IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🏆Спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстанның екінші чемпионаты бірнеше кезеңде өтеді. Бүгін біз Чемпионаттың өту тәртібімен сіздермен бөлісеміз 👇🏼

1. Тіркелу: Бұл кезеңде қатысушылар Чемпионатқа тіркеледі. Тіркелу 27-қазанға дейін чемпионаттың ресми сайтында (contest.cpfed.kz) қолжетімді болады.

2. «Танысу» кезеңі: Платформамен және ережелермен танысу үшін таныстыру туры өткізіледі. Қатысушылар жарыс процесімен 23-қазаннан 27-қазанға дейін онлайн форматта таныса алады.

3. Іріктеу турлары: Бірінші іріктеу туры 29-қазанда онлайн форматта өтеді. Екінші, үшінші және төртінші турдың нақты күндері кейінірек жарияланады.

4. Қорытынды кезең: Қорытынды кезең офлайн форматта өтеді. Қатысушылар жүлделі орындар мен құрметті марапаттар үшін жарысады🏅

Жаңалықтарды жіберіп алмау үшін Чемпионаттың ресми сайтында хабарландырулар мен нұсқауларды қадағалаңыз 💻

Барлығына сәттілік! 🔥
👍3
🔥NU ACM Student Chapter сіздерге NU OPEN 2023 қайта оралды деп хабарлайды!🏆

🌟NU ACM Student Chapter - ACM әлемдік қауымдастығының филиалы болып табылады. 2020 жылдан бастап біз студенттер арасында бағдарламалау дағдысын дамыту үшін жыл сайын NU OPEN өткізіп келеміз. Осы жылғы біздің демеушілеріміз Khan Group, Meta, және BTS Digital көмегімен сайысымыз бұрындағыдан да ауқымды, жылдам әрі жарқын болмақ🏎️

Барлық жарысқа қызығушылық білдіретін тұлғаларды онлайн қатысуға шақырамыз. Егер Назарбаев Университетінде оффлайн қатысқыңыз келсе, жасыңыз 16-дан асқан және қазіргі уақытта университетте бакалавриат студенті немесе мектеп оқушысы болуыңыз керек.

📝 Жарыс ережелері:
- 3 адамға дейінгі командалар рұқсат етіледі 🤝
- Ноутбугыңызды өзіңізбен бірге ала келіңіз 💻
- 5 сағат ішінде алгоритмдер мен деректер құрылымы бойынша 10-нан астам күрделі есептерді шешіңіз ⏳

📅 Тіркелу мерзімі: 3 қараша, 23:59
🏎️NU OPEN күні: 12 қараша

🏆 🌟 Жүлде қоры:
🥇 1 орын: 300,000 теңге + Эксклюзивті Мерч
🥈 2 орын: 200,000 теңге + Эксклюзивті Мерч
🥈 2 орын: 200,000 теңге + Эксклюзивті Мерч
🥉 3 орын: 100,000 теңге + Эксклюзивті Мерч
🥉 3 орын: 100,000 теңге + Эксклюзивті Мерч

Бізде сонымен қатар ерекше командаларға тосынсыйымыз бар!
👩‍💻Үздік Қыздар Тобы: Эксклюзивті Мерч
🏫Үздік Оқушылар Тобы: Эксклюзивті Мерч

⭐️ Тек офлайн режимдегі қатысушылар жүлдегер бола алады

🔗Тіркелу сілтемесі: сілтеме

👥 Жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып білу үшін бізге тіркеліп кетіңіз:
⁃ Телеграм: @nuopen
⁃ Инстаграм: @nuacmsc

Әрбір күн жаңа күрес! Әрбір күн жаңа жеңіс! NU OPEN 2023 жеңімпазы атаныңыз!🚀
❤3👍1
#IT #сауалнама #алматы #программист

Алматы жастары IT туралы қаншалықты біледі?

Видео-сауалнама👇🏻

https://www.instagram.com/reel/CzBh1SSM1ob/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
🔥10👍2
Бір ай бұрын Kolesa Conf’23 өтті

Баяндама жазбалары жарияланды 💥

Алғаш рет ауқымды IT-конференцияда қиын техникалық баяндамалар толығымен қазақ тілінде естілді.

• Ардақ Тілеу, frontend engineer Media.Monks, Қысқаша Infinite Scroll техникасы

• Бахытжан Жақажанов, CEO Product Bee, IT-қауымдастық құрудағы басты қағидалар

• Әлихан Бақытбек, Android-developer Kolesa Group, Көз – қорқақ, қол – батыр. Kotlin Multiplatform

• Қуаныш Бакиров, Data engineer Itransition, Databricks Lakehouse платформасын қолдану қазіргі заманның талабы
🔥9👍4😍4
Forwarded from Academie One
Piscine-бұл бағдарламалау әлеміне енгісі келетіндер үшін қызықты және пайдалы тәжірибе. Бұл курс 4 аптаға созылады және Go бағдарламалау негіздерін үйренуге көмектеседі. Мұнда сіз болашақ мансапта пайдалы болатын Peer-to-Peer оқыту әдісімен танысасыз.

