IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дифференциал дегенді түсінбей жүрсеңіз, АҚШ президенттері жеке түсіндіреді

Мынау негізі керемет идея. ЖИ арқылы сіздің сүйікті кейіпкеріңіз қиын тақырыптарды шашып беретін болса. Елестетіңізші: Наруто, Месси, Тони Старк, Хәрри Поттер, Қайрат Нұртас сияқтылар 30 пайыздық несиенің қаншалықты тиімсіз екенін есептеп түсіндіріп береді
👍5😁2❤1
"Үздіктер" жобасы
3-ші маусымға тіркелу басталды 🚀

Өткен екі маусымдағы ең жоғары жетістіктерді жаза кетейін. Қалғанын тіркелу сілтемесінен көре жатарсыздар.

Үздіктер 1.0 (2022) - 1 оқушымыз республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Үздіктер 2.0 (2023) - 4 оқушымыз республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Үздіктер 3.0 (2024) - ге тіркелу: https://forms.gle/5Mutf6vXrvHwCdm56
👍5🎉2
Қазақстандық студенттер мен жоғары сынып оқушыларына (18+) арналған codeW2024 жыл сайын өткізілетін 5-ші жеке спорттық бағдарламалау жарысына тіркелу ашық!

Жарысқа қатысудың артықтышылығы:
🔍 Біздің ACM ICPC командасы әзірлеген алгоритмдік есептерді шешу арқылы өз қабілеттеріңізді тексерудің бірегей мүмкіндігі
🔍 Тәжірибелі IT сарапшылардың жетекшілігімен өтетін қызықты семинарлар
🔍 Қызығушылықтарыңыз бен ұмтылыстарыңызбен бөлісе отырып, пікірлес құрдастарыңызбен байланыс орнатыңыз

📅 Күні: 9 наурыз 2024 ж
📌 Орны: Назарбаев университетінің қалашығы
🗣 Сайыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын
📈 Жаңадан бастаушыдан жоғары деңгейге дейінгі барлық деңгейлер үшін

❗️ 25.02.2024 ж. 23:59 дейін осы сілтеме арқылы тіркеліңіз❗️

Егер сіз спорттық бағдарламалау жолын жаңадан бастасаңыз да, codeW2024 сізге үйренуге және дамуға баға жетпес мүмкіндік береді. Сұрақтарыңыз болса @aruternity немесе @diadvice аккаунттарына хабарлассаңыз болады.

Өткізіп алмаңыз, жарыстан ұмытылмас әсер алу үшін қазір тіркеліңіз!
👍5🔥1
31 қаңтар сағат 13:00-де (GMT+6), сәрсенбі
IaaS немесе On-prem: бизнес үшін не таңдау керек

Вебинарда ServerCore-дағы әріптестер сіздің міндеттеріңіз үшін оңтайлы шешімді табу жолын айтып береді, сондай-ақ бұлттық шешімдердің (IaaS) және жеке жабдықты (On-premise) пайдаланудың оң және теріс жақтарын салыстырады.

Бағдарламада:

— On-premise тәсілі дегеніміз не? Жеке жабдықта деректерді сақтау және өңдеу ерекшеліктері.

— Бұлтты инфрақұрылым дегеніміз не? Бұлттағы есептеу қуатына қысқаша шолу.

— Бизнеске арналған шешімді таңдағанда назар аудару қажет факторлар.

— Гибридті инфрақұрылым — IaaS және On-premise арасындағы ымыраға келу ретінде.

— Нақты тәжірибеде IaaS қолдану мысалдары.

🔺 Вебинарға қатысушылар сервистерді тестілеу үшін my.servercore панелінде 15 000 теңге алады.

Вебинарға мына сілтеме арқылы тіркеліңіз:
👍2❤1
“Үздіктер 2.0” жобасына қатысып, соңына дейін жеткен оқушымыз Бақытжан Мерей Асылханқызымен мақтанамыз 🔥
🎯 Ауыл Республикалық Олимпиадасының 🥈 күміс медаль жүлдегері.
🎯 Әуезов университетінің грант иегері

