың нәтижесі қандай?
👨‍💻3🔥1
IT bilim
Кодтың нәтижесі қандай?
Шешім:
sandar2 = sandar.copy() деген кезде sandar-дің объектісі сияқты жаңа құрама объект (compound object) жасадық.
Сол себепті біреуінің мәнін өзгерткенде, екіншісінде ештеңе байқамаймыз.
Жауап:
[1, 2, 3, 4]
[1, 2, 3, 4, 5]

P.S.
Құрама объект деген басқа объектерді топтастырып тұрған объект.
Мысалы: sandar = [1, 2, 3, 4] дегендегі әр сан жеке дара объект. Ал 'sandar' сол объектерді топтастырып тұрған құрама объект.
🤯1
Кодтың нәтижесі қандай?
🤔3
IT bilim
Кодтың нәтижесі қандай?
Шешім:
copy() амалы тек құрама объектіні (compound object) жаңадан жасайды.
Ал ішіне түпнұсқада ('sandar'-да) табылған сілтемелерді (объектілердің сілтемелерін) салады. Яғни copy() арқылы жасалған құрама объектінің бойында тек сілтемелер болады. Толықтай көшірмейді.
Жауап:
[1, 2, 3, 4, [77, 8, 9]]
[1, 2, 3, 4, [77, 8, 9]]

Толықтай көшіру үшін, не істесе болады?
🤯1