Academie One – мамандықты дамытуға арналған бағдарламалау академиясы, оқытуда жаңа әдіс-тәсілін қолданамыз. Біз технология секторында даму немесе мамандықты бастау жолдарын іздейтіндер үшін, жаңа білім беру ортасына қолжетімділікті ашамыз.

Бізге қосылып, бағдарламалау әлеміне енгіңіз келе ме? Келесі Piscine кезеңдері:

➡️ Piscine 2: 2023 жылдың 20 қарашасында басталады.
➡️ Piscine 3: 2024 жылдың 15 қаңтарында басталады.

Piscine 🌊 - да кездескенге дейін!

Толық ақпарат біздың сайтта: https://www.academie.one/
Инстаграм парақша: https://www.instagram.com/the.academie/
⚡5👍3
#IT #жұмыс #стартап #программист #ITуниверситет

👩🏻‍💻 Программист деген кім? ⤵️
instagram.com/reel/CzWbJ79MZJH/

🤑 Қазақстанда программистер қанша табады? ⤵️
instagram.com/reel/CzWQKIutvWe/

🎓 Программист болу үшін қандай университетке түсу керек? ⤵️
instagram.com/reel/CzWPPMot4uY/

💼 Университет н/е курстан кейін программист болып қайда жұмысқа кірсе болады? ⤵️
instagram.com/reel/CzWZTuOsoTf/

IT, технология һәм программалау туралы білгің келсе тіркел 👇🏻
instagram.com/mukhammedali_muratkhan
🔥6👍3
Баршаңызға cәлем достар!
Менің достарым Toptal-да жұмыс, интервью процесі және онда қалай ақша табуға болатыны жайлы сұхбат берген. Қызық болса, бұл туралы мына сілтемеден оқи аласыз.
❤3
Достар, Отандастар!

Барлығымыз Яндекс Алисаны білеміз, браузрдегі аударымдарды да көрген шығарсыз.

Елестетейікші - сіз қазақша контент жасайсыз, ал сізді авто-аудару технологиясы арқасында әлемнің барлық тұрғындары түсінеді. Керемет, иә?

Қазірдің өзінде технологияларға "өз дауысыңды сыйға тарту", яғни қазақ мәтіндерінен ұсынылған үзінділерді айту арқылы көмектесуге болады. Ол Мозилла браузерінің көмегімен жасалуда.
Міне:
https://commonvoice.mozilla.org/kk/speak

Бұл ақпарат Яндекс Алиса сияқты дауысты көмекшіні жасауға, автоматты түрде мәтінді дыбысқа (text to speech), дыбысты мәтінге (speech to text) аударуға көмектеседі - айтишник ағайындар түсінер.

Мұны телефон арқылы жасау өте оңай. Сізге 5 үзінді ұсынылады және сіз оларды экраннан телефонның микрофонына дәл осы жерден оқисыз. Болды. Сіз болашаққа нақты үлес қостыңыз.

Сіз кейде осылай кіріп:
1) мәтінді дауыстап оқи аласыз;
2) басқалардың жазбаларын бағалайсыз;
3) жаңа мәтін қосасыз.

Қазіргі уақытта қазақ тілінде тек 2 сағат жуық жазбалар бар - бұл өте аз, технологияның дамуына жүздеген, идеалды түрде мыңдаған сағаттық материал қажет. Бұл хабарламаны достарыңыз бен таныстарыңызға таратып, қазақ тілінің технологиялық әлемге интеграциясын тездете аламыз. Алға!
👍17🦄2
Junior программист VS Senior программист 👨🏻‍💻🚀🔥

Сілтеме 👇🏻
https://www.instagram.com/reel/Czq3sF8twUT/
🔥5
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🚀 Біз "Youtube платформасында спорттық бағдарламалау туралы қазақ тілді контентті кеңейту мақсатындағы байқауын” жариялаймыз! 💡

🎯 Байқаудың мақсаты: қазақ тілінде спорттық бағдарламалау туралы білімді белсенді түрде тарату және барынша кең аудиторияны тарту.

🗓️ Байқау 17-қарашадан бастап, 2024 жылғы 29-ақпанға дейін жалғасады.

💻 Байқауға қатысу үшін YouTube арнасына байқаудың бір бағыты бойынша қазақ тілінде кемінде үш бейнені жүктеу қажет:

- Codeforces тапсырмаларын/есептерін талдау #cpfed_eseptaldau
- Алгоритмдік тақырыптар туралы бейнеролик #cpfed_algotaldau

💰 Екі номинация бойынша үздік қатысушыларға ақшалай сыйлықтар беріледі. Әр номинацияның жүлде қоры 500 000 теңгені құрайды!

🔗 Бейнені жіберуге арналған формаға сілтеме https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScjEYdMeojcesh1ISeV0xOP_Uu9RM4H2Ai7t9QXGom2y0t9GQ/viewform?usp=sf_link

Қатысушылар мен қызығушылық танытқан тұлғалар admin@cpfed.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.

Барлығына сәттілік тілейміз! 🔥
🔥8👍2
Бизнеске арналған бұлт: деректермен жұмыс істеу, заңдарды ұстану, клиенттерді сақтап қалу.

