IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Yandex Cloud өзінің Terraform модульдерін жалпыға қолжетімді етті

Yandex Cloud бұлтты платформасы Terraform инфрақұрылымды басқарудың опенсорс-құралына арнап өз модульдерін әзірледі. Бұл – DevOps-инженерлерінің жұмысын жеңілдететін бұлт сервистеріне арналған баптаулары бар дайын файлдар жиынтығы. Сондай-ақ, модульдер кодтың қайталануынан қашуға көмектеседі. Terraform Modules for Yandex Cloud модульдері GitHub-та қолжетімді.

DevOps-инженер Terraform-ды қолданған кезде модульдерді жиі жазады. Yandex Cloud-тың дайын кітапханасы оған уақытты ысырап етпеуге және бүкіл зейініңді инфрақұрылымды автоматтандыру міндеттеріне бағыттауға мүмкіндік береді.

Мысалы, Kubernetes кластерін құру керек болған кезде сервистік аккаунттарды, рөлдерді, қауіпсіздік топтар мен өзге ресурстарды бөлек сипаттаудың қажеті болмайды. Модульдік, сонымен қатар, кодты басқаруды жеңілдетуге көмектеседі.

Егер сізге 10 Kubernetes кластерін әр түрлі жобаларда құру керек болса, бір модульді ғана қолданып, оны 10 рет шақыру жеткілікті, яғни сізге жүздеген код тармағын жазудың қажеті жоқ.

Yandex Cloud бұлтты платформасы Terraform-ды 2018 жылдан бастап қолдап келе жатыр. Модульдер құралмен жұмыс істеу тиімділігін арттырады. Мұнда бұлтты платформа мамандарының басқарылатын сервистерін орналастырудың барлық тәжірибесі біріктірілген.

Енді модульдер Kubernetes, PostgreSQL, MySQL мен ALB, VPC және Security Group кластерлерін құруға мүмкіндік береді. Олардың GitHub-тағы саны артады. Terraform модульдері әлемдегі барлық ірі бұлт провайдерлерінде, соның ішінде AWS, Microsoft Azure және Google Cloud-та бар. Сондай-ақ, модульдерді пайдалануды Terraform әзірлеуші-компаниясы HashiCorp та ұсынады.
👍4🔥1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Барлықтарыңызға сәлем!

Көбіне мектепішілік, аудандық, кейде облыстық олимпиада кезеңдерін дұрыс ұйымдастыра алмағаннан, қатысушылар зардап шегіп жатады. Сол үшін де сіздерге мына толық курсты ұсынбақпын.

Бұл курс мақсаттары:
1) Codeforces бар мүмкіндіктерін көрсету;
2) Полигонда есептер құруды үйрету;
3) Үлкен жарыстардың жүргізілуін көрсету (группаны ұйымдастыру);
4) Домен қолданушыларын құру, оларға логин-парольдерін жеткізуін көрсету;
5) Соңында өз құрған контесттерімен алмасу.

Жалпы 5-сабақ, әр сабақ ұзақтығы 1-1.5 сағат (2-зум сабақ).
Әр жексенбі сағат 19:00-де (Алматы) болады.

1-ші сабақ ТЕГІН!

Үздік Білім YouTube арнасында LIVE арқылы болады.
(Келесі сабақтар жабық, тек төлем жасағандар үшін ғана болады.)

Курс бағасы - 15’000 теңге.
(Үздіктер үшін - 10'000 теңге)

Тіркелу үшін:
https://forms.gle/yB6rPKKMmKQFEu1m8
🔥3❤1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
Федерацияның 2023 жылға арналған жоспарлары

Толығырақ жоғарыда 👆🏼
⚡5🔥2
Forwarded from KBTU OPEN
14 мамырда өтетін KBTU Open 2023 spring атты офлайн спорттық бағдарламалау байқауына баршаңызды шақырамыз! 👨‍💻🏆

Осы жылы 30-шы KBTU Open мерей тойын атап өтеміз 🙌

Zapis.kz және Umag - біздің бұрыннан келе жатқан демеушілеріміз осы жолы да бізді қолдады!

Оған қоса HUAWEI компаниясы да қолдайды!

Сыйлықтар:
1️⃣ орын - 180 000 теңге
2️⃣ орын - 120 000 теңге
3️⃣ орын - 60 000 теңге
1️⃣-🔟 орындар - Отызыншы KBTU Open-ге орай 30 футболка

Одан басқа:
👩 Үздік қыздар командасы
🏫 Үздік мектеп оқушылары командасы

тіркелу кезінде таңдауларыңызды дұрыс жасаңыз.

🎲 Өткен жылдардағы бүржейделерді кем дегенде бір есепті шешкен командалардың арасында кездейсоқ түрде ойнатамыз!

🍩 КБТУ-ға келген адамның өзі жеңімпаз! Сол үшін әрбір қатысушыға бір дөнер!

Онлайн қатысушылар да қатыса алады, бірақ жүлделерді талап ете алмайды.