Толығырақ:
https://www.instagram.com/p/C2paTG2Nkes/

Мереймен кодинг интервью (26.05.2023):
https://youtu.be/q33XHE9HGuo?feature=shared
👍5❤1
Forwarded from Adina Magavina
Барлығына сәлем!
CPFED ақпан айында аймақтарда мектептің спорттық бағдарламалау экожүйесін дамыту жобасын бастайды. Шағын қалалар мен ауылдардың оқушыларын оқытудан бастаймыз; аймақтық жарыстар өткізу. Жоба сәтті дамуы үшін және мүмкіндігінше көп оқушылар мен өңірлерді қамту үшін бізге спорттық бағдарламалауда тәжірибесі бар волонтерлар қажет. Волонтерлар 9-12 сынып оқушылары, студенттер мен ересектер болуы мүмкін. Қызығушылық танытқан адамдардан сауалнаманы толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/v9bUHqafquh33Tpt7
Жұмыс түрлерімен толығырақ сауалнамада танысуға болады. Жобаға белсенді қатысатын волонтерлерге Қазақстан өңірлерінің дамуына қосқан үлесін сипаттай отырып, волонтерлік қызметті растайтын Федерациядан ресми хаттар берілетін болады.

CPFED в феврале запускает проект по развитию школьной экосистемы спортивного программирования в регионах. Начнем с обучения школьников из не больших городов и аулов; проведения региональных соревнований. Для того, чтобы проект успешно развивался и чтобы охватить как можно больше школьников и регионов, нам нужны волонтеры с опытом в спортивном программировании. Волонтерами могут быть школьники 9-12 классов, студенты и взрослые. Всех заинтересованных просим заполнить опросник: https://forms.gle/v9bUHqafquh33Tpt7
Подробнее с видами работ можно будет ознакомиться в опроснике. Волонтерам, активно участвующим в проекте, будут выданы официальные письма от Федерации, подтверждающие волонтерскую деятельность с описанием внесенного вклада в развитие регионов Казахстана.
👍3
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Барлықтарына сәлем!

Ақырындап логин-парольдер Үздік Juniors (Үздік Жасөспірімдер) үшін жіберіліп жатыр.

Алдын айтқанымыздай, 6-7-8 сынып оқушылары 1-ай ерте басталып, негізінен бірдей екі платформамен жұмыс жасау керек болады.

Негізгі платформа ол кодфорсес:
jas.contest.codeforces.com

Ал, жаттығу платформасы информатиксте болады:
informatics.msk.ru

PS. Осы сенбі күні жалпы платформамен таныстыру үшін zoom болады.
❤1
Үздік Жасөспірім 1.0 жобасы (6-8 сыныптар үшін)

Алдағы аптада (7-8 ақпан) жасөспірімдерге арналған олимпиаданың аудандық кезеңі басталады екен. Облыстық және республикалық кезеңдері сәуір-мамыр айларында болатын шығар (уақыты әлі белгісіз). Осыған қатысатын 6-7-8 сыныптар үшін Үздік Жасөспірім 1.0 жобасын бастап жатырмыз. Жоба жайлы толығырақ видеодан көріңіз.

https://youtu.be/6t_RtBIMcSA?feature=shared
🔥3
Бүгін ресми “Үздік Juniors” -
Үздік Жасөспірімдер жобамызды бастадық!


Бұл жоба - қысқа мерзімде 2-3 айға ғана созылады, мұнда іріктеу кезеңі болмайды, тек есептер шығару керек! Бірақ кейін бүкіл жасөспәрімдер (6-8 сынып) Үздіктер 3.0 жобасына өтеді де, сонда есеп шығарып, іріктеле бастайды.

Есеп шығару мен контесттер үшін екі платформа қолданылады:

1) Информатикс: https://informatics.msk.ru/enrol/index.php?id=5394 (әркім өзі тіркеледі, ал курсқа қосулы үшін кілтсөз/кодовое слово кодфорста көрсетілген)

(Информатикс рейтингі: https://uzdik.kz/juniors)

2) Кодфорс: https://jas.contest.codeforces.com
Мұнда тек домендік аккаунтпен кіреді, яғни гугл тіркелу формасында көрсетілген поштаға логин-пароль жіберіледі.

Информатиксте ресми бүгіннен күнделікті жаттығу жасап, есеп шығарса, келесі дүйсенбіден (12/02/2024) бастап күнара контесттер жазу керек болады, яғни әр аптаның 1-ші, 3-ші, 5-ші күндері кешкі сағат 20:00 (Алматы) 3-сағаттық IOI форматтағы қазақша есептер беріледі. Міндетті түрде сол уақытта қатысу керек.

