IT bilim
2.23K subscribers
570 photos
42 videos
13 files
579 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
IT-саласына бөлінетін грант саны азайды ма?
Өткен оқу жылымен (2019-2020) салыстырғанда, осы оқу жылына грант саны 510-ға азайған. Осы оқу жылында тағы бір ерекшелік бар. Гранттары енді қазақ және орыс тобына  деп жеке бөлінбейді.  Мысалы, өткен жылы қазақ тобында 100 балл жинаған бала IT саласына грантқа түсе алмады, себебі грантқа ілінген ең соңғы оқушының баллы 108 еді. Орыс тобында 90 балл жинаған бала оқуға түсті, себебі оларда минимум балл 86.
⠀
Осы жылы грант саны екі тілге де ортақ болғандықтан, ҰБТ-ны қай тілде жазсаңыз да жоғары балл жинауға ұмтылу керек. Сәйкесінше, ортақ бәсеке пайда болғаны үшін қазақ тілінде оқитын жастарға мүмкіндік енді жоғары.
⠀
Білім министрлігі әр жыл сайын ҰБТ-ның әділ өтуіне мән беріп жатқандықтан, грантқа түсудің минимум балы төмендеп келеді.
⠀
Еске салатын тағы бір жайт, бұл тек жалпы гранттар. Астана IT Университеті (894 грант), Қазақстан-Британ Техникалық  Университеті (262 грант) және Халықаралық IT Университеттерінде (844 грант) осы сала бойынша гранттары жеке бөлінеді.
⠀
IT саласы сұранысқа ие мамандық болғандықтан, елімізде ең көп грант осы салаға бөлініп жатыр. Алдағы оқу жылына да грант саны көбейіп, минимум балл төмендейді деген ойдамыз.
Жынды Ноут алам деп асықпаңыз))
IT bilim pinned «IT маман Тимур ағаның жазбасын (сілтеме) көзім шалды. Жаңа іс бастауға түрткі болатындай әсер қалдырады. Алдымен икигайды (өмірлік іс) анықтап алып, сол бағытта шыңдалып елге қызмет ету керек. Егер өмірлік миссияның IT саласымен байланысқан жері болса тіпті…»
Сәлем достар!

Қазақ тілдің жанашары ретінде мен осы 2021 жылды - осы уақытқа дейінгі алған білімімді барша қазақи тілді жандармен бөлісемен деп шешіп, мүмкіндігінше қарапайым түсінікті тілде, пайдалы қазақша контент жасаймын деп шешкен едім. Әрине ақысыз.

Осы өткен қаңтар айы бойынша 1-айлық атқарған жұмысымды қорытындылап, өз есебімді сіздермен бөліскелі отырмын:

1) Python (питон) тілін 0-ден бастап қазақша үйрену бойынша:
- Сабақ басындағы сауалнама бойынша 200-дей адам осы сабаққа қызығушылығы бар екенін көрсеткен еді.
- Сабақ әр жексенбі күні ютуб платформасында тікелей эфир арқылы болды.
Жалпы 5 толық сабақтың тікелей эфир уақыты 7 сағаттай болыпты.

2) Информатика олимпиада есептерін талдап, шығару жолдарын көрсету бойынша:
- https://acmp.ru бастапқы 20 есепті талдап, шығару жолымен;
- https://informatics.mccme.ru сайтында жұмыс істеуін үйретіп, бастапқы 4 есебін түсіндіру;
- https://hackerrank.com сайтымен танысып, питон тілін базалық деңгейі сертификатын алу; және осы платформада Астана IT университетінің былтыр өткен олимпиада 1-турын талдау, питон тілінде шығарылуымен.
Жалпы жүктелген видео уақыты 3 сағаттай болса, ал саны 23 видео болыпты.

3) Жалпы IT-біліктігін артыру бойынша:
- Телеграм бот құру;
- Пернетақтада жылдам тез теруді үйрену;
- Қашықтан басқаруды үйрену;
- Электронды кітап жасауды үйрену;
- Гугл формалармен жұмыс істеу;
- Қарапайым сайтты гугл платформасында жасау;
- Кахутта тест құрып, оны ауқымды қолдану.
Жалпы уақыты 1:30 сағаттай 7 видео болды.

Менің бар мақсатым қазақша жақсы контенті құру, орыс тілді контенттен алыстап, жеке қазақша IT-контентті қалыптастыру, және оны барлық қазақи жандармен бөлісіп, олардың IT заманына дайындап, кәзіргі нарыққа сай келетін біліммен бөлісу болды.

Алда тағы бірнеше пайдалы видеолардан хабардар болу үшін мына сілтеме арқылы кіріп, жазылсаңыздар болады. Егер жасалған видеоларым ұнап жатса, Like 👍 басып, бөлісіп қойып жатсаңыздар, алдын ала рахметімді айтамын!
https://www.youtube.com/c/YergaliBILIM

PS. Қысқаша өзім жайымда айта кетсем, есімім Ерғали, кәзіргі таңда Корея еліндегі KAIST университетінде PhD (докторлық) ИТ мамандығында оқимын. Бұдан алдын Болашақ бағдарламасымен Ұлыбританияның Ноттингем университетінде IT магистратурасын да аяқтадым, елге келіп көп салада қызмет жасай жүріп, НИШ мектебінде информатика пәні мұғалімі де болдым.

@Yergali_B
Python Поттербек және OpenCV 🧙‍♂️

Python құдіретті ⚡️
Бағдарламашы болуға арналған 100 күндік нұсқаулық❗️