Онсайт (оффлайн) қатысушыларға тіркеу 12 мамырға дейін (соңғы күнді қоса алғанда)

Төмендегі сілтеме арқылы тіркелеміз
🔽🔽🔽
https://kbtuopen.com/

Телеграм арнамыз: https://t.me/kbtuopen

14 мамыр 2023 (жексенбі)
10:00 - 11:30 - тіркелу, отырғызу
12:00 - 17:00 - контест
17:00 - 18:00 - жабылу салтанаты (дөңгелек зал)
❤5👍2
💡💡💡

Елестетіңіз сіз мықты программистсіз

Кез-келген сервисты (сайт, мобилді қосымша т.б) 3 күн отырып ғана жасап тастай аласыз.

Сұрақ:
Өзіңізге аса қажет қандай сервис (сайт немесе мобилді қосымша) жасар едіңіз❓
🤔7👨‍💻4
Әзірлеуші өз жобасын қалай іске қосады?👩‍💻

19 мамырда ІТ-хабта Devspace.kz  негізін қалаушылардың бірі Айдын Торғаевпен бірге митап өтеді. Өз жобасының мысалында спикер оны құру идеясына қалай келгенін, іске асыру үшін технологияны қалай таңдағанын және оны жұртшылық үшін қалай іске қосқанын айтады.

Сіз:
🔹идеяларды қалай құруға және мәселені шешуге болады
🔹іске асыру үшін технологиялық стекті қалай таңдауға болады
🔹әлі дайын емес жобаны қалай бастауға болады білесіз.


Как разработчику запустить собственный проект?👩‍💻

19 мая в IT-хабе пройдет митап с основателем Devspace.kz Айдыном Торгаевым. На примере своего проекта спикер расскажет, как пришел к идее его создания, как выбирал технологии для реализации и как запускал его для публики.

Вы узнаете:
🔹как генерировать идеи и подобрать проблему для решения 🔹как выбирать технологический стек для реализации 🔹как заставить себя запустить проект, который еще не готов
👍3🔥2
Жұмыс жасап жүрген н/е тағылымдама өтіп жүрген ПРОГРАММИСТ болсаңыз.

Алғашқы жұмысқа/тағылымдамаға кіруге көмектескен ресурстармен мына форматта бөліссеңіз👇

<Қандай сала> (мысалы бәкенд, мобайл, девопс т.б.)
1) кітаптар
2) тегін курстар
3) ютуб арналар
4) вакансия (жұмыс/тағылымдама) тапқан жер
5) өзіңіздің нұсқаңыз


Бәрін толтыру шарт емес!

Таныстарыңмен бөліс 📨✊🏻
youtube.com/@ITBilim
🔥7
Forwarded from Yeskendir Sultanov
Сәлем достар! 👋
💻 2023 жылдың 4 маусымында спорттық бағдарламалау бойынша IITU Open 2023 командалық олимпиадасы аралас форматта (офлайн және онлайн) өтетінін қуана хабарлаймыз.
👨‍🎓 ITU OPEN 2023-ке үш адамға дейін командалар қатысуға рұқсат етіледі. Жеңімпаз атағына жас мамандар, студенттер, мектеп оқушылары және алгоритмдер мен бағдарламалауды ұнататындар шақырылады.

Жүлде қоры:
Офлайн қатысушылар арасындағы ең үздік 6 студенттік командалар алады:
🥇 1 орын – 256 000 теңге
🥈 2-3 орын – 128 000 теңге
🥉 4-6 орын – 64 000 теңге

Офлайн қатысушылар арасындағы үздік 6 мектеп командасы мыналарды алады:
🥇 1 орын – 256 000 теңге
🥈 2-3 орын – 128 000 теңге
🥉 4-6 орын – 64 000 теңге

👕 Сондай-ақ барлық қатысушылар арасындағы ең үздік 12 командаға «Winner of IITU Open 2023» деген жазуы бар жейделер беріледі.

Қатысқысы келетіндердің барлығын күтеміз.
📝 Тіркелу сілтеме https://tinyurl.com/iituopen23 арқылы 2023 жылдың 1 маусымына дейін сағат 18:00-ге дейін (GMT+6) қолжетімді.
Тіркелген командаларды қараңыз https://tinyurl.com/iituopen23teams

🕘 Бағдарлама, уақыт (GMT+6):
📋 10:00-10:30 – Командаларды тіркеу
🎗 10:30-10:45 – Ашылу салтанаты
👨‍🏫 10:45-11:30 – Huawei техникалық маманынан дәріс
🪑 11:30-12:00 - Қатысушыларды кабинеттерге отырғызу
💻 12:00-17:00 – Олимпиада уақыты (5 сағаттық сайыс)
👨‍🏫 17:00-18:00 – Huawei-дегі мүмкіндіктер (тәжірибе, жұмысқа орналасу) туралы талқылау
🏆 18:00-18:30 – Марапаттау рәсімі

✊ Басты демеушілер: Huawei және Khan Group (zapis.kz, Umag).