Сол өткен аптасы үшін тапсырмаларын талдау-видеолары әр жексенбі кешкі 20:00-де ашылып отырады.

Басқа да пайдалы видеолар:
1) Информатикс курс туралы:
https://www.youtube.com/watch?v=a8eDvEuz7vc
2) Жалпы информатикс туралы:
https://youtu.be/KEE-BudZBnE?si=nrSpxeTcXHdpqvHx
3) Жоба туралы:
https://www.youtube.com/watch?v=YXBMx-CuSGE
4) Кодфорс туралы:
https://youtu.be/X-XxcQxSDRI

Жасөспірімдер жобасы - ТЕГІН!

Тіркелу наурызға дейін жалғасады:
https://forms.gle/5Mutf6vXrvHwCdm56
🔥5👍2
Жаңа IT-мамандықты үйренуге тамаша мүмкіндік!

Junior UX-зерттеушілерге арналған Kolesa Academy төленетін тағылымдамасына қабылдау ашық 🔥

Бұл Қазақстан IT-саласындағы жаңа мамандық. UX-зерттеушілер пайдаланушының IT-өніммен өзара әрекеттесуін, оны жақсарту, жеңілдету және ыңғайлы қылу үшін оның контекстін және пайдалану сценарийлерін зерттейді. UXR — өнім командасының маңызды бөлігі.

Академия шарттары:

• төленетін 2 айлық тағылымдама — қолға айына 150 000 теңге;
• жұмыс кестесі 5/2, сағат 9:00 – 18:00, Алматыдағы Kolesa Group кеңсесінде офлайн;
• тағылымдама кезінде өз ноутбугыңыз болуы керек;
• егер басқа қаладан болсаңыз, орналасуға көмектесеміз;
• үздіктерге – оффер және Kolesa Team командасында жұмыс.

Академияда өнімдік зерттеулердің толық циклін қалай жүргізу керектігін – командада жұмыс істеуден бастап зерттеу нәтижелерін ұсынуға дейін үйретеді. Екітілді мамандар үшін (қазақ&орыс) бұл тамаша мүмкіндік!

Басталуы: 11 наурыз 🔥
Өтінімдер 29 ақпанға дейін осы сілтеме бойынша қабылданады
🔥2
Forwarded from PrimeCode
Ютуб каналға да тіркеліп қойсаңыздар, егер тіркелмеген болсаңыздар. Сілтеме астында ⬇️

https://youtu.be/87EUz0sVLT0?si=2D3fVZIafFjy9QER
👍2🔥2🎉1
Кеше openAI text2video моделін жұртқа паш етті ғой. Әзірге жабық тестілеуде, ашық бета кейін болады деді. Демодағы видеолары тәп-тәуір. Әдетте компаниялар демода ең күшті шыққанын ғана қояды, шынайы нәтижелері онша болмай шығады.

Алайда, мына видеоларды Сэм Альтман туиттердегі рандом адамдардың сұранысы бойынша жасаған.

Промпт 1: Two golden retrievers podcasting on top of a mountain

Промпт 2: A bicycle race on ocean with different animals as athletes riding the bicycles with drone camera view
❤5🔥1🤔1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali 예르갈리)
Қайырлы күн!

“Үздік Juniors” (Жасөспірімдер) жобамыз ақпан айынан басталған болатын. Ол жерде 6-7-8 сынып оқушылары жеке дайындалып, информатиксте есеп шығарып, және күнәра кодфорста 3-сағаттық контесттерге қатысып, есептер шығарады.

Міне, бізде алғашқы 1-аптаның рейтингі шықты!

Максималды ұпайды алған 4-оқушымыз бар екен.

https://codeforces.com/spectator/ranklist/721c10f340af1f3869c4a49a9465df3a

Тіркелу наурызға дейін жүреді, наурыздан бастап, 9-10-11 сыныптар мен ұстаздар үшін бірге жүретін болады.

Тіркелу үшін:
https://forms.gle/5Mutf6vXrvHwCdm56
❤1
Қазақша (жеңіл) есептер - енді CPFED платформасында да көптеп шығаруға болады!

https://esep.cpfed.kz/problems/?category=2
🔥3👍1
Forwarded from Codeforces KZ (Yergali 예르갈리)
Бүгін сағат 20:35-те Див-4 (енді ғана бастағандар үшін) ресми контесті болады!

https://codeforces.com/contests/1926

Барлығына сәттілік тілейміз! 🔥