Вебинарда Servercore техникалық директоры Иван Романько Servercore бұлт платформасының құрылысын және оның Қазақстандағы бизнестің қандай тапсырмаларын шешуге көмектесе алатынын көрсетеді.

Бағдарлама құрамы:

— Деректер орталығының инфрақұрылымы қалай ұйымдастырылған? Резервтелген байланыс арналары, DDoS шабуылдарынан қорғау және нақты уақыт режимінде бақылау не үшін қажет.

— Инфрақұрылымды орналастыру үшін үздік деректер орталығын қалай таңдау керек?

— Servercore бұлтының функционалдығы мен тапсырмаларын таныстыру.

— Servercore провайдерінің қызметтері сіздің бизнесіңізге несімен көмектеседі.

🔺 Вебинарға қатысушылар сервистерді сынау үшін my.servercore панелінде 15 000 теңге алады.

Вебинарға мына сілтеме арқылы тіркеліңіз.


Облако для бизнеса: работа с данными, соблюдение законов, сохранение клиентов.

На вебинаре технический директор Servercore Иван Романько покажет, как устроена облачная платформа Servercore и какие задачи бизнеса в Казахстане она помогает решать.

В программе:

— Как устроена инфраструктура дата-центров? Для чего нужны резервированные каналы связи, защита от DDoS-атак и мониторинг в режиме реального времени.

— Как выбрать лучший дата-центр для размещения инфраструктуры?

— Демонстрация функциональности и задач облака Servercore.

— Чем услуги провайдера Servercore помогут вашему бизнесу.

🔺 Участники вебинара получат 15 000 тенге в панели my.servercore для тестирования сервисов.

Регистрируйтесь на вебинар по ссылке.
🔥3❤1
Қарағандылық мектеп оқушысы жолдардағы шұңқырларды табуға арналған қосымша әзірлеп жатыр.

«Жолқалай» жол жамылғысының қалалық мониторингі жүйесін НЗМ оқушысы Бақыт Мұмынов Қарағанды ​​облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасымен бірлесіп әзірлеуде, деп жазады Kazinform агенттігі.

Мұндай бағдарламалық қамтамасыз ету жолдардағы шұңқырларды автоматты түрде анықтауға көмектеседі.

– Біз компьютерлік көру (computer vision) технологияларын қолданамыз және жолдардағы шұңқырларды анықтау үшін видеорегистратор пайдаланамыз. Біз патрульдік қызметтер мен жедел жәрдем көліктерінен бейне деректер ағынын аламыз. Содан кейін ақпарат картада көрсетіледі, бұл коммуналдық қызметтерге нақты уақытта жолдарды бақылауға мүмкіндік береді. Біз әлі де деректерді жинап жатырмыз, бірақ өнім Қарағандыда сынақтан өткізуге дайын, - дейді Бақыт Мұмынов.
👍10🔥4
Қазақстан Информатика Ассоциациясы
Қазақстан Информатика пәні мұғалімдері қауымдастығы


Мақсат:
• Қазақстан Информатика пәні мұғалімдерінің басқа талантты әріптестерімен өзара тәжірибе алмасуын оңтайландыру.
• Біліктілікті арттыру мақсатында жабық вебинар, конференция, іс-шаралар ұйымдастыру.
• Портфолионы жаңа жетістектермен жаңарту.
• Оқушылардан келешек IT-маман, программист, инженерлер даярлау.

Қауымдастыққа қосылуға сілтеме:
https://t.me/informatika_qazaqstan


https://t.me/informatika_qazaqstan
👍10👨‍💻7👏1
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
📢 YouTube платформасында спорттық бағдарламалау бойынша қазақ тіліндегі контентті кеңейту байқауының ережелеріндегі маңызды өзгерістер! 🚀

Біз сізге көбірек қатысу мүмкіндігін беру мақсатында тақырыптар тізімін кеңейттік:

1️⃣ Codeforces, ACMP және түрлі олимпиадалардың тапсырмаларын талдау:

Енді сіз тапсырмаларды тек codeforces.com платформасынан ғана емес, сонымен бірге acmp.ru немесе соңғы ресми Қазақстан Чемпионатында, Республикалық оқушыларға арналған олимпиадаларында, Қазақстандық ашық (OPEN) жарыстарында болған есептерді қазақ тілінде талдап, бейнеролик жасау мүмкіндігіңіз бар.

2️⃣ Алгоритмдік тақырыптар мен бағдарламалау тілдері туралы бейнеролик:

Енді сізге алгоритмдер теориясы мен деректер құрылымынан басқа, C++/Python тілдерінің синтаксисінің негіздеріне бағытталған түсіндірме-сабақтарына бейнеролик түсіруіңізге де болады.

Бұл өзгерістер сіздің қатысуыңыз үшін тақырыптарды таңдауға көбірек еркіндік беруге арналған. Өз тәжірибеңізбен және біліміңізбен бөлісу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! 🎥💡

Байқау ережелері
Бейне жіберуге арналған формаға сілтеме
❤6👍1